Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем — Қазақ тілі
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем[1] орыс. придаточное предложение причины — бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіріп, басыңқы компоненті сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтас сөйлем Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары:
Есімше арқылы:
а) Шығыс септігіндегі -ған тұлғалы есімше арқылы: Үлес үстінде әлі ойын ашпаған Абай болғандықтан, Тәкежан енді буның өзінен ішіндегі ниетін су рады (М. Әуезов);
ә) есімшелік түлғаларға -соң шылауының тіркесуі аркылы: Шұга шын ауруға айналган соң, Есімбек жұмсайын деді (Б. Майлин).
Көсемше аркылы: Сол кезде бұтак сынып кетіп, Асылып құзға Қайсар тұра қалды (С. Мұқанов). Араларына тусетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады (М. Әуезов).