Резолюцияның халықаралық құқық нормаларын құрудағы рөлі туралы қазақша

0

Халықаралық ұйымдардың резолюциясы  халықаралық құқықтың туынды қайнар көздерiне жатады. Халықаралық құқықта мемлекетке кедергі келтiретiн халықаралық ұйымдарың қаулылары жоқ.

Халықаралық ұйымдардың резолюциясы халықаралық құқықтың жаңа қайнар көзiн болып табылады. Іс жүзiнде, барлық мемлекетаралық ұйымдарда мүше-мелекетке міндетті резолюция қабылдайтын органдар бар. Бұл резолюциялар ұйымның iшкi өміріне қатысты. Халықаралық конференциялардың, мәжілістердің, сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының резолюциясы мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттеуiнде маңызды рөл атқарады.Олардың ішкі құқыққа да әсер етеді, бiрақ халықаралық құқықтың нормаларына қарағанда олардың заңды күші болмайды. Халықаралық конференциялар мен ұйымдардың резолюциясы міндетті заңды күші болмайды. Бiрақ жалпы ережеден бір ерекшеліктері бар.

Қаралатын актiлер iшкi құқыққа ықпал ететін адамгершiлiктi-саяси мiндеттеме тудырады. Халықаралық құқық нормаларының мазмұнына қарағанда ішкі құқыққа сәйкестендіргенде конференциялар мен ұйымдар резолюциясын қолдануды талап етеді. Бұл мақсатта, ұйымдар резолюциясын БҰҰ халықаралық соты көп қолданады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы дегеніміз – Ассамблея мүшелерінің толық қатысуымен және дауыс беру кезінде көпшілік дауыспен елу пайызды құрайтын жазбаша актісі болып табылады. Ассамблея резолюциясының қабылдануы Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне қарағанда міндетті күші болмайды, бірақ  ешкім ол құжатқа вето сала алмайды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы үлкен моральды – саяси мағынаға ие акт болып табылады.

Резолюция мәтінінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 6 комитетінің жұмыс шңберінде мемлекет – мүшелерінің делегациясы арасында жылсайынғы жиналыста келісіледі. Ол комитеттер келесі сұрақтармен айналысады:

1) Карусыздандыру және қаіпсіздік сұрақтары;

2) Экономикалық және қаржы сұрақтары;

3) Әлеуметтік және гуманитарлық сұрақтар;

4) Арнайы саяси және деколониялық сұрақтар;

5) Ұйымның әкімшілік-қаржылық қызмет саласындағы сұрақтары;

6) Халықаралық құқық сұрақтары.

БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы қазіргі таңдағы әлемдік жаһандану кезеніндегі келелі мәселелерге арналған (Азық-түлік қауіпсіздігі, кедейшілікті жою), халықаралық қызметте (бейбітшілік мақсатында космос кеңістігін қолдану туралы халықаралық ынтымақтастық, қартаю бойынша екінші дүниежүзілік қорытынды нәтижелері), іс – жүргізуде (жаһандану), сонымен қатар, әр түрлі жағдайлар (Ливан жағалауларына мұнай дақтарының төгілуі).

Резолюция мәтінінде жалпы барлығына міндетті сұрақтары нақты және түсінікті тілмен жазылады және әр мемлекетке қатысты мәселерге байланысты шешіледі. Дегенмен, қиын жағдайларда нақты түсінікке қол жеткізу оңай емес. Мысалға, Кубадағы жаулап алу туралы резолюциясы шешіміне АҚШ наразылық білдірді. Сонда АҚШ барлық мемлекеттер талқыға салды. Егер мемлекет немесе топтың біреуі келіспеушілік білдірген жағдайда, резолюция дауысқа салынады.

Ең белгілі резолюцияларға жатады:

1947 жылғы 177 резолюция – Нюрнберг трибуналының мәртебесімен танылған және оны жүзеге асыру шешімін тапқан қағидалар жоспары;181 резолюция – Палестинаны бөлу бойынша БҰҰ жоспары;

1948 жылғы 194 резолюциясы – Палестина. Жеткізілген нәтижелер туралы Палестинадағы БҰҰ бітістірушсінің мәлімдемесі;

1949 жылғы  — 273 резолюция – БҰҰ мүшелігінің құрамына таяу шығысты қабылдау;

1952 жылғы 505 резолюция – Қытайдың саяси тәуелсіздігіне және территориялық қолсұқпаушылығына қол сұғу;

1962 жылғы 1761 роезолюция – Оңтүстік Африка республикасының үкіметімен жүргізілген апартеид саясаты;

1963 жылғы 1963 резолюция – Космостық кеңістікті бебітшілік мақсатта қолдану туралы халықаралық ынтымақтастық;

1971 жылғы 2758 резолюция – БҰҰ Қытай Халық Республикасының заңды құқықтарының қалыптасуы;

1973 жылғы 3068  резолюция – Апартеид қылымысының өршуі және ол үшін жазалау туралы халықаралық конвенция;

1974 жылғы 3314 резолюция – Агрессияны анықтау;

1975 жылғы 3379 резолюция — Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою;

1989 жылғы 44/34 резолюция – оқыту және қаржыландыру, азғырып көндіруші, қолданумен, күресу туралы халықаралық конвенция;

1981 жылғы 46/86 резолюция – нәсілдік кемсітушілікпен және нәсілшілдікті жою;

1993 жылғы 48/114 резолюция – Әзірбайжандағы босқындар мен қоныс аударған тұлғаларға төтенше халықаралық көмек;

2006 жылғы 60/285 резолюция – Әзірбайжандағы басып алынған территориялар туралы ережелер;

2008 жылғы 62/243 резолюция — Әзірбайжандағы басып алынған территориялар туралы ережелер.

Резолюция мазмұнына заңды күшін беру тәсiлдерi және сол арқылы оның iшкi құқығына әсер ету:

1)  Халықаралық құқықтың жай нормалары мойындау;

2) Келісім – шарттың қаулысы негізінде рәсімдеуі;

3)Ұйымдардың және конференциялардың  резолюциясының келісіміне ескертпе жасау.

Халықаралық конференциялардың резолюциясының әсер ету маңызын жай ұсыныстарға қарағанда, мемлекет оның әрекет ету күшін жоғарылатуға тырысады. Ескертпеде айтылған бойынша қабылданған актілер саяси міндеттемеге қатысушылар өздерінің іс-әрекеттерін қарастыру қажет, сонымен қатар олады құқықшығармашылық қызметінде қолдану керек [1].

Бұдан, халықаралық құқық пен қорытынды акті ережесінің арасындағы заңды міндеттемелер бір-бірінен ерекшеленді. Сонымен қатар, мемлекеттер олардың ережелерін міндетті түрде ескеріп және орындау туралы келіседі. Оның ішіне нормашығармашылық та жатады. ЕЫҚК құжаттары бойынша өз міндеттерін орындауды міндеттейтін, ал қазір ЕЫҚҰ (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы)мемлекеттері де ішкі құқықтық актілер қабылдайды. Мұндай актілер ресей тәжірибесінде де танымал болып келеді. Мысал ретінде 1995 жылғы 7 тамыздағы РФ Үкіметінің қаулысын айтуға болады. ЕЫҚҰ құжаттарын жүзеге асыру шаралары туралы көп айтылған.

Халықаралық ұйымдар резолюциясы ең алдымен әрекет ететін мамандандырылған ынтымақтастық саласындағы  ұйымдардың ішкі құқығының шешіміне әсер етеді. Мысалы: көлік, байланыс, метрология, денсаулық сақтау және т.б.

Ішкі құқық бұл салаларда көп жағдайда унификацияланған болып табылады. Мұндай ұйымдармен қабылданған регламенттер, ұсыныстар, стандарттар, оның заңды күшінің болмауына қарамастан ішкі құқықты ескере отырып қабылдайды. Халықаралық ұйымдар актілері мемлекеттің еңбек құқығының дамуына әсер ететін ең маңызды акт болып табылады.

Ұйымдардың ішкі құқығына жалпы ұйымның құзіреті әсер етеді, ең бастысы БҰҰ Бас Ассамблеясы. Мысал ретінде, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы ұсыныснама мәртебесі сипатындағы бүкілхалықтық адам құқығы туралы декларацияны айтуға болады. Көптеген ғалымдар мен заңгерлердің айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы заңды түрде міндетті болып табылады. Дегенмен, олар Халықаралық Сот Статутының 38-бабында енгізілген. БҰҰ Бас Ассамблеясы Жарғысының шешімін ұсыныс сипатында көрініс табады. Сонымен қатар, БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюциясының тізімі халықаралық нормалар нақтылайды және жаңа нормаларды құрайды.

Мысалы, БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің XXV сессиясында 1970 ж. 17 желтоқсан теңіз және мұхит асты және олардың жер қойнауын реттейтін режимді ұлттық құзіретті негізінде әрекет етуінен шығатын қағидалар декларациясын мақұлдады. Онда алғаш рет халықаралық теңіз және мұхит ресурстарын ұлттық әрекетінен шығатын «адамның жалпы мүлігі» белгіленді, «ешқандай мемлекет, тұлға және заңды тұлға құқыққа үміткер бола алмайды және олардың ресурстары мен аймағына қатысты құқықты жүзеге асыру және иемденугесәйкес емес нәрселерге осы декларацияда жол берілмейді. Кейіннен бұл норма өнделіп 1982 ж. Теңіз туралы Конвенцияға айналды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының тәжірибесінде ішкі құқыққа әсер етудің басқа да жолдары анықталды.

