Септік жалғаулары — Қазақ тілі
Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.[1]
Мысалы:
- Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады,
- Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.
- Еңбек етіп күшті туған ерлер
- Еңбекке ерте тұра бекін буады.
- Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,
- Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,
- Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,
- Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б.).
Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын еңбек сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы еңбегім дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді.[2]
Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.
Септік жал- ғауларының аты |
Сұраулары | ||
---|---|---|---|
Жай септіктің сұраулары |
Тәуелдік септік сұраулары | ||
1 | Атау | кім? не? | кімім? кімің? кіміңіз? кімі? нем? нең? неңіз? несі? |
2 | Ілік | кімнің? ненің? | кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің? немнің? неңнің? неңіздің? несінің? |
3 | Барыс | кімге? неге? қайда? |
кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне? неме? неңе? неңізге? несіне? |
4 | Табыс | кімді? нені? | кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін? немді? неңді? неңізді? несін? |
5 | Жатыс | кімде? неде? қайда? |
кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде? немде? неңде? неңізде? несінде? |
6 | Шығыс | кімнен? неден? | кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен? немнен? неңнен? неңізден? несінен? |
7 | Көмектес | кіммен? немен? | кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен? неммен? неңмен? неңізбен? несімен? |