Шамалар. Көлем

0

Пән: Математика

Мектеп:  Рахат ОМ

Күні: 02.06.2017ж

Мұғалімнің есімі:  Каиркулова Гульбаршин Уразовна

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Тақырыбы

Шамалар .Көлем.

Ортақ тақырып

Шамаларды өлшеу.

Бөлім

Сандар және өлшемдер

Бөлімше

Шамалар олардың өлшем бірліктері.

Оқу  мақсаттары

1.1.3.1. ұзындық, көлем, уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді .

1.1.3.3.шамалар мәндерін :ұзындық (см,дм),масса, көлем өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

Сабақ мақсаттары

 

 

 

Барлық оқушылар: геометриялық фигураларды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі : Көлемді ажыратады.

Кейбір оқушылар: Көлемді және шаманы біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу

Түсіну

Қолдану

Бағалау критерийлері

 

1. Геометриялық фигураларды біледі, көлемді ажыратады.

2. Амалдарды дұрыс орындайды.

3. Шамаларды салыстыра біледі .

Тілдік мақсат:

1. Ыдыстың сыйымдылығы 1литрден артық, кем немесе тең болуы мүмкін екенін түсіндіру.

2. Шама,көлем атауларын үш тілде айтуға үйрету.

Пәндік лексика және терминдер

Көлем-обьем-amount

Литр-литр-iter

Талқылауға арналған сұрақтар

Шамалардың өлшем бірліктерін білесің бе?

Өлшем бірліктерін атап шық.

Өлшем бірліктері қысқаша қалай жазылады?

Өлшем бірліктері өмірде не үшін керек?

Өлшем бірліктерін ажырата аласың ба?

Көлем өлшем бірлігін өмірде қолдана аласың ба?

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,ағылшын тілі,орыс тілі,музыка.

АКТ  мен байланыс

Слайд. Аудио жазбалар.

Бұған дейінгі меңгерілген білім

Шамалар.Масса.

«Ыстық картоп» тәсілі бойынша өткен тақырыпты сұрау.

 

1.      Массаның өлшем бірлігі қандай?

2.      Массаның қандай бірлігін білеміз?

3.      Массаның  шамасының қысқаша жазылуы.

4.      Ең үлкен масса өлшемі қандай?

5.      Тағы қандай шамаларды білесіңдер?

Жоспарланған уақыт

35 минут

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

Шаттық шеңберін құру. Әртүрлі фигуралар бойынша топқа бөліну.

1-топ «Уақыт» , 2-топ «Масса», 3-топ «Көлем»  .

-Балалар, ыңғайланып отырып, ойша қиялдайық. Таза ауамен еркін тыныс алып, кең байтақ даламен көк шалғынды кешіп келеміз.Алдымыздан….(дауыстар естіледі) Аудио жазба.

Қызығушылығын ояту

-Үнсіз даланы түрлі дыбыспен көңілді еткен, сайын далаға жан бітіріп, толтыра көркем еткен бұл не байлық? (Төрт түлік)

-Иә, балалар, бұл бір қожалықтың

Келе- келе түйесі,

Үйір- үйір жылқысы,

Табын- табын сиыры,

Отар- отар қой,ешкісі екен.

-Шаруашылық қожасы өз малдарына ен салыпты, ендеше еннің нөмірін есептеп тауып ,әр малды нөмірлерімен сәйкес  қоршауларына кіргізуіміз керек.

-Әр түлікті берілген нөмірлері бар қоршауға кіргізейік. Сол әріптерді қоссақ, қандай сөз шығар екен?

-Шама деген не екенін еске түсірейік.

-Осы түліктерден шаруашылық қожасы массамен өлшенетін қандай заттарды алады?

(Ет, жүн, тері …)

-Ал сүтті,қымызды неге масса бірлігімен өлшей алмаймыз? (Сұйық )

-Үстел үстінде екі ыдыс тұр. Олар туралы не айта аласыңдар?(1литрлік  банка,

1 литрлік бөтелке )

-Қалай ойлайсыңдар?

-Осы ыдыстардың біріндегі сұйық, екіншісіне толық сыя ма? Оны қалай анықтауға болады?

