Шәкәрім Құдайбердіұлы Еңлік – Кебек слайд,презентация – Әдебиет

0
398

Шәкәрім Құдайбердіұлы Еңлік – Кебек слайд,презентация

Білімділігі: 
    Шәкәрім мұрасын тереңдей оқытып үйрету. “Еңлік – Кебек”  дастанының мазмұнын меңгерту, көркемдік ерекшелігін ашу.
Дамытушылық: 
    Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелік:  
  кейіпкер тағдырына ортақтастыра  білу, қауымдасып жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін істеугедамыта отырып, өзара сыйластыққа үйрету
   
Сабақтың түрі: білім, білік, дағды қалыптастыру сабағы   Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, баяндау, талдау,пікірлесу әдісі
Сабақтың көрнекілігі:
Шәкәрім портреті, “Еңлік-Кебек” пьесасынан суреттері, слайдтар. 
Пәнаралық байланыс:
Тарих, қазақ тілі, ән
«Еңлік – Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін, XVIII ғасырдан бастап кең тараған дастанның бірі. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік-Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – Абайдың айтуымен Шәкәрім жазған нұсқа. Екіншісі — Мағаұия Абайұлы жазған нұсқа. «Еңлік-Кебек» – М.Әуезовтің белгілі шығармасы. 
Сабақты қорыту үшін берілетін сұрақтар:
Шәкәрімнің “Еңлік – Кебек” поэмасында қандай 
мәселе көтерілген?
2. Автор шешімімен келісесің бе?
3. Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай
 аяқтар едің?
4. Шәкәрімнің осы поэма арқылы айтпақ ойы не?
5. Дастанды оқи отырып қандай ой түйдің?

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!