Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын бастауыш сыныпта оқыту әдістері (баяндама)

0









Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын бастауыш сыныпта оқыту әдістері (баяндама)

Автор: Маркс Армангүл Марксқызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Мақала Сыныбы: 3 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-02


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материал әрбір бастауыш сынып мұғалімдеріне керек. Себебі 3 сыныптағы Шәкәрім Құдайбердіұлының барлық шығармаларын оқытудың тиімді тәсілдері қарастырылған.




Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Баяндама тақырыбы:“Бастауыш сыныпта Шәкәрім шығармаларын оқыту”

Баяндамашылар: Қуатқалиева А. Е Маркс А.М

Жоспар:

  • Шәкәрім шығармаларын оқытудың маңызы
  • Бастауыш сыныпта Шәрәкім шығармаларын оқыту әдістері

Шәкәрім шығармаларын оқытудың маңызыШәкәрім шежіресі қазақ халқының тарихын дұрыс баяндау және қазақтың түп атасын анықтап беру мақсатында қашанда тарихи мән-маңызды құнды мұра екені баршамызға мәлім. Сан ғасырлық тарихы бар талай тар жол, тайғақ кешуден бастап өткерген қазағымның қатпарлы мол тарих қойнауының қыр- сырын қазіргі жас ұрпақтың бірі білсе, бірі білмей жатады. Бұл мәселені түзету де, түйінді шараларды қолдану да білім саласы қызметкерлерінің, яғни біздің міндетіміз деп білемін. Шежірені, өлеңді оқыту- жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеп, олардың бір тұтас дүниетанымының қалыптасуына ықпал ететін жаңаша білім бағдарламасының жасақталуына әкеп соғады. Сол үшін қазақ тарихын, шежіресін оқытуда Шәкәрәм мұрасын молынан қамту басты мәселе болып табылады.

Бастауыш сыныпта Шәкәрім шығармаларын оқыту әдістеріЖаңа бағдарлама бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары 3-сыныпта оқытылады. 3- сыныпта ақынның «Адамдық- борышың» және «Бостандық таңы атты» шығармаларын оқиды. «Адамдық- борышың» шығармасын 3- сыныптың әдебиеттік оқу кітабының 2- бөліміндегі 18- сабақта оқиды. Сабақты оқушылармен амандасудан бастаймыз. Содан соң балалардың қызығушылығын ояту мақсатында «Даналар еліне саяхат» әдісін қолданамыз. Яғни, бұл әдіс арқылы оқушыларды топқа бөлеміз. Топқа бөлу үшін кітаптардың суреті бар қиындылар қажет болады. Бірдей кітап таңдағандар «Абай», «Шәкәрім», «Ыбырай» атты 3 топқа бірігеді. Сабақтың басы Абай, Ыбырай туралы ақпарат алмасудан басталады. Яғни, оқушылар Абай, Ыбырай туралы білгендерін айтады. Содан соң Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі туралы оқушыларға ақпарат береміз. Жаңа материалды бекіту үшін «Фишбоун» әдісі арқылы борыш сөзін түсіндіреміз. Әр тапсырмадан кейін «Insert» әдісін қолданамыз. Яғни, тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: W- білемін; + жаңалық; — білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Содан соң «Адамдық- борышың» өлеңімен таныстырамыз. Содан соң «Шахмат» әдісін қолданамыз. Онда шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өлең туралы өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі. «Білімділер тартысы» әдісі арқылы әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар береміз. «Абай» тобына- «Борыш» тақырыбына өлең шығару, «Ыбырай» тобына- «Борыш» тақырыбына эссе жазу, «Шәкәрім» тобына- «Ақжолдан айныма» сөзінің мағынасын ашып жазу тапсырмаларын береміз. Содан соң кітаппен жұмыс болады. 51- беттегі тапсырманы орындатамыз. “Еркін әңгіме” әдісі арқылы жеке жұмыс жүргіземіз. “Абай” тобының оқушылары- “Отан алдындағы борыш” тақырыбына, ал “Ыбырай” тобының оқушылары- “Ата- аналар алдындағы қарыз” тақырыбына “Шәкәрім” тобының оқушылары “Менің парызым” тақырыбына шағын ойтолғау жазады. «Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы жаңа материалды қорытындылаймыз. Кері байланысқа «Білім жылдамдығы» атты рефлексияны қолданамыз. Осылайша сабақты аяқтаймыз.Ш.Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты»3-сыныптың әдебиеттік оқу кітабының 2-бөліміндегі 94-сабақта оқытылады.Сабақты оқушылармен амандасудан бастаймыз. Содан соң балалардың қызығушылығын ояту мақсатында Қазақстанның картасы арқылы үш топқа бөлеміз. Карта әр түрлі қиындыларға бөлінеді де артында топ аттары «Бостандық», «Азаттық», «Тәуелсіз» жазылады. Оқушылар белгіленген топ аттары арқылы өз орындарына жайғасады.Сабақты бастау үшін «Жасырын әріптер» әдісін пайдаланамыз. Бұл әдістің негізгі мақсаты өткен материал арқылы жаңа материалдың тақырыбын ашу. Сонан кейін тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы жаңа материалды оқушылар болжайды.Жаңа материалды бекіту үшін «Кейс- стади» әдісін қолданамыз. Онда балалар Шоқан Уәлихановтың сөзін талдайды. Содан соң «Бостандық таңы атты» өлеңімен таныстырамыз. «Өрмекші» әдісі арқылы өлеңнің идеясын, мазмұнын, тақырыбын жазады. Ендігі кезекте сергіті сәті орындалады. Сергіту сәті тақырыпқа сай болу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар береміз. «Бостандық» тобына- «Бостандық таңы атты сөзін қалай түсінесіңдер?» , «Азаттық» тобына- «Тәуелсіз елдің балалары қандай болу керек?» тақырыбына эссе жазу, «Тәуелсіз» тобына- «Тәуелсіздік» туралы шағын өлең шумағын шығару тапсырмаларын береміз. Содан соң кітаппен жұмыс болады. 116- беттегі 6- тапсырманы орындатамыз. “Бір минут эфирде ” әдісі арқылы жеке жұмыс жүргіземіз. Әр топтан бір оқушыдан шығады да бір минут бойы тоқтамай бүгінгі тақырып жайлы өз ойын айтып сабақты қорытындылаймыз.Үйге тапсырма: «Бостандақ таңы атты» өлеңін мәнерлеп оқып, «Тәуелсіздік» туралы кез- келген ақынның өлеңін жаттау. Кері байланысқа «Сәттілік баспалдағы » атты рефлексияны қолданамыз. Осылайша сабақты аяқтаймыз.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.