Сабақ жоспары
Құрметті ұстаз тілегі сайтының қолданушылары. 05-06.02.2019ж. аралығында сайтта жөндеу жұмыстары жүреді. Сондықтан осы уақыт аралығында сайтта кейбір беттер дұрыс көрінбеуі мүмкін. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сабақ жоспары
Автор: Тайшабарова Жансая Бидиллақызы
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-05
Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 1 Сандар және цифрларЗаттарды санау | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары;заттардың суреттері салынған парақшалар: әрқайсысында 1-ден 10-ға дейінгі заттардың суреттері салынған он парақша;интерактивті тақта. | |
Тірек сөздер | қанша? (неше?); cанау;сан;саны. | |
Сабақтың мақсаты: | Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шегараларын анықтау; 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын жетілдіру. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақ заттарды санау тәжірибелік дағдыcын дамытуға бағытталады. Сабақта сандарды санау ұғымы қандай да бір жиын нысандарының санын анықтау үшін қолданылатын іс-әрекет түрінде енгізіледі. Санағанда есептік сан есімдер қолда-нылады. Есептік сан есімдер — “Қанша?” “Неше?” сұрақтарына жауап беретін сан есімдер. Заттарды санау бір санынан басталады. Заттарды санауға жетелейтін сұрақтар беру арқылы оқушылардың бір-бірімен және мектеппен алғашқы таныстығы туралы сөйлесіңіз. Ол үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:— Терезенің жанында қанша бала отыр?— Сенің алдыңда қанша бала отыр?
— Сенің артыңда қанша бала отыр? — Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар? — Ал мұғаліммен бірге ше? Оқушылармен сөйлесу кезінде әрқайсысының санау дағдысын анықтап, 10-ға дейін санау дағдыcын бекітіңіз. Сыныптағы барлық қыздардың бір қатарға тұ-руын ұсыныңыз. Ұлдардан сыныптағы қыздарды санауды сұраңыз. Содан соң ұлдардың қыздарға қарама-қарсы бір қатарға тұруын ұсыныңыз (бұл жағдайда оқушыларды жұптарға бөлу жеңіл болады). Қыздарға сыныптағы ұлдарды санауды ұсыныңыз. Оқушылардан мыналарды сұраңыз: — Сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, неге? — Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы келді? Айта аласыңдар ма? (Оқушылар “көп” деп жауап беру мүмкін.) Бұл сұрақтар арқылы сыныптағы қай оқушының оннан артық санай алатынын білуге болады. Содан соң қолмен ұстауға болатын деректі заттарды са-натыңыз. Мынадай сұрақтар қоюыңызға болады: — Сыныпта қанша қызыл түсті (немесе басқа түсті) мектеп сөмкесі бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін осы түстес сөмке-сі бар оқушылар оларды бір қатарға қояды, ал басқалары хормен санайды: “Бір, екі, үш…” т.с.с. — Ақ түсті гүл саны қанша? — Сыныпта қанша парта бар? — Сынып бөлмесінде қанша орындық бар? Оқушыларға заттың санын анықтау үшін оларды санау керектігін түсіндіріңіз. Олардың назарын заттарды санау кезінде айтылатын сандарға аударыңыз: “бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он”. Оқушылардан кез келген заттарды санағанда барлығына ортақ қандай ерекшеліктер болатынын ойлап, жауап беруін сұраңыз. Заттарды санау әрқашан “бір” санынан басталатынын және сандарды рет-ретімен қалдырмай атау керек деген тұжырымға әкеліңіз. |
Дене жаттығуы түріндегі ойында оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындатыңыз:
— Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мысалы: алақаныңызды алты рет соғыңыз. Оқушылар сізден кейін берілген шапалақ санын қайталап, сонша рет шапалақ соғуы тиіс.) — Алақандарыңды төрт рет соғыңдар. — Аяқтарыңды үш рет топырлатыңдар. — “Алақай!” деп бес рет айтыңдар т.с.с.Суретке қара, сана. Тапсырманы жалпы сынып-қа орындатыңыз.Оқушылардан әр топтағы заттар санын санауды сұраңыз.Жауабы:екі ит; төрт мысық; жеті гүл; тоғыз шар.Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушыларға оқу құралдарын санауды ұсыныңыз. Оларға бір-біріне алма-кезек сұрақ қойып, суреттегі заттарды санатыңыз. Жауаптарды жұпта талқылауды қадағалаңыз.Жауабы:дәптер — 3 дана, альбом — 1 дана, кітап — 5 дана, түрлі түсті қарындаш — 10 дана.Біздің сыныбымызда. Оқушыларға төрт адам-нан топтарға бөлініп, өздері сұрақ ойлап тауып және оны топта бір-біріне қоюды ұсыныңыз. Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындау-ды ұйымдастырыңыз. Оқушылар әрқайсысындағы түрлі түсті қарындаштарының санын табу үшін санауы тиіс. Тапсырма оқушылардың санау дағды-cын бекітеді. Егер қарындаш саны 10-нан артық болған жағдайда (оқушылар 10 көлемінде ғана санай алатын болса), онда ол өзінің жұбын көмек-ке шақырады немесе оның қарындашының саны 10-нан артық екенін айтады. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыруТірек сөздердің дұрыс айтылуын пысықтау үшін оқушыларға “Қанша?” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Бір оқушы заттың суретін көрсетеді де, “Қанша?” деген сұрақ қояды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық оқушылар тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады. | Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек.Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя. Тапсырмада оқушылар суреттіңастында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген заттардың санына байланысты бояйды.Өнім. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қа-рап шығуы тиіс және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз, пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы санмен жалғастыру керек.Жауабы:5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана — қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді. | |
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:— Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.)— Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар парақ-шаларды көрсетіңіз.) — Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол-майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Реттік санау | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | реттік санау; нешінші? | |
Сабақтың мақсаты: | Сандық және реттік сан есімдерді қолданып, заттарды орналасу ретімен реттік санау бойынша санау дағдысын дамыту; реттік және сандық санауды айыра білу дағдысын бекіту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Реттік сан есім — бұл заттарды санау кезінде олардың ретін көрсететін сан есімдер класы. Оқушылар сандық санау туралы түсінікті бекітеді және он көлеміндегі заттарды реттік санау арқылы осы дағдыны қалыптастырады. Олар алғашқы ондық көлемінде сандарды орналасу реті бойынша атауға үйренеді. Реттік сан есімдерді қолданады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы. Сабақ заттарды сандық санауды қайталаудан бастаған мақсатқа сай келеді. Оқушылардың білімін қайталата отырып, заттарды сандық санай білу арқылы реттік санай білуді түсіндіруге болады. Оқушылармен он көлемінде тура және кері ретпенсанауды қайталаңыз. Кіріспе тапсырма. Он оқушыны тақтаға ша-қырып, оларға бір қатарға тұруды ұсыныңыз. Қал-ған оқушыларға оларды санатыңыз. “Бір, екі, үш … он” деп санауды сұраңыз. Енді оқушыларды солдан оңға қарай санауды ұсыныңыз. “Кім бірінші тұр? (оқушының атын атап) санау бойынша нешінші болады? (ең соңғы тұрған оқушының атын атап) санау бойынша нешінші тұр?” — деп сұраңыз.Барлық оқушыларды ретімен санауды сұраңыз: “Бірінші, екінші, үшінші, …, оныншы”. Оқушылардан “Мына сөз тіркестерінде айырмашылық бар ма?” деп сұраңыз: “Он оқушы” және “Оныншы оқушы”. “Біз соңғы жағдайда реттік санауды қолдандық, яғни ретімен санадық”. Жаңа тақырыпты оқулықтағы сюжетті сурет бойынша бекітіңіз. Оқушылардан Айжанға кітапханадан кітап алуы-на көмектесуін сұраңыз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ескертіңіз және қыздың сөреден неше кітап алғанын анықтатыңыз. Тақырыпты бекіту үшін қыздың іс-әрекетін көрсетіңіз. Оқушылардың назарын “бес кітап” және “бесінші кітап” деген ұғымдарға аудары-ңыз. Кітаптарды ретімен санап, (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші кітап) реттік санауды жүргіземіз. Оқушыларға заттарды реттік санау мен сандық са-наудың айырмашылығын түсінуге көмектесіңіз. Қол-данылып отырған сандарды салыстыра отырып, “не-шінші?” және “қанша?” сұрақтары арқылы “реттік”және “сандық” санаудың айырмашылығын түсіндіріңіз. |
Көңілді клоундар. Тапсырма заттардың реттік
санау түсінігін бекітуге мүмкіндік береді. Сынып-пен топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға иллюстрацияға қарап, ондағы клоундардың аттарын оқып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Оқушылар тапсырманы орындау барысында заттарды реттік санау санақ басына байланысты болатынын түсініп қорытынды жасайды (санау солдан немесе оңнан, жоғарыдан немесе төменнен, т.с.с.). Тапсырманы орындап болған соң, топпен тексеру жұмысын өткізіңіз. Жауабы: Сопақ;Екінші;Бесінші;Сөлпек;Бармақ. Бірінші. Шығарып көр. Тапсырма реттік сандарды сөйлеуде қолдану дағдысын дамытады. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылардан “Өз үйле-ріңнің мекенжайын білесіңдер ме?” деп сұраңыз. Олардың жауабын тыңдаңыз. Оларға өз үйінің немесе пәтерінің нөмірін айтқанда реттік санауды қолданатынына назар аудартыңыз. Оқушыларға бір-біріне қай үйде, қай қабатта, қай пәтерде тұратыны туралы айтқызыңыз. Жағдайға байланыс-ты сөйлеуде реттік сандарды дұрыс пайдалануға көмектесіңіз. Одан кейін суреттегі кейіпкерлер қай қабатта тұратынын табуды ұсыныңыз. Сұрақ-тар ойлап, оны бір-біріне қойғызыңыз. Сұрақтар мынадай болуы мүмкін: “Киініп далаға шықпақшы болып тұрған ұл бала қай қабатта тұрады?”, “Телефонмен сөйлесіп тұрған қыз бала қай қабатта тұрады?” және т.с.с. Жауабы: Алтыншы қабатта;Оныншы;Бірінші және оныншы қабатта;Тотықұс.Орындап көр. Оқушыларға бірінші партадан бастап санауды тапсырыңыз. Оқушылар жұпта жұмыс істей алады: біреуі тура ретпен санайды, екіншісі кері ретпен санайды. Ойлан. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетін реттік санауға байланысты жағдайларды естеріне түсіріп, мысалдар келтіреді. |
|
Сабақты қорытындылау |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Санау дағдысын игеруге жаттықтырыңыз. Ол үшін реттік сандарды қолданып, бірінші, екінші, үшінші т.с.с. ретпен және де керісінше — оныншы, тоғызыншы, сегізінші т.с.с. санатыңыз. Тірек сөздер-ді дауыстап айтқызыңыз. “Сөздер тақтасына” жа-зылған тірек сөздері бар парақшаларды іліңіз. | Дұрыстап санап көр. Берілген тапсырма зат-тарды санау кезінде сандық санау мен реттік са-наудың айырмашылығын ажыратуды жаттықтыруға бағытталған. Оқушылар өз беттерінше қанша затты бір қарындашпен бояу керектігін және нешінші затты басқа қарындашпен қоршап сызу керектігін анықтауы тиіс.Жарыс. Тапсырма заттың реттік нөмірін анықтай білу дағдысын бекітуге және реттік сан-дармен сәйкестендіруге бағытталған. Оқушылар спортшылардың қандай ретпен жүгіріп келе жатқа-нын анықтап, оларды қандай реттік нөмірмен жалғастыру керектігін табуы тиіс. Нөмірлеу реті мәреден бастап анықталады. Тапсырманы диффе-ренциациялау үшін балалардың аттарын олардың суреттерінің астына жазуды ұсыныңыз.Жауабы:бірінші — Әнуар; екінші — Әлiмхан; үшінші — Мансұр; төртінші — Ілияс; бесінші — Данияр; | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:
меңгереді.Оқушылардың сабақтың тақырыбын қаншалық-ты меңгергенін бағалау үшін, олардан мына сұрақ-тарға жауап беруін немесе тапсырманы орындауды сұраңыз:— 1-ден 10-ға дейін реттік нөмірмен санау;— 10-нан 1-ге дейін реттік нөмірмен санау;— Сендер қалай ойлайсыңдар? “Үш үй” мен “үшінші үй” деген сөз тіркестеріндегі айырмашылық қандай?— Бүгін сендерде неше сабақ болады?— Кесте бойынша қай сабақ ең соңында болады? Оның реттік нөмірі нешінші?— Асханада он бала кезекте тұр деп елестетің-дер. Марат кезектің басынан санағанда бесінші тұр. Кезектің соңынан санағанда Мараттың нешінші тұрғанын сана (алтыншы).Оқушылардың берген жауаптарына қарап, са—бақтағы тақырыпты меңгеру деңгейін бағалаңыз.Оқушыларға өзінің сабақтағы жұмысын жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша ба—ғалауды сұраңыз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Сандарды салыстыру | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады;сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды“+”, “–”, “=”, “>”, “ | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | тең;сонша; тең емес. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды сандарды салыстыру үшін жиын-дардың элементтерінен жұптар құрастыру тәсілін қолдануға үйрету; екі жиынның элементтерінің сандарын теңестіру тәсілдерін іздеу дағдысын дамыту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сандарды салыстырғанда элементтер жұбын құрастыру тәсілі — бірінші жиынның бір элементіне екінші жиынның бір элементін сәйкестендіру арқылы салыстыру тәсілі жүргізіледі. Жұпсыз қалған элементтің саны, бір санның екіншісінен артық немесе кем екенін көрсетеді. Егер екі жиынның барлық элементтері жұптар құрастырса, онда сандар тең деген сөз. Оқушыларға дифференциация үшін екі жиынның элементтері санын теңестіруге арналған жұптар құрастыруға тапсырма беріледі. Берілген сабақ оқушыларды сандарды айырмалық салыстыруды түсінуге даярлайды.Кіріспе тапсырма. Сабақты жұппен жұмыс жасаудан бастаңыз. Барлық оқушыларға қапшықтан бір—бір уыстан бұршақ алуды сұраңыз. Оларға алған бұршақтарының санын салыстыру үшін үстелдің үстіне кезекпен бір—бірден тізіп қоюды ұсыны—ңыз. Құрастырылған жұптарды бөлек алып қоюды ескертіңіз. Салыстыруды оқушылардың біреуіндегі бұршақ біткенше жалғастыруды ұсыныңыз (немесе екеуінде де бірдей біткенше). Олардан жұптар құ растыру үшін барлығында бұршақтар жеткіліктілігін сұраңыз. Егер оқушылардың бұршақтары бірдей бітсе, онда олардан бұл нені білдіретінін сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, екі топтағы заттар саны тең деген қорытынды жасауға жетелеңіз. Салыстыру нәтижесін бекіту кезінде “сонша” деген сөз ұғымын енгізіңіз. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде оқулықтағы иллюстрацияларды пайдаланыңыз. Төрт алма мен төрт жидекті саны бойынша салыстырыңыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— Қанша алма?
— Қанша жидек? — Неше жұп құрастыруға болады? — Жидек қанша болса, алма сонша ма? — Егер барлық алма мен жидектің саны бірдей болса, онда олардың санын көрсететін сандарды тең деп айтуға бола ма? Сендер қалай ойлайсыңдар? Оқушыларды барлық заттардан жұптар құрал-са, онда олардың саны тең деген қорытындыға жетелеңіз. Егер жұп құрағанда барлық заттардан жұп құрауға болмаса, онда сандар тең емес деген сөз. Сабақтың тақырыбын оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындатып бекітіңіз. |
Суреттегі заттар қатарын салыстыр. Сынып-пен жалпы жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар оқулықтағы иллюстрациялар бойынша топтарды салыстырып, тапсырмадағы қай зат қанша болса, сонша екенін анықтап, сұрақтарға жауап берулері тиіс. Оқушыларға салыстыру нәтижесін тірек сөздер көмегімен айтуды сұраңыз. Әңгіме барысында мына сұрақтарды қоюға болады:— Неше қаламсап? Неше қарындаш?— Егер оларды саны бойынша салыстырса, неше жұп құрастыруға болады?— Неше зат жұпсыз қалады?— Біз қанша қаламсап болса, сонша ұштағыш бар деп айта аламыз ба? Неліктен?— Осы заттардың санын көрсететін сандар тең бе?Берілген иллюстрациядағы басқа заттармен де осындай жұмыс жүргізіңіз.Жауабы:қанша ұштағыш болса, сонша өшіргіш бар.Дәмхана. Берілген тапсырманы топпен орын-дауды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға суретке қарап, заттардың санын санауды және салыстыруды сұраңыз. Оқушыларға салыстырудың нәтижесі бойынша қайсысы тең, ал қайсысы тең емес екені туралы қорытынды жасатыңыз. Салыстыру нәти-жесін “=” немесе “≠” белгілерін қолданып, ла-минатталған қағазда жазғызып орындатыңыз. Тапсырманы орындауда қиындық туған жағдайда мынадай сұрақтар қойыңыз:— Суретте қанша үстел салынғанын санаңдар.— Үстел қанша? (қоқыс салатын жәшіктер, ве-лосипедтер, балалар, автомобильдер, тұрақтағы орындар, ағаштар).Оқушылардың назарын заттардың санының сан-мен өрнектелетініне аударыңыз: “Орындықтардың саны үшеу, оны 3 деген санмен жазамыз. Дәмханаға келген адамдар саны — 7. 3 ≠ 7 екенін салыстыруға болады”.Одан әрі оқушылар салыстыруды тапсырма мә-тініндегі сұрақтар бойынша орындайды. Тапсыр-маны орындап болған соң топтар өз жұмыстары-ның презентациясын сынып оқушылары алдында қорғайды.Жауабы:ағаштар саны бұталар санымен тең; орындықтар саны дәмханаға келген адамдар санымен тең. | |
Сабақты қорытындылау |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылар тірек сөздердің айтылуын есте сақтауы және сандарды салыстыру дағдыларын бекіту үшін ойын-жаттығуын өткізіңіз. Олардың біреуін тақтаға шақырып, суретті парақшалардың екеуін таңдауды ұсыныңыз. Екі парақшадағы заттардың саны тең болу үшін біреуіндегі заттың нешеуін өшіру керектігін немесе неше заттың суретін салу керектігін анықтатыңыз. Содан кейін ойынға қатысушы “тең”, “тең емес” және “сонша” деген тірек сөздерді айтады. Ол дұрыс шығарса және сынып онымен келіссе, барлық оқушылар хормен осы сөздерді қайталайды. | Фигуралардан жұп құрастыр. Оқушылар заттардың екі тобын жалғастырып, фигуралар жұптарын құрастыруы керек. Одан кейін оларды салыстырып, салыстыру нәтижесін суреттердің астына мына белгілерді “=” немесе “≠” пайдаланып жазулары тиіс.Жауабы:а) 6 ≠ 3; ә) 5 ≠ 7; б) 4 ≠ 10.Түсіп қалған сандарды қой. Оқушылар бе-рілген тапсырма бойынша құмырадағы гүлдердің саны тең болатындай етіп суретті өзгертуі тиіс. Олар бір құмырадағы гүлдерді екінші құмырадағы гүлдердің санына тең болатындай етіп толықтырып салады. Немесе олар бір құмырадағы гүлдердің санын екіншідегімен теңестіру үшін бірнешеуін сызып тастайды.Жауабы:бірінші құмыраға 4 гүлді толықтырып салуға немесе екінші құмырадағы 4 гүлді сызып тастауларына да болады.Шаршының саны қанша болса, дөңгелектің де саны сонша болатындай етіп суретті толықтыр.Оқушыларға салыстыру үшін екі шаршы мен бір дөңгелек ұсынылған. Олардың санын теңестіру үшін оқушылар 1 дөңгелекті толықтырып салу керек.Ағаштардағы құстар саны тең болатындай етіп суретті аяқтап сал. Оқушылар екі ағаштағықұстар саны тең болатындай етіп, қай ағаштағы құстарды толықтыру керектігін өз беттерінше табуы керек.Жауабы:екінші ағашқа бір құсты толықтырып салу керек. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:— жұптар құрастыру арқылы сандарды салыс-тыруды;— “=”, “≠” белгілерінің көмегімен салыстырудың нәтижесін өрнектей білуді;— екі топтағы заттардың санын теңестіре білуді меңгереді.Сабақты қалай меңгергенін тексеру үшін, келесі сұрақтарды қойыңыз:— Сыныптасыңдағы және сендегі қаламдар са-нын салыстыр. Тең бе, әлде тең емес пе? Неге?— Екі оқушыдағы қаламдар саны тең болу үшін оқушылардың біреуі тағы неше қалам қосып алуы керек?— Екі оқушыдағы қаламдар саны тең болу үшін оқушылардың біреуі неше қаламды алып тастауы керек?— Төрт дөңгелек пен алты жұлдызшаның суреті салынған. Олардың саны тең бе, әлде тең емес пе? Салыстыр.— Қандай тәсілмен дөңгелек пен жұлдызшалар санын теңестіруге болады? (Екі дөңгелек салып толықтыру немесе екі жұлдызшаны өшіріп тастау.)Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Сандық сәуле | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасу қалпын анықтайды. |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | сандық сәуле; алдыңғы сан; келесі сан. | |
Сабақтың мақсаты: | Натурал сандар қатарындағы санның орнын табу және санап үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақта сандық сәуле ұғымын енгізу, оқушыларға сандардың сандық сәуледе рет-ретімен орна-ласатынын және арақашықтықтары бірдей болаты-нын түсіндіру көзделеді.
Натурал сандар қатарындағы әр санның өзіне сәйкес орны бар. Алдыңғы сан — натурал сандар қатарындағы берілген санның алдындағы сан. Келесі сан — натурал сандар қатарындағы берілген саннан кейінгі сан. Сабақ басында оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды, мысалы, 3-тен 8-ге дейін, 9-дан 4-ке дейін санау және т.с.с.; өз қатарында отырған оқушы санын санау; кім бірінші отыр, кім үшінші, бесінші отырғанын атау және т.с.с. ұсыныңыз. Соңғы партадан бастап санағанда, кім бесінші, кім үшінші екенін анықтауды ұсыныңыз. Сабаққа қажетті жіп пен қыстырғыштарды дайындап алыңыз. Жіпті сынып бөлмесіне бір қабыр-ғадан екінші қабырғаға дейін жететіндей етіп керіңіз. Жіп байланған қабырғадан белгілі бір жерге дейінгі қашықтыққа қыстырғыштың көмегімен “1” саны жазылған парақшаны қыстырыңыз. “Әрі қарай қандай сан болуы тиіс?” — деп сұраңыз. Сәйкес сандары бар парақшаларды біртіндеп қыстырыңыз. Бұлардан кейін тұратын сандар жазылған парақшаларды осылайша ретімен орналастыруға болатынын ай-тыңыз. Сөйтіп, сандық сәулені құрастырыңыз.Түсіп қалған сандарды тап. Оқушыларға сабақтың басында жіптен жасалған түзудің бөлігін оқулықта суреті берілген түзумен салыстыруды ұсыныңыз және “Қандай сандар түсіп қалған?” деген сұраққа жауап беруін сұраңыз. Жауабы:2, 5, 7.Қанша сан түсіп қалған? Оқушыларға тап-сырманы өз беттерінше орындауға мүмкіндік беріңіз. Содан кейін жауабын сұраңыз. Олардан ондай жауапты қалай алғанын түсіндіруді сұраңыз.Сандарды ата.Жауабы:2 саны үшін: алдыңғы сан — 1; келесі сан — 3; 5 саны үшін: алдыңғы сан — 4; келесі сан — 6. |
Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жұмыс жа-сай отырып, суретке қарауды ұсыныңыз. Оқушылар-дан “Аю бал құмыраларын дұрыс қойған ба?” деп сұраңыз. Оқушылар өз жауаптарын айтулары ке-рек. Талқылау барысында олар құмыралар дұ-рыс емес қойылған деген қорытынды жасайды және біріншіден жетінші құмыраға дейін немесе кері ретпен жетіншіден бірінші құмыраға дейін орналастырулары керек. “Барлық құмыра ретімен тұру үшін қайсыларының орындарын ауыстыру қажет?” деп сұраңыз.Жауабы:дұрыс емес.Орындап көр. Парақшаларды ретімен орна-ластыр.Оқушыларға оқулықтағы доминоның суретін қа-рауды ұсыныңыз. Әр доминода қанша нүкте барын сұраңыз. Балалардан домино тастары топтамасын оқулықта көрсетілген ретпен орналастыруды сұ-раңыз. Қалай орындалғанын жұп болып тексеруді ұсыныңыз.Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— Бір нүктесі бар тасты табыңдар;— Келесі таста қанша нүкте бар? (Жауап: екі.) Яғни 1-ден кейін 2 болады, 2-ден кейін 3 болады және т.с.с.Оқушылардың назарын барлық сандардың ре-тімен орналасатынына және әр санның өз орны болатынына аударыңыз. 6, 4 және т.б. сандардан соң қандай сандар болатынын айтуды сұраңыз.
Көрсетілген саннан кейін тұрған сан “келесі сан” деп аталатынын түсіндіріңіз. 8, 3, 6 сандарының ал-дында қандай сандар орналасу керектігін сұраңыз. Көрсетілген сандардың алдында тұрған сандарды “алдыңғы сан” деп түсіндіріңіз. “Көрші” ойынын ойнатыңыз: қандай да бір санның “көршілерін” атаңыз және оқушылардан оның қай сан екенін табуды сұраңыз. Мысалы, “Бұл сан 5 пен 7 арасында тұр, оның атын ата” немесе “Бұл санның көршілері 3 пен 5”. Сандық сәулеге сүйене отырып, жұмысты орындатыңыз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тірек сөздерді бекітуді ойын түрінде ұйым-дастырыңыз. Белгілі бір санды атаңыз, ал оқушылар алдыңғы және келесі сандарды жылдам айтуы керек. | 1-ден 10-ға дейінгі сандарды сандық сәулеге орналастыр. Тапсырма сандық сәуледегі санныңорнын табу дағдысын бекітуге және оның алдында немесе артында орналасқан санды анықтауға бе-рілген. Оқушылар сандарды орналастыру үшін 0 санына — санақ басына қарап бағдарлау қажет.Түсіп қалған сандарды жаз. Бұл тапсырма да алдыңғы тапсырма сияқты, оқушыларды жаңа оқу дағдыларын бекітуге жаттықтырады.Әрбір футболкаға нөмірлерді ретімен жаз.1-санынан баста. Екінші футболканы боя. Оқушы-ларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыны-ңыз. Тапсырманы орындау қиыншылық туғызған жағдайда сандық сәулені тірек ретінде пайдаланып орындатыңыз. Тапсырманы орындап болған соң, өзінің нәтижесін басқа сыныптастарымен салысты-рып, тексеруді ұсыныңыз.Доминоның тастарын реті бойынша сызық-тармен қос. Оқушылар тапсырманы орындағанда шығармашылықтарын пайдаланып, келесі домино тасын өзі толықтырып салуына болады.Әрбір ағаштың астындағы сан қанша болса, сонша жемістің суретін сал. Суретті өз бетіншеталдап, санға сәйкес келу үшін қанша алманың жетпей тұрғанын тауып, толықтырып салуы керек.Сандарды нүктелермен қос. Тапсырма күр-делі болса, оқушылар сандық қатарға сүйеніп орындауына болады.Жауабы:1, 2, 3, 4, 5.БағалауОқушылар сабақ соңында:сандық сәуледегі санның орнын табуды;алдыңғы және келесі сандарды атай білуді меңгереді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:— Сандық сәуледе сандар қалай орналасады?— 5, 6, 7 сандары үшін алдыңғы сандарды атаң-дар.— 3, 8, 9 сандары үшін келесі сандарды атаңдар.— Кейбір оқушылардан неше жаста екенін, келе-сі жылы қанша жасқа толатынын, алдыңғы жылы неше жаста болғанын сұраңыз.— Ұл баланың жасы алтыда емес, бірақ сегіз жасқа толған жоқ, сонда ол неше жаста?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз: — Сандық сәуледе сандар қалай орналасады? — 5, 6, 7 сандары үшін алдыңғы сандарды атаң-дар.— 3, 8, 9 сандары үшін келесі сандарды атаңдар. — Кейбір оқушылардан неше жаста екенін, келе-сі жылы қанша жасқа толатынын, алдыңғы жылы неше жаста болғанын сұраңыз. — Ұл баланың жасы алтыда емес, бірақ сегіз жасқа толған жоқ, сонда ол неше жаста?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Артық, кем, тең | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
“+”, “–”, “=”, “>”, “ |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | артық;кем. | |
Сабақтың мақсаты: | Екі жиынды элементтерінің санына қарай са-лыстыру дағдысын бекіту және салыстыру нәти-желерін “артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану арқылы өрнектеу; салыстыру нәтижелерін мына белгілерді “”, “=” қолданып жазуды үйрету; сандық сәуле бойында сандардың орналасуы бо-йынша салыстыру тәсілдерімен таныстыру. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Оқушылар сандардың сандық сәуле бойында орналасуы бойынша салыстыруды үйренеді: үлкен сан оңға қарай, ал кіші сан солға қарай орналасады. Оқушылар нысандарды санау арқылы екі жиын-ның қайсысында нысандардың артық немесе кем екенін анықтап, салыстыру таңбаларының көмегімен жазатын болады.
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сабақтың басында ойын текшелерімен жаттығу жасауды ұсыныңыз. Текшелерді кезекпен лақтыра отырып, түскен сандарды салыстырады, яғни текшелердің жоғарғы жағында түскен нүктелердің санын салыстырады. Оқушылар салыстыру нәтижелерін айтқанда “тең” немесе “тең емес” деген сөздерін қолданып, ал жазу кезінде “=”, “≠” белгілерін қолданады. Ойыннан кейін оқушыларға “≠” белгі-сімен жазылған салыстыру нәтижелеріне қарауды ұсыныңыз. Олардан “Салыстыру нәтижесін нақты-лауға бола ма?” деп сұраңыз. Оқушылар салыстыру нәтижесін “артық” және “кем” сөздерімен нақты-лаулары мүмкін. Салыстыру нәтижелерін “” белгілерінің көмегімен жазуға болатынын айтыңыз. Содан кейін осы сандар сандық сәуленің бойында қалай орналасатынына бақылау жасауды ұсыныңыз. Сандық сәуле бойындағы кез келген сан солға қарай орналасса, ол басқа сандарға қарағанда үлкен болатыны туралы қорытынды жасауға жетелеңіз. |
Шығарып көр. Қай қолдағы бұршақтар саны артық? Тапсырманы жұппен орындауды ұйымдас-тырыңыз. Оқулықтағы иллюстрация бойынша оқу-шылар оң қол мен сол қолдағы бұршақтар санын салыстыруы тиіс (7 бұршақ сол қолда және 6 бұршақ оң қолда). Жауабын мына түрде жазу керек: 7 > 6.Жауабы:сол қолдағы бұршақтар артық.Сандық сәулені қолданып, берілген сан-дарды салыстыр.Тапсырманы жалпылама түрде орындатыңыз. Оқушылар сандық сәуледе орналасқан 20 көле-міндегі сандарды салыстыруы тиіс.Жауабы:иә, 9 саны 2-ден артық; жоқ, 1 саны 5-тен артық емес, ол кем;жоқ, 9 саны 7-ден кем емес, ол артық.Салыстыр. Кім азық-түлікті артық сатып алды? Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылар екі себеттегі азық-түліктердің санын санау арқылы салыстыруы және талдаулары тиіс.Жауабы:ер адам азық-түлікті көп сатып алды.Кімнің апельсині артық? Оқушыларға тапсыр-маны өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Оқу-шылар заттарды санау арқылы балалардың қай-сысында апельсиннің көп екенін анықтайды және тапсырманың сұрақтарына жауап береді. Тапсыр-маны орындау қиындық туғызса, сандық сәулені пайдалануды ұсыныңыз.Жауабы:ұл баланың апельсиндер саны артық.Орындап көр. Берілген тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң нәти-жесін салыстырыңдар.Ойлан. Тапсырма логикалық ойлауды дамытады. Оқушыларға өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындауда қиындық туған жағдайда, оларды жұпқа біріктіріп, тапсырманы бірлесе тал-дауды ұсыныңыз.Жауабы:кілемдегі ойыншықтар артық. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тірек сөздерді есте сақтау үшін оқушыларға ойын ойнатыңыз. Тақтаға бір оқушыны шақырыңыз және бірнеше заттың суреті салынған екі суретті таңдауды ұсыныңыз. Мысалы, бір суретте бес заттың суреті, екіншіде — үш сурет. Оқушыларға суреттердің қайсысында заттардың артық немесе кем екенін салыстыруды ұсыныңыз. Олар салыс-тырып, нәтижесін айтады. Суреті көбін жоғары көтеріп, “артық” деп, ал заттардың саны аз суретті көтеріп “кем” деп дауыстап айтады. Егер оқушы-лар тақтадағы оқушымен келіссе, олар осы сөздер-ді қайталап айтады. Егер олар келіспесе, үндемей отырады. Одан кейін келесі оқушы шығады. Заттардың санын салыстырып, нәтижесін айтады. Ал оқушылар оны қайталайды немесе үндемей отырады. Үшінші оқушы осылайша заттардың санын салыстырып, нәтижесін хабарлап айтады. Әрі қарай осылай жалғастыра беруге болады | Қай топтағы заттар артық?Оқушылар жоғарғы және төменгі қатарларда-ғы бірдей заттарды санайды да, қай топта заттар көп болса, сол топты айналдыра қоршап сызады. Иллюстрацияның оң жағына нәтижесін “>”, “гілерінің көмегімен жазуы тиіс.Жауабы:а) 5 алманы қоршап сызу керек (5 > 4); ә) 10 араны қоршап сызу керек (10 > 8).Қай топтағы фигуралардың саны кем?Оқушылар сол және оң жақта орналасқан топ-тардағы заттарды санауы тиіс және фигуралар саны аз топты бояйды. Иллюстрацияның оң жағына нәтижесін “>”, “Жауабы:а) 6 дөңгелекті қоршап сызу керек (6 керек (5 Бос орындарға сандарды қой.Оқушылар 10 көлеміндегі заттардың санын салыстырып, сөйлемдегі бос орындарды толтырады. Соңғы жолда салыстыруға сандар берілген жоқ. Оқушылар кез келген санды таңдап алып, өзара салыстырады. Мұндай тәсіл оқушылардың матема-тикалық ойлауын дамытуға көмектеседі.Жауабы:5 > 4, 3, 2, 1, 0; 10 > 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1;1 | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
Оқушылардың меңгерген білімін тексеру үшін мына сұрақтарды қойыңыз: — 5 артық 10-нан? 7 кем 3-тен? 10 кем 8-ден? 3 кем 9-дан? — 5 немесе 8 санының қайсысы сандық сәуледе солға қарай орналасады? Қайсысы оңға қарай? Неге? — Динаның үш кәмпиті бар, ал Маратта — бі-реу. Кімнің кәмпиті артық? — Мараттың кәмпиті артық болу үшін, ол тағы неше кәмпит алуы керек? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Математика
Сабақ тақырыбы: | 1 саны және цифры | Мектеп: 83 |
Күні : 13.09.2016ж | Мұғалімнің есімі: Шингисбаева Н.М. | |
СЫНЫП: 1 «А»-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | натурал сандар және нөл санының құрылу
және т.б.) түсіндіреді және сандық сәуледе белгілейді. |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | цифр;
бір. |
|
Сабақтың мақсаты: | Сан ұғымымен және 1 цифрымен таныстыру, 1 санының орнымен таныстыру, 1 цифрын жазуды үйрену. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Санау “бір” санынан басталады. “Бір” саны бір затты көрсетеді. Көп заттардың ішінен бір затты бөліп алу дағдысын дамытуға көңіл бөлу керек. Оқу-шыларға цифрдың белгі болып табылатынын, оны санды жазу үшін қолданатынымызды түсіндіру қажет. Сабақта олар санды 1 цифрымен сәйкестендіріп, 1 цифрын жазады.
Сабақты қайталаудан бастаңыз. Оқушыларға “Тізбектеп санау” ойынын ойнатыңыз. Бірінші оқушы қатарынан екі-үш санды атайды, содан кейін санауды келесі оқушы жалғастырады және т.с.с. 2-ден 6-ға, 3-тен 7-ге, 8-ден 4-ке, 9-дан 1-ге дейін санатыңыз. Жұптық ойын ұйымдастырыңыз: бірінші оқушы бір санды атайды, келесі оқушы — келесі санды, алдыңғы немесе көрші сандарды атайды (ойын сіздің қандай шарт қоюыңызға байланысты жүргізіледі). Оқушыларға мұқият тыңдау керектігін ескерті-ңіз. Кішкене қарындашпен үстелді (тақтаны) соғып, тоқылдатыңыз не болмаса шапалақ соғыңыз. Олар әрбір тарсылды немесе шапалақты санауы керек. Оқушыларға қағаздан жасалған шаршыларды көрсетіңіз. Сіз қанша шаршы көрсетсеңіз, олардың сонша рет шапалақ ұруы (бір шаршыға көп немесе аз шапалақтауға болады) және сол санды атауы керек. Оқушыларға оларды қоршаған заттарды мұқият қарап шығуды сұраңыз.Оқушылардан саны 1 болатын заттарды табуды сұраңыз (тапқан кезде “бір” сөзін пайдалануы қажет). Оларға сыныптағы шамдарды, парталарды дауыстатып санатыңыз да, қай саннан бастап санағанын сұраңыз. Оқулық бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан сандық сәулеге көңіл аударуды сұраңыз. “Бірінші қай сан тұр? Егер ретімен санасақ, келесі сан қай сан болады? Олар натурал сан бола ма? Неге?” деген жетелеуші сұрақтар қойып нақтылаңыз. Оқушыларға цифр — бұл сандарды жазуда қол-данылатын белгі екенін хабарлап айтыңыз. Бүгін “1” цифрымен танысатынымызды ескертіңіз. Оқу-шылардан 1 цифрының неге ұқсайтынын қарап айтуды сұраңыз. |
Мектеп сөмкесін жинауға көмектес. Тапсыр-ма көп заттардың ішінен саны біреу ғана болып тұрған затты табуға арналған. Oқушыдан басқа заттарды емес, неге осы затты таңдағанын түсіндіру-ді сұраңыз.Жауабы:күнделiк, қаламсауыт, сызғыш, альбом, қалам, қарындаш.Қатені тап. Берілген тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан суреттегі қатені табуды сұраңыз. Олар диалог барысында кейбір суреттердегі заттардың саны көрсетілген цифрларға сай келмейтінін табады. Яғни қатені табады және тапсырманы орындайды.Орындап көр. Оқушыларға топпен жұмыс іс-теуді ұсынып, соңынан өздерінің байқағанын топ ішінде қорытындылап, өз пікірін қорғауға мүмкіндік беріңіз.Жауабы:мысал ретінде тақта, есік, компьютер және т.б. алуға болады.Суреттен саны 1-ге тең болатын заттарды тап. Жұппен орындалатын тапсырма. Саны 1-ге тең заттарды тауып атайды. Тексеру барысында кей-бір жұптар жауаптарын атайды, қалғандары кері байланыс үшін тиісті түстегі парақшаны көрсетеді: жасыл түс — дұрыс, қызыл түс — қате.Жауабы:киіз үй, әже, ер адам, құлын, ұл бала, қыз бала, қорап. Гүлдер мен көбелектер саны бірдей ме?Оқушылар суретте көрсетілген әрбір гүлге бір-бір көбелектен келетіндей сәйкестендіріп, жауаптарын парталас көршісімен жұп болып талдайды да, өз пікірін айтады.Жауабы:барлық көбелектерге жетпейді, бір көбелек гүлсіз қалып қояды.Шығарып көр. Арман мен Айнұр қораптан кезек-кезек кәмпит алды. Бірінші кәмпитті Арман, екіншісін Айнұр және т.с.с. алып тауысады. Соңғы кәмпитті кім алады? Кәмпиттің көбі кімге тиеді?Кәмпиттердің орнына қағаздан жасалған дөңге-лектерді пайдаланып, оқулықтағы “Шығарып көр” айдарындағы тапсырманы сыныпта оқушылармен тәжірибе жасай отырып өткізіңіз.Жауабы:Арман соңғы кәмпитті алады. Оған үш кәмпит, ал Айнұрға — екі кәмпит тиеді. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тірек сөздерді есте сақтау үшін оқушылармен ойын жүргізіңіз. Сөздер жазылған парақшаларды тақтаға орналастырыңыз. Кез келген парақшаны көрсетіңіз, оқушылар топпен дауыстап қайталайды. Оқушылар тірек сөздерінің графикалық жазылуын есте сақтап, үлкендердің көмегінсіз өз беттерімен айта алады. | Бір үрленген шардың суретін сал. Оқушылар “1” цифрын заттың санымен байланыстыра отырып, бір затты белгілеп, бір шардың суретін салу керек.Суретке қара. Оқушылар өз бетінше саны 1-ге тең заттарды тауып, оларды түрлі түсті қарындашпен бояйды.Жауабы:қалам, дәптер.Шаршының бос торкөздерін толтыр. Тап-сырма оқушылардың ойлау дағдыларын дамы-тады. Тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Шаршыны толтырып болған соң, әр топ өз шешімін тақтаға шығып көрсетеді (алдын ала тақтаға көрнекіліктегі шаршының көшірмесін бекітіңіз). Оқушылар өз пікірін ортаға салып, дұрыс шешімді тауып, оны дәлелдеуі тиіс.Жауабы:бірінші қатар — үй; екінші қатар — үй, шар; үшінші қатар — алма, шар.Үлгі бойынша жаз. “1” цифры қандай элемент-терден тұратынын байқауы тиіс. Оқушылармен бірге саусақпен жаттығу жасаңыз. 1 цифрының элементтерін жолға жазуды ұсыныңыз. Үшінші қатарды толтырудың алдында тақтада оның үлгісін көрсетіңіз. Үшінші жолды цифрды жазудың әр қадамын айта отырып жаздырыңыз.Бір зат салынған жерге 1 санын жаз. Бұл тапсырма 1 цифрын жазу дағдысын бекітуге ба-ғытталған. Оқушылар бір зат салынған суретті таңдап алып, 1 санын оның астына жазуы тиіс. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:жалпы топтың ішінен бір затты таба алуды;1 цифрын жазуды;1 цифры бір затты белгілейтінін меңгереді.Оқушылардың бүгінгі сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін тексеру үшін төмендегі сұрақ-тарды қойыңыз:— Санау қандай саннан басталады?— Санау кезінде қолданылатын сандар қалай аталады?— 1 саны нені көрсетеді?— 1 саны қандай цифрмен белгіленеді?— Суретте неше зат бейнеленген? (1 велосипед, 1 доп, 1 алмұрт бейнеленген парақшаларды көр-сетіңіз).Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Математика
Сабақ тақырыбы: | 2 саны және цифры | Мектеп: 83 |
Күні : 14.09.2016ж | Мұғалімнің есімі: Шингисбаева Н. М. | |
СЫНЫП: 1 «А»-сынып | Қатысқандар саны: 23 | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | екі;қосу;азайту;тең. | |
Сабақтың мақсаты: |
2 санының сандар қатарындағы орнын, оның мағынасы мен құрамын түсіндіру, 2 цифрының жа-зылуын үйрету, “+”, “–”, “=” таңбаларымен және оны қолдануымен таныстыру. |
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
2 саны — сандар қатарында 1 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында тәжірибе арқылы көрсете отырып, 2 санын алумен және оның құрамымен таныстыру керек. Сонымен қатар “+”, “–”, “=” таң-баларын енгізу. 2 санын алу үшін 1 санына бірді қосамыз. Оны мынадай өрнек түрінде жазуға болады: 1 + 1 = 2. Егер екіден бірді азайтсақ, онда бірді аламыз: 2 – 1 = 1. Сандық сәуледе екі саны бір санынан оңға қарай орналасатынына көңіл аудартыңыз. Сонымен бірге 2 цифрын көркемдеп дұрыс жаза білуге үйрету. Сабақта жұп заттар ұғы-мын енгізіп түсіндіру. Жұп сөзі екі бірдей затты (ал-малар жұбы) немесе қос затты білдіреді (мысалы, қолғап — жұп, ол екі сыңардан тұрады).
Сабақ өткен тақырыптарды қайталаудан бас-талады. Төмендегі ауызша жаттығуларды орын-датыңыз: — 10 санына дейін кері және тура ретпен сана;— 3-тен 9-ға дейін, 6-дан 2-ге дейін, 8-ден 4-ке дейін т.с.с. әртүрлі тәртіппен сана;— Ең соңғы санды және қалып қойған сандарды ата мысалы, 3, …, …, …, 7, 5, …, …, …, 9 және т. б. Оқушылардан натурал сандар туралы не білетінін сұраңыз. Санау қай саннан басталатынын, сол сан туралы не білетінін, натурал сандар қатары деген не екені туралы сұраңыз. Натурал сандар — санау кезінде қолданылатын сандар. Санау 1 санынан басталады. Натурал сандар қатарында сандар кішіден үлкеніне қарай ретімен тұрады. Оқушылар сұрақтың не туралы екенін түсінсе, олардан сөзін толық айтуды талап етпеуіңізге болады. “Бұл сан 1 санынан үлкен және санау кезінде одан кейін тұрады (жауабы: 2 саны)”, — деген сияқты сөзіңіздің мазмұнына қарап, оқушылар сабақтың не жайында болатынын болжауы тиіс. Тақтаға қағаздан қиылып жасалған бір жапырақ-ты жапсырыңыз. Оқушылардан тақтада неше жа-пырақ барын, ол 2 жапырақ болу үшін не істеу керектігін сұраңыз. Оқушылардан қолдарына бір-бір қарындаштан алуын өтініңіз. Қолдарында неше қарындаш барын және 2 санын қалай алуға болаты-нын сұраңыз. Қатар бойынша сыныпты екі топқа бөліңіз және бірінші топқа қолдарына 1 қарындаш, ал екінші топтың оқушыларына 2 қарындаш алуларын өтініңіз. “Кім-нің қарындашы көп? Неге?” деп сұраңыз. Оқулық бойынша жұмысты жалғастырыңыз: оқушылардан сандық сәулеге қарауды сұраңыз. “1 санынан кейін қандай сан тұр? 2 санының алдында қандай сан тұр? 2 саны 1 санының алдында немесе артында тұр ма? 2 саны 1 санынан үлкен бе, кіші ме?” деген сұрақ-тар қойыңыз. Оқушыларға сіздің сөйлеміңізді аяқтау қажеттігін ескертіңіз: сан қатарының оң жағында тұрған сандар, сол жағында тұрған сандардан (үлкен). “2 санын натурал сан деп атауға бола ма? Неге?” деп сұраңыз. Оқушыларға сыныптағы саны 2 болатын заттардытабуды ұсыныңыз. |
Суреттен бірдей екі затты тап. Оқушылардан заттар қатарына мұқият қарап, бірдей екі затты атауды сұраңыз. Өз байқағанымен бөлісу үшін жұмысты жұпқа бөліп ұйымдастырыңыз.Жауабы:
2 кітап, 2 секіргіш, 2 гүл.Көрнекілік материалдар жинағынан бір саңы-рауқұлақты алып тақтаға бекітіңіз. Оқушылардан “Тақтадан неше саңырауқұлақ көріп тұрсыңдар?” — деп сұраңыз. (Бір.) “Саңырауқұлақтың астына қай санды қоюға болады? (1) 1 цифры жазылған па-рақшаны саңырауқұлақтың астына орналастыр. Саңырауқұлақ екеу болу үшін не істеу керек? (Тағы да бір саңырауқұлақ қосу керек.) Тағы бір саңырауқұлақты қос және оның астына 1 цифры жазылған парақшаны орналастыр”. Оқушыларға бір санға екінші санды қосуды, математикада “+” белгісін қолданып көрсететінін және ол қосады деген мағынаны білдіретінін айтыңыз. Енді неше саңырауқұлақ болғанын сұраңыз. (2). “=” белгісі мен 2 цифрын парақшаға орналастырыңыз. Оқушыларға “тең” белгісі қанша болғанын көрсететінін айтыңыз. Алынған өрнекті оқытыңыз: 1 + 1 = 2. Оқушылардан оны оқуды сұраңыз. 2 – 1 = 1 өрнегі бойынша да осындай жұмыс жасаңыз.Оқып шық. Оқушыларға суретті қарап, сюжет бойынша әңгіме құрастырып не болғанын айтып беруді ұсыныңыз. Содан кейін оларға өрнекті жұппен оқуды ұйымдастырыңыз. Олар алғашында біреуі оқиды да, екіншісі тыңдайды. Ал одан кейін керісінше. Тапсырма оқушылардың “+”, “–”, “=” белгілерінің мағынасын ұғу үшін жаттығуғабағытталған. Шығарып көр. Жоғарыдағы үш сурет бойынша сыныппен талдау жүргізіңіз. Оқушылардың біреуіне сұрақты оқытып, ал қалғандарына оған жауап беруді ұсыныңыз. Олардан өрнекті шешуді сұраңыз. Төменгі қатардағы сурет бойынша жұмысты топпен алдыңғы тапсырма сияқты орындатыңыз. Содан кейін оқушыларға осындай шешімі болатын өз мысалдарын ойлауды ұсыныңыз. Жауабы: 1 + 1 = 2;2 – 1 = 1. Сана және салыстыр. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға заттардың санын солға және оңға қарай санатыңыз және қайсысы көп, ал қайсысы аз екенін салыстыртыңыз. Содан кейін салыстыруға өрнекті оқуды сұраңыз. Орындап көр. Берілген жаттығуды топпенорындатыңыз. Жауаптың барлық нұсқаларын тыңдаңыз. Оқушылар суреттегі балаларды неше рет топқа бөлді? Әр бөлу кезінде неше топ жасауға болады? Жауабы: ұлдар мен қыздар тобы;қолдарында қағазқапшығы бар топ пен қағазқапшығы жоқ топ; қара шаштылар тобы мен сары шаштылар тобы. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Ауызша жұмыс кезінде санауды жүргізіңіз; “сан”, “цифр”, “плюс”, “минус”, “тең” сөздерінің дұрыс қолданылуын қадағалаңыз.Оқушылармен “Екі” ойынын ұйымдастырыңыз. Тақтаға екі оқушыны шақырыңыз. Олар кезек-кезек заттарды атайды, жұп затты атаған кезде, қалған оқушылар қолдарын тез көтеріп, жұп заттардың атауын айтады. | Екі алманың суретін сал. Тапсырма 2 цифрын 2 санымен сәйкестендіре білу дағдысын қалып-тастырады. Саны 2 болатын заттарды бейнелеп көрсете білуге үйретеді. Суреттен 2 цифрын тап және оны бастырып сыз. Тапсырма зейінді дамытуға бағытталған. Аққудың суретінен 2 цифрының сұлбасын тауып,бояуы қажет.Бірдей екі затты боя. Тапсырма “жұп” деген ұғымды түсіне білуге және мұқияттылықты дамытуға бағытталған.Жауабы:пештің екі мұржасы, екі есік, екі басқыш, екі суқұбыр, гүл салынған екі құмыра, екі мысық.Үлгіге қарап жаз. 2 цифрының жазбаша үлгісі көрсетілген. Алдымен оқушылар цифрдың қандай элементтерден тұратынын анықтауы қажет, оның жазылу техникасын білу керек. Балалар 2 цифрының элементтерімен танысып, жазуды үйренеді. Соңында өздері жазған ең әдемі цифрдың астын сызуы тиіс. Келесі жол өз беттерінше жазуға арналған.Берілген сан нешені көрсетіп тұрса, торкөзге сонша фигура сал. Оқушылар дәптерде берілгенүлгіні талдай отырып, көрсетілген санға сәйкес фигуралардың жетіспей тұрған санын салып, қатарды толықтыруы керек.Фигураларды сана және салыстыр. Оқушылар-ға фигураларды солға және оңға санауды және салыс-тыру таңбаларын қоюды; төменгі жағына сол жақтағы және оң жақтағы фигуралар санын жазуды және олар-дың арасына салыстыру таңбасын қоюды ұсыныңыз.Түсіп қалған белгілерді қой. Оқушылармен өткен белгілерді қайталаңыз және тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Содан кейін оларға осы белгілерді не үшін қойғанын түсіндіруді сұраңыз.Жауабы:1 + 1 = 2;2 – 1 = 1;1 + 1 = 2. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз: — Сандық сәуледегі 2 санының орны туралы не айта аласың?— 2 санын қалай алуға болады?— “+”, “–”, “=” белгілері нені көрсетеді? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Математика
Сабақ тақырыбы: | 3 саны және цифры | Мектеп: 83 |
Күні : 16.09.2016ж | Мұғалімнің есімі: Шингисбаева Н.М. | |
СЫНЫП: 1 «А»-сынып | Қатысқандар саны: 23 | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | үш. | |
Сабақтың мақсаты: | — Оқушыларды натурал сандар қатарындағы 3 санының орнымен және құрамымен таныстыру;
— 3 цифрын жазуды үйрету. |
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
3 саны — натурал сан, натурал сандар қатарында 2-ден кейін тұрады. Оқушыларды сабақта 3 саны-ның құрамы мен оны алудың әртүрлі нұсқаларымен таныстыру қажет. Сандық сәуледе 3 санын басқа сандармен салыстыруға көңіл бөліп, санның құра-мы бойынша 1 мен 2 сандарымен байланыс орнату, сандық сәуледегі орны бойынша орналасу жағда-йын қарастыру. Сонымен қатар оқушыларды дұрыс және көркем жазуға жаттықтыру.
Сабаққа арналған ескертпелер Сабақты мынадай сұрақтар қоюдан бастаңыз: — Санау кезінде 1-ден кейін қандай сан тұрады? — 2 санын қалай алуға болады? Оқушыларға жаңа тақырыппен танысу үшін білім жолын көрсететін “сиқырлы шумақ жіпті” пайдаланатыныңызды хабарлаңыз. Оларға бетін орамалмен жауып, табаққа салынған жіптерді көрсетіңіз. Онда қанша домалақ жіп жатқанын болжауын сұраңыз. Сыныппен бірге дауыстап қанша жіп барын санатыңыз. Бір шумақ домалақ жіпті алы-ңыз. Оқушыларға қанша жіп болса, сонша дөңгелек қағаз алу керектігін айтыңыз (дөңгелектерді пар-таның үстіне алдын ала алып қою керек). Дөңге-лектердің санын 3-ке жеткізуді ұсыныңыз. Тағы неше дөңгелек алғанын сұраңыз. Дөңгелектердің көмегімен 3-ті тағы да қалай алуға болатынын көрсетуді сұраңыз. Сыныптағы оқушыларды екіге бөліңіз. Жұппен жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз. Бірінші топтағы оқушыларға үш дөңгелектен қатар құрастыруды ұсыныңыз, ал сыныптың екінші топта-ғы оқушыларына екі дөңгелек немесе тек бір ғана дөңгелек қоюларын сұраңыз. Оқушыларға осы дөң-гелектер көрсететін 1 және 3, 2 және 3 сандарын салыстыртыңыз. Қай санның артық, қайсысының кем екенін сұраңыз. Сандық сәуле бойынша тақтада және оқулықта жұмыстар жүргізіңіз. “3 саны қай саннан кейін келеді? 3-тің алдында қандай сан тұр? Осы сандардың қайсысы үлкен немесе кем? Неліктен?” — деп сұраңыз. 3 цифрын жазу үлгісін көрсетіңіз. Оқушылардан 3 цифры неге ұқсас екенін сұраңыз.Түсіп қалған сандарды жаз. Оқушылармен 3 санының құрамын талдау және 3-ке дейін санау-ды қайталау үшін жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда дөңгелектерді пайдалануға болатынын ескертіңіз.Жауабы:бірінші үй: 1-қабат — 2; 2-қабат — 1; екінші үй: терезеде — 1. |
Сана. Сыныпта сұрақтар бойынша талдауды ұйымдастырыңыз. Оқушылардан неше аққу бол-ғанын сұраңыз. (2) Екінші суретте не өзгерді? (Тағы да бір аққу жүзіп келді.) Үшінші суретте енді неше аққу болды? Оқушылардан төмендегі өрнекті оқып, оны шешуді сұраңыз. Екінші топтағы суреттер бо-йынша жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Содан кейін кейбір жұптарға өз нәтижелері туралы айтып беруді ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар сандық сәулені қолдана алады. Оқушыларға қосу және азайту амалдарына арналған есеп шығару барысында сандық сәулемен жұмыс жасау ретін көрсетіңіз. 3 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайлары қамтылады.Планшет. Оқушылар суреттегі бала саны мен планшет санын салыстыра отырып санауы тиіс. Кімге планшет жетпей қалды? Енді қанша планшет керек?Жауабы:үш планшет болу керек.Орындап көр. Ең байқампаз оқушыларға ар-налған жарыс ұйымдастырыңыз.Жауабы:үш терезе, үш шкаф, үш қатар парта т.с.с.Шаңғышығакедергіденөтугекөмектес.Оқушы жауабын түсіндіргенде мынадай сөз тір-кестерін қолдану керектігін ескертіңіз: “мынадан кейін …”, “… санының алдында болатын сан …”, “алдыңғы”, “келесі”. Оқушыларға тапсырманы орын-дау қиындық туғызса, тақтадағы сандар қатарын пайдалануға болатынын ескертіңіз.Жауабы:бірінші төбешік — 2; екінші төбешік — 3; үшінші төбешік — 1, 2.Шығарып көр. Оқушылардан суретті мұқият қарап шығуды өтініңіз. Спортта неше жеңімпаз орны болатынын естеріне түсіртіңіз. Жеңімпаздар қан-дай орын алады және оларға берілетін медальдар қандай болады? Оқушыларға тапсырманы жұппен орындатып, өзара пікір алмасу ұйымдастырыңыз.Жауабы:3 медаль. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
3 санын дауыстап айтып, сонша рет отырып тұруын сұраңыз. Барлық оқушы сіз қандай санды айтсаңыз, сол санды дауыстап айтып, сонша рет отырып тұрулары керектігін ескертіңіз. 1, 2, 3 сандарын қолданып, сөз тіркестерін айтқызып ойынды жалғастырыңыз. | Үш көбелектің суретін сал. Оқушылар 3 цифрын оған сәйкес келетін зат санымен сәйкестендіріп, 3 көбелекті салуы керек.Әрбір ағашта үш алмадан болатындай етіп, алмалардың суретін сал. Оқушылар әр қатар-дағы ағаштағы алманың санын салыстырып қарап, қосындысы 3 болатын сандарды табу арқылы сан құрамы туралы білімдерін бекітеді.Оларға әрбір ағаштағы алманың санын санап, 3-ке жетпей тұрған алманың суретін салып толықтыру керек. Бір ағашта үш алманың барын ескеру керек. Тапсырманы орындап болған соң, жұппен өзара тексеруді ұйымдастырыңыз. Олардың назарын су-реттің төменгі жағында жазылған тапсырмаға ауда-рыңыз. Солдан оңға қарай санап, үшінші тұрған ағаштағы алмаларды бояуды ұсыныңыз.Жауабы:бірінші ағашқа 2 алма салу керек; екіншіге — 1 алма; үшіншіге — 3 алма. | |
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: Оқушының сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:— Бүгін сендер қандай санмен, қандай цифрмен таныстыңдар?— 3 саны сандық сәуледе қандай саннан кейін тұрады?— 3 санын қалай алуға болады?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 4 саны және цифры | Мектеп: 83 |
Күні : 19.09.2016ж | Мұғалімнің есімі: Шингисбаева Н. М. | |
СЫНЫП: 1 «А»-сынып | Қатысқандар саны: 22 | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | төрт. | |
Сабақтың мақсаты: | 4 санының сандық сәуледегі орнымен, 4 санының мағынасы және құрамымен таныстыру; 4 цифрын жазуды үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
4 саны — натурал сан, ол натурал сандық сәуледегі 3 санынан кейін тұрады. Оқушыларды 4 санының құрамымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру. Сандық сәуледегі басқа сандармен 4 санын салыстыруға және 1, 2, 3 сандарымен байланысына, сандар қатарындағы 4 санынан оңға немесе солға орналасқан сандарға көңіл бөлу керек. Сонымен қатар 4 цифрын көркем жазуға үйрету қажет.
Сабақты өткен тақырыптарды қайталаудан және оқушыларға мына жаттығуларды орындатудан бас-таған абзал: |
Оқушылардан тақтадағы және оқулықтағы сан-дық сәулеге қарауын сұраңыз.Санаған кезде 3-тен кейін қай сан болатынын сұраңыз. Оларға алғашында 3 қарындаш алуды, одан кейін 1 қарындаш алуды ұсыныңыз. Неше қарындаш болғанын және 1, 2, 3 сандары 4 санынан артық не кемдігін сұраңыз. 4 санын қалай алуға болатынын сұраңыз. 4 санының құрамына байланысты мына ойынды ойнатыңыз: тақтаға 4 оқушы (екі ұл және бірінің шашы ұзын, екіншісінікі қысқа екі қыз шыққаны дұрыс) шығады. Тақтаның алдына шыққан оқушы-лардан әртүрлі тәсілдермен топтарға бөлінуін сұраңыз және әр топтағы баланы санатып отырыңыз. Соңынан оларға құрылған топтарға байланысты 4-ті қалай алуға болатыны туралы қорытынды жасатыңыз.
Қай үй жануарларының 4 аяғы бар? Айтып бер. Оқушылар суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беруі тиіс.Жауабы:ат, қой, ешкі.Қандай сандар түсіп қалған? Тапсырманы орындауға неғұрлым көп оқушыны белсенді түрде араластыруға тырысыңыз. Жауап беруге қиналған оқушыларға санау таяқшасының орнына қарындаштар қолдануды ұсыныңыз.Жауабы:бірінші шие: 3; екінші шие: 2; үшінші шие: 1.Сандарды салыстыр. Оқушыларға өрнектерді жұппен салыстырып айтуды ұсыныңыз. “Артық”, “кем” және “тең” сөздерін дұрыс қолдануларын бақылаңыз.Жауабы:4> 12 34 = 4Түсіп қалған сандарды ата. Сандық сәулеге сүйене отырып, жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз.Жауабы:түсіп қалған сандар: а) 4; ә) 3, 1; б) 1, 3; в) 4, 2.Шығарып көр. Оқушылардың суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беруін ұйымдастырыңыз. Қоянда неше ақ көжек бар? Неше қара? Барлығы неше көжек бар? Соңғы сұраққа жауап беру үшін көжектерді санап шығуды сұраңыз.Жауабы:4 көжек.Сана. Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Біреуі сұрақ қояды, ал екіншісі ол сұрақтарға жауап береді. Оларға мынадай жұмысты мысал ретінде көрсетіңіз. Бірінші топтамадағы суреттер бойынша сұрақтар қойыңыз да, жауабын тыңдаңыз. Неше қоңыр тауық бар? (3) Неше ақ тауық бар? (1) Егер 3-ке 1-ді қосса қанша болады?(4) Оқушылар қалған суреттер бойынша жұппен жұмыс жасайды. Жұптардың жұмыстарын байқаңыз. Содан кейін олардан 4 санын қалай алғаны туралы айтып беруді сұраңыз.Орындап көр. Оқушыларға “Ең байқағыш оқу-шы” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Оқушылар өз орындығының, көршісінің орындығының аяғын, тағы сол сияқты сыныптағы саны 4 болатын басқа заттарды тез табуы керек.Жауаптар нұсқасы:төрт шкаф, төрт қабырға, төрт фломастер т.с.с. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылармен зейінді дамытуға бағытталған ойын ойнаңыз. Жүргізуші қандай қимыл жасау қажет екенін айтып, 1, 2, 3 немесе 4 сандары жазылған парақшаларды көрсетеді. Оқушылар парақшада қандай сан болса, қимылды сонша рет жасайды. Мысалы, жүргізуші “шапалақ” сөзін айтып, 4 санын көрсетсе, олар 4 рет алақандарын шапалақтауы керек. Тірек сөз жазылған парақшаны “Сөз қабырғасына” орналастырыңыз. | Төрт гүлдің суретін сал. Оқушылар 4 санын осы санды білдіретін заттар санымен сәйкестендіруi керек және сәйкес мөлшерді өз бетінше елестетіп үйренуi тиіс.Төртінші тұрған жануардың суретін боя.Тапсырма санау дағдысын дамыту және басқа сандар қатарында 4 санының ретін ерекшелеуге бағытталған. Алдымен жануарларды ретімен санап шығып, төртінші тұрған жануарды анықтау керек.Жауабы:бұзауды бояйды.Заттарды топтарға бөл. Оқушы қарындашпен қоршау немесе сызықтармен қосу арқылы жануар-ларды топқа біріктіруді өз бетінше орындайды. Сондықтан нұсқаулықта жануарларды қалай бірік-тіру керектігі көрсетілмеген.4саныналуүшінқажеттісандыжаз.Тапсырмада оқушылар 4 санының құрамы туралы білімдерін және оны алудың әртүрлі жолдарын табу дағдыларын қолданады. Егер оқушылар қиналатын болса, санау таяқшасы ретінде қарындашты қол-дануға болатынын ескертіңіз.Жауабы:бірінші қарындаш: 1; екінші қарындаш: 1, 1, 1; үшінші қарындаш: 2. | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
Сабақта өткен материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қойыңыз:— Сандық сәуледе 4 саны қай жерде орналасқан? — 4 цифры неше затты білдіреді? (парақша-дан 4 цифрын көрсетіңіз).— 4 цифрының құрамын көрсететін ойын ұйым-дастырыңыз: оқушыларға сандар жазылған парақ-шаларды көрсетіңіз, олар сіз көрсеткен санды 4-ке толтыру үшін қажетті санды парақшадан көрсету керек. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 5 саны және цифры | Мектеп: 83 |
Күні : 20.09.2016ж | Мұғалімнің есімі: Шингисбаева Н. М. | |
СЫНЫП: 1 «А»-сынып | Қатысқандар саны:22 | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | цифрлары бар парақшалар;
белгі беретін тақтайшалар;доп. |
|
Тірек сөздер | бес. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды 5 санын алу жолдарымен, 5 саны-ның сандық сәуледегі орнымен, 5 санының құрамы-мен таныстыру және оларға 5 цифрын жазуды үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
5 саны натурал сан болып табылады және нату-рал сандық сәуледе 4 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында оқушыларды 5 санының құрамымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру қажет. 5 санын сандық сәуледегі басқа сандармен салыстыруға, сандардың құрамы және сандық сәуледе оңға немесе солға қарай орналасуы арқылы 1, 2, 3, 4 сандарымен байланыстарын анықтауға көңіл бөлу керек. Сондай-ақ оқушыларға 5 цифрын дұрыс және көркем жазуды үйрету қажет.
Сабақты қайталаудан бастаңыз. Сандық сәуледегі санның орнын түсіндіруге бағытталған жаттығулар-ды орындатыңыз. 1-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшалар дайындаңыз. Осы қағаздарды тақтаға бекітіңіз, 2 және 4 цифрлары бар парақшалардың бет жағын тақтаға қаратып қойыңыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Қандай парақшалар аударылып қойылған? — Қандай сандар түсіп қалған?— Мен бір сан ойладым, ол 3 санынан кейін тұрады (2 мен 4-тің арасында, 2-нің алдында) және т.с.с. Бұл қай сан? (Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қорытындылаңыз.) Кіріспе тапсырма. Тақтаға төрт оқушыны ша-қырыңыз. Оларға 1-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратыңыз. Алдымен сандардың кему реті бойынша, артынан өсу реті бойынша тұруды ұсыныңыз. Тағы бір оқушыны тақтаға шақы-рыңыз. Сыныптағы оқушылардан неше оқушының тақтада тұрғанын сұраңыз. Тақтадағы оқушылардың біреуінің бір қадам алға басуын сұраңыз. Сыныпта-ғы оқушылардан ол нешінші оқушы екенін айтқызы-ңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:— 5 саны қай саннан кейін орналасқан? — Оның алдында қандай сандар бар?— Қай сандар 5-тен кіші?Тақтадағы сандар қатарына назар аудартыңыз да, 5 саны бар қағазды сонда қосыңыз. Оқушылардан сабақтың тақырыбын сұраңыз және бүгінгі сабақ-тың мақсатын айтып беруді ұсыныңыз (жауаптарын тыңдаңыз). |
Суреттегі заттарды сана. Оқушылардан су-рет бойынша дүкен сөресіндегі тауардың барлық түрлерін айтып беруді сұраңыз. Одан кейін тек сноубордтарды санауды ұсыныңыз. Оларға нәти-жені бір-бірімен жұптары бойынша талдап айту қажеттігін ескертіңіз.Жауабы:бес сноуборд.Доптарды сана. Оқушыларға доптардың суретіне сүйене отырып, түсіп қалған сандарды қоюды ұсыныңыз. Олардан бірінші қорапта неше доп барын сұраңыз. Бір бөлігінде нешеу, ал екінші бөлігінде ше? 5 саны қалай пайда болды? Қандай сандар түсіп қалғанын сұраңыз. Олар неге олай деп шешті? Осылайша екінші қораптағы доптармен де жұмыс жасаңыз.Түсіп қалған сандарды тап. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді және түсіп қалған сандарды табуды ұсыныңыз.Жауабы:бірінші жолақта: 1; екінші жолақта: 3; үшінші жолақта: 5.Шығарып көр. Ең мерген ойыншыны табатын жарыс өткізіңіз. Оқушылардан 5 ұпай жинау үшін торға салатын доп нөмірлерінiң санын сұраңыз.Жауабы:2 мен 3; 1 мен 4.Орындап көр. Оқушылардан қақпаға неше гол соғылғанын қалай тапқанын сұраңыз. Олардан, сұраққа жауап берген соң, өздерінің сүйікті спорт түріне байланысты берілген тапсырмаға ұқсас өз тапсырмасын құрастыруды өтініңіз.Жауабы:5 доп.Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сандық сәулеге сүйене отырып, 5 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайла-рын қамтыңыз. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылармен “Мен 5 қыздың есімін білемін: Елдана — 1, Қаламқас — 2, Әлима — 3, Ақерке — 4, Гүлнар — 5” ойынын ойнатыңыз (мұнда оқушылар сандарды анық әрі дұрыс айтуы қажет).
Ойынды басқаша да жалғастыруға болады: мысалы, мен 5 ұлдың есімін білемін, мен 5 қаланың атын білемін және т.с.с. |
Бес балықтың суретін сал. Оқушылар цифрды зат санымен байланыстыруды және сонша заттың санын елестетуді үйренеді.Түсіп қалған сандарды жаз. Тапсырмада 1-ден 5-ке дейін және 5-тен 1-ге дейін сандарды ретімен қойып, 5-ке дейінгі натурал сандар қатарын тура және кері ретпен қалпына келтіру керек. Оқушы-лар сандық сәуледегі 5 санының орнын анықтауды үйренеді, 5-ке дейінгі тура және кері ретпен санау дағдысын жетілдіреді.Жауабы:бірінші қатардағы түсіп қалған сандар: 2, 4, 5; екінші қатардағы түсіп қалған сандар: 4, 3, 1; үшінші қатардағы түсіп қалған сандар: 1, 3, 5.Суреттерді мысалдармен қосып сыз. 5 саны-ның құрамын алдын ала қайталатыңыз. Содан кейін жұппен дауыстап айту арқылы жазуды ұйым-дастырыңыз. Мысалы: 5 – 2, 5 — бұл 2 мен 3, яғни 5 – 2 = 3 осы мысалды үш нүктемен қосамыз. Оқушылардың жұппен дауыстап бір-біріне айтуын бақылаңыз. Егер кей оқушыларға қолдау керек болса, көмек көрсетіңіз. Алынған нәтижені бүкіл сыныппен тексертіңіз. | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
Сабақта өткен материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтарды қойыңыз: — 5 саны сандық сәуледегі қай саннан кейін тұрады? — 5 санына дейін қандай сандар бар?— 5 санын қалай алуға болады? Доппен ойын ойнатыңыз: 5 санының құрамы туралы сұрақ қоя отырып, оқушыға допты лақ-тырыңыз. Мысалы, 5 — бұл 2 және “?”. Оқушылар допты қайта лақтырып, сұраққа жауап береді. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 6 саны және цифры | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | • натурал сандарды алу жолын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды;натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “ |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | алты. | |
Тірек сөздер |
|
|
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды 6 санының сандық сәуледегі орнымен, оның құрамымен таныстыру; 6 цифрын жазуды үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
6 саны сандық сәуледе 5 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында оқушыларды 6 санының құра-мымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен та-ныстыру қажет. Сандық сәуледе 6 санынан оңға немесе солға қарай жылжу арқылы 1, 2, 3, 4, 5 сандарының құрамы бойынша байланыстарын анықтауға көңіл бөлу керек. Сондай-ақ оқушыларға 6 цифрын көркем жазуды үйрету қажет.
Сабақты алған білімді қайталатудан бастаңыз. Оқушылардан қандай сандармен таныс екенін сұраңыз. Олар білетін сандардың ішінен ең үлкен және ең кіші сандарды атауын ұсыныңыз. Үстелге 1-ден 5-ке дейінгі сандары бар парақшаларды орналастырыңыз. Оқушылардан кез келген парақ шаны таңдап алып, тақтаға өсу реті бойынша тұруын сұраңыз, одан кейін оларды сандардың кему реті бойынша тұрғызыңыз.“Үндемес” ойынын ойнатыңыз. Оқушыларға сан-дары бар парақша көрсетіңіз, ал олар осы парақ-шадағы санның 5-ке қаншасы жетпей тұрғанын қа-рындаш санымен көрсетуі керектігін айтыңыз.Жаңа материалды түсіндірмес бұрын оқушы-лармен бірге “Шалқан” ертегісін еске түсіріңіз. Ертегінің барлық кейіпкерін атап шығуды сұраңыз. Оқулықтағы иллюстрацияларды пайдаланыңыз. Ертегіні сабақ үстінде сахналауға болады. Оқу-шыларға тақтаға шыққан ертегі кейіпкерін санауды ұсыныңыз. Олардан ертегінің неше кейіпкері шал-қанды тартып жатқанын және сол санға сәйкес қарындаш санын үстелдің үстіне қоюын сұраңыз. Кім оларға көмекке келе жатқанын және тышқан реті бойынша нешінші болатынын сұраңыз (алтыншы). Оқушылардан алдарына тағы бір қарындаш қойып, енді барлығы неше қарындаш болғанын айтқызыңыз. 6 санын қалай алуға болатынын сұраңыз. “6 саны 5-тен үлкен бе, әлде кіші ме?” деп сұраңыз. Cандық сәулеге көңіл бөлуді ескертіңіз. 6 санының орны қайда екенін сұраңыз. 5 санынан кейін 6 саны жа-зылған парақшаны қойыңыз да, қандай сандардың 6 санынан кіші болатынын сұраңыз. Оқушылардан 6 санын қай жерде кездестіргенін естеріне түсіртіп, айтқызыңыз. |
Ертегі кейіпкерлерін сана. Оқушыларға тап-сырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар суретке зер сала қарап, ертегінің барлық кейіпке-рін санап шығуы тиіс.Жауабы:алты.Әрбір суретке сәйкес келетін мысалды тап.Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Алғашында оқушылардан бірінші суретке қарауды сұраңыз және ламинатталған беттерге суреттегі кекірегүл мен түймедақтардың санын цифрмен жазуды ұсыныңыз. Одан кейін алынған цифрлар мен мысалдарды салыстырып, бұл суретке қай мысал дәл келетіні туралы қорытынды жасатыңыз. Осылайша екінші және үшінші суреттермен де жұмыс жасатыңыз. Оқушыларға қосымша тапсырма ретінде барлық мысалдарды шешуді ұсыныңыз.Шығарып көр. Оқушыларға түймелер топта-масын таратып беріңіз. Жұппен ойын ұйымдас-тырыңыз. Оларға партаның үстіне түйме саны мен түсі суреттегі көбелек саны мен түсіне сәйкес келетіндей етіп, 6 санын әртүрлі тәсілмен қойып көрсету қажеттігін ұсыныңыз. Мысалы, суретте 3 қызыл және 3 жасыл көбелектің суреті салынған. Оқушы 3 қызыл және 3 жасыл түймені алып қойып, жалпы санын санау керек. 6 саны 3 және 3-тен алы-нады. Оқушыларға басқа екі нұсқасын қарастыру қажеттігін айтыңыз. Түймелердің әртүрлі түстерін қолданып, басқа комбинациялар жасауды ұсыныңыз.Мысалы, 3 қызыл, 1 жасыл және 2 көк. Жалпы сы-ныппен тексеруден кейін сурет бойынша қосуға өз беттерінше мысалдар құрастыруды ұсыныңыз.Жауабы:3 және 3;4 және 2;5 және 1.Гүлшоғы. Оқушылар әртүрлі гүлден құралған гүлшоғына зер салып қарап, олардың атауларын айтуы керек. Түймедақ гүлінің санын санатыңыз. Одан кейін қоңыраугүлді санатыңыз. Қай гүлдің артық, қай гүлдің кем екенін сұраңыз. Осылайша кекірегүлмен, түймедақпен жұмыс жасатыңыз. Оқу-шыларға қандай гүлдердің артық немесе кем екені туралы қорытынды жасатыңыз.Жауабы:6.Сандарды салыстыр. Оқушылардан жұппен жұмыс жасауларын сұраңыз және салыстыра алатын сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылардың салыстыруға өрнектер құрастыру дағдыларының даму деңгейін байқау үшін жұптардың жұмысынбақылаңыз.Орындап көр. Оқушыларға қатты қағаздан жасалған балықтар мен 6 саны жазылған шелек дайындаңыз. Олардан тақтаға шығып, шелектің ішіне 6 саны шығу үшін қажетті балық санын салуын сұраңыз. Мысалы, екі рет 3 балықтан салу немесе 4 балық салып, үстіне тағы 2 балық қосу т.с.с. Оқушыларға 6 санын алудың барлық нұсқасын тапқызыңыз. Жұмыс біткен соң 6 санын қалай алуға болатыны туралы қорытынды жасаңыз.Жауабы:4 және 2; 3 және 3; 1 және 5; 2 және 4; 5 және 1; т.с.с. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылардың “алдыңғы сан”, “кейінгі сан” деген математикалық сөздерді дұрыс қолдануын қадағалаңыз. Олардың зейінін тексеруге арналған ойын өткізіңіз. Оқушылардың барлығына дауыстап, 1-ден 6-ға дейінгі сандарды санауды ұсыныңыз. | Алты жұлдыздың суретін сал. Оқушылар үлгі бойынша сызықтардың бағыттарын, олардың ретін анықтап алып, әр нүктені жұлдызға айналдыру керек.Сарайда неше терезе бар? Оқушылар сарайда неше терезе бар екенін санап, жауабын бос ұяшықтың ішіне жазуы керек.Жауабы:6.Санға қарап, алманың суретін толықтырып сал. Оқушылардан әрбір тәрелкеде қанша алма болу керектігін сұраңыз. Оларға әрбір тәрелкеде-гі алманы санап, 6 алма болу үшін қанша алманың суретін толықтырып салу керектігін анықтауды ұсыныңыз. Суреттерін салып болған соң, тексеруді жұппен ұйымдастырыңыз.Жауабы:бірінші тәрелкеге 1 алманың суретін, екінші-ге — 2 алма, ал үшіншіге — 3 алма салу керек. | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:6 санының сандық сәуледегі орнын анықтауды;6 санын әртүрлі тәсілдермен алуды;6 цифрын жазуды меңгереді.Сабақта өткен материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтарды қойыңыз:— Сандық сәуледе 6 санына дейін қандай сандар тұрады?— 6 санын қалай алуға болады?— 6 саны қанша заттың санын білдіреді? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістікбаспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 7 саны және цифры | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | гонг;қарындаштар;түстеріне қарай жолақтарға бөлінген қағаздан жасалған кемпірқосақ (4);әр топқа “Түрлі түсті палитра” тапсырмасын орындауға арналған қатты қағаздан жасалған палитра мен желім;диаметрі 3 см тең түрлі түсті қағаздан жасалған дөңгелектер;7 цифрының жазбаша үлгісі;қосымша тапсырмасы бар парақша. | |
Тірек сөздер | жеті. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды 7 санымен, оны алу тәсілдерімен және сандық сәуледегі орнымен таныстыру, 7 цифрын жазып үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
7 саны — натурал сан және сандық сәуледе 6 санынан кейін тұрады. 7 санының құрамы: 1 мен 6, 2 мен 5, 3 пен 4. 7 саны күнделікті өмірде кездеседі: аптаның жеті күні, белгілі ретпен орналасқан кемпірқосақтың жеті түсі. Осы сабақта 7 санының натурал сандар қатарындағы орны туралы білімді қалыптастыру, 7 санын басқа сандармен салыстыруды үйрету, 7 санының құрамымен таныстыру қажет. Сабақты өткен білімді қайталаудан бастаңыз. Оқушыларға ауызша жаттығулар қатарын жасауды ұсыныңыз:тура және кері ретпен 10-ға дейін санау;2-ден 5-ке дейін, 6-дан 3-ке дейін, 4-тен 9-ға дейін, 9-дан 5-ке дейін санау;“Жалғастырып сана” ойынын ойнатыңыз: бір оқу-шы 10-ға дейінгі кез келген санды атайды, екінші оқушы келесі санды айтып жалғастырады;“Алдына тұр” ойыны: бір оқушы тақтаға шығып 10-ға дейінгі кез келген санды атайды, келесі оқушы оның алдына тұрып, сол санға дейінгі санды айтады т.с.с.; “Жаңғырық” ойыны: гонгіні бірнеше рет соғыңыз және оқушылардан сіз неше рет соқсаңыз, сонша рет қол соғуын сұраңыз; басқа нұсқасы: қарындашпен үстелді бірнеше рет тықылдатыңыз және оқушылардан сіз неше рет тықылдатсаңыз, содан бір соққыға азырақ соғуын сұраңыз т.с.с. Оқушылардан жұмбақты шешуді сұраңыз: Қызыл, сары, жасылды, Көкте бір зат асылды (Жауабы: кемпірқосақ). Олардан: “Кемпірқосақты көргендерің бар ма?” — деп сұраңыз. Әрі қарай мына сұрақтарды қойыңыз: “Кемпірқосақта неше түс бар? Олар қан-дай түстер?” Оқушылардан оқулықтағы суретті си-паттауды сұраңыз. Кемпірқосақтың барлық түстерін санап шығуды ұсыныңыз. Төрт топ бойынша жұмысты ұйымдастырыңыз. Кемпірқосақтың қиылған жолақтарын таратып, оларды қажетті ретімен орналастыруды сұраңыз. “Кім кемпірқосақты тез әрі дұрыс жинап бітіреді?” жарысын өткізіңіз. Оқушылардан шыққан кемпір-қосақтың жолақтарын санауды сұраңыз. Тақтада және оқулық бойынша сандық сәулемен жұмыс жасаңыз. 7 саны қай саннан кейін тұратынын сұраңыз. 7 санын оның сол жағында орналасқан сандармен салыстыруды сұраңыз. |
Түстер палитрасы. Оқушыларға тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін қатырма қағазға түрлі түсті дөңгелектер желімделген па-литраны пайдаланыңыз. Жеке әртүрлі түсті қағаз дөңгелектер дайындап қойыңыз. Оқушыларға әрбір палитрада жеті түстен болу үшін неше түрлі түсті дөңгелек жетпейтінін анықтауға мүмкіндік бері-ңіз. Жұмыс барысында оқушылар түстер гаммасын сақтай отырып, жетпейтін дөңгелектерді желімдеу керек.Жауабы:біріншіге бір бояу қосу керек, екіншіге — екеу, үшіншіге — үшеу.Сандарды салыстыр. Оқушылармен салыстыру таңбаларын қайталаңыз. Тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Оқушылар сандардың ара-сындағы сия тамшыларының орнына қандай салыс-тыру таңбасын қоятынын табады. Содан кейін оқушылар өз жұмыстарын тексеру үшін тақтаға дұрыс жауапты іліңіз.Кемпірқосақта неше түс бар? Оқушылар түс-тердің аттарын атап, кемпірқосақ түстерінің санын санап шығады.Жауабы:7 түс (1 — қызыл, 2 — қызыл сары, 3 — сары, 4 — жасыл, 5 — көгілдір, 6 — көк, 7 — күлгін).Шығарып көр. Оқушыларға өз беттерінше са-науды, ал содан кейін алынған жауаптарын жұптар арасында алмастыруды ұсыныңыз. Олардан Руслан-ның жасы қанша болса: “Сонша жастағы балалар бар ма, әлде жоқ па?” сұраңыз. Сыныптағы неше баланың жасы Русланның жасымен бірдей екенін анықтатып, оның нешеуі қыз, нешеуі ұл бала екенін таптырыңыз.Жауабы:жеті жаста.Мысалдар құрастыр және шығар. 7 саны-ның құрамы туралы білімін бекітуге берілген тапсырма. Оқушылар суреттер бойынша мысалдар құрастырып, оларды шешеді.Жауабы:1 + 6 = 7; 5 + 2 = 7; 3 + 4 = 7.Орындап көр. Олардан таныс ноталарды атауды сұраңыз. Содан кейін барлығы қанша екенін санатыңыз. Қиындық туған жағдайда ноталардың аттарын айтыңыз.
Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сан-дық сәулеге сүйене отырып, 7 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайларын қарастырыңыз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Парталас көршісімен бірге “Мен … білемін” ойынын ойнатыңыз. Мысалы,— Мен жеті қыз есімін білемін: …— Мен жеті ұл есімін білемін: …— Жалғасын өзің ойластыр:— Мен жеті … білемін. | Жеті жидектің суретін сал. Тапсырманы орын-дау барысында оқушылар 7 санын заттардың саны-мен байланыстыруға дағдыланады.Сандарды салыстыр. Оқушылар өз беттерінше түсіп қалған салыстыру таңбаларын қояды.Жауабы:1 7 = 77 > 25 4 7 > 67 > 36 = 6Заттарды тиісті санмен сызық арқылы қос.Тапсырмада оқушылар 7 санын заттардың санымен байланыстыруға дағдыланады.Кемпірқосақтыңтүстерінретіменбоя.Кемпірқосақ түстерін еске сақтау үшін осы түстер-мен байланысты әртүрлі сөз тіркесін қайталатуға болады. Берілген тапсырманы өз ойын жұп болып бөлісу арқылы орындатыңыз. Тапсырманы орындау қиынға соққан жағдайда оқулықтағы үлгіні қолда-нуға болатынын ескертіңіз.Түсіп қалған сандарды қой. Сандарды табу қиындық туғызса, санау таяқшасының орнына қа-рындаштарды қолдануға болады. Өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.Жауабы:біріншіде: 4, екіншіде: 5, үшіншіде: 1.Үлгі бойынша жаз. Оқушыларға 7 цифрының жазба үлгісін көрсетіңіз, ол қандай бөліктерден тұратынын сұраңыз. Осы цифрдың элементтерін жеке жолға жазып шығуды ұсыныңыз. 7 цифрының жазылу үлгісін тақтада көрсетіңіз. Цифрдың жазылу кезеңдеріне көңіл бөліңіз. Осыдан кейін оқушылар сіздің нұсқауыңыз бойынша 7 цифрын жазуы керек. Кестедегі бесінші және алтыншы жолдар өз бетімен жұмыс жасауға арналған. | |
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:— 7 саны сандық сәуледе қай жерде орналасқан? — 7 санын қалай алуға болады?— 7 санына байланысты қандай мақалдар біле-сіңдер? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 8 саны және цифры | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | сегіз. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды 8 санымен, оны алу жолымен, оның сандық сәуледегі орнымен және құрамымен таныстыру, 8 цифрын жазуды үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабаққа қатысты деректі материалдар8 саны — натурал сан және натурал сандарқатарында 7 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында оқушыларды 8 санының құрамымен және оны алу-дың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру қажет. 8 санын сандық сәуледегі басқа сандармен салыстыруға,сандардың құрамы бойынша және сандық сәуледе оңға немесе солға орналасуына қарай 1, 2, 3, 4,5, 6, 7 сандарымен байланыстарын анықтауға көңіл бөлу керек. Сондай-ақ оқушыларға 8 цифрын дұрыс және көркем жазуды үйрету қажет.Сабаққа арналған ескертпелерСабақты заттарды санауға жаттықтырудан бастаңыз;— сыныптағы терезе, парта, шкаф, орындықтарды санатыңыз;— оқушылардан сынып ішінен ұнататын түстегі — киімдегі түймелерді, сынып бөлмесіндегі құ-мыраларды санап шығуын сұраңыз. Оқушыларға сандық сәулені қолдану арқылы орындалатын жаттығуларды орындатыңыз. Оқушы-ларға “Санды тап” ойынын ұсыныңыз. 1-ден 7-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды бет жағын тақтаға қаратып орналастырыңыз. Оқушыларға па-рақшалардың солдан оңға қарай реті бойынша орналасқанын хабарлаңыз. Парақшалардың санын санап беруді сұраңыз. 5 санын ашу үшін неше парақша санау керектігін сұраңыз. Тексеріңіз. Қа-лауыңыз бойынша тағы да бірнеше сандармен жұ-мыс істеңіз.Жеті оқушының тақтаға шығуын сұраңыз. Сынып-тағы оқушылардан тақтаға шыққан оқушылар санын дауыстап санауды сұраңыз. Сосын тағы бір оқушыны тақтаға шақырыңыз. Енді тақтада неше оқушы бар екенін сұраңыз. Тақтадағы оқушы саны азайды ма, әлде көбейді ме деп сұраңыз. Сан түзуінде 8 саны қай саннан кейін тұратынын сұраңыз. 8 саны бар парақшаны сандық сәулеге қойыңыз. Оқушылар алдарына сызғышын қойып, одан 8 санын табуы керек. Мынадай сұрақтар қойыңыз: “8 санының сол жағында қандай сандар тұр?” (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7). |
Суреттегі түйелерді сана. Тапсырманы бүкіл сынып болып орындау ұтымды. Оқушылар оқу-лықтағы суретті қарастырып, мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:— Керуенде неше түйе бар? (Жеті.)— Керуенге неше түйе жақындап келеді? (Бір.)— 8 саны қалай шықты? (Жетіге бірді қосу арқылы.)
Шығарып көр. Оқушылардан сегізаяқтың аяқ санын және аяқкиім санын қайта санап шығуды сұраңыз. Жауабы: 8 аяқкиім; аяқкиімі бар (4) және аяқкиімсіз (4) аяқтар саны тең. Орындап көр. Топ бойынша “Кім бірінші болып 8 түсті атап шығады?” сайысын ұйымдастырыңыз. Жуық жауаптар: қызыл, сары, жасыл, қоңыр, көгілдір, қызыл сары, ашық қызыл, қара. Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сан-дық сәулеге сүйене отырып, 8 саны көлеміндегі қо су және азайту амалдарының барлық жағдайларын қарастырыңыз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тірек сөзді айтып жаттығу үшін оқушыларға “сегізден” бөлінуді және әр сегіз адамдық топ ішінде 7-ге дейінгі сандарды атап шығуды ұсыныңыз. 8 санын айтуға кезек келгенде осы санды айтатын оқушы оны басқа сөзбен тіркестіріп айтуы керек. | Сегіз жапырақтың суретін сал. Оқушылар 8 санын белгілі бір заттың санымен байланыс-тыруды және заттың осы санын елестетуді үйренуі керек.Сандарды тура ретпен жаз. Кестедегі екін-ші жолға жоғарыдағы санмен саны сәйкес келе-тіндей етіп, нүктелер қою керек. Орындау үлгісі көрсетілген.Жауабы:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.>, =, | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:сандық сәуледен 8 санының орнын табуды;8 санын әртүрлі тәсілдермен алуды;8 цифрын жазуды меңгереді.Оқушының сабақ тақырыбын түсінгенін тексеруүшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:— Сандық сәуледе 8 саны қай жерде орна-ласқан?— 8 санын әртүрлі тәсілдермен қалай алуға болады?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 9 саны және цифры | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “ |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | тоғыз. | |
Сабақтың мақсаты: | 9 санымен, оны алу жолымен және құрамымен таныстыру, 9 цифрын жазып үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
9 саны — натурал сан, натурал сандық сәуледе
8 санынан кейін тұрады. 9 санын бірнеше тәсілмен: сегізге — бірді, жетіге — екіні, алтыға — үшті, беске төртті қосып алуға болады. Сабақта оқушыларды 9 санының сандық сәуледе орнымен, 9 санын алу жолымен, 9 цифрын жазу үлгісімен таныстыру керек. Сабаққа арналған ескертпелер Сабақты өткен материалды қайталаудан бас-таңыз. Қайталау мақсатында мына жаттығуларды жүр-гізіңіз:оқушылардан сандық сәуле бойынан 5 санын көрсетуді; 5-тен кем сандарды көрсетуді және атауды, 5-тен артық кез келген санды атап, көрсетуді сұраңыз. Ол сандар сандық сәуледе 5-тің қай жағында (оң жағында немесе сол жағында) орналасқанын сұраңыз; тақтаға 8 оқушыны шақырыңыз. Оларды сыныпқа теріс қаратып тұрғызып, басқа оқушыларға байқатпай, олардың біреуіне парақшаны беріңіз де, сыныпта отырғандарына мынадай сұрақтарды қойыңыз.— егер ол адам сол жақта бесінші тұрса, парақша кімде болуы мүмкін? (оң жақтан төртінші т.с.с.) (Жауаптарын тыңдаңыз). 3) оқушыларға парақшадағы санды көрсетіп, осы санның 8-ге нешеуі жетпейтінін алақандарын шапалақтау арқылы көрсету керектігін айтыңыз. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға көрініс көр-сетуді ұсыныңыз. Интерактивті тақтаға түнгі аспан-ның суретін шығарып қойыңыз (егер интерактивті тақта жоқ болса, онда тақтаға суретті іліп қоюыңызға болады). Кейбір оқушыларға қатты қағаздан жасал-ған жұлдыздарды таратып беріңіз. Оқушыларға мәтінді оқыңыз да, олардан мәтіннің мазмұны бойынша тақтаның алдына біртіндеп шығуын сұраңыз. Түн болып, аспанда жұлдыздар пайда болды. Аспанда ең бірінші бір жұлдыз пайда болды (тақта-ға жұлдызы бар бір оқушы шығады), одан кейін тағы бір жұлдыз (тақтаға жұлдызы бар келесі оқушы шығады), одан кейін тағы біреу (тақтаға жұлдызы бар келесі оқушы шығады), осыдан кейін бірден екі жұлдыз пайда болады (тақтаға жұлдызы бар екі оқушы шығады), тағы екі жұлдыз (тақтаға жұлдызы бар екі оқушы шығады), одан кейін соңғы бір жұлдыз жанады (тақтаға жұлдызы бар бір оқушы шығады). Оқушыларға аспанда неше жұлдыз пайда болғанын санауды ұсыныңыз. (8 жұлдыз пайда болды.) Осыдан кейін тағы бір соңғы жұлдыз пайда болды. Қазір аспанда неше жұлдыз болды? (9 жұлдыз болды.) Олай болса, 9 санын қалай алдық? (Cегізге бірді қостық.) Осыдан кейін сан қатарына 9 саны жазылған парақшаны қойыңыз. Оқушыларға мынадай сұрақ қойыңыз:— Сандық сәуледегі қай саннан кейін 9 саны орналасады? (Тақтадағы және оқулықтағы сан қа-тарына сүйеніп айтады.) |
Жұлдыздарды сана. Оқушылармен тура және кері ретпен санауды қайталатыңыз. Тапсырманы орындау барысында сандардың ретін саусақтары-мен нұсқап көрсетіп отыруды ұсыныңыз.Жауабы:1 9 санын қалай алуға болады? Оқушыларға
9 санын алудың барлық нұсқаларын атауды ұсы-ныңыз. Бірінші зымыранда көрсетілген сан жұпта-рының көмегімен екінші зымыранда қалып қой-ған белгісіз сандарды тауып, атауды сұраңыз. Қиындық туғызған жағдайда қарындаштарын санау таяқшалары ретінде пайдаланып, жауап беруге болатынын ескертіңіз.Жауабы:бірінші зымыранда: 1, 2, 3, 4. екінші зымыранда: 8, 7, 6, 5.Сөз құра. Оқушылардан біздің ғаламшар-дың Жерді айналатыны туралы білетін/білмей-тінін сұраңыз. Оларға Күнді айнала көптеген ға-ламшарлар қозғалатыны туралы айтыңыз. Суретте салынған ғаламшарлардың ішіндегі 9 саны бар қан-дай ғаламшарлар Күнді айнала қозғалады? (9 бола-тын мысалдар). Оқушыларға ғаламшарларда жа-зылған мысалдарды есептеп шығарып, қайсысы Күннің маңайында айналатынын анықтатып, қо-рытындылатыңыз. Олардың кейбіреуінің ауызша есептеу дағдысы жақсы болса, тапсырманы ауызша орындауына болады, қалғандарына — нәтижелерін қағазға жазып отыруды ұсыныңыз немесе қарын-даштарды санау таяқшасы ретінде қолдансын.Жауабы:1 + 8 = Ж; 4 + 5 = е; 6 + 3 = р.Шығарып көр. Ғарышкердің қай зымыранмен ұшатынын қалай анықтауға болатынын сұраңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылардан неге осылай жауап бергенін түсіндіруді сұраңыз.Жауабы:екінші зымыранға.Орындап көр. Оқушылар тапсырманы ойша орындау арқылы жауабын таба алмаса, оларға 9 цифры жазылған парақшаны беріп орындатыңыз.Жауабы:9 цифры аударылып тұрған 6 цифрына ұқсайды.Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сандық сәулеге сүйене отырып, 9 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайла-рын қарастырыңыз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Сабақта “тоғыз” сөзін қайталап айтқызып жаттықтырыңыз. Оқушылармен ойын ойнатыңыз. Оларға іштей санауды ұсыныңыз. Санау барысында 9 санына жеткен кезде, ол санды дауыстап айтуы керек. Осылайша ойынды жалғастырып ойнатуға болады. | Суреттегі шыны құтыны тоғыз тастың суретімен толтыр. Бос шыны құтының ішіне тоғызтастың суретін салуы керек.
Әр қатарда 9 жұлдыз болатындай етіп, толықтырып сал. Тапсырма 9 санының құрамын бекітуге бағытталған. Әр қатардағы жұлдыз саны 9-ға жетпей тұрған жұлдыздарды салады. |
|
Бағалау | Сабақтың соңында оқушылар:
Оқушының тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:— 9 саны сан қатарының қай жерінде орналасқан? — 9 санын қалай алуға болады?Қайталау жаттығуын орындатыңыз: 1-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған парақшаларды кезекпен көрсете отырып, берілген санды 9-ға дейін толық-тыруды сұраңыз. Егер оқушыларға тапсырманы орындау қиындық тудырса, көрнекілік құралдарын қолданыңыз. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 0 саны және цифры | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | нөл. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларда 0 саны туралы түсінік қалыптастыру; 0 цифрын жазғызып үйрету; санау дағдысын және шығармашылық қабілетін дамыту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақта нөл санының мәні заттың жоқтығын көрсететін (бос жиынның элементтер саны) ойын арқылы түсіндіріледі. Сандық сәуледегі 0 санының орны айтылады, 0 саны 1-дің алдында тұратыны көрсетіледі. Сонымен қатар 0 цифрын жазу дағдысын бекіту қажет. Оқушыларға сан туралы қызықты мәліметтер беруге болады. “Нөл” сөзі латын тілінде “ештеңе жоқ” деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде “нөл” “сифр” деп айтылады (дереккөз: Депман И. Я. История арифметики. Пособие для учителей. — М., Учпедгиз: 1959).
0 саны қазақ тілінде “нөл” деп, ал орыс тілінде “ноль” немесе “нуль” деп айтылады. Терминологиялық мағынада көбінесе екінші түрі қолданылады (дереккөз: Розенталь Д. Э., Джанджакова Е. В., Кабанова Н. П. Справочник по правописанию, произношению, литературному редактированию. — М.: Черо, 1999). Сабақтың басында сандық сәуледегі 1-ден 9-ға дейінгі сандардың санау барысындағы реті, таспада орналасуы, ең үлкен және ең кіші сандар, сан мен цифрдің мағынасы тақырыптары бойынша қайталау жұмысын өткізген абзал. Балық аулауға көмектес. Оқушылар бұл тап-сырмада суқоймасындағы балықтарды қайықтағы шелектермен қосу керек. Барлық балықтардың іші-нен жауабы 0 шығатын мысалдар жазылғанын ғана таңдап алу керек. Жауабы: мына мысалдар жазылған балықтар: 5 – 5; 0 – 0; 0 + 0; 9 – 9. |
Кіріспе тапсырма. 0 санының мағынасын тү-сіну үшін оқушыларға “Құпиялы қап” ойынын ұсы-ныңыз. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызы-ңыз. Қапқа 5 ойыншықты салыңыз. Қаптың аузын байлаңыз да, сыртын қолмен ұстау арқылы ішінде неше ойыншық бар екенін айтқызыңыз. Енді қаптың аузын ашыңыз да, оқушыларға бір-бірден алғызыңыз. Ойыншықты алған сайын нәтижесін сандық сәуледе көрсетіп отырыңыз. (Сыныпта тар-тылған жіпке қыстырғыштардың көмегімен 5, 4, 3, 2, 1 сандары жазылған парақшаларды бір-бірінен арақашықтығын бірдей етіп бекітіп отырыңыз.) Қаптың іші босағанша солай жасаңыз. Бос қапты оқушыларға көрсетіңіз. Оқушылардың көңілін қап-тың іші алдымен ойыншықтарға толы болғанын, бірте-бірте ойыншықтар азайып, бос қалғанына аударыңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз: “Қазір қапта неше ойыншық бар? (Қапта ойыншық жоқ, ол бос.) Сендер қалай ойлайсыңдар, егер “ештеңе жоқ” дегенді білдіретін сан болса, ол сандық сәуленің қай жерінде орналасатын еді?” Оқушыларға осы санға ат тапқызып, оны жазғызыңыз. Оқушылар өз нұсқала-рын айтсын, мүмкін олардың арасында 0 санын білетіні оқушы бар шығар. Егер қапта ойыншық жоқ болса, онда “Қапта нөл ойыншық”, ал 0 саны заттың жоқ екенін білдіреді деген қорытынды жасаңыз. 0 санының жазылуын көрсетіңіз. 0 саны жазылған парақшаны сандық сәуленің бас жағына, яғни 1-дің алдына қыстырып қойыңыз. Бұл оқушылардың 0 са-нының заттың жоқ екенін білдіретініне көздерін жеткізеді. Пәндік-практикалық деңгейде 0 санының қасиетін түсінуге жетелеңіз.Үрленген шарлар. Оқушылардан суретке қарап, шарларға не болғанын айтуын сұраңыз. “Балада алғашында неше шар болғанын сұраңыз (3 шар болды), екінші суретте оларға не болды, неше шар қалды (1 шар қалды), соңында неше шар қалды (ештеңе қалған жоқ, 0 шар)” деп сұраңыз.Жауабы:нөл шар қалды.Сандарды өсу және кему ретімен ор-наластыр. Бұл тапсырманы орындау үшін оқу-шыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз. Оқушылар сан-дарды тура және кері ретпен орналастыру керек. Оқушылар сандарды 0 санымен салыстырады. Олар өз бетінше тапсырманы орындап, жауаптарын айтады. Егер тапсырма қиындық тудырса, сандық сәулені қолдануды ұсыныңыз.Жауабы:тура ретпен: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. кері ретпен: 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.Мысалдардың жауаптары неге осылай болды? Түсіндір. Тапсырма 0 санын қосу жәнеазайтуды қайталауды қарастырады. Оқушылар 0 санының қасиеті туралы қорытынды жасайды.Шығарып көр. Берілген тапсырма қосу және азайту кезіндегі нөлдің қасиеті туралы білімді бекітуге мүмкіндік береді. Оны топпен орындауға ұсыныңыз. Тексеруді жалпы түрде орындатыңыз.Сен білесің бе? Оқушыларға 0 саны туралы қызықты мәлімет айтыңыз. “Сифр” деген араб сөзінің қандай сөзбен дыбыстас екенін сұраңыз. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушыларға 0 саны “нөл” деп айтылатынын түсіндіріңіз. | Нөлден артық 5 сан жаз. Оқушылар 0 санынан артық 5 сан жазулары керек. Олар оны бір жолға ретімен жазуына (1, 2, 3, …) немесе теңсіздік түрінде 0 санымен салыстырып жазуларына болады(1 > 0, 2 > 0, 3 > 0, …) | |
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: Оқушылардың сабақты қалай түсінгенін бағалау үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:— Егер сен барлық алмаңды жеп қойсаң, сенде неше алма қалады? — 0 саны нені білдіреді?— 0 саны қалай айтылады: “нөл” немесе “ноль”? — Біз 0 санын әлде 0 цифрын жазамыз ба? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 10 саны | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | натурал сандарды алу жолдарын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпенсанайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолданады;• цифр менсанды бір-біріненажыратады;бір таңбалысандарды әртүрлітәсілдермен(нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен жәнет. б.) көрсете алады;“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “ | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | сандық сәуле ретінде — жіп;қыстырғыштармен жіпке ілінген 0-ден 9-ға дейінгі сандары бар парақшалар;10 саны жазылған парақша;2 жеміс;әр оқушыға домино;10 қарындаш;әрбір жұп оқушыға бетіне 10 шаршы сызылған түрлі түсті қағаз беттері. | |
Тірек сөздер | он; бір таңбалы сан;екі таңбалы сан. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды “бір таңбалы” және “екі таңбалы” сандар ұғымымен таныстыру; 10 санының мағынасын он нысаны бар жиынның сандық сипаттамасы ретінде түсіндіру; 10 санының құрамымен таныстыру. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Оқушылар сабақта 10 саны көлеміндегі ауызша есептеуді қолданады. Бұл сабақта 10 саны екі таңбалы сан ретінде түсіндіріледі. Жазылуында 1 және 0 цифрлары қолданылатындықтан, 10 саны екі таңбалы сан болып табылады. Жазылуында тек бір цифр ғана қолданылатындықтан, 0-ден 9-ға дейінгі сандар бір таңбалы сандар деп аталады. Оқушылар тәжірибе арқылы 10 санының құрамымен танысады. Ондай сандар: 9 және 1, 8 және 2, 7 және 3, 6 және 4, 5 және 5. Кіріспе тапсырма. Сабақты күз туралы әңгіме-ден бастаңыз. Бұл жыл мезгіліндегі адамдардың айналысатын негізгі жұмысы, яғни егін жинау, жеміс-жидектерді теру т.б. науқаны туралы әңгімелеңіз. Оқушыларға бүгінгі сабақта жеміс жинау жұмысына қатысатындарын айтыңыз. Тақтаға он оқушыны шы-ғарыңыз. Соңғы оқушыға 2 жеміс беріңіз. Барлық оқушылардан қолдарын көтеруін сұраңыз. Қол кө-терген оқушылар бақтағы жеміс ағашы кейпінде тұрғанын айтыңыз. Бақтағы жемісі жиналған ағаштың қанша екенін санатыңыз (олар — 9 ағаш). Қанша ағаш-тың жемісі жиналмаған? Барлығы қанша жеміс ағашы бар? 10 санын қалай шығарып алуға болады? Олар 10 саны бар парақшаны көрсетсін. 10 санының сандық сәуледегі орны туралы сұраңыз. Жіпке, яғни сандық сәулеге 10 саны бар парақшаны орналастырыңыз. 10-ға дейінгі барлық санды айтқызыңыз. 10 санының басқа сандардан айырмашылығын және 10 саны неше цифрдан тұратынын сұраңыз. 10 саны 1 және 0 цифрларынан құралғандықтан, екі таңбалы сан деп аталатынын айтыңыз. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 — бір таңбалы сандар. Неге олай аталатынын түсіндіріп беруді сұраңыз.Оқушыларға 10-ға дейін өсу және кему ретімен санауды ұсыныңыз. Адамның дене құрылысында 10 санына тең қандай мүшесі бар екенін сұраңыз (қолдың саусақтары, аяқтың башпайлары).Суретте барлығы қанша сан бар? Тапсырманы жалпы сынып оқушыларымен орындауды ұйымдас-тырыңыз. Оқушыларға сандарды санатыңыз. Сан-дарды атап, екі таңбалы және бір таңбалы сандарға бөлгізіңіз.Жауабы:барлығы 8 сан, бір таңбалы — 7, екі таңбалы — 1. | Сандарды салыстыр. Оқушыларға сандарды салыстыруды жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар сандардың арасына түсіп қалған таңбаларды қояды. Тапсырманы тексеруді 2 жұпқа өзара жауаптарын салыстыру арқылы орындауды ұсы-ныңыз (екі жұп бірігеді және жазуларын сәй-кестендіре отырып жауаптарын салыстырады). Тапсырманың қорытындысын шығарып, оларға мынадай сұрақ қойыңыз: “Қай жазу басқаларынан өзгеше? Неліктен?” (10 = 10.)
Қанша жеміс бар? Тапсырманы орындау үшін құрамы бес оқушыдан болатын бірнеше топ құрыңыз. Барлық жемісті 10 данадан жинау керектігін айтыңыз. Бір оқушы — алша, екінші оқушы — өрік, үшінші — алмұрт, төртінші — алма және бесінші оқушы — бананды санап, 10-ға дейін толықтырады. Сөйтіп әр топ жемістерді түріне қарай бөледі. Бұл жұмыс түрін ауызша (не жазбаша, парақшаға суретін салу немесе санын жазу арқы-лы) орындауға болады.Жауабы: 9 алшаға тағы 1 алша керек;8 өрікке 2 өрік;6 алмұртқа 4 алмұрт;3 алмаға 7 алма;5 бананға тағы 5 банан керек.Жемістердің артында қандай белгілер жа-сырынған? Оқушыларға жұмысты жұппен орындауды ұсыныңыз. Олардан өрнектерді кезекпен оқып, түсіп қалған таңбаларды атауды сұраңыз. Содан кейін басқа жұп құрастырып, өзара тексеру ұйым-дастырыңыз. Оқушылардың өрнектерді дұрыс оқуы-на мүмкіндік беріп, оларды бақылаңыз.Жауабы:10 – 5 = 5; 7 + 3 = 10; 6 + 4 = 10; 4 + 6 = 10; 10 – 4 = 6; 5 + 5 = 10.Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұптық жұмыс түрінде орындатыңыз. Оларға тапсырманың мағынасын түсіндіріңіз. Бірінші санды 10-ға дейін толықтыратындай санды екінші беттегі сандардан табу керек. Есептеу үшін 10 қарындашты қолдануды немесе саусақтарын санауды ұсыныңыз.Жауабы:7 және 3, 9 және 1, 5 және 5, 6 және 4, 8 және 2.Орындап көр. Әрбір жұп оқушыға бетінде 10 шаршы сызылған түрлі түсті қағаз бетін дайындаңыз. Оқушыларға шаршыларды қиып алуды ұсыныңыз. Содан кейін үлгідегі сияқты шаршы құрастыру керектігін айтыңыз. Оқушыларға шаршыларды екі топқа бөліп, басқаша түрде жайып қоюды сұраңыз. Бұл тапсырманы үйде орындауға беруге болады.Жауабы:4 пен 6, 5 пен 5. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылардың “екі таңбалы сан” және “бір таңбалы сан” атауларын қолдануына мүмкіндік жасаңыз. 0-ден 10-ға дейінгі сандарды ретсіз айтыңыз, ал оқушыларға екі таңбалы немесе бір таңбалы сандарды кезек-кезек айтуды ұсыныңыз. Оқушылардан 10 саны жазылған парақшаны көрсеткенде, санның атын айтуын сұраңыз. | Сандарды сандық сәулеге жаз. Бұл тапсырмада оқушылар сандық сәуледе 1-ден 10-ға дейінгі сан-дарды орналастырып, 10 санының орнын табуы керек. 10 санын айналдыра қоршап сызуы керек.
Әр қапта 10 көгөніс болатындай етіп суретті аяқтап сал. Оқушылар суретте берілген әр қапта- ғы көгөністі санауы керек. Содан кейін әр қаптағы көгөністің саны 10 болу үшін жетпей тұрған көгөніс санын толықтырып салады.Жауабы: бірінші қапқа 2 қызанақ, екіншіге — 1 қияр, үшіншіге — 4 бұрыш, төртіншіге — 5 баялды (баклажан), бесіншіге — 3 шалқанның суретін салады. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
Оқушылардың сабақтан алған білім деңгейінбағалау үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:— 10 саны бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма? Неге?— Бір таңбалы сандарды атаңдар. Оларды неге бір таңбалы сандар деп атайды?— 10 санының алдында қай сан бар? Бұл сан сан түзуінде 10 санының оң жағында ма, әлде сол жағында ма?— Сандық сәуледе 10 санының оң жағында қай сандар тұрады: бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма?— 10 санын қалай алуға болады?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | 10 санын қалай алуға болады? | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;
ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауыз-ша қосу және азайту тәсілдерін қолданады; |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | Әр топқа арналған:
0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар; он данадан екі түсті санауға арналған таяқшалар жиынтығы;әрбір оқушыға арналған А4 форматтағы ла-минатталған қағаз, маркерлер;10 данадан екі түсті текшелер жинағы;әрбір оқушыға арналған 10-ға дейінгі сандар жазылған сандық сәуле |
|
Тірек сөздер | қосу. | |
Сабақтың мақсаты: | Бір таңбалы сандар жұбы арқылы 10 санын қалай алуды үйрету; сандық сәулені қолданып, қосу амалын орындау дағдысын дамыту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Оқушылар сабақта сандық сәуле бойынша сан-дарды қосып, заттардың тобын тәжірибелік жол-мен біріктіруді жалғастырады. Сабақтың барысында оқушылар 10 санын алудың әртүрлі нұсқаларын құрастырып байқайды, алған білімдері қосу мен азайтуды ондықтан аттап орындау үшін есептеу дағдыларын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болып табылады.Сабақты қосу мен азайту ұғымын қайталаудан бастаңыз. Осы мақсатта “+” және “–” таңбалары жазылған парақшаларды көрсетіңіз.Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— Берілген таңбалар қандай математикалық амалдарды білдіреді?Бүгінгі сабақта қосу амалына берілген тап-сырмалар бойынша жұмыс жасайтындарын хабарлаңыз. | — Екі топта неше ойыншық бар екенін қалай білуге болады? (Ойыншықтар санын қосу арқылы.)— Берілген сандармен қандай мысал құрастыру-ға болады? (6 + 4).— 6 мен 4-ті қоссақ қандай нәтиже аламыз? (10). Сан түзуінің көмегімен тексеріп көрейік.— 10 санын қосу амалын қолданып, тағы қандай тәсілдермен алуға болады?Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында оқу-шыларды топтарға бөліп, әр топқа0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақша-лар жиынтығын, әрқайсысында 10 данадан 2 түсті санау таяқшаларының жиынтығын, сандық сәуленің суретін таратып беріңіз.Жұмысты мына ретпен орындатыңыз:1. 0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақ-шалардың ішінен кез келген екі санды алу;2. Санау таяқшаларының көмегімен осы сан-дардың қосындысын табу;3. Мысалды жазу. | |
Дастарқан. Оқулықтағы мерекелік дастарқан суретін қарап шығуды ұсыныңыз. Суретте қандай ұлттық тағам түрлері барын сұраңыз. Дастарқанның неше қонаққа арналып жайылғанын сұраңыз. Оқу-шыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Оларға дастарқандағы тағам суреттерінің санына қарап, өз ойларын жұпта бөлісуді сұраңыз. Өз ойын қағазға жазып, сыныптағы оқушыларға көрсетіп, дәлелдетіңіз.Жауабы:шақырылған қонақ саны — 10, себебі қонаққа арналып дайындалған тағам саны — 10. Бауырсақ: 9 + 1 = 10; алма: 5 + 5 = 10; шелпек: 7 + 3 = 10; тәтті тоқаш: 8 + 2 = 10;шай мен шырын: 6 + 4 = 10. | ||
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тірек сөздерді айтып жаттықтыру үшін оқу-шыларды төрт адамнан тұратын топтарға бөлініп тұруын сұраңыз. Топтардың әрқайсысына: “қ, о, с, у” әріптері жазылған парақшалар дайындап қойыңыз. Әріптерді араластырыңыз. Оқушылар берілген әріптерден басталатын сөздерді айтады. | Кілтті таңда. Оқушылар тапсырмада берілген суретке қарап шығып, кілттер мен құлыптардағы сандардың қосындысы 10 болатындай етіп, олар-ды бір-бірімен сызықтар арқылы қосуы тиіс. Жа-уаптарын суреттің астына мысал ретінде жазып көрсетеді.Жауабы:3 + 7 = 10;9 + 1 = 10;6 + 4 = 10;10 + 0 = 10;5 + 5 = 10;2 + 8 = 10. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:•бір таңбалы сандардан жұптар құрастыру арқылы 10 санын алуды меңгереді.Оқушылардың тапсырманы меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:— 10 санын алу үшін қандай сандарды қосу керек?— 10 санын алу үшін 8 бен 2-ні қосса қанша болады?— 10 шығу үшін 6-ға нешені қосамыз?— Айшаның 7 түрлі түсті қарындашы бар, ал Мәдинаның 3 түрлі түсті қарындашы бар. Қыздарда түрлі түсті қанша қарындаш бар?— Азамат 10 мәшине жинау керек. Оның 5 мә-шинесі бар. Оның мәшинеcінің саны 10-ға жету үшін әлі неше мәшине керек?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Тура және кері ретпен санау | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | натурал сандар мен нөл санының құрамын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастырады. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | түрлі түсті қарындаштар;он заттан тұратын санау материалдары. | |
Тірек сөздер | тура ретпен санау; кері ретпен санау. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға 20 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санау дағдыларын меңгеруге көмек-тесу; заттардың санын санау дағдыcын бекіту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Оқушылар 10-ға дейін есептік санау түсініктерін бекіте отырып, 20 көлеміндегі сандарды санау дағдыларын кеңейтеді. Олар тура және кері ретпен санауды қолданып, 20 көлеміндегі сандарды ретімен атауды үйренеді.
Сабақты есептік санауды қайталаудан бастаңыз. Бұл оқушылардың он көлемінде санау дағдыларын орнықтыруға көмектеседі. Бейнежазбаны көрсету үшін интерактивті тақтаны қолданып, оқушыларға ұстауға келмейтін заттарды санауды ұсыныңыз. — Аспанда неше бұлт бар?— Сабынның неше көпіршігін көрдіңдер?— Неше су тамшысы тамды?Оқушылармен он көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санаңыз. Ол үшін тақтаға он оқушыны шақырып, 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратыңыз. Оқушыларға бір қатарға ретпен тұруды ұсыныңыз. Қандай ретпен тұруды өздері таңдауға мүмкіндік беріңіз. Олар 1-ден 10-ға дейінгі ретпен тұрады. Шығарып көр. Оқушылардан парақшаларға мұқият қарауды өтініңіз. Парақшалар көлденең және тігінен орналасқан. Оқушылар 1-ден 10-ға де-йінгі сандарды танып, жоқ парақшаларды анық-тауы қажет. Егер оқушылар қиналатын болса, онда оларға 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қағазға жазып, олардың арасынан бар сандарды белгілеу арқы-лы табуды ұсыныңыз. Жауабы:жоқ парақшалардағы сандар: 5, 6, 9. |
Орындап көр. Оқушыларға ауызша 4-тен 10-ға дейін, кейін 1-ден 8-ге дейін санауды ұсыны-ңыз. Оқушылардың кез келген саннан бастап са-най білу дағдысы қалыптасады. Содан кейін оларға керісінше 8-ден бастап 1-ге дейін санатыңыз. Егер оқушылар қиналатын болса, онда аталған сандар-ды қағазда жазуын сұраңыз. Тапсырманы қиын-дату үшін бір саннан тастап, керісінше 10-нан 1-ге дейін санатыңыз. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылардың тірек сөздерді есте сақтауы үшін ойын өткізіңіз. Ойынның шарты: бір оқушы “тура ретпен санау” тірек сөзін айтады, қалғандары ретімен тұрған үш санды тура ретпен санайды. | Бақа неше рет секіруі керек? 1 мен 10-ның арасындағы сандарды тура ретпен санап, олардың арасындағы санды тауып, бақаға неше рет секіріс жасау керектігін анықтау қажет. Одан кейін бос торкөздерге 10-нан 1-ге дейінгі сандарды кері ретпен жазып шығу керек.
Тура және кері ретпен сана. Оқушылар тура ретпен санап, түсіп қалған сандарды анықтап, оларды тура ретпен жазады. Оқушылар кері ретпен санап, түсіп қалған сандарды анықтап, оларды кері ретпен жазады. |
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін баға-лау үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:— Онға дейін тура ретпен сана.— Оннан бастап кері ретпен сана.— Кері ретпен санауды білу не үшін қажет деп ойлайсың? — 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10. Түсіп қалған сандарды тап. (Жауабы: 5.) — 10, 9, 8, 7, 5, 4, 3, 2, 1. Қай сан түсіп қалған? (Жауабы: 6.) Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Бір таңбалы сандарды қосу және азайту | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | түрлі түсті қарындаштар;6 = 4 + 2 түріндегі мысалдар жазылған12 парақша; | |
Тірек сөздер | қосылғыш;қосынды; қосындының мәні; азайғыш; азайтқыш; айырма; айырманың мәні. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға сан құрамы туралы білімдеріне сүйене отырып, бір таңбалы сандарды қосу мен азайтуды, қосу және азайту амалдарының компоненттерін үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақта қосу амалы ұғымын екі жиынның бірігуі түрінде бекіту қажет. Егер бір топтың элементтеріне басқа топтың элементін қосса, онда екі топтың да элементтері бар жаңа топ пайда болады. (3 + 2 = 5). Азайту амалы қосуға кері амал ретінде таныстырылады. (3 + 2 = 5, 5 – 2 = 3, 5 – 3 = 2). Тағы да сол сияқты санның құрамын, қо-су, азайту компоненттерін үйрету қарастырылады.
Сабақтың басында 10 көлеміндегі сандар құра-мын қайталатыңыз. Ол үшін мынадай ойын ұйым-дастырыңыз. Оқушыларды екі тең топқа бөліңіз. Екі топтан да дөңгелек құрастырыңыз (біріншісі екіншісінің ішінде болатындай). Ішкі топтағы оқушы-ларға мына 6 = 4 + 2 түрдегі парақшалар таратып беріңіз. Бірінші дөңгелектің әрбір оқушысына қарсы екінші топтың оқушысы тұру керек. Сыртқы дөңге-лектің бірінші оқушысы 6 минус ол тең 4 деп бастауы тиіс және екінші оқушы бастаған сөйлемді 2 деп аяқтайды. Осыдан кейін, екінші оқушы сұраққа жауап берген соң, бір қадам басқа жаққа қарай жылжиды да, ішкі дөңгелектегі басқа оқушының қарсысына тұрады және алдыңғы іс-әрекет қайталанады. Егер уақыт жететін болса, оқушыларды дөңгелектегі орындарымен ауыстырып, ойынды қайталатыңыз.Осыдан кейін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Әрбір оқушыға қарындаштар қорабынан бестен артық емес қарындаш алуды сұраңыз. Жұптарға барлық алынған қарындаштарды қосуды ұсыныңыз. Оқушылардан оларда барлығы неше қарындаш болғанын сұраңыз. Көршісінде неше қарындаш болған? Олар не істеді? (біріктірді, қосты.) Ма-тематикада бұл іс-әрекетті “қосу” деп атайды. Содан кейін оларда қанша қарындаш болғанын сұра-ңыз. (Қосуға берілген кез келген мысалды тақтада көрсетіңіз.) Енді осы қарындаштардан екеуін алу-ды ұсыныңыз. Неше қарындаш болғанын сұраңыз. Нешеуін алды? Математикада бұл іс-әрекетті “азайту” деп атайды. Оларда енді қанша қалғанын сұраңыз. (Азайтуға берілген кез келген мысалды тақтада жазып көрсетіңіз.) Қосу және азайту амалдарын орындау барысында мысалдардағы сандар орналасуына қарай әртүрлі аталатынын айтыңыз. Амал компоненттерінің атауларын қол-даныңыз. Терминдердің атауын оқушылардың бір сабақта есте сақтауы міндетті емес. Келесі сабақтарда бұл терминдерді қолданып отырыңыз және біртіндеп оқушыларды да мысалдардың ше-шуін түсіндіру кезінде компоненттерді атауымен атауға ынталандырып отырыңыз. Осылайша олар амал компоненттерінің атауын күнделікті қайталау арқылы естеріне сақтайтын болады. |
Қосып көр. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бірінші суретке қарауды сұраңыз. Неше сары балапан бар? Неше қара балапан? Қосуға қандай мысал құрастыруға болады? Басқа суреттермен осылайша жұмыс жасатыңыз.Жауабы:а) 4 + 2 = 6; ә) 5 + 3 = 8; б) 4 + 5 = 9.Азайтып көр. Оқушыларға топпен жұмыс жасауды ұсыныңыз және азайтуға мысалдар шы-ғартыңыз. Жауаптарын парақтарға жазуды сұраңыз. Ауызша есептеуге қиналған оқушыға қарындаш-тарды санау таяқшасы ретінде қолдануды ұсыныңыз. Содан кейін топтағы бір оқушыға мысалдардың жауаптарын дауыстап айтуды сұраңыз, ал қалған оқушыларға өздерінің жауаптарын естіген жа-уаптармен салыстырып тексеруді ұсыныңыз. Оқу-шыларға суретке сәйкес келетін мысалдарды таң-дауға уақыт беріңіз. Олардан неге осы мысалды таңдағандарын түсіндіріп беруін сұраңыз.Жауабы:8 – 3 = 5, 7 – 5 = 2, 6 – 4 = 2, 7 – 2 = 5 суретке арналған мысалдар.Орындап көр. Оқушыларға ауыспалы жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Себебі олардың қосуға берілген мысалдың негізінде құрастырылған азай-туға арналған мысалды бірнеше рет орындап шығуға мүмкіндігі болу үшін жұмысты осы түрде ұйымдастырған тиімді болады.Жауабы:6 + 3 = 9,7 + 3= 10,9 – 6 = 3,10 – 7= 3,9 – 3 = 6,10 – 3= 7.Шығарып көр. Жұмысты топпен ұйымдасты-рыңыз. Сурет бойынша тапсырма құрастыртып, оны беттерге жазғызыңыз. Одан кейін топтарға өзара тексеру жасау үшін, шешімдерін бір-бірімен алмастыруды ұсыныңыз.Жауабы:3 + 4 = 7. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тақтаға сандардың орнына бос торкөздер қойылған қосу амалына берілген мысалды орна-ластырыңыз. Бос торкөздерге әртүрлі сандарды кезекпен қойып, мысалдың шешуін табуды, содан кейін оны оқуды ұсыныңыз. Осы сияқты азайту амалымен де жұмыс жүргізуге болады. Сандарды қосу және азайту кезінде компоненттердің ат-тарын оқушылармен бірге қайталаңыз. Тірек сөз-дер жазылған пар | Түсіп қалған сандарды қой. Берілген тапсырма санның құрамы туралы білім негізінде орындалады. Бірінші тапсырма орындау үлгісі болу үшін бүкіл сыныппен бірге орындатыңыз. Одан кейін қалғанын өз беттерінше орындауға беріңіз. Орындап болған соң, тапсырманың орындалу үлгісін тақтаға шығарып, өздеріне тексеруді ұсыныңыз. Алынған мысалдардың қайсысын артық деуге болатынын сұраңыз. Неліктен? (9 – 6 = 3, қалған мысалдардың жауабы 5-ке тең).Жауабы:9 – 6 = 3, 8 – 3 = 5, 10 – 5 = 5, 7 – 2 = 5. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында мыналарды мең-гереді:қосу амалы туралы біледі;азайту амалы туралы біледі;сөйлеу барысында қосу және азайту компо-ненттерін қолданады.Оқушылардың алған білімдері мен дағдыларынтексеру үшін мына сұрақтарды қойыңыз:— Қосу амалында сандар қалай аталады?— Азайту амалында сандар қалай аталады?— Қосуға кез келген мысал айтыңыз. Осы мысал-ға азайтумен шығатын екі мысал құрастыр.Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Қаншаға артық? Қаншаға кем? | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | біртаңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады;сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды біледі;сандардың қосындысы мен айырмасын, сан-дарды салыстырады (артық/кем), көршілес сан-дарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сандық сәулені пайдаланады;“+”, “–”, “=”, “>”, “ | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: | ||
Ресурстар: | сандық сәулені көрсету үшін сынып бөлмесінің ішіне тартылған кір ілетін жіп;0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;қыстырғыштар;ламинатталған қағаздар, маркерлер. | |
Тірек сөздер | салыстыру. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды бір сан екіншіден қанша санға артық немесе кем екенін нақты табу арқылы сандарды салыстыруға үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сандарды айырмалық салыстыру — салыстыру-дың бір тәсілі. Онда бір сан екіншіден қанша санға артық немесе кем екенін нақтылау арқылы орындалады. Бұл салыстыру оқушыларға таныс тәсіл, яғни екі жиынның элементтерін бір-біріне сәй-кестендіру арқылы салыстырып көрсету. Жұпсыз қал-ған элементтің саны бір сан екіншіден қанша артық немесе кем екенін көрсетеді. Сол сияқты сандарды айырмалық салыстыруды сандық сәуледе орындауға да болады. Сандық сәуледегі бір саннан екінші сан-ға дейінгі бірлік кесінді олардың бір-бірінен қан-ша санға артық не кем екенін көрсетеді. Екі сан-ның арасындағы арақашықтықты зерттеу арқылы, оқушылар сөрелік саннан мәрелік санға дейін сан кесіндісі бойынша неше қадам екенін санайды. Бұл іс-әрекетте сөрелік бірінші сан санауға қосылмайды, ал мәрелік соңғы санды қосып санау керек. Сандық Кіріспе тапсырма. Сабақта тақырыпты түсінді-ру үшін кір жаятын жіпті пайдаланыңыз. Жіптің бү-кіл ұзындығы бойынан бір-бірінен бірдей қашықтық-та болатындай етіп, түйіншектер байлаңыз. Жіп — сандық сәуленің, ал түйіншіктер — сандық сәуленің нүктелер рөлін атқарады. Сыныптағы оқушылар-дың біреуіне 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазыл-ған парақшалардың біреуін таңдап алып, сандық сәуледегі орнын анықтауды ұсыныңыз. Таңдап алған парақшаны қыстырғыштың көмегімен жіпке бекітіңіз. Екінші оқушыға келесі парақшаны алуды ұсыныңыз және оны жіптегі сәйкес келетін нүктеге бекітіңіз. Оқушылардан осы сандарды салыстыруды сұраңыз. Оқушылардың жауабынан кейін осы екі санның арасындағы қадамдар санын санауды ұсыныңыз. Бір қадам — бұл сан кесіндісінің бойымен бір саннан келесі санға дейін қозғалу. Осы қадамдар саны сандық сәуледегі оң жақта тұрған сан сол жақтағы саннан қанша сан кейін тұрғанын көрсетеді. Оқушылармен әңгіме өткізуге арналған сұрақтар:— Неше жәндік бар? Санаңдар. (3)— Жәндіктер үшін неше жапырақ керек? Са-наңдар. (5)— Егер әрбір жәндікке бір жапырақтан келсе, онда неше жапырақ артық қалады? (2)— Жапырақтар неліктен қалды, неге жәндіктер қалмады? (жапырақтар жәндіктерден артық) Қалған екі жапырақ жәндіктердің жапырақтардан қанша кем екенін көрсететінін хабарлаңыз. Және керісінше, жапырақтар жәндіктерден қанша артық. Оқулықтың 44-бетінде көрсетілгендей, екі санның айырмалық салыстыруын сандық сәуле көмегімен көрсетіңіз. Содан кейін “Бір сан екінші саннан қаншаға артық/кем екенін білу үшін, үлкен саннан кіші санды азайту керек” деген ережемен таныстырыңыз. | Үйлерді салыстыр. Жұмысты топпен ұйымдас-тырыңыз. Оқушыларға үйлерді қабаттарының саны бойынша салыстыруды ұсыныңыз. Тапсырма оқулықтағы иллюстрация негізінде орындалады. Бір оқушы екі үйді биіктігі бойынша салыстыру үшін берілген сұрақтарды оқиды. Екінші оқушы жұптар құрастыру тәсілі бойынша салыстырып, қай үйде қабаттар саны артық немесе кем екенін, яғни қайсы үй биік не аласа екеніне жауап береді. Одан кейін үшінші оқушы үйдің неше қабат биік немесе аласа екенін нақтылайды. Төртінші оқушы жауап-ты ламинатталған параққа жазады. Тапсырманы орындап болған соң, топтар арасында жауаптарды өзара тексеруді өткізіңіз.Жауабы:Д үйі В үйінен 3 қабатқа биік; Г үйі Е үйінен 2 қабатқа аласа; Ғ үйі А үйінен 7 қабатқа биік;ең биік үй ең аласа үйден 7 қабатқа биік.
Шығарып көр. Оқушылардан тапсырманы өз беттерінше орындауды сұраңыз. Берілген тапсырма айырмалық салыстыруды сандық сәулемен немесе азайту тәсілімен орындауды оқушылардың өздері таңдайды. Салыстыру нәтижесін дәптерге жазуды сұраңыз. Тапсырманы орындаған соң оқушыларға дәптерлерін айырбастап, өзара тексеру жұмысын жүргізіңіз.Жауабы:> 8(1-ге);3(4-ке);(3-ке);710 > 1 (9-ға);2(6-ға).Орындап көр. Тапсырманы орындау үшін жұппен жұмыс түрін ұйымдастырыңыз. Оқушылар бір-бірімен талдау жасауды және тапсырманы орындайды. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Сабақ барысында оқушылармен өздерінің іс-әрекеттерін және жауаптарын негіздеп айтып бере білуге жаттықтыру жұмыстарын жүргізіңіз. | Салыстыр. Берілген тапсырманы сабақтың со-ңында оқушылардың білімін бағалау үшін қолдануға болады. Бұл тапсырмада оқушылар топтардағы зат-тарды саны бойынша салыстыру керек. Екі топтың заттарын сызықпен қосып, жұптар құрастыр. Одан кейін айырмалық салыстырудың нәтижесін белгілер көмегімен жазыңдар.Жауабы:4 > 3 (1-ге); 3 6 (2-ге); 6 | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:— сандық сәуленің көмегімен бір санның екін-шісінен қаншаға артық немесе кем екенін анықтай біледі;— бір санның екіншіден қаншаға артық не кем екенін анықтауды жиындардың элементтерінен жұптар құрастыру арқылы салыстыра білуді мең-гереді.Сабақты қаншалықты меңгергенін бағалау үшін сыныппен жалпы жұмыс өткізіңіз. Ол үшін жұмыс парағындағы “Қаншаға артық? Қаншаға кем?” тап-сырмаларын пайдаланыңыз.Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Геометриялық фигураларЗаттардың қандай айырмашылығы бар? (1) | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | жиындарды элементтерінің белгілері (нысан-дардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрады және жіктейді. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | заттарды сұрыптауға арналған бос қораптар;төрт адамнан құралған топқа арналған әртүрлі заттар топтамасы бар қораптар (ішінде қарындаш, пластмассадан жасалған ұсақ ойыншық, текшелер, жазық геометриялық фигуралар);қосымша тапсырмаға арналған мата бөліктері. | |
Тірек сөздер | түс;пішін;өлшем. | |
Сабақтың мақсаты: | Заттардың негізгі қасиеттерін, яғни пішінін, түсін, өлшемін анықтау және тани білу мақсатында оқушылардың заттарды өз бетінше зерттеуіне жағдай туғызу. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Бұл сабақ заттардың негізгі қасиеттерін, яғни түсін, пішінін, өлшемін анықтауға бағытталған. Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша айтыла-тын қорытындыны топтарда ұйымдастырылған өз бетінше іздену жұмыстары нәтижесінде шы-ғаруы тиіс. Сабақта алынған білім жиын және жиынға байланысты операциялар туралы түсінік қалыптастыруға негіз болып табылады. Заттарға қатысты үдерістерді графика жүзінде модельдей білу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.Сыныпты төрт оқушыдан тұратын топтарға бөліңіз. Әр топқа арналған түрлі заттар топтама-сын дайындап қойыңыз: қарындаш, пластмассадан жасалған ұсақ ойыншық, текшелер, жазық геомет-риялық фигуралары бар бірдей қораптар. Ұсақ заттарды қораптарға салуда оқушылардың көмегі қажет екенін хабарлаңыз. Заттарды сұрыптауға арналған критерийлерді беріңіз. Түсі, пішіні, өлшемі деген тірек сөздерді бос қораптардың сыртына жазып қойыңыз.Оқушыларға ұсынылған заттарды топпен өз бет-терінше зерттеуді ұсыныңыз. Топтағы әрбір оқушының әрекетін бақылаңыз. Өз пікіріңізді ұсынбай тұрып, керісінше олардың кез келген ұсыныс, ой-ларын қолдауға тырысыңыз. Заттарды топтастыру критерийлерін оқушылар өздері анықтай алады. Егер бірдей заттар әртүрлі топтастырылған болса, қызықты болады. Бұл сыныпта пайдалы диалог ту-дыруға көмектеседі. Әрбір топ өз ойын негіздей отырып, топтастырудың өзіндік нұсқасын ұсынуы керектігін ескертіңіз. Мысалы, бірінші топ заттарды түстері бойынша топтастыруды ұсынса, екінші топ — түсі мен өлшемі бойынша ұсынады т.с.с.Ортақ талқылауда әрбір оқушы өз пікірі маңызды екенін сезінетіндей сенімді түрдегі диалог жүргізуге тырысыңыз. Оқушыларға сізге көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріңіз және оларға әрбір топтың алдына қойған міндетін дұрыс орындай алғаны туралы айтыңыз.Оқушылармен тағы бір рет түсі, өлшемі және пішіні бойынша топтастыруға негіз болатын заттар-дың қасиеттері туралы талқылаңыз. Олардың мо-дельдеу дағдысын қалыптастыру мақсатымен осы қорытындыны графика түрінде бекітуге жетелеңіз. Оқулықтағы “Есіңе сақта!” айдарында қорытынды жасаудың үлгісі көрсетілген. Оқушылардан үш жұп фигураны салыстыруды және олардың атау-ларын сұраңыз. Сонымен қатар әрбір жағдайда фигураларды қандай белгісі арқылы салыстыр-ғандарын қорытындылатып айтқызыңыз. | Суреттерге мұқият қара. Ондағы заттардың қандай ұқсастықтары және қандай айырмашылық-тары бар? Сыныппен бірге талқылау арқылы тапсырманы орындау топпен жұмыс жасау кезінде алған білімдерін бекітуге көмектеседі. Оқушыларға тапсырмада берілген иллюстрацияларды қарап шығып, заттарға ортақ қасиет бар ма және олардың қандай айырмашылықтары бар екенін анықтауды ұсыныңыз. Жауап нұсқаларын тыңдап шығыңыз.Жауабы:заттардың бірінші жұбы (үрленген шар және доптың) пішіндері бірдей; заттардың екінші жұбының (балапан және бақбақ гүлінің) түстері бірдей;үшінші жұптағы заттардың (кішкентай үй және үлкен үй) пішіндері бірдей, бірақ өлшемдері әртүрлі.Шығарып көр. Іс-әрекетті модельдеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма.Кестенің оң жақ бөлігінде нақты заттардың су-реттері, ал сол жақ бөлігінде заттар қасиеттерінің өзгеру үрдісінің моделі көрсетілген. Кестеде беріл-ген заттарды қатар бойынша салыстыру қажет. Сол және оң жақтағы әрбір қатарды салыстыру бары-сында оқушылар заттардың қасиеттерінің кез келген өзгерісін модельдердің көмегімен бейнелеуге бола-тыны туралы қорытындыға келуі тиіс.Оқушыларға заттар мен олардың сызбасына қарауды ұсыныңыз.Қандай өзгерістер болғанын сұраңыз. Оқушылардың ұсыныстарын тыңдап шығыңыз. Сол жақтағы бейнелердің оң жақтағы бейнелерден қандай айырмашылығы бар екенін сұраңыз. Зерек оқушыларға өзгерістер үрдісін өз бетте-рінше табиғат нысандары арқылы мысалдарды ірік-теп, өзгеру үрдісін геометриялық фигуралардың көмегімен модельдеуді тапсырыңыз. Оларға мұғалім рөлін атқарып, сыныпқа өз тапсырмаларын көрсетуге болатынын айтыңыз. Қалған оқушылардың оқулықта қойылған сұрақтарға жауап беруін ұйымдастырыңыз.Жауабы:а)оң жақта: ағаштың өлшемі өзгерді, сол жақта: фигураның өлшемі өзгерді;ә) оң жақта: алманың түсі өзгерді, сол жақта: фигураның түсі өзгерді;б) оң жақта: мұз еріп, суға айналды, сол жақта: пішіні өзгерді. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Математикалық тірек сөздер мен түсініктерді түсіндіруге назар аудару қажет. Тірек сөздерді есте сақтауды жеңілдету үшін оларды сергіту сәтіне қосып пайдаланыңыз. “Сөздер тақтасын” қолданыңыз. Оқушыларға жаңа сөздерді сурет-термен бейнелеуді ұсынып және “Сөздер тақта-сына” жұмыстарын орналастырыңыз. | Гүлдің, жапырақтың, доптың суреттерін өсу ретімен сал. Оқушылар заттардың өлшемін жәнетүсін өзгерте отырып, олардың бейнесімен тәжі-рибе жасайды. Ол үшін заттардың көлемін үлкейте немесе кішірейте отырып, кестедегі бос торкөз-дерге суретпен бейнелеуі керек. Нәтижесінде әр-бір заттың үлкейтілген немесе кішірейтілген өл-шемдегі төрт бейнесі пайда болуы тиіс.Қандай фигура жетпей тұр? Оқушылар кестені толтыру ретін талдауы тиіс. Заттың өлшемі мен пі-шінінің кезектесу заңдылығын сақтай отырып, түсіп қалған фигураның суретін салу қажет. Нәтижесінде оқушылар заттардың кескіндерінің өлшемі мен пішінінің өзгеру реттігі сақталған кестені алады.Шардың түсін, өлшемін және пішінін өзгер-тіп сал. Оқушылар шардың пішінін, түсін, өлшемін өзгертіп салады. Тапсырмадағы өзгеру үрдісі бағ-дармен көрсетілген. Оқушылар назарын оқулық-та көрсетілген қорытындыға аудару керек. Барлық ой-пікірлерді берілген қорытындымен сәйкестен-діре орындауды үйрету керек. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:заттарды түсі бойынша салыстыруды;заттарды пішіні бойынша салыстыруды;заттарды өлшемі бойынша салыстыруды мең-гереді.Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тек-серу мақсатында сұрақ қойыңыз:— Заттарды қандай қасиеттері бойынша салыс-тыруға болады?Оқушыларға өлшемі мен түстері әртүрлі тек-шелерді көрсетіп, мынадай сұрақтар қойыңыз:— Заттарды қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады? (Түстері және өлшемі бойынша.)— Заттар қандай белгілері бойынша ұқсас? (Пі-шіні бойынша.)Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Заттардың қандай айырмашылығы бар? (2) | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | Оқушылардың әрбір жұбына арналған:ұсақ пазл;пластмасса ойыншықтар;қағазқыстырғыштар салынған қораптар;ұсақ магниттер. | |
Тірек сөздер | материал. | |
Сабақтың мақсаты: | Жасалған материалдары бойынша заттарды салыстыруға үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Cабақ заттың жасалған материалын анықтауға бағытталған. Сабақта оқушылар тәжірибе жасау ар-қылы заттардың жасалған материалы бойынша айыр-машылығы болатынына көздерін жеткізеді. Осы белгілері бойынша заттарды топтастыруды және қарама-қарсы белгілері бар заттарды салыстыруды үйренеді. Сабақ “Өзім туралы” тақырыбы аясында қарастырылады, сондықтан баланың күнделікті өмірде тұтынатын заттарды пайдаланғаны орынды. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Әрбір жұп үшін ұсақ пазл, пластмасса ойыншықтар, металдан жасалған кеңсе қағазқыстырғышы салын-ған қораптарды дайындап қойыңыз. Оқушылардан бұл қандай заттар екенін біліңіз және олар сабақ-та не үшін керек болатынын сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз.Барлық кеңсе қағазқыстырғыштарын бөлек қо-рапқа салу керектігін айтыңыз. Оқушылардан қалай әрекет ететіндерін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Аталған заттарды тезірек бөліп алу үшін не істеуге болады деп, олардың ойларын сұраңыз.Оқушыларға ойын ойнауды ұсыныңыз.Ойын шарты: Егер жүргізуші ағаштан жасалған затты көрсететін болса, оқушылар алақандарын соғады, егер темірден жасалған затты көрсетсе — аяқтарымен еденді тарсылдатады, қағаздан жасал-ған зат болса — орындарында үндемей қалады.Суреттерге қара. Бұл заттарды қандай белгі-лері бойынша салыстыруға болады? Оқушыларға оқулықтағы суреттерге қарап шығуды және тап-сырманы орындауды ұсыныңыз.Оқушылар суреттерді талдап, берілген заттарды жасалған материалы бойынша салыстыруға бола-тынын айтады. Жауабы:металдан жасалған заттар: шанышқы, кіртасы, қайшы, ине; ағаштан жасалған заттар: сызғыш, қоршау, бөшке, орындық. | Шығарып көр. Тапсырманы оқушылар өмірден көргендеріне сүйеніп орындайды.
Суреттерді қарап, әр заттың қандай материал-дан жасалғанын анықтауды ұсыныңыз. Суреттен көргендерін сараптай келе, оқушылар кейбір заттардың әртүрлі материалдан дайындалатыны жайлы қорытындыға келеді. Мысал ретінде ойын-шық автомобильді алыңыз. Оны пластмасса, резең-ке, шыны сияқты бірнеше материалдан дайындайды.Орындап көр. Тапсырма оқушылардың заттар-ды қасиеттеріне байланысты салыстыру бойынша алған білімдерін жалпылауға арналған. Заттардың ішінен артығын табуды ұсыныңыз. Жауаптарын дә-лелдеуді сұраңыз. Сыныптағы заттарды пайдала-нып, осындай ойын ойластырып, тапсырманы күр-делендіруді ұсынуға болады.Жауабы:а)егер пішіні бойынша салыстыратын болса, артық зат сызғыш болады, өйткені қарындаш және қаламның пішіндері бірдей. Егер зат-тарды жасалған материалы бойынша салыс-тырса, артық зат қалам болады, өйткені ол пластмассадан жасалған, ал қарындаш пен сызғыш ағаштан жасалған;ә) егер пішіні бойынша салыстырса, артық зат теректің жапырағы. Егер түсі бойынша салыс-тырса, артық зат — сары түсті үйеңкі жапырағы; б) егер түсі бойынша салыстырса, артық зат — сары үшбұрыш, егер пішіні бойынша салыс-тырса, артық зат — жасыл шаршы. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылармен ойын ұйымдастырыңыз. Жүр-гізуші затты таңдап алып, қалған оқушыларға көрсетіп тұрып, тірек сөзді айтады. Оқушылар көрсетілген заттың қандай материалдан жасалға-нын айтады. Дұрыс жауап берген оқушы ойынды жүргізуші қызметін атқарады. Ол тірек сөзді айтып ойынды жалғастырады. | Артық затты тап. Оқушылар берілген суреттер бойынша заттардың қандай материалдан жасалға-нын анықтайды. Бірдей материалдан жасалған зат-тарды айналдыра сызып, әр қатардағы артық затты сызып тастайды.Жауабы:Белдемше мен шалбар матадан жасалған, артық зат — қағаз батпырауық;Құмыра мен стақан шыныдан жасалған, артық зат — темір кастрөл;Дәптер мен қойындәптер қағаздан жасалған, артық зат — шыныдан жасалған ыдыс. | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:заттарды жасалған материалы бойынша салыс-тыруды;заттардың негізгі қасиеттерін жасалған мате-риалы бойынша ажыратуды меңгереді.Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты мең-гергенін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:— Парта қандай материалдан жасалған?— Дәптер мен оқулықты қандай белгілеріне қарап салыстыруға болады?Әртүрлі материалдан жасалған үш затты мысалға келтіруді сұраңыз.Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Нүкте. Сызық. Сәуле | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір-бірінен ажыратады. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | бояу қарындаштар;ғарыш туралы электронды презентация;интерактивті тақта;ғарыш тақырыбындағы музыкалық шығармалар;әр оқушыға арналып тірек сөздер жазылған парақшалар;маркерлер;ламинатталған тақтайшалар немесе А3 формат-тағы қағаздар. | |
Тірек сөздер | сызық; қисық сызық;тұйықталған сызық; түзу; нүкте;тұйықталмаған сызық; сәуле. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға нүкте, сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық туралы түсінік беру, оқушы-ларға оларды айыра білуді үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақ тәжірибе жасау негізінде нүкте, түзу, сәуле, бұрыш, тұйықталған және тұйықталмаған сызық туралы түсініктерді анықтауға бағыттал-ған. Оқушылар осы түсініктерді ажырата білуді және нүктелер мен сызықтарды салуды үйрене-ді. Салу барысында түзу және қисық, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды ажырата білуге жаттығады. Сәуле — басы нүктеден басталатын, аяғы жоқ жарты түзу. Бұрыш — бір нүктеден шығатын екі түзудің арасындағы жазықтықтың бір бөлігі. Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерінің 47-бетінде орындау керек. Оқушылардан жұмыс дәп-терін ашуды өтініңіз. “Ғарышқа саяхат жаса”тапсырмасында берілген суреттерді қарап шығыңыз. Сұрақтар қойыңыз:— Түнде аспаннан жұлдыздарды бақылаған кезің болды ма?— Түнгі аспанда жұлдыздар қалай көрінеді?— Түнгі аспандағы жұлдыздар неге ұқсайды? Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Жұлдыз-дардың нүктеге ұқсайтыны туралы тұжырыммен келісіңіз. Оқушылардан өз жұмыс парақтарында нүктелерді бейнелеуін өтініңіз.Сіздің әрекетіңіз бүкіл сыныпқа көрініп тұра-тындай тақтада нүктелерді бейнелеңіз.Нүктелерді қағаз бетіне үшкір ұшталған қарын-дашпен дұрыс салуға болатынына тоқталыңыз. Әр жұлдыздың өз атауы болатынын айтыңыз. Мысалы: Темірқазық, Ақбозат, Есекқырған т.б.Біздің нүкте-жұлдыздарымыздың атаулары бо-луы керек. Нүктелерге латынның бас әріптерінің (латын әліпбиінің әріптері) көмегімен атау беріледі: А, В, С, D.Оқушыларға өз нүктелеріне ат беруді ұсыныңыз. Оқушыларға ғарыш әлемінде ғарышқа ұшатын аппарат ұшып бара жатыр деп елестетуді ұсыны-ңыз. Ол жолынан адаспай түзу ұшып барады. Ғарыш аппаратының ізін қалай кескіндеуге болатынын сұраңыз.Оқушылардан өз парақтарына осы іздің суретін салуды өтініңіз.Олардың не салғанын сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Оқушылардың сызық салғанын айтыңыз.Нүкте мен сызықтың ең негізгі және қарапайым геометриялық фигуралар екенін хабарлаңыз.Оқушылардан саяхатты жалғастыруды өтініңіз. Ұшқыштың А нүктесінде орналасқанын айтыңыз, осы нүктеден ұшуға аттанады. В, C, D жұлдыздарын ұшып өтіп, қайтадан А нүктесіне оралады.Ол ұшып өткен жолдың сызығын сызыңдар. Ол сызық қандай болып шықты?Мұндай сызық тұйықталған деп аталады. Біз оны А нүктесінен бастадық та, қайтадан А нүктесіне қайтып оралып, сызып әкелдік. Бұл сызықтың басы да, аяғы да жоқ.Сұрақ қойыңыз:— Сызықта қандай нүкте орналасқан?— Тұйықталған сызықтың ішінде қандай нүктелер қалды?— Қандай нүкте сыртында орналасқан? Оқушыларға енді В нүктесінен С нүктесіне ұшыпбару керек және D нүктесіне қонуды елестету керек екенін ұсыныңыз. Сызық жүргізіңіз.Сұрақ қойыңыз:— Сіздің сызығыңыз қандай болып шықты? | Мұндай сызық тұйықталмаған сызық деп атала-ды. Оның екі ұшы бар. Оқушыларға Күннен сәу-лелер түсіп тұрғанын елестетуді ұсыныңыз. Күн сәулелері қалай көрінетінін сұраңыз. Сызып көр-сетулерін өтініңіз. Басы бар, бірақ аяғы жоқ сызық сәуле деп аталатынын хабарлаңыз. Сәулені екі бас әріппен белгілеуге болатынын айтыңыз. Мысалы, ОK.— Сызықтың бір ұшы қай нүктеде орналасқан? Екінші ұшы ше?Оқушыларға сынып кеңістігін зерттеуді және тұйықталған, тұйықталмаған сызықтардың, нүкте-лердің мысалын табуды ұсыныңыз.Суреттен нүктелер мен сызықтарды тап.Оқушылардан оқулықтағы өз орбитасымен Күнді айналып жүрген Жер ғаламшары көрсетілген және Жерді айналып жүрген Ай ғаламшары көрсетіл-ген суретті қарап шығуды ұсыныңыз. Суреттен нүктелерді, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтар-ды және сәулелерді табу туралы тапсырма беріңіз.Жауабы:нүктелер: жұлдыздар; тұйықталған сызықтар: Күнді айналып жүрген Жер;жерді айналып жүрген Айдың орбита сызығы; тұйықталмаған сызықтар: ағып бара жатқан жұл-дыздың ізі.Нүктелер мен сәулелерді ата. Тапсырма белгі-ленген әріптер арқылы нүктелерді оқи білуді қай-талауға бағытталған. Оқушыларға математикада нүктелерді белгілеу үшін латын әліпбиінің бас әріп-тері пайдаланылатынын хабарлаңыз.Орындап көр. Тапсырма ламинатталған тақ-тайшалар мен маркерді пайдаланып жұппен орын-далады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болаты-нына көздері жетеді. Сызықтың түзу болуына назар аударуы керек.Жауабы:екі нүкте арқылы бір түзу сызық жүргізуге болады.Шығарып көр. Тапсырма сызықтарды әріп-термен белгілеп, оқи білу дағдысын қайталауға бағытталған. Оқушыларға математикада сызықтар-ды белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптері пайдаланылатынын айтып түсіндіріңіз. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тірек сөздер жазылған парақшаларды таратып беріңіз. Жүргізуші маркермен тақтада нүктені немесе тұйықталған, тұйықталмаған, түзу, қисық сызықтардың біреуін бейнелейді. Осы кезде салған фигураға қатысты сөз жазылған парақшасы бар оқушы тақтаның алдына сол фигураның жанына барып тұрады. Оқушылар сөздерді суреттің жа-нына немесе сыныптағы “Сөздер тақтасына” іледі. | Ғарышқа саяхат жаса. Бұл тапсырма кіріспебөлігінде берілген.Ғарыштық сызықтар. Нүктелерді әріптермен белгілейді.Әр нүктеге ат қояды, нүктелер санын анықтай-ды. Оқушыларға ғарышқа саяхатты жалғастыруды және тұйықталған сызықтарды — қызыл, тұйық-талмаған сызықтарды — көк, ал сәулені — сары түсті қарындашпен айналдыра сызуды ұсыныңыз. Суреттегі нүктелерді тауып, оларды санап, әр-қайсысын әріптермен белгілеу керек. Тапсырманы тез орындаған оқушыға суретті өзінің нүкте-жұл-дыздарымен және сызықтарымен толықтыруды ұсыныңыз. Егер уақыт жетсе, суретті бояуға бола-тынын ескертіңіз. | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:нүкте мен сызықты ажыратады;түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызық-тарды айыра біледі;түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызық-тарды салуды меңгереді.Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатындаәртүрлі нүкте мен сызықтарды көрсете отырып, сұрақ қойыңыз:— Суретте не көрсетілген? Бұл сызық қалай аталады?— Сыныптан және мектеп ауласынан қандай сызықтарды көруге болады?— Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сы-зықтан қандай айырмашылығы бар?— Қандай сызықтарды сызғыштың көмегімен салу ыңғайлы?— Сәуле түзу сызықтан несімен ерекшеленеді? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Кесінді. Сынық сызық | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | Мұғалімде:ұзындығы 5 метр кiр iлетiн жіп;қайшы.Оқушыларда:сызғыш;қарындаш. | |
Тірек сөздер | кесінді; сынық сызық. | |
Сабақтың мақсаты: | Негізгі геометриялық ұғымдар “кесінді” мен “сынық сызықты” анықтауды үйрету; қоршаған ортадағы заттардан кесінді мен сынық сызықты табу дағдысын қалыптастыру; алгоритм негізінде сызғыштың көмегімен кесінді мен сынық сызықты салу дағдысын дамыту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақ “кесінді” мен “сынық сызықтың” негізгі гео-метриялық ұғымдар болып табылатынын түсіндіру-ге бағытталған. Кесінді — екі нүктемен (кесіндінің ұштары) шектелген түзу сызықтың бөлігі. Кесінді-нің ұштары болады. Кесіндінің негізгі қасиеті — ол оның ұзындығы. Кесіндінің ұзындығы — оның екі шетінің арасындағы арақашықтық. Математикада кесінді латынның екі бас әрпімен белгіленеді. Сынық сызық — бұл геометриялық фигура, ол бір түзудің бойында жатпайтын нүктелерді кесінділермен қосқанда алынады. Сынық сызықтың төбесі — сынық сызықты құрастыратын кесінділерді біріктіретін нүктелер.Сабақ басында кiр iлетiн жіпті алыңыз. Жіптің біраз бөлігін тарқатыңыз да, оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— Жіп неге ұқсайды? (Жауап: сызыққа.)— Бұл жіптен қандай сызық жасауға болады? (Жауап: түзу сызық, тұйықталмаған сызық, тұйық-талған сызық.)Екі оқушыға жіпті тартып түзу немесе тұйық-талмаған сызық жасауды өтініңіз. Содан кейін барлық оқушылардың жіптен ұстап, солайша тұйықталған сызық — “шаттық шеңберін” жасап тұруын ұсы-ныңыз. Олардың бір-біріне сабаққа қатысты жақсы жаңалықтармен бөлісуін, күннің жақсы өтуіне тілек-терін білдіруін өтініңіз.Бұл тілектер орындалуы үшін оқушыларға осы жіп-тің бір үзігін өздерімен бірге алып кетуді ұсыныңыз.Мұны қалай істеуге болатынын сұраңыз (нұсқа-ларды тыңдаңыз). Оқушылар міндетті түрде жіпті қайшының көмегімен қию керектігі туралы ұсыныс айтады. Жіптің бір бөлігін екі жағынан қайшымен кесіңіз де, не пайда болғанын сұраңыз. Оқушылар-дың жауаптарын тыңдаңыз.Осы жіптің бөлігі “кесінді” деп аталатынын айтыңыз. Әр оқушыға жіптің үзігін қиып алуға көмек-тесіңіз.Олардан өмірде кесіндіні қай жерде кездес-тіргенін сұраңыз. Кесіндіге мысал келтіріңіз: жол кесіндісі, уақыт кесіндісі. Кесіндінің түзу сызықтан айырмашылығының неде екенін сұраңыз.Оқушыларды түзу сызықтың ұштары болмайтыны, сондықтан оның шексіз, ал кесіндінің екі ұшы бола-тыны туралы қорытындыға әкеліңіз.Оқушыларға 4 адамнан құралған топтарға бірі-гуді және өз кесінділерін біріктіруді ұсыныңыз. Олардан не пайда болғанын сұраңыз.Кесінділерді қалай орналастыру керектігі туралы нақты нұсқау берудің қажеті жоқ.Әрбір топтың тапсырманы қандай жолмен орын-дағанын бақылау қызықты болады.Екі нұсқа болуы мүмкін: оқушылар кесінділерді бір түзудің бойымен немесе кесінділерді сынық сызық түрінде орналастыруы мүмкін.Екі нұсқаны да қарап шығып, оқушыларға түзу сызықпен таныс екенін ескертіңіз.Сынық сызықтың ерекшеліктерін толығырақ қа-рап шығыңыз. Сынық сызықтың бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралатынына назар ауда-рыңыз. Бір кесіндінің ұшы екінші кесіндінің ұшымен бірігеді. Әрбір кесінді сынық сызықтың буындары деп аталады. Әрбір буынның жалғасқан жерлерін сынық сызықтың төбесі деп атаймыз. Топтарға сынық сызық құрастырып тәжірибе жасауды ұсыныңыз. Олардан сынық сызықтарда қанша буын және қанша төбе болғанын сұраңыз.Оқушыларға өздерін қоршаған заттардың ішінен кесінділер мен сынық сызықтарды табуды ұсыныңыз. Кесіндінің екі ұшы болғандықтан, оқушылар та-былған заттың дәл кесінді болып табылатынына дәлел келтіре алуы керек және сынық сызықтың буындарының кесінді болатынын анықтауы тиіс. | Кесіндіні сызып үйрен. Тапсырма оқушылардың кесіндіні сызу дағдысын меңгертуге бағытталған.Кесіндіні қалай сызу керектігін сұраңыз. Оқушылардың жауaбын тыңдаңыз.Оқулықтағы кесіндіні сызу алгоритмімен таны-суды ұсыныңыз. Алгоритм қадамдарына сүйеніп, қағазға кесінді сызуды ұсыныңыз. Содан кейін бірін-бірі жұпта тексерсін.Кесіндіні тап. Тапсырманың негізгі мақсаты басқа сызықтардың арасынан кесінділерді таба білуді үйрету болып табылады. Оқушыларға суретті қарап шығып, тек кесінділерді атауды ұсыныңыз. Олардан кесінділерді сызықтардан қалай ажырататынын сұраңыз. Жауабы:AB кесінді.Сынық сызық құрастыр. Тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар өз бетінше Өшіргіш пен Сызғыш рөлінде болады. Олар қағазға төрт буыннан тұратын сынық сызық салады. Салу үлгісі оқулықта көрсетілген. Салып болғаннан кейін оқушылар сынық сызықты салу жолын айтып беру керек.Орындап көр. Кесінділерді ұзындықтары бо-йынша салыстыруды ұсыныңыз. Сары түсті кесіндіні салыстыру қиындық туғызуы мүмкін. Себебі олар перпендикуляр орналасқан. Қалған кесінділерді салыстыру қиындық туғызбайды. Салыстыру кезінде екі кесіндінің ұштарын сәйкестендірудің қажеттілігі туралы негізгі ережені есте сақтау керек.Жауабы:сары және жасыл түсті кесінділер ұзындықтары бойынша бірдей болады.Шығарып көр. Оқушыларға суретті қарап шығып, кірпі өз үйіне қай жолмен тез жететінін анықтауды ұсыныңыз. Талқылау барысында оқу-шылар бір кесіндіден тұратын жол ең қысқа болып табылады деген қорытындыға келуі керек. Басқа жол — бұл алты кесіндіден тұратын сынық сызық.Жауабы:OT кесіндісі қысқа. | |
|
Қосымша тапсырмалар | |
Кесінділерді салуға байланысты тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды тірек сөздерді айтуға жаттықтырыңыз. Ойын өткізіңіз. Сабақтың басында оқушылар алған жіп қиындыларын пай-даланыңыз. Жүргізушінің нұсқауы бойынша: “Ке-сінді” дегенде, оқушылар қолдарындағы жіпті көтереді. “Сынық сызық” дегенде оқушылар топ-талып тұрып, сынық сызықты құрайды. Оқушы-лар құраған сынық сызықтың неше кесіндіден тұратынын санауға болады. | Кесінділер. Оқушылар сабақ барысында айтыл-ған кесіндіні сызу алгоритміне сүйеніп сызады.
