Шерхан Мұртаза туралы слайд (презентация) туралы қазақша

0

Шерхан Мұртаза туралы реферат

Бұл слайд XX ғасырдың өртең жылдарында дүниеге келіп, тасқындарын өз басынан өткерген Шерхан Мұртаза Қазақ халқының төл перзенті, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, аса көрнекті жазушы, ірі қоғам қайраткері — Шерхан Мұртаза қоғамдық биікке қиядан қиялап келіп көтерілді. Жоқшылық жолын тосқан балалық шақ, жалындаған жастық дәуреннің қабырғасын қайыстырған — соғыстан соңғы зілмауыр жылдар, өткен ғасырдың екінші жартысында адам мен қоғам алдында мызғымас тас қабырғадай болып, мелшиіп тұрып алған күрделі кезең, КСРО елінің сеңдей бұзылып — темір торды сетінете — Қазақстанның тәуелсіздік тұғырына көтерілуі — бүкіл халықтың және жеке адамның басынан өткен тарих. Және бұл — қайраткер, қаламгер Шерхан Мұртазаның жүріп өткен өмір жолы. Бес бөлімнен тұратын осы слайд қоғамдық мән-мағынасы топтала сұрыпталып жарияланып отырған фотосуреттер — өткен тарих пен Қазақстан Республикасының нұрға толған қазіргі кезеңін қамтитын қайраткер, халық жазушысы Шерхан Мұртаза өмірінің сурет-деректері презентация ретінде беріліп отыр. Слайд қазақ қоғамының Тарихи Перзент — Тұлғаларын төріне көтеретін ойы — кемел, танымы — кең оқырмандарға арналады.

Өткен ғасырда халықтың қылша мойны — талша болып, коммунистік-сталиндік зұлматтан ел аштан қырылып жатқанда дүниеге келген, өзінің қаламгерлік өмірімен кеңестік жүйені қақжарып өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің Көк туын бірге көтеріскен Тарихи Тұлға — Шерхан Мүртаза! Осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын — басына нәубет төнген халқымыз жан алып, жан беріп жатқан кезеңде қоғамдағы кері кеткен ағыспен арпалыса журіп, бүкіл кесірлі кеңес жүйесіне майдан ашқан Тұрар Рысқұлов сынды халық перзентіне өзінің «Қызылжебе» атты роман-эпопеясын арнаған жазушы Шерхан Мұртаза қаламының көркемдік қуатымен бұрынғы көрнекті шығармашылық ізденістерін сатылай дамыта отырып, ғасырлық биікке көтерілді. Өткен кезеңнің 60-70-80-90-жылдары Шерхан Мұртаза «Лениншіл жас» («Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газеттері мен «Жалын», «Жұлдыз» журналдарын, соңында — Қазақстан мемлекеттік теледидарын мықтап басқарып, қазақ халқының рухына тікелей діңгек болатын келелі — ғасырлық мәселелерді қалың жұрт алдына жайып салып отырды. Елдің, ұлттық рухын осылайша самғатқан Шерағаңды қалың ел «Қолбасшы-қаламгер!» деп атады.

Скачать / Жүктеу

#Шерхан #Мұртаза #туралы #слайд #презентация

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз