Салыстырмалы молекулалық масса мен молекулалық масса

0

Атомдар мен молекулалардың массалары тым аз болғандықтан, химияда осындай салмақтарды белгілейтің арнайы шама — массаның атомдық бірлігі (м.а.б) бар, бұл көміртегі атомының массасының 1/12 бөлігіне (1,66057.10-27 кг) тең шама.


Бұл өте кіштентай шама!


Молекулалық масса


Молекулалық масса бұл молекула салмағының м.а.б-мен есептелінген массасы. Бұл шаманы m әрпімен белгілейді.


Молекулалық масса молекуланың құрамына еңетің атомдардың массаларының қосындысына тең.


Судын молекулалық массасын есептейік:


m(H2O) = 2*1 + 16 = 18 (м.а.б)


Салыстырмалы молекулалық масса


Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз молекула массасының неше рет 1 м.а.б-нен көп екендігін көрсететің шама. Бұны Mr деп белгілейді.


Молекуланың салыстырмалы молекулалық массасы, молекуланың құрамына еңетің барлық атомдардың массаның атомдық бірліктерінде есептелінген салмақтарының қосындысына пропорционал, және таңбасы жоқ.


Мысалы судын салыстырмалы молекулалық массасың есептейік.


Mr(H2O) = 2*1 + 16 = 18


Оттегінің молекулалық массасың есептейік.


Mr(O2) = 2*16 = 32


Молекулалық масса мен салыстырмалы молекулалық массаның айырмашылығы неде?


Тек өлшем бірліктерінде. Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз шама, бұл молекула массасының м.а.б-нен неше рет үлкендігін ғана көрсететің жай сан ғана.


Ал молекулалық масса м.а.б-мен есептелінген масса.


Жаттығу:


Ас тұзының салыстырмалы молекулалық массасы неге тең? Ас тұзының формуласы NaCl. Ал молекулалық массасы ше?

Пән: Химия