Оқушыларға дәптердегі жұмысты ұқыпты орындау үшін, үшкір етіп ұшталған қарындашты пайдалану керектігін ескертіңіз. Тез орындаған оқушыларға кесіндінің ұзындығын өлшеп, оның үстіне сан мәнін жазуды ұсыныңыз. Сызбаға қара. Берілген тапсырма кесінділердің атауын оқи білу және оларды әріптердің көмегімен жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жауабы: 3 кесінді: AB, AC, CB. Есептерді шеш. Қайталау тапсырмаларын ұсы-ныңыз. Олар 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:кесінді мен сынық сызықты ажыратады;кесінді мен сынық сызықты сызады;кесінді мен сынық сызықты әріптермен белгілеуді меңгереді.Оқушылардың тақырып бойынша алған білім-дерін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:— Кесінді деген не?— Сынық сызық деген не?— Кесіндіні қалай сызуға болады? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-
палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Кеңістік фигуралары | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | жазық фигуралармен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигу-раларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пи-рамида танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | 4 адамнан тұратын топтарға арналған көлемді геометриялық фигуралар топтамасы;пішіндері текше, шар және цилиндр түріндегі заттардың бейнелері салынған кескіндер;ермексаз; | |
Тірек сөздер | фигура;цилиндр;пирамида;текше;конус;шар. | |
Сабақтың мақсаты: | Кеңістік фигуралардың түрлерімен таныстыру арқылы “фигура” ұғымын түсіндіру, айналадағы заттардан кеңістік фигураларын тауып, оларды түр-леріне қарай ажырата білу дағдысын қалыптастыру. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақ оқушыларды кеңістік фигураларының түрлерімен: цилиндр, конус, пирамида, шар және текшемен таныстыруға арналған. Оқушылар сабақта негізінен кеңістік фигурасы дегеніміздің заттың пішініне байланысты айтылатын ұғым екенін түсінуі қажет. Айналадағы заттарды көріп, байқау арқылы кеңістік фигураларының пішіндерін тани білуге жаттығады. Олардың модельдерін ермексаздан және қатырма қағаздардан құрастыра отырып, әрқайсысының ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді.Оқушылар фигураның әр түрімен танысу үшін әрбір топқа арнап ашықхаттар топтамасын, жур-налдар мен кітаптарды, альбомдарды дайындап қойыңыз. Оларда геометриялық формаларды анық көрсететіндей заттар бейнеленген болу керек.
Бірінші топтағы оқушыларға цилиндрге ұқсайтын формалары бар заттар: ағаштардың діңдері, зауыт-тың мұржалары т.б. осыған ұқсас суреттері бар (конверттерді) таратыңыз. Mұнда цилиндр, конус және шарды көрсететін заттардың суреттері болуын ескеріңіз. Екінші топтағы оқушыларға конусқа ұқсайтын формалары бар заттар: мұз сүңгілер, балалардың пирамида тәріздес ойыншықтары т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді таратыңыз. Үшінші топтағы оқушыларға шарға ұқсайтын формалары бар заттар: доптар, шыршаға ілуге арналған ойыншық шарлар, маржандар т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді таратыңыз. Ал төртінші топтағы оқушыларға күнделікті өмірде қолданып жүрген пирамида формасында-ғы сүттің тетрапакеті, мысыр пирамидаларының суреттері, шайдың пирамида тәрізді кішкентай қалташалары, ертедегі үйлердің шатырларының суреттері бар конверттерді таратыңыз. Топтарға суреттерге қарап, мынадай сұрақтар қойыңыз:— Суреттерде не бейнеленген?— Олардың ортақ белгілері қандай? Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Суреттер- дегі зат пішіндерінің атауларын анықтауды өтініңіз. Егер оқушылар пішіндердің атауларын білмесе, оларға кеңістіктегі геометриялық фигуралардың ішінен оған ұқсасын тауып, сыныптағы барлық оқушыларға көрсетуді сұраңыз. Осы фигуралардың цилиндр, конус, шар және пирамида деп аталатынын айтыңыз және оларға мұқият қарауды ұсыныңыз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұ-раңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. |
Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды тап. Тапсырма бойынша оқулықтағы
Астана қаласының ғимараттарының суреттерінен таныс пішіндерді табуы керек. Интерактивті тақтаны қолданып, ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсетіңіз. Оқушылармен қысқаша ойын өткізіңіз. Суреттен таныған фигураларын топтаманың ішінен не ермексаздан жасаған фигураларының арасынан тауып, оны жоғары көтеруді ұсыныңыз.Орындап көр. Сынып ішінен шағын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы кеңістік фигураларын табуды ұсыныңыз. Егер жағдай болса, зерттеу жұмысын мектеп ауласында топтық серуен түрінде өткізуге болады. Сонымен қатар үйге қайту жолында немесе демалыс кезінде аулада орындауға болады. Оқушылар өз зерттеуін сурет пен фотосурет түрінде әкеліп көрсетуі керектігін тапсырыңыз. Шығарып көр. Оқушыларға қолындағы фигу-раларды партаның үстінде домалатып көруді ұсы-ныңыз. Цилиндрдің алға да, артқа да домалай-тынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұрап біліңіз. Жауаптарын тыңдаңыз. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызыңыз. (Оқушыларға пирамиданың қыры деген ұғымды әзір айтпаймыз.) Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырыңыз. Ол фигура қалай аталатынын сұра-ңыз. Оның текше деп аталатынын айтыңыз. Текшені домалатып көруді сұраңыз. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді. Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұ-рап пысықтаңыз: — Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде? — Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кей-біреулері домаламайды? Алдында жасалған қорытындыны қайталап ай-тыңыз. Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар.Сынып бөлмесіне зерттеулер жүргізіп, цилиндр, конус, шар, текше пішіндес заттарды тапқызыңыз.Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасатыңыз. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсетуді ұйымдастырыңыз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушыларға ермексаздан жасаған кеңістік фигураларын көрсетуді ұсыныңыз. Әр оқушы өзі жасаған фигурасын көрсетіп, оның атауын айтады. | Кеңістік фигурасы мен оның атауын сызық-пен қос. Оқушыларға өздерін қоршаған ортадан суреттегі олардың мен кеңістік фигуралардың пішініне ұқсас заттарды табуды ұсыныңыз. Тап-сырманы орындау барысында оқушылар фигура-ларға сәйкес келетін тірек сөздерді атайды және заттарға сызықтар арқылы қосады. Оқушылар орындауға қиналса, тапсырманың бір нұсқасын үлгі ретінде көрсетуіңізге болады.Жауабы:цилиндр фигурасы — “цилиндр” сөзі — шыны сауыт суреті; текше фигурасы — “текше” сөзі — сыйлық қорап суреті;конус фигурасы — “конус” сөзі — балмұздақ суреті; шар фигурасы — “шар” сөзі — доп суреті; пирамида фигурасы — “пирамида” сөзі, Астанада-ғы пирамида. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:шар, цилиндр, конус, пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларымен танысты, ажыратуды үйренді.Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:— Мына фигуралар қалай аталады?— Қандай кеңістік фигураларын білесіңдер?— Қандай кеңістік фигуралары домалайды? Не-ліктен?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Жазық фигуралар | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигура-ларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида), танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | А4 өлшемді қатты қағаз;қарындаштар;қайшылар;кеңістік және жазық фигураларының топтамасы;марапаттауға арналған жазық фигуралар піші-нінде жасалған медальдар. | |
Тірек сөздер | үшбұрыш;дөңгелек;шаршы;тіктөртбұрыш;жақ. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға “жазық фигуралар” ұғымын кеңіс-тік фигуралары жақтарының көмегімен түсіндіру. Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш секілді жазық фигуралармен танысу және бір-бірінен ажырата білу. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Оқушылар дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш және шаршы секілді жазық фигуралармен мектепке дейінгі даярлық кезеңнен таныс. Бүгінгі сабақта жа-зық фигуралар туралы ұғым кеңістік фигуралары жақтары ұғымымен байланыстырып қарастырылады. Жазық фигуралар кеңістік фигуралардың баспа таңбасы сияқты.
Оқушыларға сабақта геометриялық фигуралар-мен әрі қарай танысатындарын айтыңыз. Оларға 4 баладан тұратын топпен тәжірибе жасауға қатысуды ұсыныңыз.Тәжірибе жасау үшін А4 қатты қағазы, қарын-даштар, қайшы және кез келген көлемді фигура, (мысалы конустың моделі) қажет болады. Оқушылардан күнделікті өмірде дөңгелек пішін-ді қандай заттарды көріп жүргенін сұраңыз. Дөң-гелек пен конустың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыртып айтқызыңыз. Тәжірибені жалғасты-рыңыз. Оқушыларға мына іс-әрекеттерді жасауды ұсыныңыз: Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Көрген-дері бойынша қорытынды жасатыңыз. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызыңыз. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтыңыз. Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, сөзіңізді қорытындылаңыз. Оқушылардан тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болатынын сұраңыз. Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыстығын тексеруді ұсыны-ңыз. Оқушылар шар мен цилиндрді айтуы мүмкін. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайталап көруді ұсыныңыз және сызғаннан пайда болған дөңгелек-ті көрсетіңіз. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылаңыз. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңге-лек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізгенін ескертіңіз. |
Басқа фигураларды салыстыру мен оларды сызуды барлық оқушыларға бірдей көрсетіп, олар-ға тек өз топтамасынан қажетті фигураны тауып, көрсетіп отыруды ұсыныңыз. Оқушылардан “Бас-қа жазық фигураларды кеңістік фигуралардың табандарын бастырып сызу арқылы алуға бола ма?” деп сұрап, олардың ұсынысын тыңдаңыз. Параллелепипедтің бір жағын бастырып сызуды ұсыныңыз және пайда болған фигураны қиып алу-ды тапсырыңыз. Оқушыларға өз топтамасынан оған ұқсас фигураны тапқызыңыз. Фигураның қалай аталатынын сұраңыз. Егер оларға жауап беруге қиналса, оның “тіктөртбұрыш” деп аталатынын айтыңыз.Қане, тапшы: бұл кім? Оның үйі қайда?
Тапсырма сипаттамасына сүйене отырып, бірдей фигураларды таба білу дағдыларын дамытуға ба-ғытталған. “Суретте қандай геометриялық фигу-ралар бейнеленген?” деп сұраңыз. Егер сыныпта жақсы оқи білетін оқушылар болса, фигуралардың сөздерін дауыстатып оқытыңыз. Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушылар-ға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсыныңыз. Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көр-сетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау барысында оқу-шыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай білуге жетелеңіз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Музыканы қосып, геометриялық фигуралармен ойнатыңыз. Музыка ойнап тұрған кезде оқушылар фигураларды бір-біріне беріп отырады. Музыка тоқтаған кезде фигура кімнің қолында қалса, сол оқушы фигураның атын айтуы керек. Тірек сөздер-ді естерінде жақсы сақтау үшін оқушылардың өздері салып, “Сөздер тақтасына” ілген суреттерді қолданыңыз.
Оқушылармен “Ойлан, тап!” ойынын ойнаңыз. Жүргізуші қандай да бір фигураны жасырады да, оның өзіне тән негізгі ерекшелігін айтады. Оқушы фигураны тауып, оның атауын айтуы қажет. Кім дұрыс тапса, сол оқушыны тапқан фигурасына ұқсас медальмен марапаттаңыз. |
Фигураларды топтастыр. Тапсырма фигура-лардың типтерін ажырату дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар фигураларды топтарға бөліп, әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сызу керек.
Фигуралар мен заттардың пішіндерін са-лыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс. Оқушыларға айналасынан жазық фигураларды тапқызып, өз зерттеуін жалғастыра беруді ұсыныңыз. Зерттеу нәтижесін сурет түрінде, не фотосурет түрінде көрсетугe болатынын айтыңыз. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:жазық фигураларды;әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды;жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі.Оқушыларға жазық фигураларды көрсете оты-рып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:— кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе?— цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?— егер параллелепипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады?— шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек?Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Жазық фигуралардың модельдері (1) | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | “Сиқырлы дорба” ойынына арнап тығыз шүбе-ректен жасалған дорба;жазық және кеңістік геометриялық фигурала-рының топтамасы;түрлі түсті қатты қағаз;қайшы;ермексаз;әрбір оқушыға арналған санау таяқшалары немесе сусын ішетін түтікше. | |
Тірек сөздер | модель. | |
Сабақтың мақсаты: | Әртүрлі материалдардан жазық фигуралардың модельдерін жасату; модельдерді құрастыру дағды-ларын қалыптастыру; зерттеушілік іс-әрекетті ұйым-дастыру арқылы жазық фигураларды жасаудың әр-түрлі тәсілдерін іздеуге үйрету. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақ оқушылардың әртүрлі материалды қол-данып, жазық фигура модельдерін жасай білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.Оқушылар жазық геометриялық фигуралардың барлығына ортақ белгілерді тұжырымдап айтуға дағдыланады. Геометриялық түсініктерді қалып-тастыруда нақты “заттардан” фигураларға көшу немесе керісінше фигуралардың кескіндерінен нақты заттарға көшу арқылы меңгерту әдісте-месі маңызды орын алады. Қоршаған заттардың арасынан жазық фигуралардың көмегімен кеңістік фигураларын анықтауға болады.
Сабақтың басында оқушыларға “Сиқырлы дорба” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ол үшін ішінде кеңістік және жазық геометриялық фигуралар салынған тығыз шүберектен жасалған шағын дорба дайындаңыз. Оқушыларға шеңбер жасап тұрып, кезекпен дорбаға қолдарын салып, фигураны алмай оның қандай фигура екенін сипап ұстау арқылы анықтауды ұсыныңыз. Мына сұрақтарды қойыңыз: — бұл қандай фигура? — сендер бұл фигураны қандай ерекшелігі бойынша анықтадыңдар?Оқушыларға фигураны сипаттап айтқызыңыз. Осыдан кейін оларға фигураны алуға рұқсат етіп, өздерінің жорамалдарының қаншалықты дұрыс екенін тексертіңіз. Егер тапсырманы дұрыс орын-дай алмаса, онда оқушыға өзіңіз көмектесіңіз. Бүгінгі сабақта жазық фигуралардың модельдерін жасауды үйренетінін хабарлаңыз. Жазық фигураны алудың қандай тәсілдерімен таныс екенін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Үшбұрыш моделін қалай жасауға болады? Оқушылармен бірге оқулықтағы үшбұрыш жасаудың кезеңдерін көрсететін суретті қарастырыңыз. Жұмысты бастамас бұрын, үшбұрышты жасау үшін қандай материал және оның қаншасы қажет-тігін талқылаңыз. Оқушылардың жауаптарын қоры-тындылаңыз. Үшбұрышты жасау үшін үш ши және үш ермексаздың бөлігі керек, себебі үшбұрышта үш төбе және үш қабырға бар. Сезу қабілеті жоғары (кинестетик) оқушыларға “Кесінді. Сынық сызық” тақырыбымен ши мен ермексаз арқылы модельдеу сабақтарын байланыстыра өткізу тиімді |
Өз бетіңше тіктөртбұрыш жаса. Оқушылар модель дайындау технологиясымен жақсы таныс болғандықтан, бұл тапсырманы орындау кезінде оқулықтағы алгоритмді өз бетінше талдап шығуды ұсыныңыз. Тіктөртбұрышты жасау үшін қос-қостан ұзындықтары бірдей төрт шиді таңдап алу қажетті-гіне назар аудартыңыз, өйткені тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең. Ұзындықтары бір-дей екі жұп шиді дайындауда қиындық көрген оқу-шыға көмегіңізді ұсыныңыз. Тапсырманы аяқтаған кезде оларды бір-бірінің жұмысын тексеру үшін жұптарға біріктіріңіз.
Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы орын-дау үшін бес ши мен бес бөлік ермексаздан қандай фигура алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз. Егер оқушылар тапсырманы орындай алмаса, тәжірибе жүргізу арқылы жауабын табуды ұсыныңыз. Жауабы: бесбұрыш, себебі оның бес төбесі және бес қабырғасы бар.Орындап көр. Тапсырманы орындау кезінде жазық фигураларды құрастыруда алған білімдеріне сүйене отырып, оқушыға мәселелік (проблемалық) жағдайды шешуді және талдауды ұсыныңыз. Шешуге қойылған міндет оларға қиындық туғызса, онда тәжірибе жүзінде байқап көру арқылы қажетті фигураны анықтауды ұсыныңыз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Тірек сөздерді бекіту үшін оқушылар жасаған модельдерді қолданыңыз. Ойын түрінде өткізуге болады. Ойынды жүргізушіге айналадағы нақты заттарды көрсетіңіз, ал оқушылар көрсетілген затқа сәйкес жазық фигураның моделін тауып көтеруі қажет.Жүргізушіге “модель” деген сөзді айтқызыңыз, одан кейін оқушылардан көрсеткен модельдеріне сәйкес сөздерді айтуды талап етіңіз. Оқушыларға бұрынғы сөздік қорын пайдаланып, тірек сөздерді сөз тіркестерімен айтуға болатынын ескертіңіз. Мысалы: үшбұрыштың моделі, шаршының моделі, тіктөртбұрыштың моделі т.с.с. | Отарба. Тапсырма оқушылардың жазық фигу-ралардың түрлерін анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Олар геометриялық фигуралардан құрастырылған отарбаның суретінен әрбір фигура санының қанша екенін тауып, нәтижесін кестеге түсіруі тиіс.
Өз отарбаңның суретін сал. Тапсырмада оқушылар таңдаған жазық фигураларын алып, отарбаның суретін салады. Тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады және өз ком-позициясын құрастыру арқылы жазық геометриялық фигураларды кескіндей білу дағдысын қалыптас-тырады. Сурет сал. Оқушылар жазық фигуралардан сурет құрастыра алады. Тапсырманы орындау кезінде әрбір фигураның кескінін толықтырғанда танылатын заттың бейнесі шығу керек. Оқушылар барлық фигураларды біріктіргенде, олардан бірыңғай сурет шығатындай құру қажет. Сынып бөлмесінде оқушылар жасаған модельдерден көрме ұйымдастырыңыз. Ол үшін әр модельдің аты жазылған қағазға модельдерді бекіткізіңіз. Жұмыстарды сол бөлмеге іліп, оларды әрбір оқушының көруіне, талқылауына жағдай жасаңыз. Ата-аналарына өз балаларының жұмыстарын көруді ұсыныңыз. Торкөздерге белгісіз азайтқыштарды жаз. Қайталау және қалыптастыруға арналған тап-сырмалар. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
нін білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаңыз: — Жазық фигуралардың модельдерін қалай құ-растыруға болады? — Сабақта жасап үйренген жазық фигуралар-дың модельдерін айтып беріңдер. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Жазық фигуралардың модельдері (2) | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | Жазық фигура модельдерін жасау және олардан композиция құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың логикалық және көрнекілік арқылы образды ойлауын, жазық фи-гуралардың модельдерін жасату арқылы зейіндері мен ұсақ моторикаларын дамыту. | |
Тірек сөздер | түрлі түсті жұмсақ немесе қатты қағаз;желім;әрбір оқушыға берілетін қайшы;әрбір жазық фигураның пішініне сәйкес кеңістік геометриялық фигуралар топтамасы. | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигура модельдерін қию және аппликация жасау әдістерін меңгереді. Аппли-кацияны қолдана отырып, қағаздан жасалған жазық фигура модельдерінен әртүрлі композициялар жасауды, үшбұрышты, шаршыны алуды үйренеді.Сабақтағы іс-әрекеттер жазық фигуралардың ерекшеліктерін ескере отырып, композициялар құрастыру арқылы олардың пішіндерін тани білуге, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Оқушыларға жазық фигуралардан жасалған “қоянның” аппликациясын көрсетіңіз және мынадай сұрақтар қойыңыз:— Бұл ненің суреті? Оны қайдан білдіңдер?— Сурет қандай фигуралардан тұрады?— Сурет неше фигурадан тұратынын сана.— Бұлар қандай фигуралар?Оқушылардан осыған ұқсас аппликациялар жа-сау туралы не ойлайтынын және өздерінің жасап үйренгілері келетін аппликациялары туралы сұрап біліңіз.Сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралар мен олардың композицияларын жасап үйренетіндері туралы хабарлаңыз.Оқушылармен кеңістік фигураларын қолдана отырып, жазық фигураларды жасаудың ретін қай-талаңыз:кеңістік фигуралары топтамасынан бір фигураны таңдау; мысалы: текше;фигураны түрлі түсті қағазға, не қатты қағазға бастырып сызу;салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу.Жазық фигураларды қию арқылы бұйымды жа-саудың әртүрлі әдістері туралы айтып, оқушылар-дың ой-өрісін кеңейтіңіз.Шаршыны бір диагоналі бойынша бүктеп, екі үшбұрыш алуды және екі диагоналі бойынша бүктеп, төрт үшбұрыш алуды жасап көрсетіңіз. Оларға шаршыны басқаша бүктеу арқылы екі тіктөртбұрыш алуға болатынын көрсетуіңізге болады. Осы тәсілмен тіктөртбұрыштан екі шаршы бүктеп алуға болатынын айтыңыз.Оқушыларға қиып алынған фигуралардан әртүрлі композиция құрастыруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындамас бұрын, қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде ескертіңіз.Қиюдың ең оңай түрлерінен бастаңыз:1-қадам. Екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы: екі үшбұрыштан шаршы жасау.2-қадам. Қарапайым фигуралар құрастыру. Мысалы: шырша, үй, кәмпит, саңырауқұлақ, бант т.с.с.;3-қадам. Жазық фигуралардан мазмұнды (сю-жетті) композицияларды құрастыру.Оқушыларға қиып алынған фигураларды бір бет қағазға орналастыруды ұсыныңыз. Дайын ком-позицияларды қатты қағазға желімдетіңіз. Бұл оқушылардың сабақта жасаған жұмыстарының нә-тижесін сақтауға көмектеседі. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау үрдістерін бақылаңыз, көмек қажет ететін оқушыларға көмектесіңіз.Фигуралардан құрастырылған жан-жануар-лар. Оқушыларға жануарлар аппликациясы қандай жазық фигуралардан құрастырылғанын анықтауды ұсыныңыз. Мына сұрақтарға жауап беруін өтініңіз:— Бақаның аппликациясы қандай фигуралардан жасалған?— Неше үшбұрыш бар? Дөңгелек ше?— Мысықтың тұмсығы қандай фигура?— Көбелектің қанаты неше қызыл үшбұрыштан құрастырылған?Аппликация арқылы жазық фигура модельдері-нен әртүрлі суреттер композициясын жасауға бо-латынын айтып, қорытынды жасаңыз. | Шығарып көр. Оқушылардың назарын оқулық-тағы суретке аудартыңыз және берілген апплика-ция қандай фигуралардан тұратынын анықтатыңыз. Оқушылармен бірге пайдаланылған геометриялық фигуралар санының қанша екенін санаңыз. Жауабы:шаршыны тіктөртбұрыштан және үш үшбұрыштан құрастыруға болады. Суреттегі үш үшбұрыш бір тіктөртбұрышты құрайды.
Шаршыдан үшбұрыштарды қалай жасауға болады? Тапсырмада оқушылармен “көбелектің” аппликациясын жасаудың қадамдарын қарастыры-ңыз. Көбелектің қанаттары қандай фигуралардан тұратынын сұраңыз. Осы үшбұрыштар қандай тә-сілмен алынғанын талдаңыз. Бір жазық фигурадан екінші фигураны қиып алудың тәсілдерін бекітіңіз. (Мысалы: шаршыдан үшбұрышты қиып алу.) Орындап көр. Оқушыларға жазық фигуралар-дан жасалған аппликацияға қарауды ұсыныңыз және онда не бейнеленгенін анықтатыңыз. Сұрақ-тар қойыңыз: — Балапан мен күшiктiң бетін жасау үшін қандай фигура қолданылған? Неліктен? — Тұмсығын қандай фигурамен көрсетуге бо-лады? — Берілген бейне бойынша қандай үй жануарла-рының суреті салынғанын анықтауға болады?Оқушыларға үй жануарлары аппликациясын жұп-пен жасап көруді ұсыныңыз. Өздерінің жұмыста-рында қандай фигураларды қолданғанын айтқыза отырып талдатыңыз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылардың терминологиялық біліктілігінің қалыптасуына көңіл бөліңіз. Олардың сөз тіркес-терімен сөйлемдер құрып айтуға деген ұмтылысын қолдап көтермелеңіз. | Көбелектің қанаттарын жазық фигуралар-мен безендір. Оқушылар аппликация техникасын
қолданып, тәжірибелік жұмысты орындайды. Кө-белектің қанаттарын қандай өрнектермен әсем-деуге болатынын байқап көреді. Әртүрлі көбе-лектердің суретінен мысалдар қарастыруы керек. Композицияны жасау үшін алдын ала жоспар құрып алу жетістікке жеткізетінін және ретсіз іс-әрекет-тер жасамау керектігін білуі қажет. Оқушылар көбелектің қанаттарына өрнектерді қарындашпен салып, одан кейін жазық фигураларды түрлі түсті қағаздан қиып алып жапсыру арқылы аппликация жасайды. Оқушылар қағаздан қиып жасауға қиналса, көбелектің қанаттарына түрлі түсті қарындаштар-мен өрнектерді салуды ұсыныңыз. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралардың модельдерін жасауды;жазық фигуралар модельдерінен композиция құрастыруды;композиция жасау кезінде жазық фигуралардың түрлерін айыруды және анықтай білуді меңгереді. Оқушылардың сабақты түсінгенін тексеру үшінтөмендегі сұрақтарды қойыңыз:— Қандай жазық фигуралардың модельдерін жасап үйрендіңдер?— Параллелепипедтің бір жағын бастырып сыз-са, қандай жазық геометриялық фигураны алуға болады?— Шаршы шығу үшін қандай кеңістік фигурасы-ның жағын бастырып сызу керек?Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдасты-рыңыз. Оқушылармен жасаған жұмыстары туралы талдау жасаңыз. Сабақтағы жұмыс түрлері оқу-шылардың бойына сенімділік тудыруы керек. Са-бақтан кейін олар жазық фигуралардың аттарын және олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен модельдерін естеріне жақсы сақтауы қажет.Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Шамалар және өлшемдерЗаттарды ұзындығы бойынша салыстыру | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды біледі;ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады және оларды өлшеу үшін құралдарды таңдап, өлшемдер жүргізеді. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
Әр жұп оқушыға арналған: |
|
Тірек сөздер | ұзындық;
ұзын; қысқа; биік; аласа. |
|
Сабақтың мақсаты: | Заттың ұзындықтарын салыстыру дағдысын да-мыту; заттарды ұзындықтарына қарап салыстырудың нәтижесіне назар аударту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Оқушылар сабақ барысында заттарды беттестіру тәсілімен және әркелкі өлшем бірліктерімен ұзын-дықтарына қарап салыстыруды үйренеді. Оқушылар ағаштар мен ғимараттардың биіктіктері де, адамның бойлары да ұзындыққа жататынын түсінеді. Оқушыларға екі жолақты ұзындықтарына қа-рап салыстыруға ұсыныс жасаңыз және біріншісі екіншісінен қысқа екенін анық көре алатын-дай жолақтарды көрсетіңіз. Оқушылар бір жо-лақ — ұзын, екінші жолақ — қысқа деп жауап бере алады. Қай заттың ұзын, ал қай заттың қысқа екенін көзбен көре алмаған жағдайда не істеу керек еке-нін оқушылардан сұраңыз. Шалбарға арналған екі белбеуді көрсетіңіз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Олар тиімді ұсыныс айтуы мүмкін. Содан кейін екі оқушының көмегімен беттестіріп салу тәсілін көрсетіңіз. Белбеулерді бірінің үсті-не бірін, бір ұшы бір-бірімен сәйкес келетіндей етіп салыңыз. Ұзындықтарына қарай белбеулердің айырмашылығын тіркеңіз. Ал белбеулердің екінші ұшының сәйкес келмейтінін көрсетіңіз. Бұл нені білдіретінін сұраңыз, жауаптарын тыңдаңыз (бір белбеу — ұзын, екіншісі — қысқа).