1963 ж. рәсімделген кемсітушілікті барлық түрлерін тарату туралы декларацияда мемлекеттердегі нәсілдік кемсітушілікті туындататын және бекітетін заңдар мен ережелердің жойылуын талап етті. БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюциясында мемлекеттерде жалдамалыларды қолданудың қылмыстық жазалануы туралы заңның қабылданды, ал жалдамалылардың өздері қылмыскерлер деп тануды шешті. Мұндай ережелер халықаралық терроризммен күресу туралы резолюциясына сәйкес ережелер бар.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше рет халықаралық құқық пен кеңес шешімдеріне сәйкес келмейтін мемлекеттің заңсыз актілерін талқыға салатынын және хабарлайтынын туралы шешім қабылданды. Кувейттегі иракқа кіру резолюциясы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі бірнеше рет нақтылады. Сонда Кеңес резолюциясына қайшы келетін Ирак үкіметінің әртүрлі актілері заңсыз болып табылады.

Дегенмен, Қауіпсіздік Кеңесімен қабылданатын БҰҰ Жарғысынң 25 бабына сәйкес шешімдер заңды түрде міндетті болып табылады.

Халықаралық Сот жарлық бойынша міндетті күші шешімін растады. Жарлықтың 103 бабына сәйкесмемлекеттің қандай да бір міндеттемесінен жоғары тұрады.

Ресей мемлекетінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін жүзеге асыруға арналған актілерді шығару тәжірибесін құралды. Мұндай актілер елдің құқығына маңызды өзгерістер енгізді. Мысалы, Кеңестің соңына қатысты қолданылатын мемлекетпен әртүрлі экономикалық байланыстарға тыйым салады. Алайда, Бұл байланыстар Ресей Федерациясында Президенттің бұйрықтары мен өкімдері, ал басқа жағдайда РФ Үкіметінің бұйрықтары қолданылады. Сол тәртіпте БҰҰ бұйрықтары қолданылады. Сол тәртіпте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкциясына тыйым салу тәртібі негізінде жүзеге асырылады.БҰҰ Бас Ассамблеясының 1960 ж. XV сессиясында құрамында нормашығармашылық элементтері бар колониялы елдер мен ұлттарға тәуелсіздікті беру туралы декларациясына қабылдады. Декларация Халықаралық Сот конвенциясының қорытынды құқықтың жай норманың маңызды бөлігі ретінде жоғарылады.

1963 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы космостық аймақты қолдану және зерттеу бойынша мемлекеттің қызметін реттеу туралы құқықтық қағидалар декларациясын қабылдау кезінде АҚШ және КСРО өкілдері осы ережелерге сәйкес жүретінін айтты.Осы Декларацияға сәйкес 1967 ж. Космос бойынша келісімі жасалған болатын.

БҰҰ бас Ассамблеясының резолюциясының заңды күші мәселесі буржуазиялық доктринада Л.Гудриг және Е. Ханбро келесідей қарастырады. БҰҰ органдарының ұсынысын міндетті емес күшін дәлелдеу барысында «ұсыныс» деген сөзді филологиялық көзқарасен қарастырады. Бірақ, мысал ретінде «ұсыныс» термині ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау сұрақтары бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің құзіретімен байланысты БҰҰ Жарлығының 4 бабында қолданылады. Бұл жағдайда БҰҰ жаңа мүшесін Бас ассамблеясының қолдауы мүмкін емес резолюциясы туралы айтылады. Бұл жағымды ұсыныс алдын ала қойылған талаптардың міндеттісі болып табылады.Басқа буржуазиялық заңгерлердің ойынша, әртүрлі резолюциялардың мағынасының заңды деңгейі бірдей емес және БҰҰ мүше – мемлекеттер дауыс беру кезінде сол резолюцияға міндетті түрдегі сипаттар бере алады және бұл талқылауды 377 (V) (бейбітшілікті қолдауға байланысты бірігу) резолюциясы сияқты резолюцияларды заңды екендігін айтады [2].

Тункинның ойынша, резолюцияға міндетті сипатты беру Бас Ассамблеяның ұсынысын мемлекеттермен міндетті деп тану ұсынысқа дауыс беруге байланысты емес.

Кейбір буржуазиялық заңгерлердің көзқарастары бойынша ұлттық халықаралық ұйымдар қазіргі құқықтық тәртіптің және тұпнұсқасы болып табылатын және егемендігі бұл ұйымдарға «заңшығарушылыққа» кедергі жасайды.

Француз заңгері Ш. Каду БҰҰ Жарғысының ережелерінен шығатын міндеттілігі Бас Ассамблея резолюциясының заңды күшін түсіндіреді.

Бұл сияқты теориялық концепциялар «әлемдік құқық» және «әлемдік мемлекет» негізін  айқындайды. Олар қазіргі халықаралық құқық және БҰҰ Жарғысының ережелеріне ешқандай орташа белгілері жоқ. Бас Ассамблея қандай жағдайда резолюция қабылдайтыны және олардың заңды мағынасын анықтау үшін БҰҰ Жарғысын нақты талдауды талап етеді.

БҰҰ Жарғысының 2 тармағының 2 бабында БҰҰ мүшесіне мемлекетті қабылдау Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша бас Ассамблеясы қаулысымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда, Қауіпсіздік Кеңесі ұсынысы, біріншіден Бас Ассамблеяқаулысына қарайды, екіншіден, БҰҰ мүшесіне сол мемлекетті қабылдау туралы сұрақтарын Ассамблеяда талқылауды талап етеді.

БҰҰ мемлекетті құрамынан алып тастайды, егер олар белгіленген қағидаларды жүйелі түрде (БҰҰ Жарғысынң 6 бабын) бұзған жағдайда және бұл жерде БҰҰ қабылдау тәртібі қолданылады.

Жарғының 5 бабына сәйкес, егер БҰҰ мүшесінің қандай біреуіне Қауіпсіздік Кеңесі алдын алу және мәжбүрлеу шарасы қолданылғанда.

Бас Ассамблеяның Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысын БҰҰ мүшесіне қатысты құқықтар мен артықшылықтарды жүзеге асыруды тоқтатуға құқығы бар.

Бұл сияқты БҰҰ Жарғысының ұйымына қабылдау тәртібіне, бұдан БҰҰ мүшесіне құқықтар мен артықшылықтарды тоқтату бірдей мүмкін. Бұл саладағы Бас Ассамблеяның шешімдерінде БҰҰ мүшелеріне міндетті сипатта болады. Бұл шешімдердің міндеттілігі БҰҰ Жарғысының көпжақты келісімдері ережелерінен шығады және 2 тармақтың 4 бабында Бас Ассамблеяның БҰҰ мүше – мемлекеттерді қабылдау туралы шешімі «қаулымен» деп аталады.

Бас Ассамблеяның мүшесінің құқықтары мен артықшылықтары жүзеге асыруды тоқтату туралы шешімі және БҰҰ мүшелігінен шығару тәртібі Жарғысында жазылған. Осы жағдайда Бас Ассамблеяның қаулысымен аталуы керек [3].

БА ҚК Бас Хатшысына ұсыныс береді (Жарғының 97 бабы). Бас Хатшы ережеге сәйкес хатшылықтың құрамын анықтайды.

Ассамблея БҰҰ лауазымды тұлғасы имунитетін қолдана отырып, маңызды сұрақтарды шешу мақсатында БҰҰ мүшелеріне конвенцияны ұсынады. Бұл ерекше жағдайда Оның өкілеттігі БҰҰ Жарғысына өзгертулер енгізуге байланысты ғана болады. Егер өзгертулер енгізілген жағдайда, олар барлық мүшелеріне де қатысты болады және БА мүшелерінің 2/3 даусымен қабылданған және ұйым мүшлерінің конституциялық тәртібіне сәйкес ратификациядан кейін енгізіледі.

БА резолюциясы БҰҰ мүшесіне міндетті енгізуде келесі терминдерді қолданады және оның филасофиялық мағынасына оның міндеттілігін анықтайды: БА «қаулы етеді», «айрықша», «тоқтатады», «бектеді», «рұқсат етеді», «сайлайды», «жүктейді», «анықтайды», «тағайындайды» [4].

БА өкілеттігін бұзу арқылы қабылданған резолюциялардың заңды күші болмайды.

БҰҰ Жарғысы барлық мүмкін резолюциялардың мазмұнын қарауға мүмкіндігі болған жоқ. Резолюцияның заңды күші туралы сұрақты шешу қиындық тудырады. Бірақ, Бас Ассамблеяның резолюциясы БҰҰ Жарғысынң негізгі нормалары мен қағидаларын толығымен сәйкес келеді.

Әдебиет

  • Тункин Г.И. Халықаралық құқық. – М.,1998, 66-67 бет.
  • Фельдман Д.М. Система международного права. Казань, 1983.
  • Фельтхем Р. Настольная книга дипломата. Минск: Новое звание, 2001., стр 29-33.
  • Лаумулин М. Большие планы. //Континент., 2005 г., 16-29 ноября., №22., с 31.

#Резолюцияның #халықаралық #құқық #нормаларын #құрудағы #рөлі

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз