С.Торайғыров. «Шәкірт ойы» өлеңінің мәні

0
Сабақ: №33 Мектеп: №42 Күні: 10.01.2019ж. Мұғалімнің аты-жөні: Егембердиева К.А. Сынып: 6 «А» Қатысқандар: Қатыспағандар: Тақырыбы: С.Торайғыров. «Шәкірт ойы» өлеңінің мәні Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты 6.2.2.1. — әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: Қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мәлімет береді, ақынның өмірбаянына тоқталады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқиды және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінеді. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Сөздік қорын, сөз байлығын дамыта отырып, сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттырады. Бағалау критерийі С.Торайғыров өмірбаяны мен шығармашылығы туралы біледі.Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын таба алады. Тілдік дағдылар Өлең ішінен жаңа сөздерді табады. Құндылықтарға баула Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, елжандылық, ұлтжандылық тәрбие, сыни тұрғысынан ойлау. Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі Алдыңғы білім С.Торайғыров – асқақ арманды ақын. Кенен Әзірбаев ақын Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.Алма суретімен 3 топқа бөлу

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Сәттілік тілеу» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып, достық сезімдерін білдіреді.Үй тапсырмасы. Абай қарасөздерінен даналық ойды жаттап алыңдар.

Сабақтың ортасы «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.— Сұлтанмахмұт Торайғыров кім?— С.Торайғыровтың шығармашылығы туралы не білдіңдер?— Ақынның өнер-білім тақырыбына жазған қандай өлеңдері бар?ҚБ жұлдызшамен бағалаймынДескриптор — сұрақтардың дұрыс жауабын табады — өз ойын нақты жеткізеді

«Мені түсін» әдісі. — Өлеңнің неге «Шәкірт ойы» деп аталғандығы туралы ой бөлісіңдер. — Ақын өмірімен байланысын көрсетіңдер.ҚБ жұлдызшамен бағалаймынДескриптор — өзара ой бөліседі — өз ойын нақты жеткізеді

Жеке жұмыс. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.Тақырыбы: білім мен ғылым, еңбек.Идеясы: надандыққа қарсы күрес.Қара өлең шумақ.Шумақ: 3 Тармақ: 6Бунақ: 2Буын: 8Ұйқас: а, б, а, б, в, в. «Білгеніңді сарала» әдісі. Өлеңдегі шәкірт ойын топтау сызбасы арқылы көрсетіңдер.

ҚБ жұлдызшамен бағалаймынДескриптор — топтау сызбасын көрсетеді — шәкірт ойын топтастырады

Сабақтың соңы Кері байланысҮйге тапсырма.«Шәкірт ойы» өлеңін жаттау.

Кері байланыс

Қосымша ақпарат Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау — оқушылардыңүйренгенін тексерудіқалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс. Құндылықтардағы байланыс. Рефлексия: 1. Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма?2. Бүгін оқушылар не білді?3. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?4. Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? 5. Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?