Кіріспе тапсырма. Жұптағы оқушыларға қатты қағаздан жасалған екі жолақты беттестіріп салу тәсілімен салыстырып көруді ұсыныңыз. Әр оқушыға өз қағаз жолағын алып, оны партадағы көршісінің жолағымен салыстыруды және оның нәтижесін айту-ды ұйымдастырыңыз. Кейін екінші оқушы өз жолағын алып, басқа оқушының жолағымен салыстырсын. Сөй-тіп жұп құрамын ауыстырып отырыңыз. Тапсырманы орындауға қажетті уақыты жұмыс нәтижесіне қарай өзіңіз реттеңіз. Бұл тапсырма екі затты ұзындығына қарап беттестіріп салу тәсілімен салыстыру дағдысын қалыптастырады. Әрі қарай оқушыларға өлшеуішті (кеңсе қағазқыстырғышын алуына болады) таңдап алуына және осы өлшеуіштермен қағаз жолақтарды өлшеуге ұсыныс жасаңыз. Қажет болған жағдайда оқушыларға сандарды дөңгелектеуге көмектесіңіз. Өлшеу нәтижесін сұраңыз. Оқушыларға бірінші жолақ екінші жолақтан қанша қағазқыстырғышқа ұзын немесе қысқа екенін анықтатыңыз. Өлшеуіштер саны бойынша салыстырудың бұл тәсілі оқушыларды бір заттардан басқалардан қанша өлшем бірлікке ұзын немесе қысқа екенін анықтауға үйретеді. |
Қай қарындаш ұзын? Қайсысы қысқаТапсырманы оқушылардың барлығына орында-тып, артынан сұрақтар қойыңыз:— Қай қарындаш ең ұзын?— Қайсысы ең қысқа?— Қарындаштарды ең қысқасынан ең ұзынына дейін ретімен ата.Ағаштарды биіктігі бойынша салыстыр. Оқу-шыларға үйлердің, бұталардың, ағаштардың биік-тіктерінің (төменнен-жоғарыға қарай орналасқан заттар) де ұзындық болып табылатынын түсінді-ріңіз. Ағаштарды биіктіктеріне қарап салыстыруға ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы сынып оқушыларының барлығына орындатыңыз және сұрақтар қойыңыз:— Суретте қанша ағаш бейнеленген?
— Олар бойлары бойынша орналасқан ба? (биік-тіктері бойынша.) — Олардың арасындағы ең биік ағаш қайсы?— Қай ағаш ең аласа?— Олардың арасында биіктігі тең ағаштар бар ма? Ағаштарды бойлары бойынша қоюды ұсыныңыз: аласа ағаштан биік ағашқа дейін және керісінше. Отбасы мүшелерін бойлары бойынша орна-ластыр. Адам денесінің ұзындығы, яғни адамның биіктігі — бұл оның бойы екенін түсіндіріңіз. Адамдарды бойларына қарап салыстыруда “ұзын”, “қысқа” сөздерін қолданыңыз. Тапсырманың суретіне қарауды ұсыныңыз. Отбасы мүшелерін бойы бойынша орналастыруды сұра-ңыз. Оқушылар қандай ретпен орналастыратынын өздері таңдап алуы керек. Орындап көр. Барлық оқушыларды талқылауға қатыстырыңыз. Оқушыларға сыныптағы заттарды мұқият қарауды және көзбен ең биік, ең аласа заттарды анықтауды ұсыныңыз. Қай заттар партадан биік, ал терезенің жақтауынан аласа?Шығарып көр. Оқушыларға суретке қарап, ненің ұзын екенін анықтауды ұсыныңыз: моншақ па, әлде таяқша ма? Тапсырманы орындау барысында оқушылар бұл екі заттың ұштары бір-бірімен дәл келетініне назар аударуы тиіс. Бірақ оқушылардың моншақтың ирек-ирек болып тұрғанына және таяқ-шаның түзу екеніне назар аударуын ескерту керек. Жауабы:моншақ таяқшаға қарағанда ұзын, өйткені таяқша түзу, ал моншақтың жібі иілген. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативтік дағдылары дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). | Ұзындықты өлше. Оқушылар иллюстрацияны пайдаланып, заттардың ұзындығын өлшеуіштің саны бойынша анықтайды. Олар ең ұзын затты анықтап, оны қызыл қарындашпен айналдыра сызады. Содан кейін ең қысқа затты анықтап, оны көк қарындашпен айналдыра сызулары керек.Жауабы:шанышқының ұзындығы 4 шегеге; пышақтың ұзындығы — 5 шегеге; ожаудың ұзындығы — 6 шегеге тең.Таспа сал. Оқушылардан сызғышты қолданбай берілген таспадан ұзын немесе қысқа таспаны салуды сұраңыз. Көзбен шолу арқылы таспаның ұзын немесе қысқа болып шыққанын міндетті түрде анықтау қажет.Үйдің суретін сал. Оқушыларға берілген үйге қарағанда биік үй салдырыңыз. | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
сөздерді қолдануды меңгереді.Оқушылардың сабақ материалын меңгеру дең-гейін тексеру үшін сұрақтар қойыңыз:— Заттарды ұзындықтарына қарап қалай са-лыстыру керек? (Ненің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)— Заттарды биіктіктеріне қарап қалай салысты-ру керек? (Ненің биік немесе аласа екенін білу керек.)— Адамдарды бойларына қарап қалай салысты-ру керек? (Кімнің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)— Неге биіктік пен бой ұзындыққа жатады? Сендер қалай ойлайсыңдар?— Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеуге болады. Барлығы үшін ортақ стандартты өлшем бірліктері керек пе? Қалай ойлайсыңдар? Неліктен керек?Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Ұзындықты қалай өлшейміз? | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды. |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: |
|
|
Тірек сөздер | өлшеуіш;
сантиметр. |
|
Сабақтың мақсаты: |
|
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тә-жірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, са-лыстыру жолдарымен таныстыру.
Сабақта ұзындықтың өлшем бірлігі — сантиметр ұғымы енгізіледі. Практикалық іс-әрекеттер негізінде оқушылардың кесінділерді сызғышпен өлшеу дағ-дысы қалыптасады, сонымен қатар ұзындықты өлшеудің нәтижесін сантиметр арқылы көрсете бі-летін болады. Ұзындықтың стандарт өлшем бірлігі стандартты емес өлшем бірлік — өлшеуіш арқылы түсіндіріледі. Өлшеуіш — бұл қандай да бір заттың ұзындығын табу үшін алынған белгілі бір ұзындыққа ие, заттың ұзындығын, көлемін және массасын өлшеуге арналған құрал. Өлшеуіш ұғымын, айталық, адамның бойын оның табанының ұзындығымен өлшеу арқылы түсіндіруге болады. Бұл жағдайда табанның ізі — бой өлшеуіш ретінде алынады. Оқушыларға адамдар ерте кезден бастап-ақ ортақ өлшем бірліктерді енгізгенін түсіндіріңіз. Бүгін ұзындықтың стандартты өлшем бірлігі — сантиметрмен танысатынын хабарлаңыз. Екі түрлі жолақты көрсетіңіз: олардың біреуінің ұзындығы 1 см, ал екіншісінікі — 10 см және оларды “кішкентай өлшеуіш” және “қалың қағаздан жасалған жолақ” деп атаңыз. Жолақтың үстіне кішкентай өлшеуіш жолақты салып, жұппен өлшеуді ұсыныңыз. Оқу-шылар жолақтың ұзындығының 10 өлшеуіш екенін анықтаулары тиіс. Содан кейін кішкентай өлшеуіштің те ұзындығы болатынын айтыңыз және оның ұзын-дығы — 1 см екенін хабарлаңыз. Сонымен “Қалың қағаздан жасалған жолақтың ұзындығы 10 см” деп айтуға болатынын ескертіңіз. Содан кейін ұзын-дықты өлшейтін құралдың болатынын және оның біреуін сызғыш деп атайтынын айтыңыз да, сызғыш-тың өзін көрсетіңіз.Осыдан кейін оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Сызғыш неге ұқсас? (Оқушылардың жауабы.) — Онда нелер бейнеленген? (Цифрлар мен кіш-кентай бөлік сызықтар.) — Сызғыш сандық сәулеге ұқсай ма? (Сызғыштағы үлкен бөліктердің арасы бірдей.) Бір бөлік пен екінші бөліктің арасы 1 см екенін айтыңыз. Сонымен қатар “1 сантиметр” деген сөзді қысқаша “1 см” деп жазуға болатынын ескертіңіз. Оқушыларға кесінділерді сызғыштың көмегімен қа-лай өлшеуге болатынын көрсетіңіз. Олардың на-зарын өлшеу кезінде кесіндінің бір ұшын 0 санына дәл келтірудің маңызды екенін және екінші ұшы сол кесіндінің ұзындығын сантиметрмен көрсететін санға дәл келетінін айтып пысықтаңыз. |
Оқулықтағы өлшеуіш құралдардың суретімен танысуды ұсыныңыз. Егер осы өлшеуіш құралдармен таныс балалар болса, ол жайында айтып беруін сұраңыз.
Орындап көр. Бұл айдардағы тапсырманы сабақтың басында “өлшеуіш” ұғымын енгізу үшін орындату керек. Ол үшін жұппен жұмыс ұйымдас-тырыңыз. Шығарып көр. Тапсырманы орындамас бұрын кесінділерді өлшеу кезіндегі сызғышты пайдалану ережесін қайталатыңыз. Өлшейтін заттың шеті сызғыштағы 0 санымен сәйкес келуіне оқушылардың назарын аударыңыз. Жауабы: қасықтың ұзындығы — 10 см; ұштағыштың биіктігі — 3 см. Ойлан. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Олар тапсырманы орындауда қиналса, жұпқа біріктіріп, тапсырманы талқылап орындауды ұсыныңыз. Жауабы: қызыл жіп жасыл жіптен ұзын. Есіңе сақта! Оқушылардың назарын кестеге аударыңыз. Кесте бойынша қайталау:Ұзындық сантиметр және дециметрмен өлше- неді;“Сантиметр” қысқаша “см” деп жазылады. “Дециметр” қысқаша “дм” деп жазылады. Ұзындықтың өлшем бірліктерін есте сақтаудыескертіңіз. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушыларға ұзындықты өлшеу барысында және өлшеу нәтижелерін айтқанда математикалық тер-миндерді дұрыс қолдануға көмектесіңіз. | Қалам мен қойындәптердің ұзындығын өлше. Тапсырма ұзындықты стандартты емес өлше-уіштермен өлшеу дағдысын бекітуге берілген.
Қай үстел ұзын? Бұл тапсырма оқушылардың логикалық қабілеттерін дамытады.Жауабы: оң жақтағы үстел ұзын. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшеуді;өлшеу нәтижелерін сантиметрмен өрнектеуді меңгереді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін тек-серу мақсатында сұрақтар қойыңыз:— Сызғыштың көмегімен ұзындықты қалай дұрыс өлшеуге болады?— Ұзындықтың өлшем бірліктері қалай аталады? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Заттарды массасы бойынша салыстыру | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | Оқушылардың әр тобына арналған:табақты таразы;
|
|
Тірек сөздер | ауыр;
жеңіл; масса. |
|
Сабақтың мақсаты: |
“Масса” ұғымын түсіндіру; заттарды массасы бойынша табақты таразының көмегімен өлшеп са-лыстыру, стандартты өлшем бірліктерін қолдануды үйрету. |
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақта оқушыларға жаңа шама — масса туралы алғашқы түсінік беріледі. Тәжірибелік жұмыс бары-сында олар заттарды салыстырып, қайсысы ауырлау, қайсысы жеңілдеу екенін анықтайды. Салмақ пен масса ұғымының айырмашылығына назар аудару және “масса” сөзінің орнына “салмақ” деген сөзді қолдануға болмайтынын түсіндіру қажет.
Сабақтың басында оқушыларға заттарды ұзын-дығы, жасалған материалы, көлемі мен пішіні бойынша салыстырғаны туралы естеріне түсіріңіз. Бірақ заттардың одан басқа да қасиеттері бар екенін айтыңыз. Оқушыларға бүгін заттарды әртүрлі қасиеті бойынша салыстыруды жалғастыратынын хабарлаңыз. Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топтарға бө-ліңіз. Әр топқа сырт пішіні ұқсас, біреуінде мақта, екіншісінде тас салынған екі қорапты беріңіз. Оқушыларға тапсырманы орындау мақсатын түсіндіріңіз: екі қораптың ұқсастығы мен айырма-шылығын атап салыстыру қажет. Әрбір оқушының қораптарды ұстап қолдарымен сипап көруіне жағдай жасаңыз. Айырмашылығы туралы айту ке-зінде заттардың біз көре алмайтын қасиеттері бар екенін ескертіңіз. Бұл қасиетті анықтау үшін затты қолға алып көтеріп көруді ұсыныңыз. Енді не ойлайтынын сұраңыз (Бір қорап жеңіл, екіншісі — ауыр). Оқушылар екі қорапты көтеріп көру арқылы олардың бір-біріне ұқсамайтын қасиеті бар екенін байқайды. Яғни олардың ауыр не жеңіл екенін білугеболады деген тұжырымға келуі керек. Егер зат ауыр немесе жеңіл десек, біз оның массасы туралыайтатынымызды түсіндіріңіз. Қазіргі жағдайда қо-раптарды массасы бойынша салыстыратынымыз туралы айтыңыз: “Бірінші қораптың массасы екінші қораптың массасынан кем. Екінші қораптың массасы бірінші қораптың массасынан артық”. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әрбір жұпта та-бақты таразы, алма, картоп, кәмпиттер болуы керек. Алманың және картоптың массасын өлшеуіші ретінде алынған кәмпиттер арқылы өлшеңіз. Оқушылардың бір тобы зат массасын өлшеу барысында, мысалы, бір алманың массасы бес кәмпитке тең екенін, ал басқа оқушылар бір картоптың массасы тоғыз кәмпитке тең екенін анықтайды. Картоп пен алманың массасын салыстыра отырып, өлшеу нәтижесінде шыққан кәмпиттердің санын салыстырады. Себебі заттардың массасы бір өлшеуішпен өлшенді. Ауыр заттың массасы жеңіл заттың массасына қарағанда үлкен санмен өрнектеліп жазылады. Заттың масса-сын санмен өрнектеуге болатынына оқушылардың назарын аударыңыз. |
Кім ауыр? Кім жеңіл? Оқулықтағы иллюстра-цияға назар аударып, берілген сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:— Кімнің массасы ауыр деп ойлайсыңдар?— Ал кім жеңіл?— Неге?— Сендер әр баланың массасы туралы не ой-лайсыңдар? (Қыздың массасы ұлдың массасына қарағанда жеңіл немесе ұлдың массасы қыздың массасына қарағанда ауыр).Орындап көр. Таразының көмегінсіз мектеп құралдарының ішіндегі ең жеңіл және ең ауыр затты анықтап көруді тапсырыңыз. Бірге талқылаңыздар.Шығарып көр. Тапсырма оқушылардың логи-калық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Орындау кезінде қиындық туындаса, оларды жұптарға біріктіріңіз. Жұпта, ақылдаса отырып орындауды ұсыныңыз.Жауабы:алма шабдалыдан ауыр. Шабдалы алмадан жеңіл.Қай заттың массасы артық? Қайсысының массасы кем? Оқушылардан күнделікті өмірдекөп кездесетін заттардың массасын салыстыруды сұраңыз.
Жауабы: а)диванның массасы креслоның массасынан артық, креслоның массасы диванның массасынан кем;ә) теледидардың массасы телефонның массасынан артық, телефонның массасы теледидардың массасынан кем; б) жүк автокөлігінің массасы жеңіл автокөліктің массасынан ауыр, жеңіл автокөліктің массасы жүк автокөлігінің массасынан жеңіл. Қай ойыншық барлығынан жеңіл? Оқушыларға оқулықтағы сурет бойынша сұрақ-тар қойыңыз:Ойыншықтардың массасы қандай өлшеуіштер-мен өлшеді? — Аюдың массасы неше текшенің массасына тең? — Мәшиненің массасы неше текшенiң массасына тең? — Қуыршақтың массасы неше текшенің массасы-на тең? — Ойыншықтардың ең ауыры қайсы? Ал жеңілі ше? Жауабы: аюдың массасы 9 текшенің массасына тең; мәшиненің массасы 5 текшенің массасына тең; қуыршақтың массасы 6 текшенің массасына тең; ойыншықтардың ішіндегі ең ауыры — аю, ең жеңілі — мәшине. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Өз әрекетіне түсінік бергенде және өлшеудің нәтижелерін айтқанда математикалық терминдерді дұрыс қолдануына назар аударыңыз. “Қарбыз бес ананасқа тең” деп және т.б. айтылғаны дұрыс емес, “Қарбыздың массасы бес ананастың массасына тең” деп айтылу керектігіне назарын аударыңыз. Осы сөздерді есте сақтау үшін “Тепе-теңдік” ойынын ойнатыңыз.
Шарты: оқушылар қолдарын екі жаққа созып тұрады. Олардың қолдары таразының екі жақ басын көрсететінін ескертіңіз. Оқушылар айтыл-ған нұсқауларға байланысты қимылдар жасайды. Таразының оң жақ басы сол жақ басынан ауыр дегенде оң қолдары жағына қарай бұрылады да, “ауырлау” сөзін айтады. Таразының сол жақ басы оң жақ басынан жеңілдеу дегенде, тағы оң қолдары жағына қарай бұрылады да, “жеңілдеу” сөзін айтады. Таразы басы тең дегенде қолдарын бастапқы қалпына келтіреді де, “масса” сөзін айтады. Осы қимылдарды бірнеше рет айтқызып қайталатыңыз. |
Суреттегі жеңіл затты қызыл түспен, ауыр затты көк түспен боя. Оқушылар қызыл қа-рындашпен жеңіл затты, ал көк қарындашпен ауыр затты қоршап белгілейді. Салыстыру визуалды түр-де жасалады. Бұл тапсырма заттарды массасы бо-йынша салыстыру дағдыларын бекітеді.Дұрыс жауапты белгісімен көрсет. Оқушы-лар заттарды массасы бойынша салыстырып, дұрыс жауабын көрсетілген белгімен белгілейді. | |
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінге-нін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:— Заттың массасы дегенді қалай түсіндің?— Екі заттың массасын қандай құралдың көме-гімен салыстыруға болады? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өт-кізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Массаны қалай өлшейміз? | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шама-ларын ажыратады; оларды өлшеу үшін құ-ралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді;шамаларды өлшем бірліктерді (см/кг/л) қол-данып өлшейді | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | әр жұп оқушы үшін: массаны өлшеуге арналған бір килограмдық кіртасы;
шақпақ қанттың орамасы — 3 дана, жарма қапшығы — 3 дана, бір пакет шырын — 3 дана (барлық заттардың массасы 1 кг);табақшалы таразы (оқушылардың әрбір жұбы үшін болса дұрыс, бірақ таразы тек біреу болса, жұмысты оқушылардың әрқайсысы массаны өл-шеу үшін таразыны пайдалана алатындай етіп ұйымдастырыңыз); екі қапшық: бірінің көлемі үлкен, массасы жеңіл (1 кг-ға дейін), екіншісі — көлемі кіші, ал массасы ауыр (3 кг шамасында). |
|
Тірек сөздер | килограмм. | |
Сабақтың мақсаты: | Массаның өлшем бірлігі — килограмм туралы түсінік беру; массаны килограмдап өлшеу нәтижесін жазуды үйрету; массаны шама ретінде түсінуін бекіту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Оқушылар өлшеудің стандарттық бірлігі — килограмм туралы түсінікпен танысады, массаны таразыда килограмдап өлшеу нәтижесін жазуды үйренеді.
Сабаққа арналған ескертпелер Сабақты массаны қалай өлшеу керектігі туралы диалогтен бастаңыз. Медициналық тексеру өткенде дене массасын, дүкенде сатып алынатын азық-түліктің массасын өлшеу туралы әңгімелесіңіз. Сөз соңын массаны өлшеуге болады деген тұжы-рымға келтіріңіз.— Демек, массаны өлшеуге бола ма? (Болады.)— Массаны өлшеудің нәтижесін қалай жазып көрсетуге болады? (Массаны өлшеудің нәтижесін санмен жазып көрсетуге болады.) — Егер оны өлшеп, нәтижесін санмен көрсетуге болса, масса не болып табылады? (Ол — шама.) Оқушыларға сабақта әртүрлі заттардың массасын өлшейтінін хабарлаңыз. Сабақты көлемі мен құрамы әртүрлі екі қапшықты көрсетумен жалғастырыңыз: көлемі үлкен қапшық көлемі кіші қапшықтан жеңіл болу қажет. Көз мөлшермен қайсысы ауырлау екенін анықтауды сұраңыз. Сосын таразының көмегімен немесе қолға алып салмақтау арқылы салыстыртыңыз. Заттарды массасы бойынша салыстырғанымызды хабарлаңыз. Ал біз қапшықтардың массасын біле аламыз ба? (Иә, біле аламыз.) Кіріспе тапсырма. Оқушыларға тәжірибелік жұмыс ұсыныңыз. Қапшықтардың массасын өлшеуді сұраңыз. Өлшем ретінде шақпақ қант қорабын, жарма пакетін, шырын пакетін (барлық азық-түліктің салмағы 1 кг) ұсыныңыз. Таразы көмегімен массаны табыңдар. Оны өлшемдер санымен көрсетіңдер. Сосын өлшем қанша тартатынын сұраңыз. Оқушылар 1 кг деп жауап беруі мүмкін. Егер жауап қайтармаса, онда массасы 1 кг деген жазуы бар пакетті көрсету қажет. Өлшеуіш пакеттердің санын есептеңіз және қапшықтың массасын килограммен көрсетіңіз. Салмағы 1 кг кіртасын көрсетіңіз, бұның не екенін айтып беріңіз, мүмкін оқушылардың біреуі оны дүкенде көрген шығар. Килограмм — стандартты өлшем бірлік. Массаның стандартты өлшем бірлігі дүниежүзі үшін бірдей. Сондықтан адамдар масса жайлы килограммен айтқанда бірін-бірі түсінеді. Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Табақшалы таразыда массасы 1 кг-дық кір тасы-мен кітап, мектеп сөмкесі, жабдықталған қорап, қаламсауыт және т.б. заттардың массасын салыс-тыруды ұйымдастырыңыз. Өлшеу нәтижелерін бы-лай көрсетуді ескертіңіз: “Кітап массасы 1 кг-нан кем”; “Мектеп сөмкесі массасы 1 кг-нан артық”; “Қаламсауыт массасы 1 кг-нан кем” және т.б. Осын-дай жұмыс 1 кг “өлшемі” түсінігін бекітеді және айналадағы заттардың массасы жайлы мөлшермен айту туралы көзқарасты кеңейтеді. Кітап салынған қорап пен бөлме гүлінің массасын анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ-тар қойыңыз:— Қорапты неше кіртасы теңестіреді?— Осындай бір кіртасының массасы қандай?— Қораптың массасы қанша болатынын ойланып көр.Бөлме гүлінің массасына байланысты осы сұрақ-тарға ұқсас сұрақтар қойыңыз.Жауабы:қораптың массасы — 5 кг; бөлме гүлінің массасы — 3 кг. |
Қарбыздың массасын анықта. Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз.
Оқушылар қарбыздың массасын қауынның мас-сасы арқылы табатынына бірге ақылдаса отырып көзжеткізу тиіс. Tапсырманы орындау кезінде қиындық туса, мынадай сұрақтар қойыңыз:— Таразыдағы бір қарбызды неше қауын теңес-тіреді?— Қарбыздың массасы туралы не айтуға болады? (Екі қауынның массасына тең).— Бір қауынның массасы қанша болады? (1 кг) — Екі қауын қанша тартады? (2 кг)— Бір қарбыздың массасы қанша болатынын айта аласың ба? (Қарбыздың массасы 2 кг болады.) Жауабы: 2 кг. Доп салынған тордың қайсысы ауыр? Не-ліктен? Тапсырманы жұппен орындауды сұраңыз. Тапсырманың алдыңғы тапсырмалардан өзгешелігі: тордағы доптардың массасын көзбен көріп мөл-шермен анықтау арқылы емес, оны доптарды өл-шеуіш ретінде алып, нақты массасының қандай екенін анықтап, әрбір тордағы доптардың массасын салыстыру қажет. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда мына жетелеу сұрақтарын қойыңыз: — Бірінші торда неше доп бар? Екіншіде ше? — Қайсысында доп көп?— Доптар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?— Доп салынған тордың қайсысы ауыр? Жауабы: екінші тор ауыр (онда 6 доп бар). Шығарып көр. Тапсырма оқушылардың логи-калық ойлау қабілетін және зейінін дамытуға бағытталған. Сондықтан тапсырманы әр оқушының жеке орындауы тиімдірек. Оқушылар өз жауап-тарында мақтаның массасының жеңілдігін айтуы мүмкін. Мақтаның массасы қанша екенін сұраңыз. Тастың массасын да сұраңыз. Мақта мен тастың массасы туралы енді не айтатынын сұраңыз. Салыстырыңыз. Жауабы: массалары тең. Орындап көр. Оқушылардың жұппен ақылда-суын ұйымдастырыңыз. Олардан бір-біріне дүкен-дерде 1 кг-дық пакеттерде сатылатын азық-түлік туралы айтуды сұраңыз. Тапсырма оқушылардың өмірден көргендеріне сүйеніп жауап беруіне негіз-делген. Мүмкін болатын жауаптар: минералды су бөтелкесі, бір бөтелке өсімдік майы, бір қорап шақпақ қант, бір қорап тұз, күріш т.с.с. Есте сақта! Кесте бойынша қайтала: Масса килограммен өлшенеді;“Килограмм” қысқаша “кг” деп белгіленеді. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушыларға массаны өлшеу нәтижесін айту кезінде және өз іс-әрекеттерін айтып түсіндіру үшін математикалық терминдерді дұрыс қолдана білуге көмектесіңіз. | Қандай азық-түліктің массасы 1 кг болады?
Оқушылардың назарын табақты таразыда қандай кіртастарының барына және таразының қандай қалыпта (таразы басы тең, бір жақ басы басып тұр) тұрғанына аудару керек. Жауабы:қораптағы шай, қораптағы қант.Массаны өлше. Тапсырма оқушылардың күн-делікті өмірде заттардың массасы болатыны туралы түсініктерінің деңгейін бағалау, сонымен қатар заттың массасын 1 кг-дық кіртасын салыстыра алатынын анықтауға берілген.Берілген тапсырманы орындау үшін жұмыс парағында бейнеленген заттарды алдын ала да-йындаңыз. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:заттардың массасын кіртастардың көмегімен өлшеуді;күнделікті өмірде кездестіретін заттардың мас-сасын мөлшерлеп айтуды (бір килограмнан ар-тық немесе кем);заттарды массасы бойынша салыстыруды мең-гереді.Тақырыпты меңгеру деңгейін бақылау мақса-тында сұрақтар қойыңыз:— Массаның өлшем бірлігі қалай аталады?— Қандай құралдардың көмегімен заттың мас-сасын анықтайды?— Үстелдегі қай заттардың массасы бір кило-грамнан жеңіл болуы мүмкін?— Сыныптағы қай заттардың массасы бір кило-грамнан ауыр болуы мүмкін?Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәпте-ріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткі-зіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Заттарды көлемі бойынша салыстыру | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
|
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | суы бар шелек, бояулармен жұмыс істеуге арналған стақан;көлемдерінде сәл ғана айырмашылығы бар біреуі биік әрі жіңішке, екіншісі аласа әрі жалпақ екі қорап, өлшемдері бірдей ойыншық текшелер (текшелер саны қораптың ішін толтыратындай мөлшерде болуы керек);
көрсетуге қажетті заттар: А4 пішімдегі қағаз парағы, түсті қағаздан қиылған үшбұрыш пен дөңгелек, компакт-диск, көлемдері әртүрлі ыдыстар; әр оқушыға бір-бірден Рубик текшесі;кесе, асқасық (саны сыныптағы оқушылар жұбы-ның әрқайсысына жететіндей). |
|
Тірек сөздер | көлем. | |
Сабақтың мақсаты: | Ыдыстың ішіндегі толтыруға болатын кеңістік түсінігі арқылы көлем ұғымын енгізу; заттарды кө-лемі бойынша салыстыру. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Көлем — бұл ыдыстың және заттың ішіндегі сұ-йық, қатты және сусымалы заттармен толтыруға болатын кеңістік. Бұл сабақта оқушылар заттарды көлемдері бойынша салыстырады, яғни салыстыру үшін қандай өлшем керектігін анықтайды.
Сабақты екі ыдысты көрсетуден бастаңыз, мы-салы: стақан және бояулармен жұмыс істегенде су төгілмейтін арнайы стақан. Оқушыларға қай ыдысқа көп сұйық құюға болатынын анықтауды ұсыныңыз. Қалай істеу керектігін сұраңыз. Салыстыру жұмы-сын жұппен орындауға мүмкіндік беріңіз. Шешімі: бірінші ыдысқа су толтырып, екіншісіне құю. Егер онда бос орын қалса, демек бірінші ыдыс екінші ыдысқа қарағанда көлемі жағынан кіші және керісінше. Оқушылардан қандай қасиеттері бойынша салыстырғанын сұраңыз. (Оқушылар көлем деген сөзді білмеуі мүмкін. Олардың ойларын тыңдаңыз. Тек содан кейін ғана өзіңіз көлем деген ұғымды айтуыңызға болады.) Көлемі жағынан салыстырылғанын хабарлаңыз. Көлем — бұл сұйықпен толтыруға болатын ыдыстың ішіндегі бос кеңістік. Көлемді жұмсалған сұйық арқылы салыстыруға болады. Көлем ыдыстың сыйымдылық қасиетін көрсетеді. Оқушыларға логикалық сұрақ қойыңыз: көлемді салыстыру үшін әрдайым сұйықтық құю керек пе? Кей кезде ыдыстардың көлемін сырттай байқау арқылы салыстыруға болады. Мысалы: шелектің көлемі бөшкенің көлемінен кіші. Оқушылардан қандай заттарды көлем бойынша салыстыруға болатындығын сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Олар тек сұйықтыққа арналған ыдыстарды атауы мүмкін. Кіріспе тапсырма. Көлем қасиеті тек ыдыстарға ғана емес, басқа да сұйық емес заттарға да тән екені туралы түсінікті қалыптастыру үшін топтармен мынадай жұмыс ұйымдастырыңыз. Қораптың да көлемін өлшеуге болады, себебі оған да заттар салуға болатынын айтыңыз. Ішіне сұйықтық құюға болмайтын заттардың да көлемі болатынын ескертіңіз. Көлем жағынан аздаған айырмашылығы бар екі қорапты көрсетіңіз. Екі қораптың көлемін қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Оқушыларға су құйылған стақан, дақыл салынған стақан және текшелер арасынан таңдау жасауды ұсыныңыз. Өлшем ретінде текше ыңғайлырақ екені туралы қорытындыға әкеліңіз. Текшелерді бетіне дейін толтырып бір қорапқа салыңыз. Содан кейін осы текшелерді екінші қорапқа салыңыз. Қай қорапқа текшелер көбірек, қайсысына азырақ сыйғанын сұраңыз. Қандай қасиеті бойынша салыстыру жүргізгенін нақтылаңыз. Көлем — бұл өлшенетін затқа қатысты өлшеуіштердің сыйымдылық қасиеті деген қорытынды жасаңыз. Егер зат сұйыққа арналған болса, онда кіші көлемді ыдыс өлшеуіш болып табылады. Егер зат сұйықтыққа арналмаған болса, онда кіші текшелер немесе басқа да заттар өлшеуіш болып табылады. |
Құмыра мен қораптың көлемін тап. Тапсыр-маны бүкіл сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз.
