Сақтар, сақ тайпалары, Тұмар патшайым, Шырақ батыр

0

Сақтар дегеніміз б.з.б бірінші мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияда мекендеген тайпалардың жалпы атауы. Көне гректер бұл тайпалар жайында көп тарихи деректер қалдырған. Солардың ішінде — «тарихтың атасы» Геродот, Полиен, Плиний, Страбон, Птоломей және басқалары.


Сақтар «Жауға қатал, досқа адал еді». Сақ — бүткіл дүгиеге әйгілі ұлы ел, ұлы мәдениет.


Тұмар патшайым


Көне парсылар сақтарға бірнеше рет соғыс ашқан, бірақ барлық бастамалары дерлік жеңіліспен аяқталып қалған.


Б.з.д 530 жылы Кир екінші сақ еліне жорыққа аттанған. Кирдің әскері де байлығы да көп еді. Себебі сақтарға дейін Кир — Көне Мысырды, Бабылды (Вавилонды), қазіргі Түркия аумағында орналасқан Лидия патшалығын, қазіргі Иран жерінде орналасқан Мидия елің бағындырған. Бұл елдерде көп олжа иеленген. Бұған тоймай сақ еліне жорыққа аттанады. Сақтардың жерің, елің өзіне қаратқысы келді.


Сөйтіп соғыс басталды, бұл жылдары сақтарда Тұмар патшайым билік құрған еді.


Кир Аракс өзенің кешіп далаға өзінің әскерінің ең әлсіз бөлігін және ас пен көп арақ-шарапты қалдырады да, өзі әскерінің негізгі бөлігімен кейін шегінеді. Сақтардың әйел патшасы Тұмардың баласы Спаргапис, бұл әскерді өз жасағымен талқандайды да шарап пен тамаққа тойып әскерімен ұйықтап қалады.


Мас сақтарды Кир шабылдап, Спаргаписті тұтқынға алады. Тұмар Кирден баласын босатуды және бар әскерімен еліне қайтуды талап етеді. Бұған Кир көнбейді де сақтар мен парсылар арасында үлкен шайқас болады да парсылар толығымен дерлік қырылады. Кирдің басын тауып Тұмар патшайым қанға толған меске салып былай деген:


«Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ.»


Шырақтың ерлігі


Сақтар Тұмар патшайымнан кейін парсыларды тағы бірнеше рет жеңген, мысалы сақ батыры Шырақ парсылардың патшасы Дарий біріншінің әскерің алдап шөлге апарған, шөлде парсылар судын жоқтығынан үлкен шығынға ұшырады, сарбаздар мен аттардың көбі қырылды. Дарий бірінші әрен дегенде еліне қайтты.


Шырақтың ерлігі б.з.д 519 жылы болған.


Сақ тайпалары


Сақ тайпаларының Қазақстан аумағында қоңыстану картасы:


Сақ тайпалары


Бұл сақтар картасы көне заманда еліміздің бүткіл облыстарында сақтардың мекендегенің көрсетеді.


Ірі сақ тайпалары — массагеттер, тигрохаудтар, дайлар, сарматтар, парадарайалықтар, аримаспылар, аргиппейлер, хаумаварга және исседондар. Дайлар картада көрсетілмеген, олардың мекендеген жерлері Каспий теңізінің шығыс жағалауы.


Парадарайа дегеніміз «өзеннің ар жағындағы», хаумаварга дегеніміз хаумо деген сусынды дайындайды деген мағынада қойылған атаулар.


Тарихта ерлігімен аты қалған Тұмар патшайым массагеттер арасынан шыққан.


Сақтардың шаруашылығы


Сақтар, қазақтар сияқты жартылай көшпелі ел еді. Яғни халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқанмен, сақтарда қазақтардағыдай өдерінің қалалары бар еді. Бұл қалаларда халыққа қажетті заттар өндірілген.


Сақтар зергерлік өнерде өнерпаздар еді, бұткіл әлемге әйгілі Алтын Адам осыны дәлелдейді. Сақтардың кейбір зергерлік әдістеріне қазіргі зергерлер де танданады.


Алтын адам


Сақтар металл өндіруде шебер еді, шаруашылықта және қару-жарақ жасауда көп қолданылатың темірді өндіруде де. Болатты да өндіре білген, бұл үшін балқыған темірге жануарлардың сүйектерің қосқан.

Пән: Тарих