Шешендік өнер слайд,презентация — Әдебиет
Шешендік өнер слайд,презентация
Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру.
Дамытушылық: Балалардың өз пікірлерін ортаға салу, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шешендік өнер, шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
– Шешендік өнер дегеніміз не?
— Шешендік өнер дегеніміз жалпы тіл өнерінің
шығуымен, қалыптасуы.
– Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?
— Шешенік өнердің пайда болуы, адам қоғамының пайда
болуына байланысты.
– Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде
қалай атайды?
— Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде
риторика деп атайды.
– Риторика ғылымының негізі тарихта қай елден басталған?
— Риторика ғылымының негізгі тарихы ежелгі Греция мен Рим
империясынан басталған.
– Оның алғашқы негізін салушы кім болған?
— Оның алғашқы негізін салушы грек, софист Протагор
болған.
– Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді
аламыз?
— Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға аларымыз
әл- Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқариді аламыз.
— Кейінгі дәуірде риториканы сөз еткенде кімдерді атауға
болады?
— Кейінгі дәуірде Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билерді атауға
болады.
Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да — халық.