Сан мен әуен балабақшадағы ашық сабақтар
Мақсаты:Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, сандар жайлы түсініктерін дамыту.Апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, әр түрлі пішіндермен жұмыс істеу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, көрсету,тұсіндіру,ойнату,бақылау, мадақтау,
Керекті құралдар: Сандар, төрт түлік төлімен, ,хат, хат тасушы атай, «танграм», «аюлар» «домино», «көкөністер», қошақан құрастыратын пішіндер, бояу, клей т.б.
Балалар: 9 бала залға музыка әуенімен кіреді.
Тәрбиеші: Келген қонақтармен амандасайық.Көңіл күйлерің қалай ?
Жылдың қай мезгілі ,қыстың қай айы, бір жылда неше ай бар?
Осы 12 айдың ішіндегі ең күндері аз ай қай ай екен, бір айда неше апта бар, бір аптада неше күн бар?
Балалар: Бір аптада 7 күн бар.
Тосын сәт: ( апта күндері әуенмен залға кіреді)
Апта күндері:-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Біз апта күндеріміз.
Мен-Дүйсенбі, Мен- Сейсенбі, Мен Сәрсенбі, Мен-Бейсенбі, Мен-Жүма, Мен-Сенбі, Мен-Жекесенбі, деп өздерін таныстырады.
Таңғы шеңбер
Сәлем деймін достарға
Сәлем деймін құстарға.
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстазаға.
Буги-буги билеиміз
Айналамыз тағы біз
Алақанды соғамыз
,2.3 Буги, Буги Ок.2 рет.
Ашық болсын айымыз,
Биік болсын туымыз.
Тату болып халықтар
Аман болсын балалар.!
Тәрбиеші:Апта күндері бізге қонаққа келген екен ендеше бір аптада өзіміздің жасаған жұмыстарымыз турала тақпақ айтып берейік.
Дүйсенбіде –бауға бардым
Сейсенбіде- суға бардым
Сәрсенбіде –картоп қаптап
Бейсенбіде бақша баптап
Жұма күні тақпақ жаттап
Сенбіде мен саған бардым.
Жексенбіде бір демелдым.
Тәрбиеші: Бұл кім екен тағыда есік қағып тұрған?
Хат тасушы:Сәлеметсіңдер ме балалар?! Мені ЕСЕП ата Гүлдер тобының балаларына хат апарып бер деп жіберіп еді. Соны әкелдім.Тағыда хатты апаратын жерлерім бар. Сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші: Хатты оқып береді. Бізге ЕСЕП атай төрт түлік туралы жұмбақтар жіберіпті.
1.Кішкене ғана бойы бар,айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Тәрбиеші:Қойдың төлін не деп атаймыз?
Балалар: «қозы», «қошақан» деп атаймыз.
2.Екі айнасы бар, екі найзасы бар, төрт сылдырмағы бар,бір желпуіші бар? (Сиыр)
Сиырдың төлін не деп атаймыз? (Бұзау)
3.Апан-апан, жыртық шапан. (Түйе)
Түйенің төлін не деп атаймыз? (Бота,ботақан)
4.Басында екі таяғы бар, адам деуге болмайды бірақ сақалы бар? (Ешкі)
Ешкінің төлін не деп атаймыз? (лақ)
Тәрбиеші: Біз енді төрт түліктің төлдері туралы өлең айтайық.
1.Қошақаны қойдың, қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің қай өрістен тойдың?
2.Секең –секең ей, лақ, жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секірмей-ақ бей уақ.
3.Ботақаны нардың, жараға неге бардың,
Тілерсегің дірілдеп секіре алмай қалдың.
4.Томпаң-томпаң торай даусыңның зоры-ай
Дөкей бола қаласың, толысымен 10 ай.
Ойын: «Паравоз» ( әр партаға келгенде 4 баладан қалып отырады.
Қой: « Аюды киіндір». (Пішіндерден не құрастырдың, үлкен аю қанша, кішкентай қонжық нешеу.)
Сиыр: «Танграм». (нені құрастырдың, неше түс қолдандың?)
Түйе: «Домино»
Жылқы: «Сыңарын тап»
Тәрбиеші: Кім енді аю туралы тақпақ айтар екен?
Ормандағы аюдың құлпынай көп екен
Теріп- теріп алайық, қалтамызға салайық.
Тәрбиеші: Кім шешуі мысық болатын жұмбақ білер екен?
Мұртымен туады, мұртын күнде жуады. (Мысық)
Тәрбиеші: Көкөністер туралы тақпақ айтайық
Тәрбиеші: Қоян туралы қандай өлең білеміз?
Балалар: «Сұр қоян.
Тәрбиеші: Балалар біз төрт түліктің пірлерін атап берейік.
Қой атасы- Шопаната
Ешкі атасы-Сексеката
Сиыр атасы-Зеңгібаба
Түйе атасы-Ойсылқара.
Жылқы атасы- Қамбарата
Шопаната: «Қораның кілтін тап»
Зеңгібаба: Жаңа ғана шалғында 6 бұзау жүр еді,
Кетіп қалды екеуі, қалды енді нешеуі? 4 цифрын көрсет.
Ойсылқара:«Менде қанша бота?». Бестен көп, жетіден аз. 6 цифрын көрсет
Қамбарата: «Құлыншақтарды салыстыр» (аз, көп таңбасын қой)
Сексеката: «Адасқан лақтар»
Тәрбиеші: Ойын: «Поезд» (Мен тептовоз, балалар вагондар болады.)Біз қыстаудағы атайдың ауылына барамыз.Ол үшін сендер жақын жердегі бекеттерден түсіп қалып атайға көмек бересіңдер.(әр партаға 4 баладан қалып отырады)
Тәрбиеші: Міне атайдың ауылына келдік. (қиылған пішіндердің жапсыру тәсілін
Төрт партадағы пішіндерден қошақанды жапсыру.Саусақпен бояу.
Ән: «Қошақаным»
Санамақ
Ән: «Ортеке»
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!