Саяси ұсыныстар жүйесіндегі саяси рәміздер слайд,презентация

0

Саяси ұсыныстар жүйесіндегі саяси рәміздер слайд,презентация

 

 

 

Қайта құру кезеңіндегі (1985—1991 жылдары) Кеңес Одағында болып өткен өзгерістер әлемге әйгілі ұлы мемлекеттің ыдырауына әкеліп соқты. 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болу мүмкіндігіне ие болды. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. Әсіресе дамудың мынадай жолдарын белгілеп алу керек болды:
экоиомикада — нарықтық қатынастарды тұрақтандыру;
саясатта — азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Бұл бағыттың ілгері дамуы қоғамның ең жоғары құндылығы есебінде, алдымен, адамды танып-білуге негізделгеидігінде еді. Тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды. Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам құрылысының нұсқасы — Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды. Бұл мақсаттың үдесінен шығу үшін Қазақстанға жаңа сипаттағы дамудың құқықтық негіздерін көрсетіп отыратын жаңа Конституция қабылдау керек болды. Мемлекеттің Негізгі заңына әзірлік, біріншіден — уақытқа, екіншіден, оның құрылымы мен мазмұнына тікелей байланысты. Себебі, бұл жаңа Конституцияда ұлттық, әлеуметтік жағынан бірегей мемлекеттің өзіндік ерекшелігі, басқа да құкықтық нормалары мен қарым-қатынастар қатаң да әділ реттелуі тиіс. Содан болса керек, ескі саяси жүйеден әлі толық арыла қоймаған 1992 жыл түгелімен осыған арналды. Қазақстан Республикасы өз атын өзгерткенімен, өзінің саяси құрылымының ішкі мазмұнын әлі толық жаңарта алған жоқ еді. Халықтың көпшілік бөлігінің сана-сезімінде кеңестік дәуір дүниетанымының сарқыншағы басым еді. Алайда уақыттың бұлжымас өз заңы бар, мұны ескермесе болмайды. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні мен мемлекеттік Туы айшықтанды. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік (бірінші) Гимні бекітілді. Музыкасын Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, мәтінін Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаевалар жазды.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!