Саркодиналар мен тамыраяқтылар типіне жататын жәндіктер
Биология 7 сынып.
Күні: Пәні: Биология. 4 — сабақ. Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы Кәдімгі амебаның құрылысы мен тіршілік әрекеттері. Саркодиналар мен тамыраяқтылар типіне жататын жәндіктер.
Сабақтың мақсаты Кәдімгі амеба организм екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдер). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі туралы білім қалыптастыру. Саркодиналар типіне жататын дене пішіні тұрақсыз және тұрақты түрлерін ажырата білуге үйрету. Оқулықтағы мәтінді және суреттерді талдай отырып тақырыптың негізгі түйіндерін табу қабілеттерін арттыру, Қосымша берілген материалды игеру жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау қабілеттерін арттыру. Жеке және топтық жұмыстарға дағдыландыру.
Оқытудың нәтижелері • Кәдімгі амеба біржасушалы организм, оның құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы білімдері қалыптасады, Саркодиналар типіне жататын дене пішіні тұрақсыз және тұрақты түрлерін ажырата біледі.
• Оқулықтағы мәтінді қолдана отырып жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау қабілеттері артады.
• Жеке және топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Негізгі дерек — көздер және құралдар Оқулық, жұмыс дәптері. Интерактивті тақта, электрондық оқулық.
Бағалау прақшасы, Бағалау критерийлері, А3 форматындағы парақтар, маркерлер.
Модульдің кіріктірілуі Жеті модульді оқу мен оқыту үдерісіне ендіру;
— Оқушыға қолайлы орта құру;
— Бірлескен оқу дағдыларын қалыптастыру;
— Оқу материалдарының түйінді ойларын меңгерту.
Сабақтың барысы
Сабақ бөлімінің кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс — әрекеті Оқушының іс — әрекеті Бағалау Ресурстар, көрнекіліктер
Кіріспе 2 минут
Сабақты мақсаттау. Оқушыларды түгелдеу. Топқа бөлу
Открытка кесінділерін біріктіру арқылы 4 топқа бөлінеді. Бағалау парағындағы критериилермен танысады. Бағалау парағы Флипчарт.
Электрондық оқулық.
2 минут
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Открытка жинақталған кезде топтар бір — біріне тілектерін айтады. Топтасып тілек құрастыру критерииі ескеріледі. Открытка кесінділері оқушы санына сәйкес
8 минут әр топқа 2 минуттан. Зоология ғылымының даму тарихы, атақты биолог ғалымдар мен олардың еңбектері, жануарлар дүниесінің жіктелуі мен жүйеленуі туралы білімдерін ортаға салып топаралық зымыран сұрақтар ойны қойылып жауап алыну жұмысын ұйымдастырады.
Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы диалогтық қарым — қатынасқа түседі. Ашық сұрақтар мен күрделі сұрақтарды құрастырады. Балдық жүйе. Деңгейлік сұрақтар бойынша дұрыс жауаптарға
1, 2, 3 балл беріледі. Жиниқтау Бағалау прақшасы.
Жаңа тақырыпты игеру кезеңі. 7 минут
Топтарға тапсырмаларды бөледі.
4 топ тақырыпшалары.
1. Кәдімгі амеба, оның құрылысы.
2. Кәдімгі амебаның тіршілік әрекеттері.
3. Саркодиналар немесе тамыраяқтылыр типі.
4. Саркодиналар типіне жататын дене пішіні тұрақсыз және дене пішіні тұрақты түрлерін сипаттау және салыстыру.
Топ мүшелері мәтінді және оқулықтағы суреттерді талдап флипчарт құрастырады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Басқа топ мүшелері критериалды бағалаиды. Түсініктілігі, мағынасының толықтығы мен жүйелігі. Бағалау прақшасы. Флипчарт. Маркер. Оқулық..
Постер қорғау кезеңі 10 минут «Тікелей эфир» бағдарламасы түрінде постерлерін қорғауға, регламент сақтауға шақырады.
Интервью алушы, интервью беруші, эксперт рөлдері бөлінеді.
Топ мүшелері ролге бөлініп Постерлерін қорғайды. Сыныптастарын критериалды бағалайды. Мәдениеттілігі мен әдеби тілде сөйлей білу дағдылары формативті бағаланады.
Бағалау парақшасы, дайын постер.
Сергіту сәті 3 мин Музыкалық клип қояды Оқушылар клиптағы ырғақты қайталап билейді
Жаңа сабақты қорытындылау
7минут Электронды оқулықтағы көрнекіліктерді, оқулықтағы суреттерді талдау арқылы жаңа сабақты қорытындылайды. Жұмыс дәптерлеріне терминдерді жазып алады. Сұрақтарға жауап береді. Топ басшысы топ мүшелерінің белсенділігін қадағалап бағалайды. Бағалау парақшасы.
4 минут Рефлексия..
Өз білімдерін бағалауды ұсыну.
— сабақты толық түсіндім
— жартылай түсіндім
– мүлдем түсінбедім
Сабақты бағалау.
Нұсқаның біреуін таңдап алу.
Мен сабақта:
1. Сабақ қызықты болды. Жақсы жұмыс жасадым. Бәрін түсіндім.
2. Сабақ ырғағына үлгермедім. Жартылай түсіндім.
3. Сабаққа қызықпадым. Түк түсінбедім.
Бағдаршамға стикер жабыстыру. Әр оқушы өзін — өзі бағалайды және сабақты бағалайды.
қолданады.
Стикер. Маркер.
1 минут Үйге тапсырма беру.
§39 оқып білу. Термин жаттау. Жұмыс дәптеріндегі №2, 3 тапсырмаларды орындау Күнделікке жазып алады. Күнделік
Дереккөз: http://bilimsite.kz/