Сабыр Рахымов, қазақ халқының тұңғыш генералы
Кеңес Одағының Батыры генерал — майор Сабыр Омарұлы Рахымовтың туғанына —— жыл мерей тойына арналады.
Мақсаты: Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қазақ халқының тұңғыш генералы, халық батыры Сабыр Рахымовтың өмірімен терең таныстыру, ерлікке өмірін үлгі ету. Отанын, халқын, тарихын Сабырдай сүйіп, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Кештің құрал — жабдықтары: С. Рахымов өмірі жайлы буклеттер мен альбомдар, плакатты суреттер, батыр туралы жазылған естеліктер мен кітаптар көрмесі. «Генерал – Сабыр Рахымов» туралы бейне таспа.
Сынып жетекші Б. М. Козбагарова: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен офицерлер және ұландар!
Бүгін біз Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қазақша ат жарысының шебері, азия тілдерінің білгірі, әскери өнердің стратегі, қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Омарұлы Рахымовтың есімін дәріптеп барынша кеңінен танытуда жас ұрпаққа ерлігін үлгі — өнеге етуді 11 — ақпан туғанына
115 жылдық мерей тойына арнап «Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рахымов» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатымызды өткізгелі отырмыз. Тәрбие сағатымыздың жүргізушілері Сейітназар мен Досмұрат.
Генерал Сабыр Омарұлы Рахымовты еске ала отырып бір минут үнсіздікті арнаймыз.
Бір минут үнсіздік жарияланады.
Сейітназар: Қазығұрттың күнгей беті – мекенім,
Тауға қарай күнде тағзым етемін.
„Қазығұрттың қыраны“ деп Сабырды,
Батырымды жырлауменен өтемін.
Досмұрат: Атқарылған істеріңмен ірісің,
Ерліктердің көрсеткен кіл үлгісін.
Қиын кезде Отан үшін от кешкен,
Қол бастаған генералдың бірісің.
Сейітназар: Ер жүрек ағамыз Сабыр Рахымовтың өмірбаянының кейбір беттерін парақталап, әңгімелеп беруді жөн көрдік.
Айбек: Сабыр Омарұлы Оңтүстік Қазақстан Облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібел елді мекенінде 1902 жылы 11 — ақпанда туылған.
Жолдасбек: Әкесі Омарқұл 1907 жылы қайтыс болған. Әкесінен бес жасында қалған бала Сабыр туған атасы Мәмбетқұл датқа қолында арабша хат таныған. Сымбатты, бойшаң, екі иығы қақпақтай, іске пысық, ұғымтал да алғыр болып өседі.
Эльдар: Сауаты жоқ анасы, өзбек қызы Бахрайым Ташкентте ұлы мен қызын асырау үшін кез — келген жұмысты істеп, шаршап — шалдығып жүреді. 1915 жылы қарындасы қайтыс болады. 13 жасар Сабыр жергілікті байдың малын бағып, анасына күн көріс қамына көмектеседі.
Алайда бұл тіршілігінен де ажырап, ауыр халге душар болады. Сабырдың он беске қараған кезде 1917 жылы шешесі қайтыс болады.
Асылжан: Жүнісабад қыстағы жағынан кесіп өтетін темір жолдың бойындағы жазық дала балалардың күнкөрер жайы еді. Осы жерде Сабыр мен оның жолдастары ертеден кешке дейін мал бағады. Жиналған балалар үлкендерден естігенін, ата — бабаларымыздың Отан үшін ел басқыншыларына қарсы қалайша жан аямай күрескені туралы аңыз, дастандар айтады. Олардың бұл хикаялары жас Сабырдың бойында халықтың бақыты, баянды өмірі жолында күрескер болудың мақсат, мүддесін оятады.
Сейітназар: „Генерал – Сабыр Рахымов“ дегені қалай? Сабыр ағамыз неге туған атасының есімі арқылы Мәмбетқұлов немесе әкесінің есімі арқылы Омарқұлов болып жазылмаған? „Рахым“ Сабыр ағамызға кім болғаны? Олай болса, генерал — майор Сабыр Омарұлы Рахымовтың Рухына арнап „Кедей шаруаның баласы Сабыр Рахымовпын“ атты сахналық қойылымды тамашалауға шақырамыз.
Сахнада кең дала және жайлаудағы үйірлі жылқы, төрт түлік мал және диірмен бейнеленген сурет ілінген. Төбе басында Мәмбетқұл датқа мен немересі Сабыр екеуі әңгімелесіп отыр.
Бірде атасы Сабырға:
— Мынау диірменді сенің әкеңнің еншісіне беріп едім, — дейді, — Ал ол диірменде жалданып туған нағашы ағаң Рахым өзбек жұмыс істеп жүр, — деп баласының жоқтығын ойлап ауыр күрсінеді.
Атасының аманатын түсінген Сабыр:
— Ата, онда оған мен еге болайын, — дейді.
— Рақмет, құлыным! Өз ұлымның әруағын қимай жүр едім. „Тұлпар орнын тай басар“, — деген осы екен — ау. Бердім батамды! – деп, жанары жасаурап, алақанын жаяды Мәмбетқұл датқа:
— Ақылмен әрбір істі жонуыңды,
Саулықпен ұзақ жасқа толуыңды,
Тілеймін ер жүректі батыры бол,
Халқыңның қалаулысы болуыңды!
Әумин!
Кеңес Одағының Батыры генерал — майор
Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жоғары санатты
Козбагарова Бактыгуль Мусиркуловна
Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рахымов жүктеу