Сабын слайд,презентация
Сабын слайд,презентация
Сабын құрамында 16-18 көміртек атомдары бар жоғары карбон қышқылдарының карбоксил тобындағы сутек атомының орнын металл атомы басқан туындысы. Сабындар қатты және сұйық болады.Қатты сабынның құрамына натрий, ал сұйық сабынның құрамына калий атомдары кіреді. Сабын алу үшін майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қосып қыздырады. Май + NaОН → глицерин + RСООNa (сабын) Сабын гидролизденгенде сілтілік орта түзіледі: RСООNa + Н2О → RСООН + Na+ +ОН-. СЖЗ- құрамы күрделі синтетикалық қосылыстар. Сабыннан артықшылығы кальцийлі тұздары да суда жақсы ериді, сәйкесінше кір алғыштық қасиеті кермек суда жоғары болады.