Сәуле дегеніміз не?
Сәуле дегеніміз не? Түзуде жатқан әрбір нүкте, түзуді екі бөлікке бөледі:
Осы суреттегі c түзуінде жатқан A нүктесі, түзуді екі бөлікке бөледі. Осы түзудің бір жағы, сауле деп аталады. Және бұны бағытаушы арқылы белгілейді:
Суреттегі сәуле A нүктесінен басталады да, бағыттауыш көрсетілген бағытта шексіз жалғасады. Соңдықтан сәулені былай да көрсете аламыз:
A нүктеден басталып, бағыттауыш бағытымен шексіз созылған етіп. A нүктесі сәуленің басы деп аталады.
Сәулені белгілеу
Сәулелерді түзулерді белгілегендей, латын алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен қатар сәуленің бас нүктесі мен сәуленің бойында жатқан кез келген нүктенің екеуін қатар жазып та сәулені белгілейді:
Осы суреттегі сәулені AB деп белгілейді.
Пән: Геометрия