Сабырлылық пен ұстамдылық
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сабырлылық пен ұстамдылық
Автор: Султангазина Кульшара Зикеновна
Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-14
Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін — өзі тану пәні мұғаліміне қосымша ретінд қолдану
СҚО. Уәлиханов аудан, Өндіріс орта мектебі. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Султангазина Кульшара ЗикеновнаТақырып: Сабырлылық пен ұстамдылықҚұндылық: Ішкі тыныштықҚасиеттер: төзімділік, ізгілік, өз сезімдерін басқара білуСабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.Міндеті:— Оқушыларғатөзімділік, ұстамдылық және мінез-құлық мәдениеті туралы түсінік беру .- Оқушылардың ізгілік қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту.-Оқушылардың өз сезімдері мен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.Ресурстар:Интерактивті тақтаҰйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.«Нұрға бөлену» Үй тапсырмасы тексеру.М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін»өлеңін талдауДәйексөз.«Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ- сабыр сол» Абай кім? Дәйексөзді бәрі бірігіп қайталайды1.Сабыр дегеніміз не? 2.Неге адам бір іс істегенде ойлану керек? Дәптерге жазадыӘңгiмелеу. «Асыл шөп» Ы. Алтынсарин— Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?- Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?- Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?- Шыдамды, сабырлы адам қандай болу қажет деп ойлайсыңдар?- Өздеріңнің сабырлылық танытқан кездерің болды ма?- Сендердің де сабырсыздық танытқан кездерің болды ма? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.Оқушыларды жүрекшелер арқылы 2 топқа біріктіру.1-топ: «Біз сабырлы баламыз» постер қорғау.2-топ: Сабырлылық пен ұстамдылықтуралы мақалдар жазу3-топ: Ұстамдылық ережелерін жазуТоппен ән айту. «Көңілді күн» А. Қалаубаеваның әні Теріп едік жемісін сезім бақтың,Сыйластықтың алауын өзің жақтың.Сенің думан тойыңның әнін естіп,Есігіңді шыдамай өзім қақтым. Қайырмасы:Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-ретСені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! Бір тамаша отырдың өмірге еніп,Жүзің бал бұл жадырапкөңілденіп.Есігіңнен мен кіріп келгенімдеҚуандың ау балаша мені көріп. Қайырмасы:Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-ретСені қуанышыңменқұттықтаймын Бақытты бол, жан досым! —Үй тапсырмасы:«Адал бала» аңыз әңгімесін талдап,оқып келу.Соңғы тыныштық сәті Баяу әуен қойылады.Мұғалім жәй дауыспен:Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар.Бүгінгі сабақтаүйренгендеріңізді өмірде ұстанып, сабырлы, ұстамды болыңыздар! (Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады). Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.