Сақтандырғыш ажыратқыш құрылғысы | Скачать Реферат
Ақтөбе колледжі
Реферат
Тақырыбы: Сақтандырғыш ажыратқыш құрылғысы.
Орындаған:
Тексерген:
Ақтөбе 2019жыл
Мазмұны:
Сақтандырғыш ажыратқыш құрылғы.
САК ішкі құрылысы
Гидравликалық сақтандырғыш.
САК арқылы газдың белгілі мөлшері атмосфераға кетуі.
Сақтандырғыш ажыратқыш құрылғылары.
Өткізу қабілетін анықтау.
Газ қысымының шекті мәннен жоғары артуын алдын алу үшін қысым реттегіштен кейін газдың шамадан тыс көлемін атмосфераға лақтыратын ажыратқыш сақтандырғыш құрылғы орнатылады.
Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесіне сәйкес сақтандырғыш ажыратқыш клапандары, соның ішінде қысымды реттегішке клапандар реттегіштен кейін ең жоғары жұмыс қысымы 15%-ға көтерілген кезде газдың лақтырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Құрастырмалы құрылғы бойынша САҚ серіппелі, мембраналық және сұыйқ болып бөлінеді.
Сақтандырғыш ажыратқыш клапандары толық көтерілмелі және аз көтерілмелі болып бөлінеді. Олардың негізгі сипаттамалары 3.4 кестеде келтірілген.
3.11 суретте жоғары және орта қысымды газ құбырларында орнатылатын сақтандырғыш арнайы толық көтерілмелі серіппелі бақылап үрлеуге арналған тетігі бар клапан көрсетілген. Мұндай клапанның кіру келте құбыры газқұбырының реттегіштен кейінгі бақыланатын учаскесімен біріктірілген. Клапан корпусында тоқымға серіппемен қысылған плунжер орнатылған, оның күші бұранданың айналу барысында тірек шайбаның қозғалуымен реттеледі.
Кіру келте құбырында қысым берілген деңгейден жоғарылағанда плунжер көтеріледі, бұл кезде газ қысымы оның бүткіл бір жақ бетіне әсер етеді, ол орталық бөлігінен үлкен болып келеді және ұлғайған статикалық қысым плунжерді жоғарыға шығарады. Сонымен қатар плунжердің жиегінің беті ішке қисайып тоқымнан шығатын газ ағыны төменге ауытқиды. Мұндай ағынның ауытқуы кезінде реактивті күш құралады, плунжерге берілетін газдың жоғарылаған статикалық қысыммен жинақталады.
Плунжерге берілген газдың қысымы серіппенің күшімен арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда плунжер ырғақпен шеткі жоғарғы деңгейге көтеріледі. Құбырдағы газ қысымы серіппенің қысу күшінен азайған кезде плунжер тоқымға орнығады, газ ағыны саңылаусыз жабылады.
3.12 суретте төмен және орташа қысымды газ құбырларында орнатылатын тастанды серіппелі мембраналық типті тікелей әсер ететін клапан ұсынылған.
Мұндай клапанның шойын корпусы кескінделген куб түрінде орындалған, фланецпен, тоқым және екі саңылауы бар. Тоқымы резенке тығыздағышы бар клапанмен жабылады. Серіппе мембраналық тарелкамен реттеуіш бұранданың арасында орнатылған. Клапанды қысымның берілген шегіне келтіретін серіппенің күшін өзгерте отырып, реттеуіш бұранданың айналу кезінде мембрананың төменгі тәрелкесі жылжиды.
Газ желіден корпустың кіру келте құбыры арқылы мембрана-үстілік қуысына түседі. Белгіленген режим кезінде бақыланатын газдың қысымы белгіленген шегінде серіппемен теңестіріледі және клапан саңылаусыз жабылады.
Желі ішіндегі газдың қысымы қалыптастыру шегінен асқан кезде мембрана серіппе күшін жеңе отырып клапанмен бірге жіберіледі, бұл ретте шығыс келте құбыры арқылы газ … жалғасы