Шебер көп жерде өнер көп, Ал, қанеки қыздар! сайысы

0

Шебер көп жерде өнер көп, Ал, қанеки қыздар! сайысы.
Мақсаты: 1. Сайыс, жарыс өткізу оқушыны жылдам шешім қабылдауға, тез ойлануға, көшбасшы болуға қолынан келгенше жолдасына көмектесуге үйрету.
2. Ортада өзін ұстауға, сөйлеуге дағдыланды. Шығармашылық қиялын дамыту, қол икемділіктерін дамыту.
3. Қол икемділіктерін дамыта отырып ісмерлік өнерге, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі: Нақыл сөздер.
«Шебер көп жерде өнер көп»,
«Талабы бар – еңбекке бас ұрады»,
«Өнерлінің қолы алтын»,
«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық»,
«Үлгісі көптің өнері көп,
Өнері көптің ермегі көп».
Сахна безендірілді тұскиіз ілінді, ұлттық бұйымдармен әшекейленді. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары да қойылды. Екі топқа баға беру үшін әділ қазылар сайланды.
Әділ қазылар: Тәрбие ісінің меңгерушісі, бірлестік жетекшісі, еңбек пәнінің мұғалімдері сайланды. 5 — 8 сынып оқушылары да қатысты.

Кіріспе бөлімі: Тән мұғалім сайыстың мақсатымен таныстырғаннан кейін ары қарай 2 – жүргізушіге сөз берілді. Сайысты Ұлттық киім киген 1 ұл, 1 қыз жүргізді.
Сабақтың барысы: Сайысқа қатысқан оқушылар еңбек сабағындағы қауіпсіздік техника ережесін сақтап бас орамал, алжапқыш тағып шықты және ереже ескертілді.

1 — жүргізуші: Бүгін біздің ауылда дүбірлі той, дең қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. Жырдан шашу шашылсын, күй қүмбірлеп. Қош, келдіңіздер халайық сергісін бой.
2 — жүргізуші: Болады қыздың аты затына сай.
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
1 — жүргізуші: «Шебер көп жерде өнер көп» дегендей
2 — жүргізуші: Он саусағынан өнері тамған «Шебер» тобы мен «Өнер» тобы қарсы алыңыздар.
Өлең «Ана» Ө.
2 — топ мүшелері ортаға шығады ( 8 қаздан 16 қыз)
1 — жүргізуші: Сайыстың бағдарламасымен таныстырды
1. Тоқыма өнері
2. Оюшылар
3. Шілтер тоқу өнері
4. Құрақ құру өнері
5. Кесте тігу (тігіс түрлерін тігеді)
6. Күзгі салат түрлерін жасау
7. Мақал – мәтел жарысы
8. Ұлттық қолөнерге байланысты сұрақтар
9. Көрермендермен ойын

2 — жүргізуші: « Өнерлінің қолы алтын» демекші 2 топтың тоқымашыларын ортаға шақырды өрнек түрлерін оқиды (7 минут).
1 — жүргізуші: Тоқыма өнерінің қорытындысы бірнеше әділ қазылар «Өнер» тобының тоқымашысына «4» деген ал «Шебер» тобына «5» деген баға берді.
2 — жүргізуші: «Ою ойғаның ойы ұтқыр» ортаға оюшы қыздарды шақырды. Қыздар сырмақ оюын ояды (5 минут).
1 — жүргізуші: Қыздар ою — ойғанша 5 сынып қыздарының би өнерін тамашалаймыз.
2 — жүргізуші: Ою өрнек өнері бойынша әділ қазылар 2 топқа бірдей «5» деген баға берді.
1 — жүргізуші: «Шеберді шілтеріне қарап таны» демекші шілтер тоқушыларды шақырамыз. Ілмек бізбен өрнек тоқу өнері (10 минут).
2 — жүргізуші: « Ас – адамның арқауы» күзгі салат түрін жасау.
1 — жүргізуші: Қыздар салат түрлерін дайындағанша көрермендермен ойын. Сөз — жұмбақ берілді. Бұл сөз жұмбақ ұлттық бұйымдарға байланысты жасалған. Егер барлық сөзді тапсаңдар ортасынан ұлттық бір бұйымның аты шығады.
1. Жүннен тоқылатын төсеніш
2. Ұлттық бас киім түрі
3. Жүннен басылып жасалатын төсеніш
4. Киіз үйге ілетін бау
5. Кесе салатын ертедегі бұйым
6. Құралып тігілетін бұйым
Сөзжұмбақ тапқан көрермендерге сыйлықтар беріледі (жіп, қайшы, ине, оймақ).
2 — жүргізуші: «Қыз еркем – кестесімен көркем» кесте тігу өнері сайысы (10 минут)
1 — жүргізуші: 6 — сынып қыздарының «түрік биін» кесте тігу өнері біткенше тамашалау.
2 — жүргізуші: Кесте тігуде тігіс түрлерін көп қолданған «Өнер» тобына «5» «Шебер» тобына «4» деген баға берілді.
1 — жүргізуші: «Ақылды мыңды жығады, білікті бірді жығады». Ұлттық қол өнерге байланысты мақал — мәтелге сайыс.
2 — жүргізуші: Әділ қазылардың қорытындысы бойынша «Өнер» тобының мақалшысына қарағанда «Шебер» тобының мақалшысы басым түсіп «5» деген баға алды. «Өнер» тобы «4» деген баға алды.
1 — жүргізуші: «Құрақ құрау да өнер» құрақшы қыздарды шақырамыз. Алдын ала дайындап қиып келген мата қиындыларын біріктіріп құрап тігу (10 минут).
2 — жүргізуші: Ұлттық қолөнерге байланысты сұрақтар сайысы, әр топ қоржыннан үш сұрақтан алып жауап береді. Жауап жоқ болса өз өнерлерін көрсетеді.
1. Ұлттық киім түрлерін ата?
2. Сәндік кестелік қол тігістерін ата?
3. Кестелі бұйым түрлерін ата?
1. Ою — өрнек түрлерін, қолданылатын жерді ата?
2. Ұлттық сүт тағамдардың жасалу әдісі (айран, құрт)
3. Киіз үй бөлшектерін ата?
Пән мұғалім сайысты қорытындылайды. «Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт» дегендей, бүгінгі сайыста қыз балалар жыл бойы оқып үйренген білімдерін, өнерлерін көрсетті. Қолөнермен айналысу адамды еңбекке баулып, ерінбеуге, жалқаулыққа салынбауға тәрбиелейді. Эстетикалық тағамды қалыптастырып, салт — дәстүрді үйренуге ықпал етеді.

Енді сөз әділ қазыларда:
— «Ал, қанеки қыздар» сайысында қатысқан «Шебер» және «Өнер» тобына мадақтама қағаздарымен марапатталады. Жеңімпаз тобы: Өнер тобы 1 орын алды. Екі топқа да алғысымызды айта отырып «Өнерлерің өрге жүзе берсін» деген тілектер білдірді.

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы, Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Технология пәні мұғалімі Койшыбаева Мейргуль Тилеубековна

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!