-Сұйықты қандай бірлікпен өлшейтінін кім біледі?Осы өлшем бірлікті біз қайда кездестіреміз?

 

Геометриялық фигура қималары

 

 

 

 

 

 

Төрт түлік суреттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

3минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

7 минут

 

№ 1 тапсырма.  (Т), «Жауапты суреттейміз»

   Әр топқа берілген фигурға неше 1 литрлік ыдыспен қанша күріш сияды.

                 

   2 литр                        10 литр                   5 литр          

 

 

 

 

 

 

 

 

Көлемі әртүрлі

ыдыстар;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көлемі екі түрлі  ыдыс пен дақылдар,құм.

 

 

 

 

 

Бағалау критерилері:

1. Геометриялық фигураларды біледі және көлемді ажыратады.

Дескрипторлар:

1.Өлшем шамасын біледі.

2.Көлемнің шамасын үш тілде айта алады.

3.Көлемдердің сыйымдылығын өлшей алады.

№2 тапсырма.   (Ұ) «Кім тапқыр?»

Марат раушан гүлді көлемі  30 л ыдысқа қайта отырғызбақшы болды.

Шелектің көлемі 10 литр болса, оған қанша шелек топырақ қажет болады?

Бағалау критерийлері:

3.Шамаларды салыстыра біледі,өмірде пайдалана біледі.

 

Дескрипторлар:

1.Көлем өлшем бірліктерін айта алады.

2.Шамаларды ажырата біледі.

3.Көлем өлшем бірліктерін өмірде қолдана алады.

 

 «СЕРГІТУ СӘТІ.

           

Видио жазба

 

 

 

Жұмыс дәптері

№ 3 тапсырма     (Ө)      «Шешімін тап»                                 

Бағалау критерийлері:

1. Геометриялық фигураларды біледі және көлемді ажыратады.

2. Амалдарды дұрыс орындайды.

Дескрипторлар:

1.Көлем өлшем бірліктерін айта алады.

2.Өлшем бірліктеріне байланысты амалдарға берілген есептерді шығара алады.

3.Көлем бірліктеріне мысал келтіре алады.

 5 минут

4 Тапсырма. (Ұ) «Ойлан тап»

Оқулық,дәптер.

Бағалау критерийлері:

3.Шамалар мәндерін күнделікті өмірде пайдаланады, салыстырады.

Дескрипторлар:

1.Амалдарды дұрыс орындайды.

2.Білім алушы  — көлемді салыстыра алады.

3.Өлшем бірліктерін біледі.

Аяқталуы

2 минут

Бағалау :

1. «Бағдаршам» арқылы бағалау»

 

жасыл

Жартылай жауап

 

сары                                            

Толық емес жауап

 

қызыл

 

№ 1 тапсырмада «Жапырақтар» әдісімен бағаладым.

№ 2 ,3 тапсырмада түрлітүсті фигуралармен марапаттадым.

№ 4. Тапсырмада мадақтау сөздер қолданылды. «Басбармақ» тәсілімен бағаладым.

 

Ілме

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат (оқулықтан тыс)

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға

Тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

 Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар беру.

Тапсырма:   «Сәйкестендіру»

Шамаларың өлшем бірліктерін сәйкестендіру .

 Сендерге қандай шамалар белгілі? Олар қандай бірліктермен өлшенеді? Сәйкестендіру.

ШАМА

Ұзындық

        

Масса

     Сыйымдылық (Көлем)

См,дм,м.

Кг

л

 

 

 

 

Рефлексия

Сабақ / оқумақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен  өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз . Сол ұшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсатымен оқу міндеті орындалды.

Бүгін оқушылар шамалар және көлем туралы толық мағлұмат алды.

Сабақ оқушыларға қызықты, жақсы деңгейде өтті.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты.

Қорытынды бағалау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Топтастыру әдісі.

2. Практикалық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Саралауға арналған тапсырманы

түрлендіру.

2. Постермен жұмыс.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
1.    «Венн» диаграммасы.

2.      Оқушыларға логикалық тапсырмалар дайындау.

 

                     

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!