Шағын бизнеске салық салу режимі

0
286

КІРІСПЕ

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсеті сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын бизнес үшін инфраструктура жасалды. Дегенмен, мәселері де жоқ емес.
Оның себебі, шағын бизнесті дамыту туралы көптеген қаулылар мен заңдар терең экономикалық дағдарыс жағдайында, макроэкономикалық қалыпсыз жағдайында қабылданды. Сондықтан да бұл шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жай ұсынған сөз сияқты қала берді, нақты түп-тамыры болған жоқ.
Бұл мәселенің тағы бір аспектісі, біз өндірістік сектор мен қарым-қатынас сферасындағы шағын бизнесті ажырата алмаймыз. Негізінде бұл әр түрлі салалар. Өндірістік сектордағы шағын бизнес күрделі технологиларды, қымбат жабдықтарды қолданумен байланысты, ол қарым-қатынас сферасына қарағанда, жұмыс істеушілердің жоғары кәсіптік деңгейін талап етеді.
Нарықтық қатынасқа көшпей тұрғанда еліміздің экономикасының негізін ірі өндірістік орындар құрайтын, ал шағын бизнес мемлекеттік мүдделер сферасына жатпайтын. Дегенмен, жоспарлық экономика транформациясы кезінде кіші кәсіпорындар мемлекетіміздің стратегиялық курсын жүзеге асырудың басты құралдарының бірі болып табылады.

1.Шағын бизнеске салық салу режимі
ҚР салық кодексіне сәйкес салық режимдері жалпы және арнаулы салық режимі болып бөлінеді. Салық режимі дегеніміз салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық салушы қолданатын салдық заңнамасы нормаларының жиынтығы. Ал, жалпы салық режимі деп салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленетін және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептігін берудің жалпы тәртібін қолдануды айтамыз. Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің (жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің), сондай – ақ олар ббойынша салық есептігін берудің оңайтылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджеттен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері, шаруа қожалықтары,ауыл шаруашылық өнімдерінөндіруші заңды тұлғалар және селлолық тұтыну кооперативтері қолданан алалды. Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салықты, корпоративті немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайтылған тәртібі белгіленеді. Ал қалған барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу, және салық есептігін тапсыру жалпыға бірдей белгіленетін тәртіппен жүргізіледі. Арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырудың жиынтығымен анықталады.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеудіңжәне төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің біреуге ғана дербес тандауға құқығы:
1.Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп
2.Бір жолғы талон (01,01,2011 жылға деін)
3.Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
4.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
Салық төлеуші салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыған бірдей белгіленген тәртібі ауысқан кезде осы режимді (тәртіпті) екі жыл қолданғаннан кейн ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады. Филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, әр түрле елді – мекендерге өзгеде оқшауланған құрылымдық бөлімшелерді және салық салу объектілері бар салық төлеушілердің, басқа да заңды тұлғалардың, құрылтайшысы арнаулы салық режимінің қолданатын басқа да заңды тұлғалардың бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың (арнаулы салық режимін қолданатын бір немесе одан да көп кәсіпорындары бар заңды тұлғалардың) арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Арнаулы салық режимі келесі қызмет түрлеріне қолданылмайды:
1.акцизделетін өнімді өндіру;
2.кеңес беру, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсету:
3.мұнай өнімдерін өткізу;
4.шыны ыдыстарды жинау және ққабылдау;
5.жер қойнауын пайдалану қызметтері.
2. Біржолғы талон арнаулы – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және жеке табыс салығы бойынша бюджет пен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.
Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметін ара-тура (эпизодтық) сипатта болатын жеке тұлғалар, сондай-ақ базарларда тауарлар сату, жұмыс орындау, қызмет көрсетуді (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) жүзеге асыратын тұлғалар қолдана алады. Бұл тұлғалар жалдамалы жұмыскерлер еңбегін пайдаланбауы қажет. Олар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады және әлеуметтік салықты төлемейді.
Ара-тура (эпизодтық) … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz