Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім ) » ZHARAR

0
147

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім ) казакша Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім ) на казахском языке

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Сабақ мақсаттары: Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жай сөйлемдер құрастырып жазамыз.
Сабақ барысы: Таңғы шеңбер:
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн міне
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жай сөйлемдер құрастырып жазамыз
(ҰЖ) «Алма» ертегісін көру
Мақсаты: ертегіні тыңдап, кейіпкерлерді анықтау.
Нұсқаулық:
1. Ертегіні тыңдау, көру.
2. Кейіпкерлерді есте сақтау
3. Кейіпкерлерді сипаттау
4. Кейіпкерлерді дәптерге жазу.
(ҚБ) Тақтада берілген жауаптар арқылы тексеру.
(ТЖ) Мәтінмен жұмыс
Мақсаты: мәтінде берілген ақпаратты топтар бір-біріне айту арқылы мазмұнын түсінеді.
1-топ: Алма не себепті қарғанікі деп ойлайсыңдар?
2-топ: Алма не себепті қояндікі деп ойлайсыңдар?
3-топ: Алма не себепті кірпінікі деп ойлайсыңдар?
4-топ: Неліктен аю да алма алды деп ойлайсыңдар?
Нұсқаулық:
1.Суретті бояу
2. Себебін жазу
3. Дәлелдеп айту
(ҚБ) Ауызша жауап бере отырып, топтар бір-бірін тыңдау барысында бағалайды.
Сергіту сәті «Көңілді күн»
(Ө) Дәптермен жұмыс.
Мақсаты: Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салу. Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
(ҚБ) Жұптар бір-бірімен ауыстырып тексеру……


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com