Сабақ жоспары 9-сынып. Адалдық – адамдықтың белгісі

0

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.Міндеті: Білімділік Адалдық пен шындықтың адами-қатынастағы мәнін түсіндіру; Дамытушылық Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; Тәрбиелік Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу. Ресурстар:үнтаспа,суреттер,нақыл сөздер
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу.1.Тәртіп2.Талап3.Тыныштық4.Тазалық5.Татулық

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын….Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:»Мен нұрлымын…Нұр менің ішімде…Мен Нұрмын»Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз….Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.Мұғалім әңгімелесу барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесімен жалғастырады. Әңгімені оқып, талдау барысында мұғалім адалдыққа назар аудартады. Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды таптырып, олардың адалдықтың құндылықтық мәнін ашуда өз пікірлерімен пайымдатады. Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз болады. Темірқазық Зейін Шашкин

  • Не себепті Мақыш атай «Адалдық – өмірдің Темірқазығы» деді?
  • Сабақ барысын талқылау:
    6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин. Отбасы мүшелерінің қандай кәсіппен айналысатынын ескере отырып, «Отбасылық кәсіп» шежіресін жазу ата жолын,кәсібін құрметтеуге,еңбекті қадірлеуге,ата-ананы бағалауға арналған жұмыс болады.7.Дәптермен жұмыс Дәптердегі 1,2-тапсырманы орындау.
    8.Топпен ән айту. 3 мин. Шындық шырайы С.СейітовШындық – біреу,Ол он емес, жүз емес.Шындық – көктем! Боз қыраулы күз емес.Шындық деген,Өмірдің нақ өзіндей,Оның ең бір,Толықсыған кезіндей.ҚағидадайҚарапайым шындықты,Дауласпай – ақ,Дейміз дәйім: шын мықты!Шындық – қайсар,Жұлмалауға көнбейді!Шындық – қайсар,Бұрмалауға көнбейді!Шындық – сұлу,Бәрінен де шырайлы.Сөйлер болсаң,Сөйле шындық атынан.Жарты елі деТүспе тұғыр сатыдан!
    10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?
  • «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?
  • Неліктен адалдық «кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүреді?
  • Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

    Загрузка...

    ПІКІР ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз