Сақ патшайымы Томирис Сабақ жоспары
Сақ патшайымы Томирис Сабақ жоспары
Автор: Габбасова Нурсауле Хайроллақызы
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 5 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-02
Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мұғалімдеріне
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар | БЕКІТЕМІН | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Н.Х.Габбасова | |
Сынып: 5 | Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Сақ патшайымы Томирис | |
Зерттеу сұрағы | Тарихи деректерде Томиристің бейнесі қалай сипатталған? | |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді игеру сабағы | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау |
|
Бағалау критерийлері | — Сақ-парсы қатынасын анықтайды.— Томиристің ел қорғаудағы роліне сипаттама береді.— Сақтардың Тәуелсіздік үшін күресіне ой-пікірін білдіреді. | |
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминологияТайпа,тайпалық бірлестік, абыздар,жауынгерлер,егіншілер мен малшыларМемлекет,көсем,патша, әскери демократия, археология, оба, қорған,ескерткішат әбзелдері Жазылымға арналған тіркестер: Мемлекет,көсем,патша, әскери демократия, батырлық, жауынгерлік, патшайым, қорған, массагет | |
Құндылықтарды дарыту | Осы тақырыпты оқыта отыра оқушыларды елін, жерін, Отанын қорғауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. | |
Пәнаралық байланыстар | Дүние жүзі тарихы. Томиристің дүние жүзі тарихындағы ролін анықтайды | |
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ кезінде оқушыларға тақырыпқа байланысты бейнеролик , презентация көрсету. | |
Бастапқы білім | Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды. | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басыҚызығушылықты ояту кезеңі | Оқушылармен сәлемдесу Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға Кир патшаның, Томирис патшайымның суреттерін іліп қою. Оқушы таңдауы бойынша сәйкес топқа отырады. | Презентация |
Сабақтың ортасы | Үй тапсырмасын тексеру.Топпен жұмыс.«2 шындық, 1 өтірік»1-топ: 1.Орталық Қазақстанда қола дәуірінен бастап кен өндіру бастау алған. Шығыста Тарбағатай таулары, Батыста Жайық өзені қоршап тұр. Оңтүстікке қарай Аягөз, Қаратал, Мойынты, Сарысу өзендері ағады2. Геродот дерегі бойынша Орталық Қазақстанда аргиппейлер мен исседондар тұрған.3.Орталық Қазақстанда тебіндеп жайылатын мал түрін ұстаған. 2-топ: 1.Мұртты обалардың 4 түрі бар. 2.Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіші Павлодар облысы Екібастұз ауданынан табылған.3.Орталық Қазақстан, исседондар, Ұлыбай Тасмола мәдениеті деп топтастыруға болады.«Суреттер сыр шеретді» Еліміздің батыр қыздарымыздың суреттерін тақтаға ілу. Жауаптарын қорытындылап, оқушыларды әрі қарай Томирис ерлігін сипаттап беремін. Мәтін мен оқулықпен жұмыс жасайды. Геродоттың жазба деректерін талдау арқылы, соғыстың сылтауы мен себебін ажырат. 1-топ. Патша : Кир патшаның сақтарға жорық жасаудағы басты мақсаты қандай?2-топ. Патшайым: Сақ патшайымы Томириске Кирді жеңуі үшін қандай қолайсыз жағдай түрткі болды ?Әр топ бірін-бірі бағалайды. (Бас бармақ) Әрбір топқа бір сұрақтан беру. 1-кезең А4 пішіндегі қағаздың жоғарғы жағына сұрақтарды жазып таратам. Дайын болған жұмысты сынып қабырғаларына ілінуі тиіс. 2-кезең Екі топ жұмыстарымен танысып , стикерлеріне пікірлерін жазып, қабырға ілінген жұмыстарға жапсырады. Жақсы тілекке бір түс, ұсыныс жауаптарына басқа түсті стикер қолданады. Сұрақтар:1-топ: 1- сұрақ. Кир туралы айтып беріңізші?2-сұрақ. Кир патшаның әскерінің ерекшелігі неде ?2- топ: 1-сұрақ. Кир патшаның сақ патшайымы Томириске қарсы жорығы неліктен сәтсіз аяқталды?2-сұрақ. Томирис әскері бұл ұрыста қалай жеңіске жетті?Жауаптары: Геродот Кир мен Томирис арасында болған құдандалық сылтау екендігін, ал парсы патшасының негзгі ойы массагеттер патшалығына иемдену екендігін білдіреді.Дәлелдер: Кир жіберген елшілерТомириске құда түседі. Кирдің түпкі мақсаты-массагеттерді бағындыру. Томирис Кирге келісімін берген жоқ. Томирис көреген, келешекте болжағыш, зерделі адам. Жаудың жоспарын алдын ала болжап білу басшының қасиеті. Екіншіден, Томирис елін шексіз сүйген патриот. Елдің тәуелсіздігін бірінші орынға қоя біледі. Империя басшысы Кирден қаймықпады.Оның ұсынысын қабылдамады. Мағынаны тану кезеңі «Тарихи тұлға»1-қадам Суретті пайдалана отырып, Томиристің ел қорғаушы ретіндегі рөлін тізбектеп жазыңыздар.2-қадам Томирис сөзінен басталатын 10 сипаттама сөйлем құрастырыңдар.
Тапсырманы жұп болып орындайсыңдар, аяқтағаннан кейін топқа бірігеді. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына кері байланыс беріп, деректердің нақтылығына, қолданылған терминдеррдің дұрыстығына көңіл аударады. Оқушылар мәтінді өздігінен оқып, Томирис туралы білімдері бойынша қорытынды жасайды. Жауаптары: Томирис батыл, ержүрек, шабондоз, мерген. Жақсы қылыштасады. Ерлермен бірге ұрыстарға қатысады.Томирис-сақ патшайымы.Сақ жерін жаудан қорғаушы.«Сен маған, мен саған» әдісі арқылы оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. |
|
Сабақтың соңыҚорытындылау кезеңі | Жұптық жұмыс. Венн диаграммасы арқылы Кир патшамен Томирис ханшайымға сиппатама беру, ортақ қасиеттерін анықтау.
Кері байланыс: «Сұрақ қорытынды» стратегиясы1.Бүгінгі сабақтағы басты оқиға?2.Не қызықты болды?3.Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіздер, қандай жаңалық алдыңыздар?(1-сұраққа бірнеше оқушы жауап бере алады) Мұғалім оқушыларды бағалайды.Үйге тапсырма: Қосымша тапсырма. А.Галиев «Томирис» кітабын оқу. Томирис тақырыбына салынған сауреттер көрмесін ұйымдастыру. Жинақтаған ақпараттарын келесі сабақта таныстырылым түрінде дайындайды. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.