Сертификаттау процестерінің құрылымы | туралы қазақша

0
1
Advertisement

Сертификаттау белгіленген жүйе мен таңдалган схема бойынша жүзеге асырылады. Сертификаттау процесі келесі 5 негізгі сатыдан тұрады.

  1. Сертификаттауға өтініш беру. Өтініш беруші өзін қызықтыратын объектінің сәйкестігін бағалауды жүргізуге қабілетті сертификаттау органын таңдайды. Таңдау сертификаттау органының аккредиттелген саласына сәйкес жүзеге асырылады. Егер осы жұмысты бірнеше сертификаттау органы жүргізетін болса, онда өтініш беруші оның біреуіне өтініш бере алады. Өтініш сертификаттау жүйесінде белгіленген нысан бойынша жолданады. Сертификаттау органы оны қарап, өтініш берушіге өзінің шешімін хабарлайды. Өтініш бойынша қабылданатын шешімнің де белгілі бір нысаны болады. Онда сертификаттаудың барлық негізгі ережелері, оның ішінде сертификаттау схемасы, сынақ жүргізетін сынақ зертханасының атауы немесе өтініш беруші таңдау үшін олардың тізбесі, соларға сәйкестікке сертификаттау жүзеге асырылатын нормативтік құжаттардың номенклатурасы көрсетіледі.
  2. Сертификаттау объектісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау. Бағалау сертификатталатын объектіге, оның сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі. Бұйым ретіндегі өнімді сертификаттау сатысы бұйымның үлгілерін іріктеу мен сәйкестендіруден және оларды сынаудан тұрады.

Үлгілер тұтынушыға жеткізілетін өнім сияқты болуы тиіс. Үлгілер даяр өнімнен белгіленген ереже бойынша кездейсоқ іріктеледі. Іріктелген үлгілер негізгі өнімнен жеке бөлінеді, сол іріктелген жерде қапталып, пломбыланады немесе сүргі салынады. Сынақ зертханасында белгіленген нысан бойынша акт жасалады. Үлгілерді сақтау, тасымалдау мен сынаққа дайындау сатыларында, сондай-ақ сынақ процесінде өнімнің нормативтік құжаттамасында келтірілген талаптар сақталуға тиіс. Сертификаттау жөніндегі жүмыстар барысындағы үлгілердің қозғалысының барлық фазалары журналда тіркеліп, жауапты адамның қолымен расталады.

Сынақ зертханасы іріктеліп алынған өнімге бақылау данасы ретінде сақтау үшін эрбір өнім түрінен қосымша бір үлгіден алуы мүмкін. Осы үлгіні сақтау мерзімі сертификат қолданылатын мерзімге немесе өнімнің жарамдылық мерзіміне сәйкес келуі тиіс, осы мерзім аяқталғаннан кейін үлгілер өтініш берушіге қайтарылады.

Сертификапау сынақтары осы өнімді сертификаттау кезінде пайдаланылатын нормативтік қүжаттардағы сынақтарды жүргізуге аккредиттелген сынақ зертханаларында жүргізіледі. Құзыреттілік пен тәуелділікке аккредиттелген сынақ зертханасы болмаған немесе ол үлгілерді тасымалдау қиын болатындай алыс орналасқан, сынақтың құнын арттыратын және сынаудың мерзімін жөнсіз созатын жағдайда, сертификаттау мақсатындағы сынақты нақты өнімді сертификаттайтын органның өкілінің бақылауымен, тек кұзыреттілікке аккредиттелген сынақ зертханасында жүргізуге жол беріледі.

Осындай сынақтың дұрыс жүргізілуін сынақ зертханасымен қатар осы сынақты жүргізуді жүктеген сертификаттау органы да қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда сынақ хаттамасына сынақ зертханасы мен сертификаттау органының уәкілетті мамандары қол қояды.

Сынақ хаттамалары өтініш беруші мен сертификаттау органына табыс етіледі. Сынақ хаттамаларының көшірмелері сертификат қолданылатын мерзімнен кем емес мерзім бойы сақталуға тиіс. Хаттама көшірмелері сақталатын нақты мерзім біркелкі өнімді сертификаттау жүйесі мен сынақ зертханасының құжаттарында белгіленеді.

Қызметгің сәйкестігінің бағасы оның түріне байланысты. Материалдық емес сипаттағы қызметтер, мысалы, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сараптау немесе социологиялық әдіспен бағаланады. Материалдық қызметтерді тексеру, мысалы, автокөлікке техникалық қызмет көрсету мен жөндеу 10.2-кестедегі 2-схемада қарастырылған қызметтің нәтижесін сынауға негізделеді. Қазіргі уақытта осы схема өте жиі қолданылады.

Қызмет нәтижесін сынау белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханаларында немесе сертификаттау органының сынақ және технологиялық жабдықтары пайдаланылып, осы органның сарапшылары оны өтініш берушінің базасында жүргізеді. Осы жабдықты метрологиялық қызмет органдары тексеріп, калибрлеуге тиіс. Жөндеу қызметтері сертификатталған жағдайда, сынақ жүргізген кезде жөнделген бұйымдар іріктеп тексеріледі. Егер бірқатар қызмет түрі бойынша міндетті түрде сертификаттау талаптарын орындау қажет болса, бұл жағдайда бұйымды жөндегеннен немесе қызмет көрсетілгеннен кейін оның қауіпсіздік көрсеткіштері бағаланады. Қызметтерді ерікті сертификаттауда негізінен оның функционалдық көрсеткіштері бағаланады. Тексерілетін бұйымдардың саны мен оларды іріктеу тәртібін сертификаттау органы сертификаттау жүйесінің нормативтік кұжаттарына сәйкес белгілейді.

Сынақ нәтижелері бойынша хаттама ресімделіп, ол сертификаттау органына, ал көшірмесі — өтініш берушіге жолданады. Кәсіпорынның сапа жүйесі мен оның элементтерінің тиісті нормативтік кұжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға тексерілетін ұйымның даярлығының дэрежесін алдын ала бағалау мен сапа жүйесін тікелей сол жерде бағалау кіреді. Бұл үшін тәуелсіз мамандардың қатарынан комиссия қалыптастыратын сарапшы-аудитор тағайындалады.

#Сертификаттау #процестерінің #құрылымы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз