Серікбай Мүткенов

0
111

1913 жылы Ақтоғай ауданы, Чкалов ауылында Мүткен Серғазиннің шаруа отбасында дүниеге келеді. Оның әкесі революцияға дейін қайтыс болған еді.

Ата-анасынан ерте айырылған ол, көптен бері білім ала алмай, бірақ өзінің дарындылығының арқасында Павлодар педучилищесін сырттай аяқтап, төмеңгі сыныптарға мұғалім болып, көптен бергі арманы орындалған еді.

Серікбай Мүткенов Жамбыл, Кеңес, Октябрь колхоздарында мұғалім болып қызмет етеді. Ол драмалық және хор үйірмелерін басқарып, өлендер жазып, кітапты көп оқитын. С.Мүткеновты оның жерлестері соғысқа аттанбас бұрын осындай қасиеттерімен көрген болатын.

Басталып кеткен соғыс оның үлкен ағалары Нұрымхан мен Сатыбалдыны майданға аттануына мәжбүр етті. Олардың сонынан 1942 жылы Қызыл Армия қатарына Серікбай да шақырылған болатын. Кіші командир-артиллеристер мектебін бітргеннен кейін, аға сержант С.Мүткенов  316 –шы атқыштар дивизиясының, 342-ші атқыштар полкінің батарея командирі болады. Алғашқы соғыс қимылдарын Украина жерінде қарсы алады.

1943 жылдың қазан айында Бірінші Украин майданында, артеллерист С. Мүткеновтың кірген бөлімшесі Днепрден өтіп, барлық майдан бағытында шабуылдау үшін плацдармды кеңейтіп, қансоғыс ұрыстар бастады. Бұл жауға қарсы қан соғыс ұрыстарда басқа командирлер ішінен 136 атқыштар дивизиясының 342-ші атқыштар полкінің 45-мм пушканың командирі Серікбай Мүткеновте көзге түскен еді. Екі күн бойына қайта шабуылдауға шыққан немістер батальонызға қарсы пулемет, миномет оқтарын жаудыра түсті. Жау танкілері оның нысанасына қарай үздісіз атқылай берді. Бірақ еш бір тапжылмаған аға сержант Мүткенов тұтқиылдан шабуылға шыққан немістерге оқ жаудыруын тоқтатпады. Нысанашы қайтыс болып, орудия командирі Мүткенов жау танкілері мен адамдарына қарсы оқ атуды тоқтатпады. Жау танкілері шабуылға шыққан уақытта ол қаруын жоғары алып шығып, ортада келе жатқан танкіні атып түсіреді. Өз қаруынан жаудың 40 сарбазын өлтіріп, бірінші батальонның алдыға қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік жасады. С.Мүткенов өз майдангер жолын әрі қарай Украинаның қалалары мен ауылдарын фашистерден тазартуды жалғастыра берді.

1944 жылдың қаңтар айы. Майдан Черкасск облысының Звенигороск ауданының Ризино ауылына қарай жақындап келеді. 136 – шы атқыштар дивизиясының С.Мүткенов қызмет еткен полкі ауылға кірді. Біздің жауынгерлеріміз екі рет аулды тастап, екі рет қайта азат етті. Келесі күні жау жағы тағы да ірі танк күштерін, орудия және жаяу әскерді кіргізді. Біздің жауынгерлеріміз қайсарлықпен ұрысқа түсті, қайтыс болғандардың ішінде С.Мүткеновте бар еді.

Қайтыс болған соң 1944 жылдың 9 ақпанында оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Оның есімі мәңгілікте қалу үшін Ақтоғай ауданында оның есімімен – Орта мектеп, көше атауы, Мүткеновтың ескертіші орнатылған.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!