Сәйкесті диалектілік ерекшеліктер — Қазақ тілі
Сәйкесті диалектілік ерекшеліктер орыс. противопоставленные диалектные различия — белгілі бір диалектіде айтылатын сөздер мен формаларға баска диалектілерде (немесе әдеби тілде) балама боларлық сөздер мен формалардың болуы, яғни қарама-қарсы тілдік құбылыстардан тұратын тіл ерекшеліктері. Мысалы: әдеби тілдегі леген//шылашын сөздеріне жергілікті жерде жам, кірлен, дас, дағара, шіләужін т.б. сөздер сәйкес келеді. Сәйкесті диалектілік ерекшеліктерден әдеби-диалектілік синонимдер туады