Саңырауқұлақтардың жіктелуі | Скачать Реферат
Жоспар:
# Кіріспе
# Негізгі бөлім
# Саңырауқұлақтардың жіктелуі
# Ашытқы саңырауқұлақтардың дақылдық және морфологиялық қасиеттері
# Ауыз қуысының микоз қоздырғыштары
# Медицинада маңызды саңырауқұлақтар
# Ауыз қуысындағы микоздардың сипаттамасы
# Ауыз қуысының кандидозының диагностикасы
# Қорытынды
# Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
# Саңырауқұлақтар Fungi әлеміне (Mycetes, Mycota) жатады. Бұларға бір және көп жасушалы организмдердің үлкен топтары жатады, оларға өсімдіктердегі (қозғалыссыздық, биіктеп өсу шексіздігі, витаминдер синтездеу қабілеті, жасуша қабықтарының болуы), жануарлардағы (қоректену түрі, жасуша қабығындағы хитин қабатының болуы, гликоген түріндегікөмірсулар қорының болуы, мочевина түзулері, цитохромдарының құрлысы) сияқты қасиеттер тән, жасуша қабығы бар, фотосинтездемейтін (хлорофильсіз) микроорганизмдер. Эукариоттар, яғни Егсarya доменіне жатады.
# Саңырауқұлақтардың ядролық қабығы, ядро, цитоплазма, органеллалар, цитоплазмалық мембрана және бірнеше типті полисахаридтер (маннан, глюкан, целлюлоза, хитин), ақуыз, липидтен және т.б. құралған көпқабатты, ригидті жасуша қабығы бар. Кейбір саңырауқұлақтар капсула түзеді. Цитоплазмалық мембранасы гликопротеиндер, фосфолипидтер және эргостеролдардан (холестериннен айырмашылығы — сүтқоректілер тінінің негізгі стеролы) құралған. Сегресомалар мен хитосомалар тек саңырауқұлақтарға ғана тән. Сегресомалар — вакуоль тәрізді құрылымдар, жасушаға гидрофобты заттардың мысалы көмірсулардың түсуін шектейді. Хитосомалар құрамында хитинді синтездеуге қажетті хитинсинтетаза ферменті бар органеллалар. Саңырауқұлақтар грам-оң микробтар, вегетативті жасушалары-қышқылға төзімсіз. Саңырауқұлақ денесі — талломом деп аталады.
Саңырауқұлақтардың жіктелуі
Саңырауқұлақтардың негізгі 2 типін ажыратады: гифальды және ашытқылы.
# Гифальды (көгерткіш) саңырауқұлақтар шырмалған мицелийлерінде бұтақталған жіңішке жіпшелер құрайды. Гифа жуандығы 2 — ден 100 мкм-ге дейін ауытқиды. Қоректік субстратқа қарай өсетін гифалар вегетативті гифа (саңырауқұлақтың қоректенуіне жауапты), ал субстраттың бетінде өсетін — ауалық немесе репродуктивті гифа (жыныссыз көбеюге жауапты) деп аталады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында жасуша перделері болмайды. Олар көп ядпролы жасушадан құралғандықтан ценоцитті (грек: кoenos — ортақ, жалпы) деп аталады. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары жасуша перделерімен немесе септалармен, саңылаулармен бөлінген.
# Ашытқы саңырауқұлақтар (кандида) негізінен оваль пішінді жасуша түрінде болады. Ашытқылар — бір жасушалы саңырауқұлақтар, жоғарғы саңырауқұлақтардың арасында жыныстық көбею типі бойынша — аскомицет және базидомицет деп бөлінеді. Ашытқы саңырауқұлақтар жыныссыз көбею кезінде бүршіктер түзеді немесе бөліну барысында бір жасушалық өсінді береді. Сарделка тәрізді тізбектелген жасушалардан тұратын, жалған мицелийлер псевдомицелийлер мен псевдогифалар құрауы мүмкін. Жыныстық жолмен көбею қабілетінен айырылған, ашытқыларға ұқсас саңырауқұлақтарды, ашытқы тәрізділер деп атайды. Олар бүршіктену немесе бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Медициналық әдебиеттерде ашытқы тәріздес саңырауқұлақтарды ашытқылар түсінігінен ажыратады (идентификациялайды).
