Шәкәрім Құдайбердиев слайд,презентация — Әдебиет

0

Шәкәрім Құдайбердиев слайд,презентация

 

 

                                                                  Құнанбай Өскенбайұлы                                                              
                                                                       (1804-1886)                                                                             Абайдың әкесі, аға сұлтан,                                                                         қоғам қайраткері. Әкесі    
                                                                        Өскенбай  Ырғызбайұлы Тобықты елін билеген беделді адам болған. Өскенбайдан басталған билікті оның ұрпағы 150 жыл бойы, кеңес өкіметі келгенге  дейін қолдарынан шығарған жоқ. Құнанбай әуелі шағын ауылды басқарды, кейін болыс басқарушысы болып сайланып, Тобықты елін биледі. Келе-келе  Дуанды басқаратын аға сұлтан дәрежесіне дейін жетіп, даланың беделді де білікті әкімдерінің қатарына көтерілді.  Оның 4 әйелі болды. Бәйбішесі  Әйбөбектен (Күнке) Құдайберді туды. Екінші әйелі Ұлжаннан Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан; Айғыз деген әйелінен Халиулла, Смағұл, Кәмшат туған; төртінші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.      1846 жылы  патша үкіметі қазақ даласындағы мал-жан санағы, жер-су, өзен-өлкені картаға түсіру,  Ұлы жүз қазақтарын Россия өкіметіне бодандыққа алу сияқты түбегейлі мүдделерін іске асыру үшін экспедиция ұйымдастырды. Оның құрамына генерал Вишневскиий, Ивашкеевич, Адольф Янушкеевич сияқты Батыс Сібір әскери губернаторлығы кеңесінің шенді адамдарымен
бірге жасы 40-тан енді ғана асқан ел әкімі Құнанбай да енгізілді.  Олармен бірге жүрген бірнеше ай ішінде экспедиция мүшелері Құнанбайдың іскерлігі мен кісілігіне қатты риза болған.      Янушкеевич өз күнделіктерінде  «Құнанбай би Барақ сұлтаннан  бір-екі жас үлкен. Бұл да бүкіл елге әйгілі адам. Қарапайым қара халықтан шыққан Құнанбай — жаратылысынан ақыл-парасат дарыған, керемет зерек, қара тілге шешен, байыпты, тыңғылықты кісі. Халқының қамын ойлайды. Оған жақсылық жасасам дейді. Елінің ежелгі жол-жобасына әрі құранда жазылған шариғат жолында аса жүйрік, Россия өкіметінің Қырғыздар жөніндегі заң ережелеріне өте жетік, қара қылды қақ жарған  әділ, адал азамат. Құнанбай -халқының қамқоры. Жұрт пайғамбардай көреді. Сондықтан одан ақыл-кеңес алуға тіпті бір қиырдағы ауылдағы жас пен кәрі,  бай мен кедей ағылып келіп жатады. Тобықты деген мықты рудың қалауымен ол болыстық қызметке сайланып қойылған. Елден ерен білгіштігінің арқасында бұл қызметті тасқаяқтай қағыстырып, тамаша жақсы атқарады. Оның айтқаны екі болмайды. Қабағын қақса, іс орнына келіп жатады. Жасынан ол сұлу жігіт екен. Қазір шешектің дағынан беті шұбар боп қалған. Құнанбай бұлбұлдай сайрап кеткенде, тыңдаған халайық бетінің бұжырын мүлдем ұмытады… Барақтың қасында ақсүйектерді (сұлтандарды) жан деуге болмайды, ал бай атаулы Құнанбайдың ұлтанына да тұрмайды»,  —  деп  жазған.       Бұл Құнанбай жайындағы алғашқы жазба деректер. Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келіп, оның соңғы 40 жылдық өмірін өз көзімен көріп өскен Абай 1895 жылы баласы Әбдірахман дүниеден қайтқанда шығарған «арғы атасы қажы еді…» деген жоқтау, жұбату өлеңдер Құнанбай туралы бар шындықты айтып әкесінің ел сүйсінерлік ерен тұлғасын жасады.Абайдың суреттеуінше де Құнанбай – ізгі  істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұңды-шерлі жоқ-жітіктердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам.      70-тен асқанда Меккеге барып қажы атанған Құнанбай енді бұдан әрі (жалған дүние сөзіне араласпай) шымылдықтың ішінде тыныш жатып, құдайына құлшылық жасаумен өмірін өткізеді. Құнанбай жөнінде ел аузына аңыз-әңгімелер көп. Оның ел арасындағы беделін жыр еткен Балта, Қуанышбай сияқты ақындардың өлең жырлары  бар.                М.О.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол – феодалдық дәуірдің, өз табының  бел баласы, ісі мен мінезінде заманының айқын таңбасы бар»      Құнанбай жайындағы өмірлік ақиқат материалдар Әуезовтің «Абай жолы » эпопеясында көркемдік шешімін тапқан. Тобықты елінің Құнанбайынан — әдебиеттік  кейіпкер Құнанбай бейнесі жасалған. Құнанбайды толық танып білу — Абайды да мұқият оқып-зерттеуімізге септігін тигізеді.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!