Сайыс сабақ технология, бәйге жарыс, технологиядан сайыс жоспары
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«XXІ ғасыр жас технологы» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділерін күш сынасуға келіп отыр, ортаға болашақ жас технологтарын шақырамыз.
Ал, осы жерден әділ қазылар алқасын сайлап аламыз.
(ол үш адамнан тұрады.)
8 — 9 — 10 сынып оқушылары арасында дайындалған
«XXІ ғасыр жас технологі» сайыс сабағымызға алты оқушымен бастаймыз.
Оқушылар өзі жайлы таныстырады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнері»
3. «Жеті жұмбақ»
4. «Жорға»
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Біздің күнделікті іс — әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ менің ойымша, бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық өте қажет.
Сонымен бәйге жарысының шарты: жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы алдындағы түймені басып дауысын шығарса, сол бірінші болып жауап береді. Ал, егер жауап дұрыс болмаса келесі оқушы деген менің сөзімнен кейін дауыс шығаратын түймені бірінші басқан оқушы жауап береді.
Барлығы 16 сұрақ беріледі, бағалануы 10 ұпай.
Сонымен бірінші «Бәйге» бөлімін бастаймыз.
1. Жасайтын нәрселердің түпкі нұсқасын ойша бейнелеу (эскиз)
2. Кереге мен шаңырақты бір — бірімен ұштастырып тұратын киіз үй бөлігі (ұық)
3. Мақта қай талшыққа жатады? (Табиғи)
4. Саз балшықтан немесе алуан тастардан сомдау арқылы жасалған нәрсе ( мүсін)
5. Өлшемнің неше есе үлкейтілген немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер (масштаб )
6. Қазақстанда мақта өсетін аймақ (Оңтүстік Қазақстан)
7. Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады? (Санитарлық, аспаздық, дәрігерлік)
8. Құрақ қандай фигуралардан тұрады? (геометриялық)
9. Ою — өрнек латынша қандай мағына береді? (біріктіру, жапсыру)
10. Ресейде тігін машинасын шығаратын қандай зауыт бар? (Подольский Механический Завод)
11. Мода сөзінің аудармасы (сән)
12. Ақ киізден тігілетін жаздық баскиім (айырқалпақ)
13. Этникалық стильге жататын киім (ұлттық)
14. Қалыңдық киетін бас киім (сәукеле)
15. Ылғалды жылумен өңдейтін күнделікті тұрмыста қолданылатын зат ( үтік)
16. Қалдық матадан не істеуге болады? (құрақ)
Міне көзді ашып жұмғанша бірінші бөліміміз аяқталды.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.