Ш дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету балабақшадағы ашық сабақтар

0

Ш дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету

 

2015ж 
Тақырыбы:  «Ш дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету».

Білімділік мақсаты:  [Ш] дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету.

Дамытушылық (түзетушілік)  мақсаты:  балалардың сөздік қорын молайту. Байланыстырп сөйлеуін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын және жалпы моторикасын жетілдіру . Ойлау және есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу.

 Құрал-жабдықтары: слайд, құстардың суреттері, қалам, айна
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Шаттық шеңбері
Қол алысып қане біз (қол алысады)
Достасайық бәріміз (бәрі құшақтасады) 
Армысың Алтын күнім! (екі қолын жоғары көтереді)
Армысың Балабақшам (жан –жағына қарайды)
Армысың Достарым (достарына қарайды)
Сіздерді көргеніме қуаныштымын (қолды шапалақтайды)
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Бәріңізге амандасып
Басымызды иеміз біз.

/үнтаспадан құстардың дыбысы естіледі/
-Балалар, тыңдаңдаршы, бұл ненің дыбысы?
-Құстардың.
-Балалар, бүгін біз құстар саябағына саяхатқа келдік. Қараңдаршы, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Құстар.

ІІІ.Жұмбақ шешу
-Балалар, мен сендерге құстар туралы жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар.
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады
Тұмсығын балта етіп
Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)
-Тоқылдақ туралы не білеміз?
-Құстардың қандай пайдасы бар?
-Құстар ағаштарды құрт-құмырсқадан тазартады.
-Балалар, құстың денесін не жауып тұрады?
-Құстың денесін мамық жүн мен қауырсындары жауып тұрады.

ІІІ. Артикуляциялық жаттығу
«Тоқылдақ»
Жаттығуды орындау: тілдің ұшын қатты таңдайға соққылау.
1.Тілдің ұшы қатты таңдайға тиеді, ауыз қуысынан шықпайды. 2. Астыңғы жақ пен еріннің қимылдауы қажет. 

ІV. Дыбыс жаттығуы
-Балалар, мына суретке қараңдаршы. Мынау қандай құс?
-Торғай.
-Торғай қалай дыбыс шығарады?
-Шиқ-шиқ-шиқ.
-Қане, бәріміз торғай болып шиқылдайық.

V. Негізгі бөлім. Ш дыбысымен танысу
-Балалар, қане тағы бір рет шиқ-шиқ-шиқ деп айтайықшы?
-Шиқ-шиқ-шиқ.
-Осы торғайдың шығаратын дыбысында бірінші қандай дыбыс естіледі?
-[Ш] дыбысы естіледі.
-Дұрыс, балалар, [ш] дыбысы естіледі. Бүгінгі сабақта біз [ш] дыбысын сөзде, сөйлемде, буында дұрыс айтуға үйренеміз. 
-[Ш] дауыссыз дыбыс, сондықтан қане бәріміз дауысымызды шығармай [ш] деп айтамыз.
 
VI. Жаңылтпаш жаттау.
Шымшық шып-шып,
Шоқып тық-тық.
Ұшты шымшық,
Шошып быт-шыт.

VII. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығу.
1.Алақанға массаж.
Қаламсапты жібермей, алақанның біреуі үстінде, ал екіншісі астында болуы керек. Алақанды алдыға –артқа қозғалту, алақанның басынан саусаққа дейін жеткізу.
2.Саусақтардың ұшына массаж.
Балалар қаламсабын бас бармақ пен сұқ саусақпен ұстау. Қаламсапты саусақтың ұшымен қысып ұстап ысқылау арқылы алдыға, артқа қозғалту. Дәл солай етіп ортаңғы және бас бармаққа, бас бармақ пен шынашаққа массаж жасау.
 
VIII. Ойын «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: [Ш] дыбысы бар құстардың атын тауып, буынға бөлу.
-Ша-ға-ла. Ш дыбысы басында естіледі
-Шым-шық. Ш дыбысы басында естіледі.
-Қар-лы-ғаш. Ш дыбысы соңында естіледі.

IX. Логоритмдік жаттығу
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат жасайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.

X. Ойын «Бұл қай құстың денесі»
/тақтада құстардың денесі жасырылады, балалар қандай құстың денесі жасырылғанын табу керек/

XI. Қорытындылау.
-Балалар бүгінгі сабақта біз қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?
-Не туралы әңгімелестік?
-Ш дыбысы бар қандай құстармен таныстық?

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!