Сабақ және тамыр

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Сабақ және тамыр

Автор: Жолдасбаева Зауре Конакбаевна

Бағыты: Биология Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-13


Материал туралы қысқаша түсінік

Мұғалімдерге әдіс-тәсілдерді алмасу ретінде көмекші құрал ретінде керек.




Жаңаөзен қаласының №14 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Заттардың тасымалдануы Мектеп:14 орта мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Жолдасбаева Зауре Конакбаевна
СЫНЫП:7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы 7:1:3:3 Сабақ және тамыр.Сабақтың ішкі құрылысы:қабық,камбий,сүрек,өзек.Тамыр аймақтары:бөліну,өсу,сору және өткізу аймақтары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 7:1:3:3 Тамыр және сабақтың құрылысын,қызметтерін зерттеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушыларАғаш сабағының қабаттары туралы білім қалыптасады.Тамыр қызметін түсінеді,тамыр аймақтарының атауларын біледі.Басым бөлігі-Ағаш сабақтарының қабаттарының,тамыр бөлімдерінің қызметін сипаттай алады.-Ағаш сабақтарының қабаттары,тамыр бөлімдерінің қызметтерін ажырата алады.Кейбір оқушылар-Өсімдік сабағының тұрмыстағы,өндірістегі маңызы туралы жобасын ұсынады.
Бағалау критерийлері Ағаш сабағы қабығының қабаттарының атауын, ретін біледі, ажыратады.-Сабақ қабаттардың қызметін айқындайды.-Тамыр аймақтарын және орналасу ретін біледі.Тамыр аймақтарын ажыратып, қызметінің маңызын тұжырымдайды.
Дағдылар Білу,түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Оқушыларды пікірталас,диалогтерге тарту (мысалы,белгілі әдістерді үйрете отырып,талқылау немесе талдау,сұрақ қоюда оқушыларды өз білімін нәтижелі пайдалануға ынтыландыру,сондай ақ оқушыларды диалогке қатысу үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету).
Құндылықтарға баулу Бір-бірін құрметтеуге ,тыңдауға және қолдау көрсету дағдысын қалыптасады.Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық және жауапкершілік сияқты қасиеттер қалыптасады.Топтық жұмыс барысында шапшаңдық қалыптасады.
Пәнаралық байланыс Физика-осмостық қысым, диффузия, заттардың тасымалы,тамыр қысымыХимия-жапырақтағы газ алмасу процесі География-өсімдіктердің таралу аймағы
Алдыңғы білім 7:1:3:2 Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанКезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы2 мин

Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі.Сыныпты түгелдейді,топқа бөлінеді.

Тренинг «Жақсы қасиет»Оқушылар шеңбер болып тұрады да өздерінің жағымсыз мінездерін сатып,жағымды мінездерін сатып алады. 2 мин

«Миға шабуыл» сұрақтары мен үй тапсырмасын пысықтаймын. 3 мин1.Заттар тасымалы деген не?2.Жануарларда заттар тасымалы қалай жүреді?3.Өсімдіктерде заттар тасымалы қалай жүреді?4.Жануарлар мен өсімдіктер жасушалары үшін қажет заттарды атаңдар?5.Өсімдік ағзасына түсетін заттар қалай өзгереді?Олар қандай мүшелер арқылы ағзадан шығарылады?6. Жануар ағзасына түсетін заттар қалай өзгереді?Олар қандай мүшелер мен жүйелер арқылы ағзадан шығарылады?Бағалау критерийлеріЖануар және өсімдіктер ағзасындағы заттар тасымалына сипаттама береді.Дескриптор1.Жануар және өсімдік ағзасындағы заттар тасымалын біледі2.Жануар және өсімдік ағзасында заттар тасымалының өзгеріске ұшырауын сипаттай алады?3.Жануар және өсімдік ағзасындағы заттар тасымалының ажырата алады.

Сабақтың ішкі құрылысына және тамыр бөлімдері тақырыбына қысқаша видеоролик көрсетіледі. 2мин

1 тапсырма 6 мин 1топ Жұптық жұмысСабақтың ішкі құрылысын жазың. Сабақ2 топ Жұптық жұмысҚабықтың ішкі құрылысын жазыңҚабық

3топ Жұптық жұмысТамыр аймақтарын жазың.Бағалау критерийлеріСабақтың ішкі құрылысын сипаттай аладыТамыр бөлімдерін сипаттай алады

ДескрипторАғаш сабағының қабаттарын атайдыҚабықтың құрылысын біледіТамыр аймақтарының орналасу ретін ажырата аладыТамыр аймақтарын түсіне қарап ажырата алады.

2 тапсырма 6 мин«Мозаика» әдісі

Ағаш сабағының қабаттарының қызметтеріне сипаттама берің.

Топтарға ағаш сабағының құрылысының суреті салынған қиылған парақшалар беріледі.Оқушылар мозаиканы суретке қарап құрастырады және арқа жағындағы сұрақтарға жауап береді.1.Қабықтың қызметі қандай?2.Камбий қандай қызмет атқарады?3.Сүректің атқаратын қызметі қандай?4.Өзек қандай қызмет атқарады?

Бағалау критерийлеріАғаш сабағының қабаттарының қызметтерін сипаттай алады

Дескриптор1.Ағаш сабағының қызметтерін сипаттайды.2.Қабаттардың қызметтерін ажырата алады.

https://youtu.be/LxHxfVv3aBEhttps://youtu.be/8_6t_L1dbvc

Оқулық А.Соловьева, Б.Ибраимова, Ж.АлинаАлматы «Атамұра» 2017 68 бет

en.ppt-online.org

Сабақтың соңы

3 тапсырма

№4 зертханалық жұмыс 10 мин

Тақырыбы:Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу.Мақсаты:Ағаш сабағының ішкі құрылысын қарау.Құрал жабдықтар:Әртүрлі ағаштардың көлденең қимасы,лупа.

Оқушылар берілген ағаш қимасынан сабақтың қабаттарын табады,салыстырады,жылдық шеңберлерді табады,жасын анықтайды, қабаттардың қалыңдығы (жұқа,қалың) қарап оқулықтағы суретпен салыстырады.Қорытындысын зертханалық дәптерге жазады.

Бағалау критерийлеріАғаш қимасынан қабаттарды табады,ажырата аладыЖылдық шеңберлерді сипаттай аладыҚорытындылай алады

Дескрипторлар-Ағаш қимасынан қабаттарды табып,сипаттама береді-Жылдық шеңберлердің қалыңдығына (жұқа,қалың) себебін біледіОқулықтағы суретпен салыстырадыҚорытындысын дәптерге жазады.

Сергіту сәті: «От шашу» 1мин

Қорытындылау 5 мин

4 тапсырма Венн диаграммасы

Сабақ Тамыр

Бағалау критерийлеріСабақ және тамыр бойымен заттардың қозғалысын сипаттай аладыДескриптор-Сабақ бойымен органикалық және су мен минералды заттардың қозғалуын біледі-Тамыр арқылы топырақтан су және минералды заттардың сабаққа берілуін анықтайды.

myshared.ruunfourok.ru

Үйге тапсырма:Сабақ және тамыр тақырыбы бойынша тірек-сызба құрастыру. 1мин

Бағалау бетшесі 2 мин

Рефлексия 2минСабақ соңында сенің көңіл күйің қандай?

Қосымша ақпарат Физика-осмостық қысым, диффузия, заттардың тасымалы,тамыр қысымын еске түсіредіХимия-жапырақта газ алмасу үдерісі жүреді.География-өсімдіктердің таралу аймағына байланысты құрғақшылық аймақтарда өсетін өсімдіктердіңтамырының су іздеп өте тереңге кететінін еске түсіреді.
Саралау – оқушығамейлінше қолдаукөрсетуді қалайжоспарлайсыз? Қабілеттіоқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімінтексеруді қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс –Денсаулық жəне қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс.Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).
Қабілеті жоғары оқушылар топта белсенді жұмыс жасай алады,берілген тапсырмалар баланың ойлау қабілетіндамыта алады, суретке қарап өздігінен сипаттама бере алады,мозаиканы құрастыра алады,сабақ пен тамырды салыстыра алады. Топта белсенді жұмыс жасай алады.Орта қабілетті оқушылар суретті сипаттай алады,жазбаша тапсырмаларға жауап бере алады,мозаиканы құрастыра алады,сұрақтарға жауап береді,венн диаграммасын орындау кезінде (сабақ пен тамырды салыстыруда)қиналады.Қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға жауап бере алады, мәтінмен танысып өз түсінгенін айтып бере алады Оқушылар тапсырманы орындаужылдамдығына қарап,түрлі-түсті жұлдызшалар беріледі.Өздерін бағалай алады, бір-бірін бағалай алады,топтарды бағалай алады.Мадақтама сөздер айтадыБағалау бетшесі арқылы бағаланады Физика,химия,географияҚауіпсіздік ережесін сақтай біледіИнтербелсенді тақтамен жұмысБірлескен жұмысСергіту жаттығулары арқылы миы демалады,қозғалыс жүзеге асады.
Рефлексия Сабақтың мақсатымен оқуміндеттеріорындалды ма?Бүгін оқушыларне үйренді?Сабақ қалай өтті,қандай деңгейдеөтті?Жоспарланғансаралау жақсыіске асты ма?(тапсырмаларсəйкес болды ма?)Уақытты қалайпайдаландым?Жоспарымақандай өзгеріс енгіздім жəненеге? Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақтаберілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалады.Бүгін оқушылар сабақтың және тамырдың ішкі құрылысын үйренеді.Сабақ және тамырдың бөлімдерін ажырата білді.Сабақ және тамырдың атқаратын қызметтерін сипаттай біледі. Тапсырмалар балалардың білім деңгейлеріне сай алынған,сондықтан оны өз уақытында орындай алады.Тапсырмаларды бөлінген уақытта орындап үлгере алады.
Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)1:Мозаика әдісін оқушылар қызығушылық пен орындады,топтар қозғалысқа түсті.2:Ағаш сабағының қабаттарын өз қолдарына ұстап, қабаттарды ажыратуда пікірталасқа түсті.Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?1:Мозаиканы топтар өздері құрастырып,келесі топтарға таратқанда;2:Суретпен жұмыста аппликация түрінде алғанда;Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?1:Визуалды көру (ағаш сабағын өз көзімен көру)2:Қолымен ұстап көру (ағаш сабағын ұстап көріп сипаттау)







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.