Сәкен Сейфуллиннің Аққудың айрылуы поэмасы слайд,презентация — Әдебиет
Сәкен Сейфуллиннің Аққудың айрылуы поэмасы слайд,презентация
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыға ақын өмірі шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру. Поэманың тақырыбын, идеясын ұғындыру. Шығарма мазмұны бойынша өз көзқарастарын білдіруге ықпал ету.
Дамытушылығы: Оқушының таным қабілетін, белсенділігін арттыру. Ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Табиғаттағы әсемдікті, сұлулықты бағалай білу. Табиғатты қорғау. Адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын ұғындыру. Мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, аударма, топтастыру, Венн диаграммасы, теориялық талдау.
Пәнаралық байланыс: Биология; география.
— Балалар, мына күйді тыңдай, суреттерді қарай отырып қандай ой түйдіңіздер?
Маржан құмы, күміс суы – коралловый песок, серебрянная вода.
Көк кестелі – голубые узоры.
Аққу – лебедь.
Мекен еткен – обитали.
Ғашық жар – влюбленная половина.
Құстар билеп, ойнайды – птицы танцуют.
Мерген – стрелок(охотник)
Суық жүрек – холодное сердце
Оқиғаның басталуы – көл басындағы мамыражай тіршілік.
Дамуы – қос аққудың кездесуі.
Шиеленісуі – ғашық жұптың махаббат биі.
Шарықтау шегі – сұр мергеннің аққуды атуы.
Ыдырауы- аққудың мергенге мені де ат деп жалынуы.
Шешімі – сыңар аққудың өзін өлімне қиюы.
Аққу — киелі құс.
Аққу құс — сұлулықтың, тазалықтың куәсі.
Аққу құс — шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі.
Табиғатты қорғау керек.
Сұлулықты бағалай білу керек.
Өмірде қатыгездіктің болуы.
Аққу құс — мәңгілік махаббат иесі.
Екі аққудың аянышты тағдыры.