Шешендік сөздер слайд,презентация — Әдебиет

0

Шешендік сөздер слайд,презентация

 

 

 

 а) білімділік-  9 сыныпта алған білімдерінен өткендерді еске      түсіру, жаңа мәтінмен таныса отырып,
білімдерін әрі қарай ұштастыру.
                    Антоним туралы мысалдар арқылы түсінік беру,
 жасалу жолына тоқталу.

ә) тәрбиелік – қазақ халқының би, шешендердің сөздерімен таныса отырып, тапқырлыққа, әділ, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.

б)дамытушылық — оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл                    
                  байлығын дамытуға, шығармашылыққа баулу. 
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің баласы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол.

Өзіңе-өзің әміл болма,
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал болма, 
Досыңа адал бол.

                    (Төле би)

             
 Атақты  шешендер
 Мемлекет және қоғам  қайраткерлері
 Тәуке ханның  кеңесшілері
  «Жеті  жарғы»  әдет-ғұрып заң жинағын  шығаруға  үлес  қосқан билер
 Ұлт  тәуелсіздігі мен   бостандығын,  татулық пен  бірлігін  насихаттаушылар

Жәнібек пен Жиренше. 

Жәнібек хан уазірлеріне: “Маған өтірік пен шынның арасы немен айырылады, соны тауып беріңдер”, — дейді. 
 Ханның қырық уәзірлері қырық күн ойланып, таба алмайды.
 Мұны естіген Жиренше шешен үйіне келіп, Қарашашқа:
— Жәнібек ханымыз қырық уәзіріне: “Өтірік шынның арасын айырыңдар,”-деп қысым жасап жатыр,-дейді
Өтірік пен шынның арасы- бір-ақ тұтам жер.Оның мәнісі: көзбен көрген – шын, құлақпен естіген — өтірік.Құлақ пен көздің арасы бір – ақ тұтам ғой.Көзбен көрген – анық , құлақпен естіген – танық емес пе? – дейді. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!