Сен білесің бе балабақшадағы ашық сабақтар

0

Тақырыбы: «Сен білесің бе?»

Мақсаты:  1. Оқушыларға жыл мезгілдер туралы түсінік қалыптас-
                   тырып, жануарлар мен құстар туралы түсініктерін 
                    кеңейту.
                 2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын 
                    дамыту. Жануарлар мен құстар туралы көбірек білуге 
                    ынталарын ояту.
                 3. Табиғатты қорғауға, баптап күтуге, тазалық сақтауға 
                     оқушыларды үйретіп, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  суреттер слайд түрінде, түйенің суреттері

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар
-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа  барлығымыз қатысайық. Бүгін біз сендермен «Сен білесің бе?» деген тақырыпта әңгіме өткізбекпіз. Бүгінгі тақырыпта біз сендермен жыл мезгілдерін, жан-жануарлар мен  құстар жайлы айтпақпыз. Соларға байланысты ойындар ойнамақпыз.
-Балалар сендер білесіңдер ме?
-Неше жыл мезгілі бар?
-Кәне, кім маған айтып берем дейді?
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.
-Қазір бізде қандай мезгіл?
-Дұрыс, күз.
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күзде нелер піседі?
-Жақсы, енді күз мезгілінің сендерге дайындап қойған тапсырмасын орындайық.
Ойын: «Не  нені жейді?» .
Балаларға ойынның шарты түсіндіріледі.
-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, қыс.
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қыста қандай мереке болады?
Қыс мезгілі туралы көп беледі екенсіңдер?
Ендеше, қыс мезгілінің «Не артық?» деген ойынын ойнайық.
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Ал балалар енді біраз серігіп алайық.
Сергіту сәті:  
Ұзын мұртты құмырсқа 
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға қарады
Солға қарады
Үлкен тау деп ойлады. (қимылдар арқылы жасау)
Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, көктем.
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктемде қандай гүл өседі?
-Дұрыс, бәйшешек.
-Көктемде жылы жақтан нелер ұшып кетеді?
-Дұрыс, құстар.
Ендеше, қазір «Құстардың дыбысын тауып ал» деген ойын ойнаймыз. 
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, жаз. 
-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?
-Орманға барып, не тереміз?
Ал енді жаз мезгілінің  тапсырмасын орындайық. 
Ойын: «Жануарлардың төлін тап?». Ойынның шартын түсіндіру. 
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер?
Ал енді мына суретке қарайықшы.
-Мынау  ненің суреті?
-Дұрыс, түйенің төлі –бота.
-Түйе үй жануары?
-Түсі қандай?
-Сары. Ал енді мен сендерге ботаның суретін таратып беремін. Сендер ботаның суретін бояу керексіңдер?
Қорытынды: Сонымен балалар, бүгін біз сендермен жыл мезгілдерін, жан-жануарларды, құстар туралы әңгімеледік, соларға байланысты ойындар ойнадық. Құстардың қалай дыбыс шығаратынын үйреніп, білдік. Балалар, сабаққа жақсы қатысқандарыңа рахмет. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқандар: Ниязбек, Томирис, Ақбөпе. Қалған оқушыларда  жақсы қатысты. (Жақсы қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау.) Сабақ аяқталды. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!