ШҚО, Абай ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебі, физика пәнінің мұғалімі Мухатова Ләйлә. 9-сынып сабақ жоспары «Ньютонның бiрiншi заңы. Инерциялық санақ жүйелерi. Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса.» — Физика — Bilim

0

Сынып: 9                   өткізілген күні:                                     Пән атауы: физика


Тақырыбы

Ньютонның бiрiншi заңы. Инерциялық санақ жүйелерi. Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса.


Сабақ мақсаты

Оқыту мен оқудағы рефлексифтік әдіс- тәсілін қолдана отырып, «Ньютонның бiрiншi заңы. Инерциялық санақ жүйелерi. Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса.» тақырыбы бойынша теориялық білімдерін практикалық есеп шешуін үйрену, оны құбылыспен ұштастыра білуі.


Күтілетін нәтиже

-тақырыптың ең маңызды ұғымдары меңгереді.


-сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімдерін жетілдіреді және жүелейді.


-топта жұмыс жасаулары  қалыптасады.


Сабақ түрі

Аралас сабақ


Білім беру технологиясы

Топтық және жұптық  жұмыстарға арналған.


Сабақтың білім беру формасы

Сыни тұрғыдан ойлау, дарындылықты арттыру, дарындылықты арттыру.       


Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер

Ой-толғау, өзіндік жұмыс, оқыту үшін және оқуды бағалау,талантты және дарынды балаларды оқыту әдісі, топтық шығармашылық жұмыс.


Көрнеліктер

Электрондық оқулық,плакаттар,документкамера,бейнеролик.


Сабақ барысы


Ұйымдастыру


( 2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1. Топқа бөлу: «Формуланы тап» әдісі арқылы топтарға бөліну.

1.Оқушылар физикалық шамаларды таңдап сол шамалардан формула құрып топ құрады.


Ой қозғау


(5  мин)

2.«Тақырыпты ашу»: «» бейне роликпен таныстыру.

2.Оқушылар роликті көріп тақырып бойынша ойларын түйеді.


Негіздеме бөлімі


( 15 мин)

3.Топтарға бағытталған тапсырмалар:    


1 топ: Ньютонның бiрiншi заңы. Күш.


2 топ: Инерциялық санақ жүйелерi.


3 топ: Ньютонның екiншi заңы. Масса.


 

3.Тақырып бойынша білімдерін жүйелейді, жетілдіреді.


Ресурспен жұмыс атқарып оқулықтан негіздеме мәліметті жүйелеуін үйренеді.


 


Қорытындылау


( 12 мин)

4. «Дәлелдеу»: топтардың баяндамаларын формативты бағалау.


 

4.  Әр топ формативты бағаланады, екі жұлдыз , бір ұсыныс айтылады.


Бағалау


(2 мин)

5.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды өз-өзін бағалау.

5.Критериялық бағасын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағасы.


Үйге тапсырма


(1 мин)

6.  § 11,12 конспект. 9 жаттығу 3,4 есептер.

6. Өзіндік жұмыс- оқушының жауапкершілігін, ізденісін арттырады, ғылыми деректер мен терминдерге ойларын,тілдерін дағдыландырады.


Рефлексия


( 3 мин)

7.Кері байланыс : «Білдім-Үйрендім-Ұсыныс» — стикер.


 

7.Өз ойларын, ұсыныстарын стикерге жазу арқылы сабақты және өзін бағалайды.



Дереккөз: Bilim All