Сауат ашу: Буын
Сауат ашу: Буын
Автор: Жумаханова Гулжайна Алдабергеновна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-03
Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу сабағындағы оқушыларға буын туралы толық түсінік беру буынның түрлерін айыра білу
Оқу іс –әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
МАД | Тәрбиеші: Жумаханова Г | Уақыты:12.10 | Кабинет:10 |
Тақырыбы | Бәріміз тақпақ айтамыз.Буын | ||
Сабақтың мақсаты | Білімділік: Сөздердің бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру.Дамытушылық: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатының түсіндіру. Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру, балалардың ой — өрісін, ойлау қабілетін, сауат ашу пәніне деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелігі: мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету. | ||
Көрнекіліктер | Үлестірмелі суреттер, плакат суретті үлгі құралы – қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам. | ||
Іс-әрекет кезендері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс — әрекеті | |
Психологиялық ахуалды қалыптастыру | Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір — бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарынды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталып тұрғанын білесіңдер ме?Мысалы:Менің атым – Алтын,Аспанымыз ашық болсын.Менің атым — Альбина,Бәріміз дос болайық.Менің атым – Арсен,Мамаларымыз аман болсын.Менің атым – Арлен,Көңіліміз шат болсын. | Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | |
Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ | ІІ. Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі – Сара.— Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са — ра.— Бірінші буынын кім айтады?— Бірінші буыны Са.— Екінші буыны – ра.— Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебі екі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А — ша.ІІІ. Ойын: «Жоғалған буын».Балаларды екі топқа бөлу.— Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.Ойынның шарты: жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай қатардағы топ бұрын аяқталса, сол топқа бір — бірден ойыншық қойылады.— Ал, енді ойынымызды бастайық:Үй, -, бө — — не, қар -, сауыс -, тыр -,кө -, тор -, бүр -.Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі. | Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. | |
Сергіту сәті | Қане, қане, тұрайық,Алақанды ұрайық,Бишілерше бұралып,Дөңгелене билейік,Домбыраны қолға алыпӘжем айтқан ертегініКүйшілерше шертейік.Әсем әуен сазыменӨнерді біз жалғайық. | Оқушылар ойын ойнайды | |
Рефлексивті — түзетушілік | V. Сөйлем құрастыру.— Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге жазайыққарлығашұя.VI. Қол жаттықтыру жұмысы.VII. Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгілету. Мысалы: «Сара» сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл, көк, қызыл.VIІI. Дәптермен жұмыс.— Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.— Бұл өрнек неше торкөзден құралған?— Енді осы өрнекті қолымызды үзбей, сатылап көшіреміз.IХ. Буындардан сөз құрау.— Енді әуе шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ — зақ, көкек, қар — лы — ғаш, тор — ғай, тыр — на, боз — тор — ғай.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.Ұзақ – жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді.Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.Х. Қорытынды: «Сөз өзгеру» ойыны. Буынға әріпті қосу арқылы жаңа сөз шығару.ташаса қатодоАлдарындағы әріптер қалтасынан қажетті буын, әріптерді тауып, сөзді құрастырып, оқи біледі. | Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | |
Күтілетін нәтиже: | |||
Білу | Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. | ||
Өзіне үйренгені | Дауыс ырғағын, артистік қабылеттерін дамытты. | ||
Үйрену | Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.