Сәндік қолданбалы қолөнер, гобелен, панно, аппликация

0

№5 көру қабілеті бұзылған балалардың
арнайы (түзету) мектеп интернаты мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Технология пәні мұғалімі: Жоламанова Қуанышкүл Әбілдақызы

Мәдени эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының аясында ұйымдастырылған жас шеберлер көрмесі
Тақырыбы: Өнерлінің өрісі кең
Мақсаты: Сәндік қолданбалы қолөнер шығу тарихы, түрлері, қолөнер туындыларының мазмұны, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру. Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, әсемдікті, сұлулықты түсінуге тәрбиелеу, биік адамгершілік қасиеттерін, олардың ой — өрісін, рухани байлығын, қызығушылығын дамыту, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Іс — шара барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытынды.

1. Балалар шығармашылығы туындыларын көрмеге орналастыру. 6 — 9 сыныптарының «Жас шеберлерінің» қолымен дайындалған өнер, шығармашылық туындыларымен көрермендерді таныстыру. Шығармашылық туындыларын көрермендер назарына ұсыну.

2. Шығармашылық туындыларының жасалу техникасы туралы әңгімелеу.
Сәндік қолданбалы өнер. Қазақ халқының кезіндегі қолөнері сан ғасырлық ақыл — ойдың тәжірибесін табиғатты түсіне білудің, сондай — ақ дәулескер шеберлік пен даналық суреткерліктің құдіретті туындылары десек, асыра айтқандығымыз болмас. Қолөнер шеберлерінің жан дүниесінен жүрек талғамымен өріліп шыққан туындылар адам жанын рухани байытып, талғам тынысын, көңіл көкжиегін кеңейтіп, өмірге көзқарасын оңалтады. Ақиқатында, бұл – шебердің нағыз шеберінің қолынан келетін құдірет. Себебі, шебердің ол маңдай тері, ақыл — парасаты, талғам түсінігі, өмірге көзқарасы, дүниетанымы өзіндік жүрек қалауымен қайталанбас қолтаңбасынан көрініс табатын болса.
Сән және қолданбалы өнер — сән өнерінің бір саласы, тұрмысқа кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын, зергерлік ою — өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал — жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т. б. жасайды.
Кілем — сәндік қолданбалы өнер түріне жатқызамыз және шалу әдісімен тоқылады.
Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді. Түк салып тоқу өнері көбінесе Қызылорда, Торғай, Қостанай, Шымкент өңірлерінде жақсы дамыған.

Гобелен – суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.
Гобелен өнерінің шығу тарихы 20 — шы ғасырдың басынан басталады. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес.
Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10 — 15мм — дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдықты талап етеді.
Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой — өрісін, рухани байлығын дамытады.
Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына:
Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, Н. Павленко т. б. атауға болады.
Гобелен тоқу үшін:
1. Гобеленші — суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
2. Гобеленші — бояушы суреттегі түрлі — түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.
3. Гобеленші — картоньер кіші қагаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.
4. Гобеленші — тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.

Гербарий – бұл кептірілген өсімдіктер коллекциясы латын тілінен аударғанда «гербарий» сөзі « шөптер кітабы» деген мағына береді. Алайда гербарийде шөптер ғана емес, сонымен қатар ағаш жапырақтары, гүлдер де болуы мүмкін.
Икебано – Өсімдік түрлерінен құрастырған гүл шоғы өнерін айтамыз.
Панно – қоғамдық мәдени орындарды, үй ішін көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы.
Бисермен тоқу технологиясы: Паралель тоқу; Дөңгелек тоқу; Инемен тоқу; Ілгекпен тоқу; Қауіпсіздік ережелері 1. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды 2. Сымды қайшымен қияды
3. Сымды көзге жақын ұстамайды.
Бисердің отаны — Ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте — бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Уақыт өте келе Шығыс халқына Африка, Индия, Америкаға, Тынық мұхит аралдары мен Европаға, Азияға кенінен таралды. Су моншақтың атауы әр халықта әр қалай болған. Молдавияда — гарданы, Ресейде — бисер, Қазақстан мен Қырғызстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарих өте ардан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жарқырауық тастары жатады.
«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою — өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу. Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше.

3. Қорытынды. Еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған шығармашылық жұмыстары оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып, қызығушылығын арттырады.

Толық нұсқасын жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!