Шағын бизнесті қаржыландыру | туралы қазақша

0
3
Advertisement

1. Өнімді өндіру және сату үдерісінде пайда болатын қаржыландыру.
2. Кәсіпорынның өндірісті дамытуға бағытталатын пайдасының бір бөлігі.
3. Сыртқы көздер есебінен қаржыландыру.

Бірақ қаржыландырудың әлдебір көзін таңдаудың алдында, кәсіпкер өзіне қандай да бір борыштық міндеттемелер алмас бұрын, өзінің меншікті қаражатымен-ақ іс бастай ала ма деген сұрақты да шешіп алуға тиіс. Бизнесті бастау үшін кәсіпкерге 300 000 теңге қажет болсын дейік. Ол ақшаны кредитке (борыштық қаржыландыру) ала алады немесе меншікті қаржыландыру көздерін (өзін-өзі қаржыландыру) тарта алады.

Бұл мәселенің шешімі көбінесе бизнестің түріне, кәсіпорынның қаржылық орнықтылығына және жалпы экономикалық жағдайға байланысты. Басты міндет — қаржы ресурстарына және оларды алу көздеріне қажеттілікті анықтау. Кәсіпкердің өте маңызды: Ксіпорынды ашу және дамыту үшін оған қаржы ресурстарының қандай көлемі қажет? Қаржыландырудың қандай көзі ол үшін қолайлырақ? деген екі сұрақтың жауабын білгені дұрыс.

Сонымен қатар бұл кәсіпкердің өзіне, оның борыштық міндеттемелерге көзқарасына да байланысты. Екі тәсілдің арасындағы таңдау: кәсіпорын пайдасының әлеуетті мөлшері, қаржылық тәуекелдіктің дәрежесі және фирманы бақылау секілді факторлармен де айқындалады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде меншікті капиталды тарту, бірінші кезекте, акциялар шығару дегенді білдіреді. Бұл жағдайда кәсіпкердің: кредитті процент төлеу міндеттемелерімен қоса алу, әрі борыштың өзін қайтару және акциялар шығару, демек, соған байланысты фирманы бақылаудың кейбір көлемін жоғалту арасында таңдау жасауына тура келеді.

Қазақстанда қазіргі кезеңде кез келген кәсіпорын акциялар шығаруға бара бермейді, оны, біріншіден, бағалы қағаздардың дамыған нарығының жоқтығымен, тіркелудің қиын амал-шараларымен және үлкен шығындар жұмсалатынымен түсіндіруге болады. Орта және шағын кәсіпорындардың көпшілігінің меншікті қаражаттары болмаған жағдайда бір ғана балама мүмкіндігі бар — ол кредит алу.

Дамыған елдерде меншікті капиталды жеке инвесторлардың, венчурлық капиталдың және акциялар шығарудың көмегімен де көбейтуге болады. Қаржыландырудың эртүрлі көздеріне қарамастан, кәсіпкерлердің басым көпшілігі бизнестерін ашуды бастаған кезде, өздерінің меншікті қаражаттарын, туыстары мен достарының қаражатын (75%), сыртқы қаржыландыру көздерін (15%), банктерді (10%) пайдаланатынын зерттеулер көрсетіп отыр.

Бұл үрдіс компанияның жұмыс істеуі шамасына байланысты ары қарай да жалғасып келеді, одан өзге, қаржыландырудың жаңа көзі — кәсіпорынның меншікті табыстары пайда болып жатыр -солардың есебінен кәсіпорындардың 75%-і қаржыландырылады. Қаржыландырудың бұл көздері кәсіпорын жұмысын бастаған кезде болмаған-ды.

Кәсіпорынның жұмыс істеуі кезеңінде банктен кредит алу барған сайын үлкен маңызға ие болып келеді. Сөйтіп, банктің қысқа мерзімдік кредиттерін — кәсіпорындардың 45%-і, ұзақ мерзімдік кредиттерін 42%-і пайдаланып үлгірді. Капитал тарту тәсілі ретінде акциялар шығару (10-13%) басталды.

Жеке жинақтардың үлкен маңызын (әсіресе бастапқы кезеңдегі) ескере келе, оларды егжей-тегжейлірек қарастырайық. Жеке жинақтарды: жеке жинақтар (1), туыстар мен достардың қаражаты (2) және басқа да жеке инвесторлар (3) қаражаты деп үш санатқа бөлуге болады.

Кәсіпкердің жеке қаражаты — қаржыландырудың ең көп тараған меншікті көзі. Бұны келесі факторлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, іс жаңадан басталып жатқан және кәсіпорынның қалай өркендейтіні белгісіз кезде тэуекелдік дэрежесі үлкен. Бұндай жағдайда тәуекелдікке қарыз қаражатпен емес, меншікті қаражатпен барған дұрыс. Екіншіден, тіпті егер жаңадан іс бастап жатқан кәсіпкер банкке жүгінсе, онда банк, бірінші кезекте, кәсіпкерден өзінің меншікті қаражатының белгілі бір сомасын салуды талап етеді. Үшіншіден, алғашқы бірнеше жыл бойы, әдетте, кәсіпорын борышты өтей де, алынған кредит үшін проценттер төлей де алмайды.

Сондықтан көптеген кәсіпкерлер бастапқы кезеңде іс бастауға жеткілікті капиталының болмауы себепті айтарлықтар қиындықтарға кез келеді. Кәсіпкердің қолжетімдірек қаржыландыру көзін, бірінші кезекте, туысқандары мен достарының арасынан іздейтіні кездейсоқтық емес.

Кейде достар мен туыстардан қарыз алу қаржыландырудың жалғыз көзі болуы да мүмкін. Бұндай қаржыландырудың артықшылықтары айқын көрініп тұр. Ең алдымен бұл жерде қажетті құжаттар рәсімдеу бойынша көп жұмыс атқару талап етілмейді, егжей-тегжейлі қаржылық талдау талап етілмейді, өйткені барлығы да өзара жеке қарым-қатынастарға, сенімге құрылады. Дегенмен кәсіпкер осы борышты мүмкіндігінше тезірек қайтаруды жоспарлауға, ал бұл міндеттер жазбаша түрде бекітілуге тиіс.

Жаңадан іс бастап жатқан көптеген кәсіпкерлер жаңа құрал-жабдықтар сатып алудың орнына, оларды жалға алуды жөн көреді. Жалға алу мерзімдері әдетте үш жылдан бес жылға дейін созылады. Кәсіпорын жалдау ақысын төлеуге, эрі құрал-жабдықты тікелей өз мақсатында пайдалануға міндетті. Кәсіпорынның құрал-жабдықтарды жалға алып пайдалануы солар бойынша тиімдірек болатын бірнеше себеп бар:

  1. Фирманың әрдайым қымбат тұратын құрал-жабдықтарды сатып алатын жағдайы бола бермейді.
  2. Банк дереу құрал-жабдықты жалға алуға кредит беруі мүмкін.
  3. Жалдау — құрал-жабдық тозған жағдайда үлкен шығындарға ұшырамауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар құрал-жабдықтарды сатып алу немесе жалға алу туралы шешім қабылдамастан бұрын, кәсіпкер барлық: жалдау ақысы, салық төлемдері, құрал-жабдықты орнатудың қиындығы, құрал-жабдықтың ескіруі іспетті және басқа да кейбір факторларды есепке алуға тиіс.

Қаржыландырудың келесі бір маңызды көзі — коммерциялық банктер. Банктен қаржыландырылудың барша артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері де жоқ емес, оның ішінде, жоғары проценттік мөлшерлеме, кредитті белгілі бір мерзімде қайтару, төлемдерді алдын ала белгілі кесте бойынша төлеп отыру, ақырында, жеке кепілдіктер беру сияқты міндеттемелер алуды айта аламыз.

Кредитті қайтару мерзімі кредиттің: ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді деп аталатын түрлеріне байланысты. Мысалы, кредит желісі кредит берудің қысқа мерзімі ретінде ғана пайдаланылуы мүмкін және әдетте бір жылға ғана ашылады. Кейде банк бір жыл ішінде бір ай деп шектеу қоюы мүмкін.

Банк кәсіпкердің жеке кепілдіктер беруіне мүдделі. Егер корпорация туралы сөз болса, онда бұл мәселе тереңдейді, өйткені ол кезде корпорацияның меншігі кәсіпкердің меншігіне парапар емес, ал корпорация мүшелерінің жауапкершілігі салынған капиталының мөлшерімен шектеледі. Банк корпорацияның бас менеджерлерінен қосымша жеке кепілдіктер талап ете алады.

Сөйтіп, банктің кәсіпорынға кредит беруден бас тарта алатын төмендегі себептерді ажыратып көрсетуге болады:

  • алдағы уақытта жұмыс атқармақ болып отырған бизнестің түрін немесе саласын банктің жеткілікті дәрежеде көре (түсіне) алмауы;
  • кәсіпорын шығыстарының кірістерден асып кетуі, теріс қаржылық көрсеткіштер;
  • меншік иелерінің борыштың өтелуіне жеке кепілдік бергісі келмеуі;
  • кәсіпкер мен оның командасының бизнесті таныстыруға жеткіліксіз дайындығы;
  • кредиттің қайтарылуына байланысты бұрын да орын алған қиындықтар;
  • кредит берудің кейбір тұрпаттарын шектейтін мемлекеттік реттеу;
  • аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының төмен деңгейі және, тұтастай алғанда, экономикадағы кредит қорларының жетіспеушілігі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы наурыздың 6-ындағы «Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қазақстандық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен Кәсіпкерлікті дамыту қорын құру көзделген.

Әртүрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды, шетелдік ұйымдарды кеңінен тарту — бұл қорды қалыптастыруға кететін бюджеттік шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Аталған қордың қызметі конкурстық негізде қор қаражатын Қазақстан Республикасының банктерінде келісіммен орналастыру жолымен шағын бизнес жобаларына кредиттер (бес миллион теңгеге дейін) беруге бағытталуға тиіс. Қордың салыстырмалы түрде үлкен емес мөлшерде (бес миллион теңгеге дейін) қарыз беруі жыл сайын жобалардың жеткілікті үлкен санын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР Үлттық банкімен бірлесе мемлекеттің қатысуымен шағын кәсіпкерлік кәсіпорындар (жеке кәсіпкерлерді ақы өндіріп алусыз қосқанда) үшін мемлекеттік банктерде және екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашуды қамтамасыз ететін тиісті шешімдер мен іс-шаралар қабылдауы көзделген. Қазақстандық банктерді конкурстық негізде тарту, өз кезегінде, берілген кредиттердің қайтарымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

#Шағын #бизнесті #қаржыландыру

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз