Home Білім Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы қазақша

Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы қазақша

0
66


Сәбит Мұқанов туралы мәлімет
Сәбит Мұқанов — өмірбаяны сол дәуірдегі қазақ әдебиетін осы дәуірдегі әдебиетке созылған ірі майталман жазушы. Ол да өзінің әмбебап дарынды қаламдастары тәрізді, поэзия, проза, драматургия және әдеби сын-зерттеу салаларында өнімді еңбектеніп, артына аса мол құнды мұра қалдырды. Үстіміздегі ғасырдың 20-70-жылдар арасын тұтастырып жатқан тарихи кезеңде қоғамдық белсенділігі күшті қайраткер жазушы Қазақстанның әдеби, мәдени өміріндегі үлкен істерге ұйытқы, көшбасшы тұлға болды.

Болашақ қаламгер 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Преснев ауданында кедей шаруаның отбасында туған. Көзін тырнап ашқаннан жетімдік пен жоқшылық тауқыметіне тап болған бала Сәбит Мұқанов ауқатты ағайындарының үйінде, отымен кіріп, күлімен шығып дегендей, жалшылық жұмыста болады. Бірақ бейнетқор, сергек сезімді бала тұрмыс ауыртпалығының астында бастырылып қалмаған. Өз бетімен талпынып, ауыл молдасынан хат таниды. Ол кезде тасқа басылып, қолдан көшіріліп, көптеп тарай бастаған жыр-дастандар мен қиссаларды, әдеби кітаптарды құмарта оқиды. Бірталайын жаттап алады. Ересек тартқан кезінде қожасының делбесін ұстаған ол ел көріп, жер таниды, жыр-дастан, қиссаларды оқып беріп, көп назарына ілігеді. Құйма құлақ, аңғарымды, зерек жас өспірімнің әдебиет пен өнерге қүштарлығы артады. Ой-санасы едәуір өсіп, айналасын парықтай бастайды. Сол кезде қолына екі бірдей ұлы адамның — Абай мен татар ақыны Тоқайдың өлең кітаптары түседі. Бұл талапты жастың ой-сезімін дүр сілкіндіріп, ақындық жайындағы түсінігін түбегейлі өзгертеді. Көңілінде өлең жазып, ақын болу тілегі оянады.

Қазан төңкерісі жеңіп, кеңес өкіметінің орнауы Сәбит Мұқановтың өмірін күрт өзгертеді. Ол кеңес өкіметін жарлы-жақыбайды жарылқап, езілгендерді теңдікке жеткізетін кедейлер өкіметі, яғни өз өкіметім деп біліп, біржолата жаңа түзімді жақтап шығады. 1919 жылы тұңғыш жарық көрген «Бостандық» атты өлеңі 19 жасар жас таланттың ой-түсінігінің терең, идеялық бағытының айқындығына қоса, ақындық қабілетінің күштілігін де байқатты. Осыдан бастап ол қаламгерлік жолына бет бұрады. Жүдемелете көптеген өлеңдер мен поэмалар жазды. Сонымен қатар Сәбит Мұқанов оқуының аздығын сезініп, жүйелі білім алу мақсатымен 1918-1919 жылдары Омбыдағы мұғалімдер курсында оқыды. Осында дәріс беретін Мағжанмен тұңғыш рет жүздеседі. Содан кейін 1922 жылы рабфакқа (жұмысшы факультеті) түсіп, оны 1926 жылы бітіріп шығады. 1922 жылы өзі іздеп барып, сол кездегі үкімет басшысы әрі аты аңызға айналған ақиық ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады. Бұл таныстық екеуінің арасындағы идеялық бірлікті одан әрі тереңдетіп, өмірлік достыққа, өзара шынайы сыйластыққа айналады.

20-жылдардың екінші жартысында Сәбит Мұқановтың шығармашылығында сан және сапа жағынан үлкен ілгерілеу болды. Сәбит Мұқановтың әйгілі «Сұлушаш» (1928) дастаны мен одақтық сынның назарына іліккен белгілі «Адасқандар» (1931) романын жариялады. 30-жылдары қазақ поэзиясына түр жағынан тың ізденістер әкелген өлеңдер, соның ішінде белгілі «Майға сәлем!» өлеңін жазды. Көп жылдар әдебиетіміздің үлкен табысы саналған «Колхозды ауыл осындай» деп аталатын поэмасы да сол кезеңнің жемісі. Шығарма көркем, бейнелі тілмен жазылған, алайда ақын колхоздың экономикалық, мәдени табыстарын жер-көкке сыйғызбай бір жақты дәріптеп, жалғандыққа ұрынды. «Теміртас», «Есіл» романдарынан кейін жазушы жеке өзінің ғана емес, сол кездегі қазақ әдебиетінің табысы саналған кезеңдік туынды — «Ботагөз» романын берді. Онда 1910 — 20-жылдар аралығындағы күрделі кезең, аласапыран оқиғалар суреттелген. Роман бұрынғы КСРО мен басқа да бірқатар шетел тілдеріне аударылды. 1928 жылы Ленинград университетінде оқып, одан кейін Мәскеудегі Қызыл профессура (1933 — 1935) институтын бітіреді. 1935 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, 1936 — 1937 және 1943 — 1951-жылдары Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып істейді. 1954 жылы республика Ғылым академиясының академигі болып сайланады. Көп жылдар КСРО Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болды. 1940-1950 жылдарда көптеген сүйікті туындылармен қатар, көп томдық «Өмір мектебі» атты өмірбаяндық романының 1 — 2-кітаптарын (1955) жазып бітірді. 3-кітабы «Есею жылдары» деген атпен 1964 жылы жарық көрді. Бұрынырақта «Шоқан Уәлиханов» атты белгілі драма жазған ол өмірінің соңғы жылдары осы тақырыпта «Аққан жұлдыз» романының (1967 — 1970) екі кітабын жариялады. Сәбит Мұқановтың іргелі әдеби зерттеу еңбектері, толып жатқан әдеби-сын мақалалары мен көркем очерктері жазушы мұрасының қомақты бөлігі болып табылады. Сәбит Мұқанов — Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың мерейгері. Оның көптеген іргелі туындылары бүрынғы КСРО халықтары мен басқа да шетел тілдеріне аударылған.

Сәбит Мұқановтың «Қазақтың ХVIII-ХІХ ғасырдағы әдебиет тарихынан очерктер» деп аталған, 1942 жылы шықкан күрделі еңбегін ерекше атау керек. Мектеп окулығында шалашарпы айтылып келген ақындардың мұрасын анықтауда, әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесін шешуде, келешекте қазақ әдебиетінің тарихын жасау процестерін бағдарлауда бұл еңбек үлкен рөл атқарды. Сәбит Мұқановтың қыркыншы-жетпісінші жылдардағы сыншылық қызметі казак әдебиетінің профессионалдық арнамен оркендеуіне, идеялық нысанасының таза болуына, көркемдік шеберлікті игеру талаптарына, жае күштерді мәпелеп өсіруге бағытталды.

Қорыта айтканда, ұлы дарынның өнегелі де жемісті өнерпаздық жолына қыскаша шолу жасағанда, Сәбит Мұканов — қазақ кеңес әдебиетінің негізін қаласкан, оның өркендеуі үшін орасан еңбек сіңірген аса көрнекті сөз шебері, ел еңбекшілерінің бүгінгі өмірінен, ой-арманынан нәр тауып, шабыттана жырлаған азамат акын, дәуір шындығын эпикалық биік денгейге көтере суреттеген халыктық жазушы, сахна өнерінің өркендеуіне үлес косқан драматург. Қазақтың әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымын өрге сүйреген жауынгер сыншы, парасатты ғұлама. Қазақ әдебиетінің мақтанышы Сәбит Мұқанов өзінің өнегелі де өміршең шығармаларымен қазақтың жаңа ұрпағына рухани азық беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жасай беретін ұлы классик.

#Сәбит #Мұқанов #өмірі #мен #шығармашылығы