Оқулықтағы суреттерге қарап, мынадай сұрақ-тарға жауап беруді өтініңіз: — Құмыраның ішіндегі кеңістікті немен толтыру-ға болады? (Шырын, су, т.б. сұйықтар.)— Құмыраға неше стақан су сыяды? (8 стақан.) — Құмыраның көлемі қандай болатыны жайында қорытынды жасаңдар. (8 стақан.)— Қораптың ішіндегі кеңістікті немен толтыруға болады? (Текшелермен.)— Қорапты толтыру үшін неше текше керек? (15 текше.)— Қораптың көлемі қандай? (15 текше.) — Кесе мен текшелер өлшеу кезінде ненің қызметін атқарды? (Өлшеуіштер рөлін атқарды.) Жауабы: 8 стақан; 15 текше. Екі ыдыстың көлемін салыстыр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқу-лықтағы иллюстрация бойынша әңгіме жүргізіңіз. Жауабы: а)А бөтелкенің көлемі Ә бөтелкенің көлемінен артық. Себебі, А бөтелкеге 6 кесе сұйық сыяды, Ә бөтелкеге 5 кесе сұйық сыяды. ә) Б шелектің көлемі В шелектің көлемінен кем, себебі Б шелекке 3 бөтелке сұйық сыяды, В шелекке 4 бөтелке сұйық сыяды. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Берілген фигураның көлемін анықтау үшін әр фигураны құрастыруға кеткен кіші текшелердің санын санайды. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда сұрақтар қойып бағыт беріңіз: Бірінші (екінші, үшінші) фигура неше кіші текше-лерден тұрады? Жауабы: 7 текше; 6 текше; 8 текше. Орындап көр. Берілген тапсырма оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсыр-маны жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар жұпта өздерінің рөлдерін бөліп алады. Біреуі құйып тұруы мүмкін, екіншісі неше қасық болғанын санап тұрады. Жауабы: кесе мен асқасықтың көлеміне байланысты шама-мен 25-30 асқасық шығуы мүмкін. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Заттардың көлемін салыстыру барысында оқу-шылардың сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтуына көңіл бөліңіз. Мысалы: “Құмыра 5 стақанға тең” деп айтуға болмайтынын ескерту керек. Дұрыс жауап мынадай болу керек: “Құмыраның көлемі 5 стақанның көлеміне тең”. | Суреттегі әрбір екі ыдыстың ішінен көлемі үлкенін таңда. Ыдыстарды көз мөлшермен сырттай
салыстырып, қай ыдыстың көлемі үлкен екенін анық-тауы тиіс. Ыдыстарды салыстырып, үлкенін тапқан соң оны қызыл түске бояйды. Әр фигурадағы текшелерді сана. Оқушылар әр фигураның көлемін анықтап, нәтижесін сан-мен жазады. Содан кейін фигуралардың арасында көлемдері тең фигураларды табуы тиіс. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, пішіні әртүрлі фигу-ралардың көлемі бірдей болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеді. Жауабы: а) 7 текше; ә) 8 текше; б) 7 текше.а) және б) фигураларының көлемдері бірдей. Қай ыдысқа көп су құюға болады? Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар көлемі үлкен ыдысты бояулары керек. Ыдыстардың көлемдерін салыстыр. Оқушыларға тапсырманың мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз. Осы үш ыдысты толтыру үшін қайсысына аз су қажет екенін анықтап, оны қоршап сызу керек. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
көлем ұғымын ыдыстың ішіндегі кеңістік ретінде түсінеді; заттарды көлемі бойынша салыстыруды меңге-реді. Оқушылардың тақырып бойынша алған білім-дерін сұрақтар қойып тексеріңіз:— Шәйнекке 30 кесе су сыяды. Шәйнектің көле-мі қандай? — Қораптың көлемі 20 текшеге тең. Қорапқа неше текше сыяды? — Қалай ойлайсыңдар, көлемді өлшеу үшін бірдей өлшеуіш керек пе? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Көлемді қалай өлшейміз? | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | шамалардың мәндері мен өлшем бірліктерін салыстырады (ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сы-йымдылық (л)) және амалдар орындайды;ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады; оларды өлшеу үшін құрал-дар таңдап, өлшемдер жүргізеді;
өлшем бірліктерді (см/кг/л) қолданып өлшейді. |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: |
|
|
Ресурстар: | екеуіне су толтырылған, екеуі бос төрт бірдей шелек;екі әртүрлі өлшеуіштер (бір литрлік құты және екі литрлік құты);оқушылардың әрбір тобына арналған бір-бір өлшеуіш ыдыс;көлемі бір литрден кем ыдыс;көлемі бір литрден артық ыдыс;1 литр минералды суы бар бөтелке;1 литр сүті бар пакет;құйғыш (воронка). | |
Тірек сөздер | литр. | |
Сабақтың мақсаты: | “Литр” түсінігін көлем өлшемінің стандартты өлшем бірлігі ретінде енгізу. Көлем шама екенін түсінуге әртүрлі жағдайлар туғыза отырып жаттықтыру. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Зерттеу қызметі барысында оқушылар сабақ-та әртүрлі ыдыстардың көлемін стандартты өлше-уіштермен өлшейтін болады және заттарды көлемі бойынша дәл салыстыруды жүзеге асыру үшін бірдей өлшеуіштерді пайдалану қажет екенін анықтайды. Осылайша стандартты өлшем бірлік — литр түсін-діріледі.
Сабаққа арналған ескертпелер Көлемді нақты өлшеу үшін бірдей өлшеуіштерді пайдаланудың қажеттілігін түсінуге саналы түрде келу мақсатымен сабақты тәжірибе жүргізуден бастаңыз. Оқушылардан екі шеңбер жасап тұруды өтініңіз. Әрбір шеңбердің ортасына біреуі — су толтырылған, екіншісі — бос, бірдей екі шелектен қойыңыз. Барлық шелектің пішіндері, түстері, сыйым дылығы бірдей. Бір топқа бір литрлік, екінші топқа екі литрлік құты беріңіз. Әрбір топ су құю арқылы құты санын санап отырып (өлшем бірлігі) шелектің көлемін өлшеуі қажет. Тәжірибе қорытындысын шығарған кезде оқушылардан әртүрлі нәтижелер алу себебін түсіндіруді өтініңіз. Сұрақты талқылау бірдей өлшеуіштерді пайдалану қажеттігі туралы қорытындыға әкеледі. Көлемді өлшеудің стандартты өлшем бірлігі — литр екенін айтыңыз. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға көлемі 1 литр ыдысты көрсетіңіз. Бұл ыдысқа бір литр су сыяты-нын айтыңыз және оның қанша екенін көрсетіңіз. (Өлшеуіш ыдысқа бір литр деген белгіге дейін су құйыңыз). Минералды су құйылған 1 литрлік құмыраны, бір пакет сүтті көрсетіңіз. Құмырадағы “1 литр” деген жазуды көрсетіңіз. Содан кейін құмыраның көлемі бір литр екеніне оқушылардың көзін жеткізу үшін оның ішіндегі сұйықтықты өлшеуіш ыдысқа құйы-ңыз. Суды қайта құмыраға құйыңыз. Дәл осылай пакеттегі сүтті де қайта құйыңыз. Сұйық төгілмес үшін құйғышты пайдаланыңыз. Әрбір топқа бір өлшеуіш ыдысты және көлемі бір литрден кем ыдысты (мысалы судың, лимонад-тың немесе шырынның құтылары, сусын құятын қа-ңылтыр құты, шайға арналған кесе т.с.с.) таратып беріңіз. Жұмысты мына ретпен орындатыңыз: а)оқушылардан өлшеуіш ыдысқа 1 литр су толты-рып алуды өтініңіз; ә) өлшеуіш ыдыстың толы екеніне назар аудар-тыңыз; б) оқушылардан суды ыдыстарға құюын сұраңыз; в) олардан не болғанын сұраңыз (Су толығыменыдысқа сыймады); г) олардан қорытынды жасауды өтініңіз (Ыдыстың көлемі 1 литрден кем). Әрбір топқа көлемі 1 литрлік өлшеуіш ыдыс және көлемі бір литрден артық ыдысты таратып беріңіз. (Мысалы, судан босаған ыдыс, қазан, шырын пакеті, шәйнек, гүлсауыт және т.с.с.) Жұмысты бастапқы жүйе бойынша орындатыңыз. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар 1 литр көлемнің мөлшері жайлы түсініктерін бекітеді. |
Шелектің көлемін анықта? Суреттер бойын-ша әңгіме жүргізіңіз де, сұрақтар қойыңыз:
— Өлшеуіш ретінде не алынды? — Көк (сары) шелектерді толтыру үшін неше өлшеуіш керек? — Көк (сары) шелектердің көлемі қандай? Жауабы: көк шелектің көлемі — 4 литр, сары шелектің көлемі — 6 литр.Қанша қалды? Сыныптағы барлық оқушылармен әңгіме жүр-гізіңіз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— Шелекте неше литр су болған?— Аслан неше құты су құйып алды?— Егер шыны құтыға 1 л су сыятын болса, Аслан шелектен неше литр су құйып алды?— Шелекте неше литр су қалды?— Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Жауабы:3 л су.Қай ыдысқа 1 литр су сыяды, ал қайсысына сыймайды? Оқушылар көзбен ыдыстардың көлемін салыстырады. Олар шай құятын ыдысқа су аз, ал бөтелкеге көбірек сыяды деген қорытындыға келе-ді. Тапсырма оқушылардың көлем туралы практи-калық дағдыларын қалыптастырады.Шығарып көр. Алдымен сұрақтарға өз бетінше жауап беруді ұсыныңыз. Қиындық туындаса, оқу-шыларды жұптарға біріктіріңіз. Қажетіне қарай сұрақтар қойыңыз: — Өлшеуіш ыдыстағы “10 л” деген жазу нені білдіреді?— Ыдысқа қанша су құйылған? (10 литрден кем)— Ыдыс неше сызыққа бөлінген? (10)— Бір сызық неше литрді білдіреді? (1 л)— Қай сызыққа дейін су құйылған? (“4”)— Ыдыста неше литр су бар?Жауабы:4 литр.Орындап көр. Жұппен зерттеу жұмысын жүр-гізуді ұсыныңыз. 1 литрлік шыны құтыны неше стақан сұйықпен толтыруға болатынын анықтауды ұсыныңыз. Оқушылар стақанды өз еркінше таңдайды. Барлық стақандардың көлемі әртүрлі болады.Жауабы:мөлшермен 5-7 стақан болады.Есте сақта! Кесте бойынша қайтала:Көлем литрмен өлшенеді;“Литр” қысқаша “л” әрпімен белгіленеді. |
|
|
Қосымша тапсырмалар | |
Оқушылардың сөйлемдерді толық түсініп айтуына көңіл бөліңіз. Мысалы, “шелектің көлемі бес литрге тең” немесе “шелектің көлемі — бес литр” деп айтуға болады, ал “шелек бес литр” деп айтуға болмайды. | Құмыраға шырын құй. Оқушылар бірінші құ-мыраны “1 л” белгіден асырып бояйды.Екіншіні — “1 л” белгіден төмен бояйды. Үшіншіні — “1 л” белгімен дәл бояйды.Ыдыстардың көлемін тап. 1 л өлшеуіш ыдыс-тарды санап, әр ыдыстың көлемін табады.Жауабы:5 л; 6 л; 7 л.Ыдыстардың көлемін өлше. Тапсырма оқушы-лардың күнделікті өмірде қолданылатын заттар-дың көлемдері туралы түсініктерін бағалау үшін берілген. Сонымен қатар заттың көлемін 1 литрмен салыстыру дағдысын анықтау. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:көлемнің стандартты өлшем бірлігі литр екенін біледі;1 литр өлшеуіш ыдыс арқылы көлемді өлшеуді үйренеді.Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар қойыңыз:— Көлемді қандай өлшем бірлікпен өлшейді? (Литрмен.)— Аквариумды суға толтыру үшін оған 1 литр-лік ыдыспен 10 рет су құйды. Аквариумның көлемі қандай?— Сыныпта қандай ыдыстардың көлемі 1 литрден артық болуы мүмкін?— Дүкенде көлемі 1 литр ыдыстармен қандай азық-түлік сатылады?Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Шамалар және олардың қасиеттері | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | шамалардың мәндері мен өлшем бірліктерін, яғни: ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сыйым-дылық (л)) салыстырады және амалдар орын-дайды;
ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады; оларды өлшеу үшін құрал-дарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді. |
|
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: | ||
Ресурстар: | Көрнекілік үшін:көлемі 3 л бір шелек;өлшемдері әртүрлі екі ыдыс: 1 литрлік шыны құты және көлемі 0,5 литрлік ыдыс.Топтық жұмысқа арналған:пішімі А3 қатты қағаз, оның біреуінде “Иә”, екіншісінде “Жоқ”, үшіншісінде “Білмеймін” деп жазылған. | |
Тірек сөздер | шама. | |
Сабақтың мақсаты: | Шамалар ұғымын енгізу және ұзындық, масса, көлем шамаларының ортақ қасиеттерін білу. Масса, ұзындық, көлем ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Өлшеу нәтижелерін натурал сандармен белгілеу дағдыларын бекіту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақта “шама” ұғымы енгізіледі. “Шама” — өлшеуге болатын және өлшеген нәтижені санмен көрсетуге болатын ұғым.Сабақта шамалардың өлшемдермен байланысты түсініктерді меңгеру үшін жаттығулар жасалады. Тәжірибелік деңгейде оқушылар төмендегідей қорытындылар жасап үйренеді:
— шамаларды өлшеуге, салыстыруға және нә-тижесін сандар көмегімен көрсетуге болады;— шамаларды өлшеу үшін өлшем таңдап алып, оның өлшенетін шамада қаншасы барын анықтауға болады; — шамаларды олар тек бірдей өлшеуіштермен өлшегенде ғана салыстыруға болатыны түсінетін болады.Сабақты өткен сабақтарда алған білімдерді еске түсіруден бастаңыз. Заттардың ұзындығын, массасын, көлемін өлшеуді бұрын қалай үйренгенін еске түсіріңіз. Масса, ұзындық, көлем — шамалар екенін, шамаларды өлшеуге, салыстыруға болатынын айтыңыз. Шамаларды өлшеп, ортақ қасиеттерін табуды ұсыныңыз. Екі шелекті және екі түрлі өлшеуіш ыдысты көрсетіңіз де, сұраңыз:— Қай өлшеуішті пайдаланып шелекке суды тез толтыруға болады?— Шелекті толтыру үшін қай ыдысты көбірек пайдаланады? Неге? Шаманы өлшеп, өлшем нә-тижесін санмен көрсетуге болады деген қоры-тындылауға жетелеңіз. Егер өлшеуіш ретінде алған көлем үлкен болса, шаманы сипаттайтын сан кіші болады; егер өлшеуіш кіші болса, онда шаманы сипаттайтын сан үлкен болады деп қорытындылатыңыз.Осы қасиетті заттың ұзындығы мен массасын өлшегенде де пайдалануға болатынын айтыңыз.Салыстыр. Неге? Бұл тапсырма заттарды са-лыстыру үшін оларды бір өлшеуішпен өлшегенде ғана дұрыс нәтиже алуға болатыны туралы түсінікті бекіту мақсатында беріліп отыр.Сұрақ қойып, әңгіме жүргізіңіз:— Кімнің бөтелкесінің көлемі үлкен деп ойлай-сыңдар? Неге?— Қыз бен ұлдың қолдарындағы бөтелкелері бірдей ме, әлде әртүрлі ме?— Біз бөтелкелердің қайсысына көп сусын сыя-тынын айта аламыз ба? (Жоқ, айта алмаймыз.) Оқу-шыларға сурет бойынша өз ойларын қорытынды-лап айтуға мүмкіндік беріңіз.Шамаларды бірдей өлшеуіштермен өлшегенде ғана салыстыруға болады деген қорытынды жаса-тыңыз.Ойлан. Тапсырма оқулықтағы иллюстрация бо-йынша орындалады. Пішіндері әртүрлі ыдыстар берілген. Сондықтан қайсысында бұршақтың көп екенін көзбен мөлшерлеп анықтауға болмайды. Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, қалбыр ыдыста бұршақ көп болады деген қорытындыға келеді. Себебі оған бірнеше өлшеуіш ыдыстағы бұршақ сыяды.Жауабы:қалбыр ыдыстағы бұршақ артық. |
Шығарып көр. Оқушыларға оқулықтағы суретті қарауды сұраңыз. Кесінділерді тауып, оларды атауды ұсыныңыз. Кесіндінің сәуле мен түзуден айырмашылығы қандай екенін сұраңыз. (Кесіндінің ұзындығын өлшеуге болады, ал сәуле мен түзу шексіз.) Осыдан кейін өз беттерінше орындауға кесіндінің ұзындығын сантиметрмен анықтайтын жұмысты беріңіз.Бір литр сүттің, шыны құтыдағы кетчуп пен алмұрттың массасын тап. Тапсырма тәжірибеарқылы оқушылардың логикалық қабілеттерін арт тыруға бағытталған. Берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.Жауабы:дұрыс жауаптың үш нұсқасы болуы мүмкін:2 бөтелке;1 литр сүт және 1 алмұрт;3 алмұрт.Орындап көр. Сыныптан немесе үйден масса-сын, ұзындығын, көлемін өлшеуге болатын заттарды табуды ұсыныңыз. Топпен орындауға нұсқау беріңіз.Жауабы:ықтимал жауаптар: аквариумның, құмыраның, стақанның массасын, көлемін, биіктігін өлшеуге болады. | |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру | Қосымша тапсырмалар | |
Тірек сөз — “шаманы” есте сақтау үшін келесі ойынды ұсыныңыз. “Шамалар және оның қасиеттері” тақырыбымен байланысты сөздерді айтқызыңыз, ал оқушылар айтылған сөздердің ішінен шамаларды білдіретін сөздерді анықтауы керек. Егер сіз “ұзындық”, “көлем”, “масса” деген сөздерді айтатын болсаңыз, оқушылар ол сөздерді ести сала “шама” деген сөзді айтулары қажет. Мысалы: сіз “санти-метр” деген сөзді айтсаңыз, олар “шама” деген сөзді айтпауы керек, себебі ол — шама емес. Ал “Масса” деп айтсаңыз, олар “шама” деген сөзді хормен айтуы керек. Кезекпен айтуға болатын сөздер тізімі: “сантиметр”, “сызғыш”, “көлем”, “литр”, “масса”, “килограмм”, “таразы”, “ұзындық”, “кіртастары”. | Қай шаманы өлшегенін анықта. Сөздерді тиісті суреттермен сәйкестендіріп, сызықпен қос. Оқушылар шамаларды ұзындық, көлем, массаны бейнелейтін суреттерге сәйкес келетін сөздерді сызықтармен қосу керек.
Шамаларды тиісті өлшем бірліктермен сәй-кестендір. Оқушылар шамалардың атауларын (ұзындықты, массаны, көлемді) олардың өлшем бірліктерімен сәйкестендіріп қосу керек. Айнаның ұзындығын әртүрлі өлшеуіштер-мен анықта. Оқушылар қойындәптер түрінде және қарындаш түрінде көрсетілген өлшеуіштің санын табуы керек. Айнаның ұзындығы қойындәптердің ұзындығымен 6 болады. Ал бір қойындәптердің ұзындығы 2 қарындаштың ұзындығына тең болған-дықтан, айнаның ұзындығы қарындаштардың ұзын-дығымен 12-ге тең болады. |
|
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:“ұзындық”, “масса”, “көлем” терминдерінің және олардың өлшем бірліктерінің мағынасын түсінеді (см, кг, л);заттарды массасы, көлемі, ұзындығы бойынша салыстыруды меңгереді.Тақырыпты түсінгендерін тексеру үшін, топтарарасында жарыс ұйымдастырыңыз. Сабақтың та-қырыбына байланысты тапсырмалар мен сұрақтар дайындап, үш жауап нұсқасын ұсыныңыз (ия, жоқ, білмеймін).Тек бір жауап қана дұрыс болады. Сынып бөл-месінің әр жеріне “иә”, жоқ”, “білмеймін” деген сөздер жазылған қағаз парақтарын іліп қойыңыз. Ойынның шарты бойынша сіз сұрақтар қоясыз, ал оқушылар дұрыс жауап жазылған парақтың жаны-на жүгіріп барып тұрады. Сіз оқушының әрекетіне қарап, олардың тапсырманы қандай деңгейде меңгергенін бақылап білесіз.Сұрақтар:Шаманы өлшеуге бола ма?Ұзындықты салыстыруға бола ма?Көлем мен масса шама ма?Сантиметр — бұл өлшем бірлік пе?Литр мен килограмм — бұл шама ма?Шаманы салыстыруға бола ма?Шаманы өлшеп, нәтижесін санмен көрсетуге бола ма?Көлем ыдыстың сыйымдылығы ма?Жәшікке су құюға болмайды, сондықтан оның көлемі жоқ деп айту дұрыс па?Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәпте-ріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткі-зіңіз. |
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: | Математикалық әткеншек | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | тура және кері ретпен санау дағдыларын; геометриялық фигуралар туралы білімін; шамалар туралы білімін бекітеді. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: | ||
Ресурстар: | тапсырмалар жазылған беттер;кезектерін анықтау үшін жеребе тартуға арналған билеттері бар “Сиқырлы дорба”;әрбір топтағы оқушылар үшін “кабиналар” нөмірі;әрбір оқушыға арналған әткеншекке кіру билеті. | |
Тірек сөздер | математика | |
Сабақтың мақсаты: | Бірінші тоқсанда алған білімдерін қорытындылау; шамалар мен сандарды салыстыру дағдыларын бекіту; сандар тізбегіндегі санның орындары туралы білімдерін бекіту; геометриялық пішіндер мен фигураларды анықтай білу дағдыларын дамыту. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
Сабақ оқушылардың “Сандар және цифрлар”, “Геометриялық фигуралар”, “Шамалар және өлшем-дер” тараулары бойынша бірінші тоқсанда алған білімдерін жинақтап қорытындылауға арналған.Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқыту мақсаты тиімді орындалу үшін қорытынды-лау сабағын ойын түрінде өткізіңіз. “Сен нағыз мате-матиксің!”, “Сен барлығын дұрыс орындадың!” сияқты әртүрлі мадақтаулар және сабақтағы еркіндік жағдайы мен мерекелік көңіл күй әрбір оқушының өз қабілетіне деген сенімділігін бекітіп қана қоймай, жаңа теориялық білімді алуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырады, сондай-ақ “Математика” пәніне қажетті іс-тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.Сабаққа арналған ескертпелерПән кабинетін мерекелік сабаққа дайындаңыз. Бұл бірінші тоқсандағы қорытындылау сабағы, сон-дықтан оқушылар мерекелік көңіл күймен, өз бі-лімдеріне деген сенімділікпен келуі керек. Парта-ларды топ бойынша шеңбер бойымен қойыңыз. Осылайша сабақта оқушылармен топтық жұмысты тиімді өткізуді ойластырыңыз. Әрбір топқа жеребе тарту, яғни “өз кабиналары” бойынша ойынға қатысу үшін қажетті нөмірді алуды ұйымдастырыңыз.Сабақтың басында музыка қосып қойыңыз. Барлық оқушыларды сыныптың ортасына шақырыңыз. Оқу-шылардан: “Әткеншек тебуді жақсы көресіңдер ме, “математикалық әткеншек” теуіп көріп пе едіңдер?” деп сұраңыз (жауаптарын тыңдаңыз). Бүгінгі сабақта оларға осындай мүмкіндік болатынын айтыңыз. Оқу-шыларды “Математикалық аттракциондар саябағына” кіруге шақырыңыз.Сыныптағы барлық оқушылар үшін аттракцион-дарға кіретін “билеттер” дайындаңыз. Олар түрлі түсті және көз қызықтыратындай көрнекті, әрі өте әдемі болу керек. Әр билетке сабақтың тақырыбы мен артқы жағындағы бетіне тапсырмаларды жазыңыз. Билеттегі тапсырма кейбір сандары жазылмаған сандар тізбектерінің бір бөлігі болу керек. Сандар тізбегіндегі жоқ сандар топтың нөмірі, яғни “кабина” нөмірі болатынын айтыңыз.Мысалы: 3, 4, …, 6, 7 немесе 23, 24, …, 26, 27. Билеттерді таратып бергеннен кейін, оқу-шылардан өз орындарына отыруды сұраңыз. | Сабақтағы негізгі іс-әрекеттер кезінде оқушылар әткеншектегідей қозғалыста болып, яғни бір топтан екінші топқа тапсырманы орындаған соң ауысып отыратындай жағдай жасаңыз. Топтан топқа ауысу кезінде музыка қосып қойыңыз, ол динамикалық үзіліс сияқты оқушыларға демалыс беріп, келесі тапсырманы орындауға құлшынысын туғызады. Мұғалімге тапсырмалардың орындалуын тексеру үшін көмекшілер қажет болуы мүмкін. Ондай жағдайда пән мұғалімдері, жоғарғы сынып оқушылары немесе қызығушылық танытқан ата-аналардан көмек көрсететін адамдар шақыруға болады. Көмекке келетін адамдар болмаса, онда топтық жұмыстарды орындарын ауыстырмай ұйым-дастыруыңызға болады.Сабақтағы тапсырмаларда бірінші тоқсанда өтілген тақырыптар толық қамту керек. Әрбір орындаған тапсырмалар үшін оқушылар ұпай алады. Ұпайды тиын немесе күзгі жапырақ түрінде жа-сап беріп отырыңыз. Қорытындысын шығару үшін барлық ұпай санын сабақтың соңында қосасыз.
Математикалық пойыз. Тапсырма тура және кері ретпен санау дағдыларын бекітуге берілген. Оқушыларға екі пойыздың суреттерін қарауды ұсыныңыз. Суреттегі вагондар ретсіз орналасқан. Тапсырманы орындағанда, оқушылардың вагон-дардың нөмірлерін өсу немесе кему ретімен атауын ұйымдастырыңыз.Жауабы:а) пойыздың вагондарын 1-ден 10-ға дейін, ал ә) пойыздың вагондарын 9-дан 1-ге дейін санап орындайды.Қорған. Тапсырманың мақсаты “Геометриялық фигуралар” бөліміндегі алған білімдерін бекіту болып табылады. Оқушыларға қорғанның суре-тіндегі кеңістік фигуралардың түрлерін анықта-тыңыз және қалай аталатынын естеріне түсіртіңіз.Жауабы:конус, цилиндр, шар.Шығарып көр. Тапсырманың мақсаты — “Сан-дар және цифрлар” бөлімінде алған білімдерін бекіту. Оқушыларға суретті анықтап қарап шығуды ұсыныңыз. Әрбір қайықшадағы сандар қатарын оқытып, қатардағы қай санның жоқ екенін анық-татыңыз. Соған сәйкес қайықша тоқтауға арналған айлақты нөмірі бойынша тапқызыңыз.Жауабы:7, 8, 9.Орындап көр. Тапсырма “Сандар мен өлшем-дерді салыстыру” бөлімі бойынша алған білімде-рін бекітуге арналған. Оқушыларға жан-жануар-лардың суреттерін кабинадағы жазулар бойынша салыстыруды ұсыныңыз. Әрбір кабинада салыс-тыруға арналған тапсырмалар жазылған. Соған сәйкес жауаптарын табу қажеттігін ескертіңіз.Жауабы:бірінші кабинада “Қайсысы биік?”. Жауап: керік қояннан биік;екінші кабинада “Қайсысы ауыр?”. Жауап: піл түлкіден ауыр;үшінші кабинада “Қайсысы жеңіл?”. Жауап: тышқан мысықтан жеңіл;төртінші кабинада “Қайсысы аласа?”. Жауап: ит түйеден аласа;бесінші кабинада “Қайсысы артық?”. Жауап: үкілер тиіндерден артық;алтыншы кабинада “Қайсысы кем?”. Жауап: қарғалар жолбарыстардан кем. |
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру | Қосымша тапсырмалар | |
Сандарды салыстыр. Бұл тапсырма оқушы-ларды он көлеміндегі санау дағдыларын анықтауға бағытталған. Оқушылар сандардың реттік қатарына сүйене отырып сандарды салыстырады. Олар “артық”, “кем” ұғымдарын қолданады. | Қоңыздар. Тапсырма суретте көрсетілген зат-тардың кескінінің санын цифр арқылы белгілей білу дағдысын анықтауға бағытталған. Оқушылар қызыл қоңыздарға парақшаларда көрсетілген санға сәйкес нүктелерді сала алады.
Математикалық әткеншек. Тапсырма “Масса” тақырыбы бойынша білімдерін бекітуге бағытталған. Топтарға әткеншекте тербетіліп отырған жануар-лардың суреті бар парақшаларды таратыңыз. Оқу-шылар қай жануар денесінің массасы ең үлкен еке-нін анықтауы тиіс. Дұрыс жауапты олар плюс немесе құсқанат белгісімен белгілеп көрсете алады. Тапсырма оқушылардың 100-ге дейін санау дағ-дыларын қалай меңгергенін анықтауға арналған. Сандарды салыстыру бойынша берілген тапсырманы оқушы сандар тізбегіндегі орынға байланысты салыстыруға арналған сөздерді (артық, кем) қол-дана отырып орындайды. Дифференциация үшін суретте көрсетілген нұсқаны қолдануға болады. Ол 100-ге дейін санай білетін оқушыларға өздерінің дағдысын бекітуге көмектеседі. |
|
Бағалау | Оқушыларға сабақтың соңында:қай тапсырма сендерге ең қызықты болып көрінді?қай тапсырма ең оңай болды?қандай тапсырма ең қиын болды?, — деген сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз.Топтар жинаған ұпай санын шығару арқылықорытынды жасаңыз.Оқушыларға мәселелік (проблемалық) сұрақтар қойыңыз:— Барлық математикалық білімді алдық деп ойлайсыңдар ма?— Екінші тоқсанда тағы не туралы білгілерің келеді?Оқушылардың берген жауаптары алдағы екінші тоқсандағы іс-әрекеттерінің болжаулары сияқты болады. Оқушылардың білім алуға деген ұмтылыс-тарын ескеріп, қағазға жазып отырыңыз.Бұл іс-әрекет жоспарын алдағы уақытта қол-дануға болады. Оқушылар жаңа тақырыптармен танысу кезінде өткенге қайта оралып, нені үйренді, ал нені әлі үйрену керектігін белгілеп отыра алады. Жоспар бойынша жұмыс жасау, оларды өз жұмыс-тарын алдын ала болжай білу қабілеттерінің қалып-тасуына бағытталған.Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.