САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Студент — Маратқызы Нұрайым, Ғылыми жетекшісі — Азаматова Жадыра Нуржановна
Қазақ Гуманитарлық заң университетінің колледжі, Ақтөбе қаласы
Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық — денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған. Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: Халықтың денсаулығы — ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.
Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.
Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Салауатты өмір салты дегеніміз — денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: Жанды дене қозғалмаса өледі — деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық — адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағыттары мыналар:
— жеке және қоғамдық гигиена;
— дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
— организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;
— күн тәртібін тиімді пайдалану;
— дұрыс және уақтылы тамақтану;
— жұкпа аурулардың алдын алу;
— тән ауруларынан сақтандыру;
— жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;
— зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;
— жыныс гигиенасы;
— психопрофилактика және психогигиена;
— кикілжің және денсаулық;
— экология және денсаулық.
Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бұдан мынандай міндеттер туындайды:
— салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
— өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
— негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
— осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады.
Салауатты өмір салтының әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларына толығырақ тоқталып өтсек:
Қимыл белсенділігі — салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Организмді шынықтыру. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану. Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.
Жарақаттың алдын алу. Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану секілді жараққаттардың алдын алу. Жарақаттарға душар болмау үшін: көшедегі немесе мекеме ішіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, электр құралдарын ережелері бойынша пайдалану, улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды сақтықпен пайдалану және т.б жағдайларда сақ болу керек.
Жұқпалы аурулардың алдын алу. Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау т.б
Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау. Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу — бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.
Зиянды әдеттерден алшақ болу. Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:
— өмір сүру деңгейі;
— өмір сүру сапасы;
— өмір сүрудің өзіндік жолы.
Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.
Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.
Өмір сүрудің өзіндік жолы — адам тіршілігінің мінез-құлықтық … жалғасы