Сәбит Мұқанов Саятшы Ораз әңгімесі слайд,презентация — Әдебиет
Сәбит Мұқанов Саятшы Ораз әңгімесі слайд,презентация
Білімділік : шығарманың мазмұнын меңгеру, идеясын тану,
әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың
саятшылық өнері туралы мағлұмат беру
Дамытушылық : оқушылардың өзіндік ой қорыту, таным
қабілеттерін, шығармашылығын дамыту
ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын оқушы
бойына сіңіру, өзіндік ой-қиялын дамытуға,
өзіндік ой түюге,өз пікірін дәлелдей алуға
қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік : адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде
кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз
қадір тұтқан аң – құстарды аялауға, табиғатты
сүюге тәрбиелеу.
1)Сәбиттің есінде кім көбірек сақталған?
2)Аңшылық өнер туралы не білеміз?
3)Қазақтың құсбегілері қандай құстарды қолға үйреткен?
4)Ораздың бойындағы өнер мен ұлттың қандай қасиеттері бар?
5)Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?
6)Мұқан қысқы үйін неге күйеу баласы Сүлейменнің үйінің
қасынан салмады?
7)Ораздың достары кімдер?
8) «Ең ауыр ақы-көрші ақысы»дегенді қалай түсінесің?
9)«Қанжығасын қанды етіп қайтады»дегенді қалай түсінесіңдер?
10)Ораздың жасы 60-тың тең ортасынан асса да денсаулығының
мықты болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?