Сабақ жоспары технология, салқын тағамдар, басытқылар

0

Сабақтың тақырыбы:«Салқын тағамдар мен басытқылар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:болашақ мамандарды осы зертханалық жұмыс арқылы салқын тағамдар мен басытқылардың дайындалу технологиясымен таныстыру.
Дамытушылық:болашақ маманның шығармашылық біліктілігін, ойлау қабілетін, тағам дайындауда қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: өндіріс орындарына еңбек сүйгіш, тапқыр, білікті маман тәрбиелеу. Оқушылар бойына эстетикалық талғамдылықты ұялату. Шығармашылық қабілеттерін, өзін — өзі ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: зертханалық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: азық — түлік тауарларын тану, тамақтандыру мекемелерінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Сабақтың көрнекілігі:компьютер және экран, қуыру шкафы, электр пеші, тақтайшалар, пышақ және т. б., шикізаттар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау: 3 мин
ІІІ. 1кезең. Таныстыру: 3 мин
ІV. 2кезең. «Кім шебер?»: 18 мин
V. 3кезең. «Көкпар» сұраққа жауап беру: 4 мин
VІ. 4кезең. «Дәмді және тез»: 18 мин
VІІ. Қорытынды 2 мин
СӨЖ тапсырмасын беру

I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқу құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.
Армысыздар құрметті студенттер және қадірлі қонақтар! Біздің бүгінгі«Салқын тағамдар мен басытқылар»тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер!!!
Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың мақсаты болашақ мамандарды осы зертханалық жұмыс арқылы салқын тағамдар мен басытқылардың дайындалу технологиясымен таныстыру.
Салқын тағамдар мен басытқылар адамның тәбетін ашатын тағамдар, оларды көбіне негізгі тамақ берер алдында ұсынады, ал кейбірде ыстық тағамдар арасында да ұсынады.
Салқын тағамдар мен басытқылар дәрумендер мен минералды тұздардың нәр көзі болып табылады.
Салқын тағамдар мен басытқыларды жіберу кезінде сыртқы түріне үлкен көңіл бөлінеді, олар әдемі нәзік және де адамның тәбетін ашатындай болуы керек. Шикізаттар түсі және формасы бойынша бір – біріне сәйкес болуы керек. Жіберу ыдысы да сәйкес болуы керек.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
1. Салқын тағамдар дегеніміз не?
2. Тіскебасарлардың неше түрі бар?
3. Салқын ашық тіскебасарларды атап шық
4. Салқын жабық тіскебасарларды атап шық
5. Ыстық тіскебасарларды атап шық

ІІІ. 1 – кезең. Таныстыру
Әр топ өздерімен таныстырады.

ІV. 2 – кезең. Кім шебер?
Салқын тағамдар дайындау
Тапсырма: Әр топ алдарында тұрған шикізаттардан салқын тағамдарды 18 минутта дайындаулары керек. Бұл жерде салқын тағамдардың сыртқы түрі, үйлесімділігі, сапасы бағаланады.
1 – топқа: балықтан жасалған салқын тағамдар
2 – топқа: еттен жасалған салқын тағамдар
3 – топқа: салат – коктейль

V. 3 – кезең. «Көкпар» сұраққа жауап беру
Көкпар кезеңінде әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Барлық білімгерлер белсенді түрде жауап берулері қажет. Әрбір сұрақ бағаланады, сондықтан мұқият болған жөн.
1 – топқа
1. Тіскебасарларға арналған нанның қалыңдығы және кесу формасы (тілімше; 1 — 1, 5см)
2. Ашық тіскебасарлардың жабық тіскебасарлардан айырмашылығы неде? (ашық тіскебасарларға нанның бір тілімшесі қолданылады, ал жабық тіскебасарларға нанның екі тілімшесі қолданылады)
3. Қандай тағамдарды беруге арналған ыдыс? (Майшабақ (селедка) және балық гастраномиясына арналған ыдыс)
2 – топқа
1. Майлы және иісі мен дәмі өткір шикізаттарға нанның қандай түрін қолданған жөн? (қара бидай нанын)
2. Дайындалу технологиясы? (жібітулі тұрған сары майға, ұнтақталып туралған ақжелкенді, лимон шырынын қосып араластырамыз)
3. Қандай тағамдарды беруге арналған ыдыс? (лимон және көк шөпке арналған ыдыс)
3 – топқа
1. Шикізаттардың ені 4 — 5см, қалыңдығы 0, 5 см, биіктігі 2 — 4см етіп туралатын тіскебасарларды қалай атайды (канапе)
2. Қандай тағамдарды беруге арналған ыдыс? (ащы басытқылық қоспалар және уылдырыққа арналған ыдыс)
3. Тіскебасарлардың қандай түрін 3 — 4 сағатқа тоңазытқышқа салып қояды? (орама тіскебасары)

VІ. 4 — кезең. «Дәмді және тез».
Тіскебасарлар дайындау.
Тапсырма: Әр топ алдарында тұрған шикізаттардан тіскебасарларды18 минутта дайындаулары керек. Бұл жерде тіскебасарлардың сыртқы түрі, үйлесімділігі, сапасы бағаланады.
1 – топқа: салқын ашық тіскебасарлар
2 – топқа: салқын жабық тіскебасарлар
3 – топқа: ыстық тіскебасарлар
VII. Қорытынды
Сабағымыз өз мәресіне жетті, біз бүгінгі сабақта алға қойылған мақсаттарымызға жеттік. Білімгерлерді бағалау үшін әр кезеңде берілген ұпай саналып білімгерлер бағаланады. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет.
СӨЖ тапсырмасын беру: Салқын тағамдар мен басытқыларды дайындау кезіндегі шикізаттарды бір – біріне алмастыру нормасы
Тапсырма: Шикізаттардың бір – біріне алмастыруын есептеп шығару.
1. 0, 42кг тұздалған қиярды – консервіленген қиярмен алмастыру керек
2. 0, 15кг балғын саңырауқұлақтарды – балғын шампиниондармен алмастыру керек
3. 0, 31кг балғын қызанақты – консервіленген қызанақпен алмастыру керек

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!