Шортанбай Қанайұлы ашық сабақ — Ашық сабақтар
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы білімді өз бетімен меңгеру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ш.Қанайұлының шығармаларының тақырыптық — идеялық өзектілігін тану ,білу. Жырларын оқу, түсіну. Ақын поэзииясының құндылығын ұғыну.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, өрлік, адалдық, патриоттық, әділеттілік сияқты адамзат бойында болуы тиіс асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шәкірт санасында өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру.
Оқушыларды ізденуге, зерттеуге жетелеу. Тіл байлығын ,поэзиға деген сүйіспеншілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: өз бетінші білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену,
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, сызбалар
Сабақтың барысы:
1/ Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасы:
1.Д.Бабатайұлы өмірі, шығармашылығы .
2. «О,Ақтан жас» өлеңі бойынша құрған жоспарларын тексеру, талдау, өлеңді жатқа сұрау.
1/Жетімдік
2/Тоқшылық
3/Бозбала шақ, ғашықтық
4/Жастық шақ, батырлық
5/Ел қорғаны
6/Орындалған арман
7/Үміт
Жаңа сабақ:
Іздену кезеңі: Оқулықтан, электрондық оқулықтан, интернеттен төмендегі сұрақтарға жауаптар іздейміз. (Интерактивті тақта арқылы төмендегі сұрақтар көрсетіледі.)
1. Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?
2. Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?
3. Шортанбай өз заманын неге «зар заман» деп атады?
4. Бұл өз дәуіріне риза болмай, түңілуден, үмітсіздіктен, сары уайымнан туған ба?
5. Шортанбайдың осы бір «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды?
Оқушылардың әр сұрақ бойынша дәлелді жауаптары тыңдалады.
Ой қозғау.
Осы өлеңдер нені дәлелдеу үшін жазылған?
Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?
Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, құдайдың құдіретіне бас июге шақырады?
Ақын заман өзгерісіне сай адам бойында қандай құндылықтардың жоғалып, қандай жаман қылықтардың шығып жатқанына қынжылады?
Дәптермен жұмыс.
1.«Зар замандағы» қайталанған эпифора сөз. «Заман» сөзі
Талдау кезеңі: Өлең құрылысына талдау жасау. Қысқаша түсінік беру, еске түсіру .
Б а й л а р ұ р л ы қ қ ы л а д ы
К ө з і н е м а л к ө р і н б е й,
Б и л е р ж е й д і п а р а н ы
С а қ т а п қ о й ғ а н с ү р і н д е й.
/Кезекті ұйқас /7 буынды, 2бунақты
2.Шортанбай өлеңіндегі мұсылман дініне байланысты енген араб сөздерін тізіп жаз.
Жаңа сабақты бекіту.
Шортанбай Қанайұлын сендер қаншалықты таныдыңдар, қай жағынан бағаладыңдар. Мына кестені толтыру арқылы өздеріңді тексеріңдер.
№ Шортанбай Қанайұлы Иә Жоқ
1. Ақын
2. Медресе бітірген
3. Күрескер ақын
4. Жырау
5. Заман жыршысы
6. Сыншы
7. Діндар
8. Айтыскер ақын
9. Батыр
10. Шыншыл реалист
Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау.
Айтыскер ақындығы туралы мәліметтер жинастырып келу