Сепир — Уорф болжамы — Қазақ тілі
Сепир — Уорф болжамы ( орыс. гипотеза Сепира — Уорфа, ағылш. Sapir-Whorf hypothesis ) — оны 20 ғасырдың 30 жылдарында Америка этнолингвистикасында Э. Сепир мен Б. Л. Уорф жасаған. Бұл болжам бойынша сыртқы дүниені танып білу тәсілдері мен ой жүйесі тіл құрылымы арқылы анықталады; ойдың логикалық кұрылымын тіл анықтайды; шындықтын танылу сипаты оны танып білуші субъект ойлайтын тілге байланысты. Адамдар дүниені болшектеп, оның ұғымын жасап, мағынасын түрлендіреді. Танымның объективті жалпы мағыналық сипаты жоқ; физикалық ұқсас құбылыстар тіл жүйесінің қатыстылығына байланысты әлемде ұқсас көріністердің жасалуына мүмкіндік береді. Сепир — Уорф болжамы 20 ғасырдың 50 жылдарында X. Хойердің (АКШ) сын көзімен талдауынан кейін кенінен белгілі болды