Шаршы. Сол жақ,оң жақ

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Шаршы. Сол жақ,оң жақ

Автор: Сеитказына Амангуль Ергазыевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-22


Материал туралы қысқаша түсінік

Тəрбиешілерге арналған тәжірибе алмасу құралы




Тексерді:__________Әдіскер: _________

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Таным.Бөлімі: Тіл дамыту.Тақырыбы: Аққала (заттық сурет салу).Мақсаты: балалардың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту , Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды, бір-бірімен қосу арқылы салуды үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көрнекі-құралдар: демонстрациялық материалдар, бояулар, қарындаштар, қылқалам, су, сүрткіш.Үш тілді компонент: аққала – снеговик — snowman.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Педагог қыс мезгіліндегі ауа райына тоқталады. Балалармен «Қыс қызығы» суреті бойынша әңгіме жүргізеді. Әр баланың қыс кезінде ерекше жақсы көріп ойнайтын ойын, ермектерін сұрап, қыста балаларға ненің қатты ұнайтынын анықтайды. Аққала туралы жұмбақ жасырады.Мені ешкім өсірген жоқ,Мені қардан жасаған.Мұрным – сәбіз, ернім – ағаш,Аппақ қармын, мәссаған!Үп – үлкенмін, сұп – суықпын,Ал, атымды айтады кім?Жұмбақтың шешуін тапқан соң педагог балаларға бөлмеде тығылып тұрған ойыншық аққаланы табуды ұсынады. Аққаланы неден жасайтындығын жіне аққала туралы өз ойларын айтқызады. Сөздік жұмысын жүргізеді. Балалар серуенде, аулада жүргенде байқаған қыс мезгілінің қызықтары жайлы, қыс мезгілі несімен ұнайтындығын әңгімелейді.Балалар ойланып, жұмбақтың шешуін табады (аққала).Топтағы тығылып тұрған аққала ойыншығын көздерімен іздеп табады. Аққаланы өздері қалай жасағандары туралы айтады.«Аққала» сөзін бір-біріне айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру Педагог балаларға Аққаланың суретін салу жолдарын түсіндіріп көрсетеді. Дайын суреттің үлгісі берілген дәптерлерді таратады. Алдын ала дайындалып, езілген көгілдір бояуға қылқаламның ұшын батырып, дөңгелектің ішін сызықтан шығармай бояуды тапсырады. Аққаланың мұрнын қызғылт сары түспен, көздерін қара түспен бояу тәсілін көрсетед. Балаларға сурет дәптерлерін алдарына қойып, құрал-жабдықтарын ыңғайлап алады. Қылқаламды бояуға батырып, шеңбердің шетіне шығармай аққаланың бөліктерін бояйды. Әр түсті ауыстырған сайын қылқаламды тазалап жуып, сүртіп отырады.
Рефлексивті —Жөндеуші Балалар жұмысты аяқталған соң педагог әрқайсының суретіне назар аударып, қыс қызығы жайлы айтып, әдемі салынған суреттерді ерекше атап өтеді. Балалар өздерінің салған суреттеріне баға береді.

Болжамды нәтиже:

1.Қабылдайды: қыста болатын өзгерістер жайлы.2.Түсінеді: аққаланы үлкен-кіші дөңгелектерді қосу арқылы салуға болатындығын.3.Қолданады: қылқаламмен дайын дөңгелектерді ішін сызықтан шығармай бояуды.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.