Сандық өлшем | Скачать Материал

0

Кіріспе

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және
қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа
салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп
саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып табылады.
Бухгалтерлік есеп саласы бұдан пайда болып, күнделікті өмірде
қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына
қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано Бухгалтерлік
есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз
өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет
емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес,
адамдар да бірін-бірі түсінбес еді

-деген болса,оның әріптесі П.Самуэльсон Біздің ғасырымыз-машина
ғасыры сондай-ақ ол бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады-дейді.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен
міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың
сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана
бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және
шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып
екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын
ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса,ал қаржылық есеп
жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар
сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни басқарушы
есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім
қабылдау үшін пайдаланылатын болса, қаржылық есептің мәліметін
бұлармен қоса жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық
органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін
қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса,басқарушы есептің
жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық
саясатына байланысты.

ЖОСПАР

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

1.Бухгалтерлік және экономикалық қызметтердің ішкі бақылауын
ұйымдастыру

2.Шаруашылық субъектілердің есеп саясаты

3.Курстық жұмыс:

Бухгалтерлік есеп, оның мәні мен маңызы

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау XII ғасырдан алады. Бұл
ғылым туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында
пайда болған. Бухгалтерлік есептің алғашы негізін салушы және
дамытушысы Француз манахы Лука Пачоли болып табылады. Ол
бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулары деген
трактатын жазған. Ал бухгалтер термині XV ғасырда Австрия қаласында
пайда болған.

Бухгалтерлік есеп-ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері
мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп,
тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап,оны
басұару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын
экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең
басты және негізгісі деп айтуымызға болады. Бухгалтерлік есеп
ғылымының шығу тарихы ертеден басталған.Ол бұдан көптеген
жүзжылдықтар бұрын пайда болып,бүгінгі күнге дейін әрбір кезеңдердің
уақыт талаптарына сәйкес дамып келеді.

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
беру туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін
анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке
алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және
сыртқы аудит жөніндегі талаптарды,сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен
міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс
істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп
беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті. Бухгалтерлік есеп арқылы
өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және
одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни
кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін
есептеуге болады.

Кәсіпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негізгі
кәсіби міндеті пайдаланушыларға дұрыс есептелген бухгалтерлік-
ақпараттық мәліметтерді уақтылы, яғни дер кезінде беру болып
табылады. Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы
айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып,алатындар
да жиі кездеседі.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға
берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне
қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың
қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп
экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады.

Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін
пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:

1. ішкі пайдаланушылар

2. сыртқы пайдаланушылар

Ішкі пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал
сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ
оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар
жатқызылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді
алдымен бақылап,орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің
нәтижесінде өндірілген өнімдерді,олар үшін жұмсалған материалдар мен
шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріліп және оны
арнаулы құжаттарға қарай реттеп,соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі
бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да
болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының
белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі.

Ал шаруашылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалық жағдайын
белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап,талдап,қандай да бір шешім
қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып
табылады. Қандай да бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға
экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне
сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық
өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. Қандайда болмасын
есеп көрсеткіштері экономикалық жағынан маңызды мәселе болып
табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттық
мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады. Бұл
пәннің мақсаты-осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны
басқадай экономикалық пәндермен салыстырып,ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік
тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.

Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатының нені
зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау- бұл
пәннің негізгі бағыты болып саналады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты-барлық кәсіпорындарда орындалатын
операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт
талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез
келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату,пайдалану, бқлу
үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда
белгілі болып отыр.

Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының
сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолдалынатын, яғни
толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы
көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп
жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару,сондай-ақ
экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын
қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің
тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік
заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары
тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай
дамыту, қнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп
көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана
отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын
анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүене
отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар
бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне
қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-
қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары
іске асырылады.

Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы
және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген наұтылы көрсеткіштер
негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың
тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы,
материалдық құндылықтардың қатаң тәртәппен ұқыпты да тиімді
жұмсалуына бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып
табылады.

Сондықтан да, бухгалтерлік есептің негізгі міндеті-халық
шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа
сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай
сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын
анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу
үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты — қйымның өз экономикалық және
саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға
қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы күнделікті болып отыратын барлық
операцияларды, шаруашылық үдерістері мен шаруашылық құралдарының
қозғалысын олардың өнім өндіруге қатысуы мен оның нәтижесін үш
түрлі өлшем қолданылады.

1) Сандық өлшем

2) Еңбек өлшемі

3) Ақшалай өлшем

Сандық өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және
сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары
мен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады.
Бұл сандық өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне
қарай әр түрлі болып келеді.

Мысалы, ағашты өлшеу үшін — текше метр (кубм), жерді өлшеу үшін –
гектар, астықты өлшеу үшін – центнер және тағы да басқа өлшемдер
қолданылады.

Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс
уақытын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір
дана өнімді қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі бір уақыт
аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл
еңбек өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт
өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі.

Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшылар мен
қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және нормалары мен оның
өнімділігін есептеу үшін қажет. Алайда … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz