САБАҚТА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

0











Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады







САБАҚТА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Автор: Адильбекова Гульмира Жаксыбаевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Мақала Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-19


Материал туралы қысқаша түсінік



Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан — жақты ықпал етуі.




САБАҚТА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейіБастауыш сынып мұғалімі Адильбекова Гульмира Жаксыбаевна Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық,коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.Қазіргі инновациялық технологияларбілім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан — жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін — өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу — танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан — жақты дамытуға жетелейді.Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.Сонда ғана өзін — өзі дамыта алатын, өзін — өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе — жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан — жақты дамыту арқылы олардың бойынан:адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымдыбелсенділікті, қабілетті тұлғаны— жоғары мәдениеттілікті көре аламызСондықтан мұғалім жаңашыл, жан — жақты болу керек.. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу біртебірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш — жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.Олай болса мұғалім өз сабағының жоғарғы мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.Ұлы педагог Д.Ушинскийдің пікірінше бастауыш сыныптағы оқыту процесі салалы және дамыту сипатында болуы қажет. Ал бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері түрліше. Сондықтан олардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын жеткізудің сан түрлі тәсілі қолданылады. Сабақты бастамас бұрын сол сабаққа баланың ойын, көңілін,пейілін бұрып алу керек. Сондықтан қызығушылықты ояту үшін мен ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы : математика сабағында «Кім жылдамойыны арқылы үйге берілген немесе өткен сабақтарда өткен білімдерін пысықтауды мақсат ете отырып, ойын барысында оқушының ынтасын арттырамын. Мұндайда сабаққа белсене қатысып жауап беріп жатқан жанындағы балаларға қарап, сыныптағы момын, көп сөйлей қоймайтын баланың өзі ынталанып , пәнге қызығушылығы оянады.Кейде қызығушылықтарын арттыруда сыныпты топқа бөліп жіберемін де бір-біріне сабақтас үш тақырып беремін. Мысалы : ана тілі сабағында «Ара мен шыбын» тақырыбын өтпес бұрын «Ой шақыру » стратегиясын пайдаланып, бірінші екінші топқа жұмбақ (жауабы ара мен шыбын) үшінші топқа ребус шештірдім. Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтатып, яғни бұл бұрынғы «балаларүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деген дайын дүниені айтып беруден алыстадым.Тақырыппен танысқан соң оның мағынасын ашу қажеттілігі туындайды. Мұнда «венн диаграмма» қолдандым. Біріншіден мұнда сабақ аралық байланысты қалыптастырдым,бұларға ортақ қасиет ара да шыбын да жәндік бунақдене. Енді«ой ұштау» стратегиясы арқылы Ара мен шыбынның өздері білетін ерекшеліктері туралы айтады. Мағынаны ашу барысында баланы жалықтырып алмау үшін әрі танымдық дағдыларын байыту мақсатында мен Ара жайлы оқулықтан тыс ақпараттарды айтып өтемін.Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.  Ұстаздық қызметтеріңізге табыс тілеймін!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.