Көптеген саңырауқұлақтар диморфизмділікпен сипатталады, дақылдандыру жағдайына байланысты гифальды (мицелиальды) немесе ашытқы тәріздес өсуге қабілетті. Мысалы, инфицирленген организмде ашытқы тәріздес жасушалар (ашытқылық саты) түрінде, ал қоректік орталарда гифалар мен мицелийлер түзіп өседі. Мұндай реакция температуралық фактормен байланысты, бөлме температурасында мицелий түзеді, ал 37оС та (адам денесінің температурасында) — ашытқы тәріздес жасушалар түзеді.
Саңырауқұлақтардың көбеюі жынысты және жыныссыз (вегетативті) жолмен жүреді: жынысты көбеюі (телеморф) гаметалар, жыныстық споралар түзумен және т.б. жыныстық жолмен жүреді. Жыныссыз (анаморф) көбею бүршіктену, гифалардың фрагментациялануымен, жыныссыз споралардың түзілуімен жүреді. Эндогенді споралар (спорангиоспоралар) спорангия деп аталатын дөңгелек құрылымның ішінде жетіледі. Экзогенді споралар (конидиялар) конидий ұстаушылар деп аталатын өнім беретін гифалардың ұшында қалыптасады.
Конидийлердің негізгі типтері — артрококидийлер (артроспоралар) немесе таллоконидийлер (ескі атауы — оидийлер, таллоспоралар) — гифалардың бөлшектенуі мен біркелкі септаларға бөліну жолымен құралады; бластоконидийлер бүршіктену нәтижесінде құрылады. Бір жасушалы ұсақ конидийлер — микроконидийлер, көп жасушалы ірі конидийлер — макроконидийлер деп аталады. Саңырауқұлақтардың жыныссыз түрлеріне хламидоконидийлер немесе хламидоспоралар (жуан қабықты тыныштықтағы ірі немесе ұсақ жасушалар кешені) және склероцийлер (қабығы бар жасушалардың қатты массасы) тән — олар, қолайсыз жағдайда саңырауқұлақтардың тіршілікке қабілеттігін қамтамасыз ететін тыныштықтағы ағзалары. Медицинада маңызы бар саңырауқұлақтардың з типін ажыратады, олар Phyium (немесе бөлімі), жынысты жолмен көбейеді (жетілген саңырауқұлақтар деп аталады): зигомициттер (Zygomycota), аскомициттер (Ascomycota) және базидомициттер (Basidiomycota). Сонымен қатар, тек қана жыныссыз жолмен көбейетін жетілмеген саңырауқұлақтар деп аталаиын дейтеромициттер (Deiteromycota типі) — саңырауқұлақтардың шартты типіне жатады.
Зигомицеттер төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады. Олар Mycor туыстастығының түрлерінен және т.б. құралады. Бұл топ топырақ пен ауада таралып өкпенің, бас миының зигомикозын (мукоромикоз) қоздырады және адам мен жануарлардың басқа да ағзаларын зақымдайды. Зигомицеттердің жынысты көбуюі зигоспоралардың түзілу жолымен жүреді. Бұл саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі өнім беретін гифада, яғни спорангий ұстаушыда көптеген спорангиоспоралардан құралған қабықпен қапталған шар тәрізді спорангий құрайды.
Жоғары сатыдағы жетілмеген саңырауқұлақтарға аскомицеттер мен базодомицеттер жатады. Жоғарғы сатыдағы жетілген саңырауқұлақтарға — дейтеромицеттер жатады.
Аскомицеттердің(қалталы саңырауқұлақтар) септаларға бөлінген мицелийі бар (бір жасушалы ашытқылардан басқасы). Оның аты 4 немесе8 гаплойдты жыныстық споралардан (аскаспоралардан) тұратын негізгі мүше — өнім беретін қалталармен немесе аскамен байланысты алынған. Аскомицеттерге Aspergillus, Penicillum және т.б. туыстастықтардың жеке өкілдері (телеоморфтар) жатады.
Aspergillus, Penicillum туыстастықтарының көптген саңырауқұлақтары анаморфтар болып табылады, яғни жыныссыз жолмен көбеюіне байланысты жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады. Олар өнім беретін гифаларының құрылу ерекшеліктерімен ажыратылады. Aspergillus туыстастығы саңырауқұлақтарының (су құйғыш тәрізді зең саңырауқұлақтары) өнім беретін гифаларының ұштарында, конидий ұстаушылардың жуандаған бөлігінде споралар тізбегі конидиялар (яғни стеригмалар, фиалидалар) түзіледі. Аспергиллалардың кейбір түрлері аспергиллез бен афлотоксикоздар қоздыруы мүмкін. Penicullium туыстастығы саңырауқұлақтарының өнім беретін гифасы саусаққа ұқсас келеді, одан конидий ұстаушы жуандап, конидий тізбектері орналасқан стеригмалар мен фиалидалар сияқты ұсақ құрылымдарға тарамдалады. Пенициллалар пеницилиоз ауруын қоздыруы мүмкін.
Ашытқы саңырауқұлақтардың дақылдық және морфологиялық қасиеттері
# Ашытқы саңырауқұлақтарды рH 7-ден төмен Сабуро, Чапек-Докс, сұйық сусло және сусло-агар қоректік орталарында өсіреді. Саңырауқұлақтардың басым көпшілігі аэробтарға жататындықтан олар сұйық орталарының бетінде қабық түрінде өседі. Ал қатты орталарда басында түссіз, кейін пигментті колонияларға айналады. Колониялар пішіні саңырауқұлақ түріне, өсуі мен көбеюінің жылдамдығына, қоректік ортаның құрамына байланысты.
# Саңырауқұлақтар көбінесе спора арқылы көбейеді. Қолайлы орталарда спора өсе келе дистальды аяғы арқылы өсетін түтік түзіп, кейін жіпшеге — гифаға (филамент) айналады. Нәтижесінде жоғары сатылы саңырауқұлақтардың гифасында септалар пайда болып, септалы гифа түзіледі. Ал төменгі сатылы саңырауқұлақтарда септа болмайды.
# Гифалар өсіп, бұтақтанып мицелий түзеді. Субстратқа өсетін мицелий бөлігі вегетативті, ал бос жататын, спора түзетін бөлігі репродуктивті мицелий деп аталады. Мицелийдің вегетативті бөлігі арқылы таллоспоралар түзілуі мүмкін: бластоспора, хламидоспора, артроспора.
# Репродуктивті мицелий спора түзетін құрылымдар спорофора түзеді. Егер спорофораның терминальды бһөлігі үлкейіп, споралар түзетін жабық құрылымға эндоспораға айналады. Ал егер спорофораның терминальды бөліктері үлкейіп, бос споралар түзсе, олар экзоспора немесе конидиялар деп аталады. Ал спорафоралар — конидиофора не конидиен тасушылар болады. Әр түрлі саңырауқұлақтардың конидия саны, мөлшері, пішіні және құрылысы әр түрлі болады.
# Кейбір саңырауқұлақтардың конидиофоралары жоғары құрылымды болып, өзіне тән микроскопиялық құрылымы болады. Мысалы, Aspergillus саңырауқұлақтардың конидиофоралары терминальды көпіршік (басы) ретінде болады. Одан стеригмалар өсіп шығады.
# Penicillium саңырауқұлақтарында терминальды көпіршік (басы) болмайды.
# Саңырауқұлақтардың басқа түрлері бірден көп конидиялар түзеді. Пішіні кіші конидиялар (біржасушалы) микроконидиялар деп аталады. Пішіні үлкен конидиялар (көпжасушалы) макроконидиялар деп аталады.
# Аталған споралардың барлығы жыныссыз, вегетативті жолмен пайда болады. … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz