Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар

0


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты
3. Еңбекшілердің тылдағы ерен еңбегі
4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде
Қорытынды

Кіріспе
Адамзат тарихында үлкенді — кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс жəне оның құрамдас бөлігі — Ұлы Отан соғысы болды.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде Гитлер командованиесі СССР — ге басып кірудің Барборосса жоспары деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Барбаросса жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО — ны сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі, өзінше бір ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат деп қарастырды. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық — түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап Барбаросса жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ — Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген Үлкен Түркістан отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып — жою жолына осылай түсті.Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады.

Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды. Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылыстарында халықтар достығы қалыптасып, нығайды. Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы насихат адамдарға зор ықпал жасады. Кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриотизм жаңа дүниені жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталинизмнің қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді.
1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.
Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындардың пайдасына қайта бөлінді.
Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Басқалармен қатар Брест қорғанын шекарашылар К.Әбдірахманов В.Лобанов, атқыш К.Иманқұлов, пулеметші Е.Качанов, минометші В.Фурсов, зеңбірекші Ғ.Жұматов және басқа қазақстандықтар қорғады. Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса мен Севастополь үшін шайқасты.
КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды, ол бұқаралық сипат алуы, ұйымшылдығы, өз жоспарларын Кеңес Армиясы қолбасшылығының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында стратегиялық маңыз алды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Беларуссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазақстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.
Қазақстандық саяси қызметкерлер Г.Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедияров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды. Партизандар командирлері А.С.Егоровқа, Н.В.Зебницкийге және Ф.Ф.Озмительтге (өлгеннен кейін) Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Жапонияның тізе бүгуімен Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Адамзат фашистік — милитаристік диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қаупінен сақталып қалды.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек — 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 — атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі — Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар (28 панфиловшы) тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков Россия кең — байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен 28 панфиловшы ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай — ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 — дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, Лөмір жолын салуға қатысты.
Балтық флотындағы Киров Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 — гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Агрессорлардың герман-италия-жапон одағын талқандау антифашистік одақ халықтарының аса зор күш-жігер жұмсауы және шығын беруі арқасында мүмкін болды. КСРО ең көп шығынға ұшырады — 27 млн. астам адам мерт болды. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров — Гайға дейнгі 500 км.)
1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, Сталинград дивизиясы құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев Павлов үшін қорғауға ерлік көрсетті.
Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта Қазақ көшесі ашылды. 11 … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!